Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор казправо.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
163.91 Кб
Скачать

8.Алименттік қатынастар негізін ашып көрсетіңіз. Алимент төлеуді қамтамасыз етудің заңдық негіздері қандай ? Алимент өндіріп алу тәртібі қандай?

Алименттер (лат. alimentum деген сөзінен — "тағам, асырап-бағу" дегенді білдіреді) — заңда белгіленген жағдайларда бір отбасы мүшелерінің оның өзге мүшелерінің пайдасына төлеуге міндетті белгілі бір ақшалай қаражат. Алименттік міндеттемелер негізгі отбасылық қатынастар болып табылады, ал олардың мақсаты — отбасының еңбекке қабілетсіз және көмек қажет ететін мүшелерін асырау. Алименттер сот шешімімен (алименттер төлеудің соттық тәртібі) немесе тараптардың келісімімен (алименттер төлеудің ерікті тәртібі) төленеді.Алименттік міндеттемелердің өзіне тән мынадай белгілері болады: • бұл қайтарып берілмейтін сипаттағы міндеттеме. Алимент төлеушінід өз шығынын қандай да бір орнын толтыруға құқығы жоқ;• олардың қатаң жекебастық сипаты бар. Мұнын мөнісі, алимент төлеуге міндетті адам ол міндетін орындауды басқа біреуге тапсыруға қақысы жоқ. Екінші жағынан, алимент алуға құқықты адам, бұл құқығын езге біреуге бере алмайды. Алимент алу құқығы және алимент төлеу міндеті мұрагерлік тәртіппен басқа адамға кешпейді; • алименттік міндеттеме мүліктік-құндық болып табылады, яғни бұл арада материалдық игіліктерді (әдетте, ақшалай қаражатты) алушының мүлкіне өткізу (косу) жүзеге асырылады.Алименттік міндеттемелерге төмендегідей заңдық фактілер негіз болады:

• субъектілер арасында туыстық немесе өзге де отбасылық байланыстың болуы (мысалы, ерлі-зайыптық қатынастар); • заңда немесе талаптардың келісімінде көрсетілген шарттардың болуы (мысалы, алимент алушынын мұктаждығы, еңбекке жарамсыздығы, алимент алушылардын көмелетке толмағандығы және баскалары);• тараптардьщ алимент төлеу жөніндегі келісімі немесе соттың алимент өндірш алу жөніндегі шешімі. Алименттік міндеттемелердің немесе алименттік қатынастардың мынадай түрлері болады: • ата-аналардын балаларға қатысты алименттік міндеттемелері; • балалардың ата-аналарға қатысты алименттік міндеттемелері; • ерлі-зайыптылардың және бұрынғы жұбайлардың алименттік міндеттемелері; көмелетке толған ағалары мен қарындастарының, әжелері мен аталарының алименттік міндеттемелері.Алименттерді есептеу тәртібі .Алименттер сот тәртібімен өндіріліп алынған кезде кәмелетке толмаған балаларға өндіріліп алынатын алименттер мөлшерін заң төлеуші жалакысына үлесті қатынаста айқындайды.

Алименттің түрлері.1. Кәмелетке толмаған балаларға төленетің алименттер.Жоғарыда айтылғандай, алименттің бұл түріне ерлі-зайыптылардың ажырасқан болуы міндетті емес. Мысалы, егер күйеуі баланың оқуына, тұрмыс-тіршілігіне ақша бермесе, әйелі оны сот арқылы алимент төлеуге міндетті ете алады. Бірақ, баланы асырауда ананың да міндетті екенін ұмытпаған жөн. Я Ата-ана құқығынан айрылған ата-аналар сондай-ақ баланы асырауға Кодекстің 79-бабына сәйкес алименттер төлеуге міндетті.2. Ерлі-зайыптылардың біріне және бұрынғы ерлі-зайыптылардың біріне төленетін алименттер.Баланы асырауға керек қаржыдан басқа, Кодексте ерін не зайыбын немесе бұрынғы ерін не болмаса зайыбын асырауға қаржы талап етілетін бірқатар жағдайлар бар. Мысалы:еңбекке жарамсыз мұқтаж ерлі-зайыптының бірі;жүктілік кезінде зайыбына және ортақ бала туғаннан бастап 3 жыл ішінде;18 жасқа толғанға дейін ортақ мүгедек-баланың күтімін жүзеге асыратын мұқтаж зайыбы;Егер келісушілік немесе келісім болмаса, онда алименттерді төлетуге сотқа талап-арыз беруге болады. Алимент мөлшерін сот шешеді.1. Кәмелетке толған, бірақ еңбекке жарамсыз балаларға алименттер.Еңбекке жарамды ата-аналар көмекке мұқтаж өздерінің кәмелетке толған. бірақ еңбекке жарамсыз балаларын асырауға міндетті. Бұл жағдайда ата-ана арасында келісім болмағанда, алименттер мөлшерін сот отбасының материалдық жағдайына байланысты анықтайды.1. Кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз ата-аналарын асырауына алименттер.Балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарын келісім бойынша ерікті асырай алмаса, онда ата-аналар сотқа алименттерді талап етуге өтініш бере алады. Ата-ана құқығынан айрылған ата-аналар осындай алименттерге үміткер бола алмайды.Алимент қандай мөлшерде төленуі тиіс?Ажырасу барысында ерлі-зайыпталыр баланы асырау туралы өздері келісу керек. Алименттер сол келісім бойынша төленеді. Егер ондай келісім болмаса, онда Кодекстің 139-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балаларға алиментті ата-анасы сотпен төлетеді.Алименттер ай сайын ата-анасының еңбекақысынан және/немесе өзге табысынан мынадай мөлшерде төленуі тиіс:1 балаға – табысының төрттен бір бөлігі;2 балаға – табысының үштен бір бөлігі;3 және одан да көп балаларға – табысының жартысы.Кейбір жағдайларда осы үлестер мөлшері тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайын және басқа балалар және өзге де назар аударатын жағдайларды ескерумен азайтылуы немесе ұлғайтылуы мүмкін.Жұмыс істемейтің борышкердің төлеуге міндетті алимент мөлшері ҚР орта жалақы мөлшерімен есептеледі (шамамен 120 000 тенге)!