Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор казправо.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
163.91 Кб
Скачать

9.Дауылбаев с. Қызық көріп а-ны жағадан суға итеріп жіберді.А жүзу білмеген еді.Бұл туралы Дауылбаев білмеді. Және сол себепті суға батып кетті.Дауылбаевтың іс-әрекетінде қылмыс құрамы бар ма?

Дауылбаев кызык корiп А-ны жагадан суга итерiп жiбердi. А-нын жузе алмайтынын бiлмеген едi. С. бул туралы бiлмедi жане сол себептi суга батып кеттi. Дауылбаевтын әрекетімен жасалган кылмыс деп танылады, себебi ол өзінің әрекетінінің кауiп тугызуы мумкiн екенiн бiлдi, бiрак бул зардаптарды жеткiлiктi негiздерсiз женiлдiктiкпен болгызбау мумкундигине сендi(КР-нын кылмыстык кодексiнiн 21 бабына сайкес) Даулыбаевтың кінәсі бар. ҚР Қылмыстық кодексінің 21 бабындағы немқұрайлықпен жасалған қылмыс болып табылады. ҚР Қылмыстық кодекстің 104-бабы Абайсызда қазаға ұшыратуға байланысты оған үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Жаза қолдануда оның кәмілеттік жасқа толған-толмағандығы, әрекеттілігі бар-жоқтығы, отбасы жағдайы және т.б. факторлар шешуші роль атқарады.

10.Қанатов Сейітовке автокөлікті сатып алуға сенімхат берді, бірақ Сейітов ауыр халде ауруханаға түсіп өз міндетін атқара алмады да, қайта сенім тәртібінде Маратовқа берді. Бұл сенімхат Сейітов жатқан аурухананың бас дәрігерімен куәланды. Маратов Қанатовтан автокөлік сатып алды, бірақ автокөлік бағасы Қанатов берген сенімхатта көрсетілген соманың шегінен шығып кетті. Сенім беруші автокөлікті алудан бас тартты. Маратов Қанатовтың автокөлікті алуы және оны жеткізіп беруге кеткен шығындарды өтеуі туралы талаппен сотқа шағымданады. Бұл дауды шешіп беріңіз.

Жауабы:Азаматтық кодексінің 167-бабы (Сенiмхат) 3 тармағына сәйкес: Нотариат куәландырған сенiмхаттарға госпитальдарда, санаторийлер мен басқа әскери-емдеу мекемелерiнде емделiп жатқан әскери қызметшiлердiң және өзге де адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлер мен басқа әскери-емдеу мекемелерiнiң бастықтары, медицина бөлiмi жөнiндегi орынбасарлары, аға және кезекшi дәрiгерлерi куәландырған сенiмхаттар теңестіріледі. Азаматтық кодексінің 169-бабы (Сенiм ауысуы) 1 тармағына сәйкес: Сенiм бiлдiрiлген адам өзiне уәкiлдiк берiлген әрекеттi өзi жасауға тиiс. Алған сенiмхат бойынша сенiм ауыстыруға уәкiлдiк берiлген не сенiм бiлдiрушiнiң мүдделерiн қорғауға мәжбүр болған ретте ғана ол осы әрекеттердi жасау сенiмiн басқа адамға аудара алады. Азаматтық кодексінің 170-бабы (Сенiмхаттың тоқтатылуы) 2 тармағына сәйкес: Сенiмхатты берген адам сенiмхаттың немесе сенiм ауысуының күшiн кез келген уақытта жоя алады, ал сенiмхат берiлген адам одан бас тарта алады. Бұл құқықтан бас тарту туралы келiсiм жарамсыз болады.

Сенім беруші автокөлікті алудан бас тартты. Маратов Қанатовтың автокөлікті алуы және оны жеткізіп беруге кеткен шығындарды өтеуі туралы талаппен сотқа шағымданды. Сот талапты қанағаттандыруы қажет!

11. Сот шешімімен әрекет қабілетсіз деп танылған Бекеров өз меншігіндегі автокөлікті Бақтыбаевқа 250 000 теңгеге сатты. Аскаровтың шешесі шартты жарамсыз деп танылу туралы және Бақтыбаевтың автокөлікті Саматовқа сатып жібергені анықталды. Бұл іс бойынша сот қандай шешім қабылдауы керек.

Аталған жағдайда, Бекеров соттың шешімімен әрекет қабілетсіз деп танылып оған қамқоршы тағайындалып тұр. Сол себептенде ол өз бетімен ірі мәмілелерді яғни, сатып алу сату шартын жасасуға өзінің құқығы жоқ болып танылады. Ал бұндағы заңды өкілі оның қамқоршысы анасы болып тұр, және де анасының келісімінсіз автокөлікті сатқаны үшін сот сатып алу сату шартын жарамсыз деп тануына болады. Соттың үкімімен әрекет қабілеттілігі шектелген адам ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасаса алады. Ал кейін автокөлік иесіне қайтарылды да, ақша сатып алушыға қайтарылады.

Бұл жағдайда «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің» 26 бабына сәйкес :

1. Жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе не iстегенiн бiлмейтiн азаматты сот әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп тануы мүмкiн, соған байланысты оған қорғаншылық белгiленедi.

2. Әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп танылған азаматтың атынан мәмiлелердi оның қорғаншысы жасайды.

3. Әрекет қабiлеттiлiгi жоқ адам сауығып кеткен немесе денсаулығы едәуiр жақсарған жағдайда сот оны әрекет қабiлеттiлiгi бар деп таниды, бұдан кейiн одан қорғаншылық алынады.

Соған байланысты ол азаматқа қорғаншылық белгіленеді. Яғни,бұл жағдайда Бекеровтың шешесі оның қорғаншысы болып табылады. Бұл жағдайды ескере отырып,сот шартты жарамсыз деп тануы тиіс. Ал жоғарыда көрсетілген жағдай орын алған кезде Бақтыбаев Бекеровтың анасына автокөлiктiң кұнын ақшалай өтеуге немесе Саматовтан кайта сатып алу арқылы қайтару керек болып табылады.

12.Үшінші сынып оқушысы ата анасыз автобуста жол ақысын төлемей отырды. Контролер одан билетті көрсетуді талап етті, ол көрсетпегеннен кейін айыппұл төлеуді талап етті. Бұл жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық болды ма, егер болса әкімшілік жауапкершілікке кім тартылады?

Бұл жағдайда Үшінші сынып оқушысы тарапынан әкімшілік құқық бұзушылық орын алады, ал әкімшілік жауапкершілікке ,оқушы кәмелетке толмағандықтан, оның ата-анасы тартылады.

ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы Кодекстің «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы» тарауына сәйкес кәмелет жасқа толмаған және өзі айыппұл төлеуге мүмкіндігі бар жас аралығы -16-18ж.

Үшінші сынып оқушысының жасы 9-11 аралығында болады. Сол себепті, оқушының әкімшілік құқық бұзушылығына ата-анасы жауапты болады. Оқушының ата-анасы әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

Әкімшілік жаза түрі- айыппұл төлеу.

ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы Кодексне, «Қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікті пайдалану қағидаларын бұзу» бабына сәйкес Қоғамдық көлікте жол жүргені үшін ақы төлеуден жалтару – екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. (4 242 тг).

13.Азаматша М. 2017 жылдың шілдесінде зейнеткерлікке шықты. Алайда осы жылдың тамыз айында қайтадан шарттық негізде жұмысқа алынды. Медициналық сақтандыру қорына жұмыс істейтін зейнеткерлер жарна төлейді ме?

26-бапқа сәйкес мемлекеттң міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары мынадай адамдар:1) балалар;2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар; 3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;4) бала үш жасқа толғанға дейін оны іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;5) балатууға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;6) мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;7) зейнетақы төлемдерін алушылар;8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар; 9) тергеу изоляторларындағы адамдар;10) жұмыс істемейтін оралмандар;11)"Алтын алқа","Күміс алқа алқаларымен наградталған,I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;12) мүгедектер;13) орта, техникалық,кәсіптік,орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;14) оқу аяқталған айдан кейінгі күнтізбелік үш ай ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқуын аяқтаған адамдар үшін ҚР-ң Бюджет кодексінде айқындалатын тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.Елімізде 14 санатқа жататын азаматтар үшін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасы мемлекет тарапынан аударылады. Соның ішінде зейнеткерлер де бар. Бірақ, бұл олар жұмыс істемейді деген сөз емес. Бүгінде көріп жүргеніміздей, зейнет жасынан асса да жұмыс істеуге қабілетті жандар аз емес.. Олар үшін жұмыс берушілерге жарна төлеу міндеттелмейді. Медициналық сақтандыру жүйесі жалпыға ортақ болғандықтан жарналар қаржысы барлық қатысушылардың қажетіне қарай жұмсалады. Біреу дәрігерге жылдап қаралмағанымен, енді біреуге бағасы қымбат операция жасау қажет болуы мүмкін. Ортақ жауапкершілікке негізделген міндетті әлеуметтік сақтандыру шеңберінде жинақталған қаржы елдің ортақ игілігіне жаратылады.