Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор казправо.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
163.91 Кб
Скачать

5. Әлеуметтік салық

Заңды тұлғалар есептейтін әлеуметтік салық - 11%

АСР қолданылатын жеке кәсіпкерлерді, жеке нотариустарды, жеке сот орындаушыларын, адвокаттарды, кәсіби медиаторларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлер есептейтін әлеуметтік салық:

- өзі үшін; 2 АЕК*

- қызметкер үшін 1 АЕК* (2 269 тг)

6. Жер салығы. Жеке меншік, тұрақты жер пайдалану және бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады.

Ставкалары: ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары 1 гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы (бонитет) 329 баптағы кесте бойынша сараланады;

-жеке тұлғаларға өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, берілген ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге, базалық салық ставкалары мынадай мөлшерде белгіленеді:

а. көлемі 0,50 гектарға дейін қоса алғанда - 0,01 гектар жер үшін 20 теңге;

б. көлемі 0,50 гектардан асатын алаңға - 0,01 гектар үшін 100 теңге;

43. Азаматтық іс жүргізу құқығы ұғымын ашып, қайнар көздерін атаңыз. Талап-арыз ұғымы және мазмұнын ашыңыз.

Азаматтық іс жүргізу құқығы — азаматтық істерді сотта қараудың және шешудің тәртібін, сондай-ақ соттардың және басқа да кейбір органдардыңқаулыларын орындау тәртібін реттейтін құқық саласы. Оның нормалары соттың және процестің барлық қатысушысының қызметін реттейді; сондай-ақ, олардың құқылары мен міндеттерін анықтай отырып, сот мәжілісін жүргізудің тәртібін белгілейді. Азаматтық іс жүргізу заңдарымен бірге, бұл ұғым өзімен аттасғылымды, әрі оқу пәнін де қамтиды. Материалдық құқық — құқықтық нормаларды белгілейтін заңды түсінік, соның көмегімен мемлекет қоғамдық қатынастарға тікелей, тура құқықтық реттеумен ықпал етуді жүзеге асырады.Материалдық құқықтың нормалары меншік нысандарын мүліктер мен адамдардың заңдық жағдайларын бекітеді, мемлекеттік органдардың құрылу тәртібі мен құрылын айқындайды, азаматтардың құқықтық мәртебесін, құқық бұзушылық үшін жауапкершілік негіздері мен шектерін белгілейді. Сонымен, мүліктік еңбек, отбасы және өзге де қатынастар — материалдық құқықтың объектілері. Іс жүргізу құқығының өзі— бұл азаматтық істер мен дауларды қарау, қылмыстарды тергеу, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау кезінде пайда болатын қатынастарды реттейтін құқық жүйесіндегі нормалардың бір бөлігі. Іс жүргізу құқығы материалдық құқықпен тығыз байланысты, өйткені оны жүзеге асыру мен қорғау қажетті іс жүргізу нысандарын бекітеді. Іс жүргізу құқығы екі түрлі болады — азаматтық іс жургізу құқығы және қылмыстық іс жүргізу құқығы. Азаматтық іс жүргізу құқығының ерекшеліктерін қарастырайык.Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың тәртібін реттейтін құқық нормаларын мәжбүрлеп орындату тәртібі азаматтық іс жүргізу құқығы деп аталады. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні азаматтық істерді қарау және шешу барысында, сондай-ақ сот шешімдерін орындауға байланысты сот пен процеске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды құрайды. Мұндай қатынастарды реттеу тәсілі императивті диспозитивтік деп аталады.

Императивтік (императив — «өкімет», «үзілді-кесілді талап» заң — таңдауға жол бермейтін) деген соттың мемлекеттік билік органы екендігін және биліктік өкілеттіктер берілгенін білдіреді.

Соттың және судьяның талаптары, тапсырмалары, шақырулары және басқа да өтініштері, сот отырысының төрағалық етушінің өкімдері процеске қатысушылар үшін міндетті болып табылады. Сот төрелік етуді жүзеге асыру мақсатында процеске қатысушыларға мәжбүрлеу шараларымен (мысалы, сот отырысынан тәртіп бұзушыларды шығарып жіберу, мәжбүрлеп алып келуді жүзеге асыру), айыппұл салуға құқылы. Сондықтан азаматтық жүргізу қатынастарын билік және бағыныштылық қатынастары ретінде сипаттайды.

Диспозитивтік азаматтық құқық субъектілерінің осындай құқық объектілеріне билік етуге бағытталған әрекеттерді жасауға толықтай ие екендіктерін білдіреді.Өйткені, әдетте, азаматтық құқық мүдделі адамдардың талап-арызбен (өтінішпен) жолдануларына байланысты пайда болады. Соттың азаматтық істерді өз бетінше қозғауына құқығы жоқ, азаматтық процестің дамуы құқық туралы даудың субъектілерінің ерік білдірулеріне тәуелді болады.

Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері:

- ҚР Конституциясы;- ҚР сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы (24.12.2000 ж.);- ҚР Президентінің «ҚР Конституциялық Кеңес туралы» Жарлығы (29.12.1995 ж.);- Азаматтық іс жүргізу кодексі 5-бөлім, 45-тарау, 426-баптан тұрады;- Мемлекеттік (пошлина) баж туралы заң. Сот бажы;- Прокуратура туралы ҚР Жарлығы;- Адвокаттардың іс-әрекеттері туралы ҚР заңы. 5.12.1997 ж.;- «Сот приставтары туралы» ҚР құқықтық актілері;- Президенттің, Үкіметтің, әділет министрлігінің, салық комитеттерінің актілері;- халықаралық актілер: келісімдер, мемлекет араларында көмек көрсету;- шет мемлекеттерінен алимент іздестіру Конвенциясы

Азаматтық іс жүргізу құқығының негізгі қағидалары

Судьялардың ауыстырылмайтындығы және сайланбайтындылығы. Соттар тұрақты судьялардан тұрады. Судьялардың өкілеттігі тек заңда белгіленген негіздер бойынша ғана тоқталуы немесе кідіртілуі мүмкін. Судьялар Конституция мен жоғарыда аталған Конституциялық заңға сәйкес сайланады немесе тағайындалады. Сондай-ақ судьялардың өкілетіктері нақты мерзіммен шектелмеген.Судьялардың тәуелсіздігі және олардың тек заңға ғана бағынуы. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді жоне ол заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.Азаматтар мен ұйымдардың заң мен сот алдындағы теңдігі. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы да қандай да мән-жайлары себепті кемсітілмеуге тиіс.Жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу. Азаматтық іс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтық процеске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемсітетін шешімдер мен іс-әрекеттерге тыйым салынады. Сотта істі қараудың жариялылығы. Бұл кағида барлық соттарда істі қарау ашық сот отырысында жүргізілетінін білдіреді. Заңда сот отырысына қатысқысы келетіндердің барлығына рұқсат берілген, соның ішінде БАҚ өкілдеріне де. Заңда көзделген негіздер бойынша ғана істерді қарау жабық сот отырысында жүзеге асырылады.

1.Учаскелік инспектор өз танысымен жеке əңгімесінде ,жабдықтау бөлімінің бастығы Құсайынов 500 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатты ұрлағанын білді.Бұл жағдайда қылмыстық істі қозғауға негіз бар ма?Қылмыстық істі қозғаудың себептері мен негіздерін атап көрсетіңіз.Жасалған қылмыс туралы арыздар жəне хабарлауларды тексерудің тəртібі қандай?

Қылмыстық істі қозғау қылмыстық процестің тəуелсіз сатысы болып есептеледі. Бұл сатыда, жасалған іс əрекет қылмыс ретінде сараланып, оны жасаған тұлғаның ізіне түсу сұрақтары шешіледі. Алдын ала тергеу қылмыстық істі қозғаудан басталады. Қылмыстық істі қозғау тəртібі, себептері мен негіздері, толық, ҚР Қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген. Қылмыстық істі қозғау сатысындағы дəлелдеуді алатын болсақ, ол қызмет, заңда көзделген істі қозғаудың себебі жəне негізі болатын ережелерді фактлік деректер арқылы нақтылаудан тұрады.

Талдау барысында, жабдықтау бөлімінің бастығы Құсайыновқа қарсы «ПОЛИЦИЯ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕ»3-тармағы бойынша учаскелік инспектордың негізгі міндеттері: қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды айқындау және жолын кесу» Заңына сәйкес учаскелік инспектор қылмыстық іс қозғайды.

Бірақ, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексының 177-ші бабы қылмыстық істі қозғаудың себептері мен негіздерін бекітеді. Оларға: 1. тұлғалардың арыздары;

2. өз кінəсін мойындау;

3. бірлестікте басқару функциясын атқаратын тұлғаның немесемемлекеттік органның лауазымды тұлғасының хабары;

4. бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар;

5. қылмыстық істі қозғауға өкілетіктенген органдар мен лауазымды тұлғалардың қылмыс туралы мəліметтерді анықтауы болып табылады. Осы аталған себептердің біреуінің болуы, негіз қарастырылған жағдайда, қылмыстық істі қозғауға мүмкіндік береді. Ал басқа жағдайда, өкілетті тұлға іс қозғаудан бас тартуға тиісті. Алайда, қылмысты осы тектес мәліметтер қабылдаған хабарламаны қарап шығуға және бұл бойынша мүмкін шешімдердің берік қабылдануын міндеттейтін заңгерлік факт қызметін атқарады. Көп жағдайларда қылмыстық істі қозғауға түскен мәліметтердің кез келгені себеп болып табылады. Сондықтан оның кімнен шыққанының қағидалы мәні жоқ. Қылмыстық іс қозғауға негіз деп заң бойынша қылмыстық қуғындауға тиісті қылмыс белгілері бар оқиғалардың барлығы деп түсіндіріледі. Заңда былай айтылған іс, қылмыс белгілерінің барлығы туралы жеткілікті мәліметтер болған жағдайларда ғана іс қозғалуы мүмкін (ҚР ҚІЖК 177-бабы

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша қылмыстық істі қозғау үшін: 1) қылмыс оқиғасынын, яғни себебі мен негізін анықтау қажет. 2) қылмыс құрамының болуы керек (субъектісі, объектісі, субъективтік жағы, объективтік жағы).Қылмыстық iс қозғау тәртiбi: 1. себеп пен негiз болған кезде анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлiмiнiң бастығы, тергеушi, прокурор қылмыстық iс қозғау туралы қаулы шығарады.

2. Қаулыда: оның шығарылған уақыты мен орны, оны кiм жасағаны, iс қозғаудың себептерi мен негiздерi, ол кiмге қатысты немесе қандай факт бойынша қозғалып отырғаны, белгiлер бойынша iс қозғалып отырған қылмыстық заңның бабы, сондай-ақ iстiң бұдан былайғы бағыты көрсетiледi. Қылмыстық iс қозғау туралы қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жiберiледi. Қабылданған шешiм туралы арыз берушiге және өзiне қатысты iс қозғалып отырған адамға оған қылмыстық iзге түсудiң басталуына байланысты құқықтар мен мiндеттердi түсiндiре отырып, хабарланады.

Қылмыс туралы арыз немесе хабар бойынша шешiм ол түскен күннен бастап үш тәуліктен кешiктiрiлмей қабылдануға тиiс.Оларды тексеру үшін қосымша мәлiметтер алу, құжаттарды немесе өзге материалдарды талап ету, оқиға өткен жердi қарау, сараптама жүргiзілуі мүмкін. Бұл кездегі мерзiмдi анықтау органының бастығы, тергеу бөлiмiнiң бастығы он тәулiкке дейiн, ал ерекше жағдайларда - екi айға дейiн ұзарта алады, бұл туралы жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға хабарлануға тиiс.

2. Азаматша Сүлейменова жəне оның бұрынғы күйеуі нотариусқа өздері жасаған шартты куəландыруға өтініш берді.Бұл шарт бойынша ажыратылған ерлі-зайыптылар бір біріне балаларды асырау туралы талап қоюдан бас тартады, күйеуі ортақ меншікке құқықтан бас тартады, ал əйелі зейнеткерлік жасқа жеткенше жаңа некеге тұрмауға міндет алады.Бұл шарт заңды ма?

Жауабы: Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету 1. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады. 2. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне билік ету жөнінде ерлі- зайыптылардың бірі мәмілелер жасасқан кезде екінші жұбайының келісімі керек болады.

Ерлі зайыптылардың біреуі ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне билік ету жөнінде жасасқан мәмілесін сот басқа жұбайдың келісімі болмауын дәлел етіп, тек оның талап етуімен ғана және басқа тараптың мәміле жөнінде білгендігі немесе осы мәмілені жасасуға басқа жұбайдың күні бұрын білуі тиіс екендігі дәлелденген жағдайларда ғана жарамсыз деп тануы мүмкін.

3. Ерлі-зайыптылардың біреуі жылжымайтын мүлікке билік ету жөнінде мәміле мен нотариаттық куәландыруды және (немесе) заңда белгіленген тәртіппен тіркеуді талап ететін мәміле жасауы үшін басқа жұбайдың нотариат куәландырған келісімін алуы қажет.

Аталған мәміле жасауға нотариат куәландырған келісімі алынбаған жұбай осы мәміленің жасалғандығы туралы өзі білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл ішінде мәмілені сот тәртібімен жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы. Сулейменова жане онын бурынгы куйеуi жасаскан шарты неке жане отбасы туралы кодексте сайкес занды болып табылады.

3. Институт ректоры азаматтардан лаборант ,оқытушы жəне проректор қызметтеріне алу туралы өтініштерді қабылдады.Аталған қызметтерді алу үшін қандай əрекеттер жасалуы тиіс?Қызметкерге алынушылардың қызметтік қатынастары қай уақытта пайда болады? Мемлекеттік қызметке алынушыларға қойылатын талаптар.

Жоғарыда келтірілген қызметтер мемлекеттік әкімшілік қызметтерге жатады. ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында көрсетілгендей мемлекеттік әкімшілік қызметші деп - мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшіні атаймыз. Осы заң бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметке кіру және кіру шарттары белгіленеді:15-бап. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке кiру. 1. Осы Заңда көзделген жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергілікті өкілді органдардың тағайындауы немесе сайлану жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады.2. Мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін немесе оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кіретін азаматтарды мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындау арнайы тексерудің оң нәтижелері алынғаннан кейін жүзеге асырылады 3. Өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, қызметтегі судьялар, өз өкілеттіктерін тоқтатқан, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған Парламент депутаттары, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттары, сондай-ақ мемлекеттiк саяси қызметшiлер, халықаралық қызметшілер, судьялар "А" және "Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымдарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес, кадр резервіне іріктеу және конкурс өткізілместен, уәкілетті комиссияның шешімі бойынша орналаса алады. Қазақстан Республикасының Президенті осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды кадр резервіне іріктеу жүргізбестен және уәкілетті комиссияның шешімінсіз, оларға тағайындау өзімен жүзеге асырылатын "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындауға құқылы.

Белгіленген біліктілік талаптарына сай келетін "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері "Б" корпусының мемлекеттік

4. Зауыт директоры зауыт аумағын тазалау үшін сенбілікті өткізу жəне оны ұйымдастыру тобы туралы бұйрық шығарды.Бұл бұйрыққа сүйеніп ұйымдастыру тобы сенбілік өткізу уақытын, оған қатысушыларды тағайындап, оларды құрал сайманмен жəне көлікпен қамтамасыз етті.Лауазымды тұлғаның шешімі еңбек шартында көзделмеген жəне қоғамдық жұмыстарды орындауға негіз бола алады ма?

Жауабы: Бұл жағдайда Еңбек кодексінің көрсетілгендей лауазымды тұлғаның шешімі еңбек шартында көзделмеген бірак өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға.

Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты актілерді қабылдау қызметкерлер өкілдерінің келісімімен ғана жүзеге асырылады және қоғамдық жұмыстарды орындауға негіз бола алады . ҚР еңбек кодексінің 11-бап. Жұмыс берушінің актілері

1. Жұмыс беруші осы Кодекске және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, еңбек шартына, келісімдерге, ұжымдық шартқа сәйкес өз құзыреті шегінде актілер шығарады.

2. Жұмыс беруші осы Кодексте, ұжымдық шартта көзделген жағдайларда, қызметкерлер өкілдерінің келісімі бойынша немесе пікірін ескере отырып, актілер шығарады.

3. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен, ұжымдық шартпен, келісімдермен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын нашарлататын не осы баптың 2-тармағында көрсетілген рәсімдер сақталмай шығарылған актілері жарамсыз болып табылады және қолданылмауға тиіс.

12-бап. Жұмыс берушінің актілерін шығару кезінде қызметкерлер өкілдерінің пікірін ескеру немесе олармен келісу тәртібі

1. Жұмыс беруші осы Кодексте, келісімдерде, ұжымдық шартта көзделген жағдайларда қызметкерлер өкілдерінің пікірін ескере отырып немесе олармен келісе отырып актілер шығарады.

2. Актіні шығарар алдында жұмыс беруші оның жобасын және ол бойынша негіздемені қызметкерлердің өкілдеріне ұсынады.

3. Жұмыс беруші актісінің жобасын табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күнінен асырмай қызметкерлердің өкілдері талқылайды.

4. Қызметкерлер өкілдерінің шешімдері хаттамамен ресімделеді, онда қызметкерлер өкілдерінің жұмыс беруші актісінің жобасымен келісетіні (келіспейтіні) көрсетіледі, олардың ұсыныстары болса жазылады.

5. Егер қызметкерлер өкілдерінің пікірінде жұмыс беруші актісінің жобасына келісім болмаған не оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар болған жағдайда, жұмыс беруші:

1) келіскен жағдайда қызметкерлер өкілдерінің ұсыныстары ескеріле отырып өзгертілген акт шығарады;

2) келіспеген жағдайда қызметкерлер өкілдерімен қосымша консультациялар өткізуге құқылы.

6. Шығару үшін осы Кодекске сәйкес қызметкерлер өкілдерінің келісімі қажет болатын жұмыс беруші актілерінің жобалары бойынша келісімге келмеген жағдайда, туындаған келіспеушіліктер хаттамамен ресімделеді, осыдан кейін жұмыс беруші акт қабылдауға құқылы.

7. Жұмыс беруші ұсыныстарды толығымен не бір бөлігін ескермей акт шығарған кезде қызметкерлер өкілдері осы Кодексте көзделген тәртіппен ұжымдық еңбек дауы рәсімін бастауға құқылы.

8. Егер жұмыс берушінің шығарылған актісінде қызметкерлердің осы Кодексте, еңбек шартында, ұжымдық шартта, келісімдерде көзделген құқықтары мен кепілдіктерін бұзатын не нашарлататын ережелер қамтылған жағдайда, оған еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға не сотқа шағым жасауға болады.

5. Бухгалтер Əлімжановаға жұмысқа кешігіп келгені үшін 1 сəуір күні сөгіс шығарылды.28 тамыз күні ол жұмысқа тағы да кешікті. Əкімшілік 5 қыркүйек күні Əлімжанованы еңбек тəртібін бұзғаны үшін жұмыстан шығарды. Əлімжанова бұл бұйрықпен келіспей сотқа жүгінді.Сот қандай шешім қабылдауы тиіс?

Жауабы: Сот мұндай жағдайда әкімшілікпен келісуі тиіс.Өйткені, Еңбек құқығы - еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Бұл қатынастар тараптардың әдетте жеке және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар және ҚР Конституциясына негізделген еңбек туралы заңдарымен реттеледі. Ең негізгісі 2015 жылдың 23 қарашасында қабылданған “Қазақстан Республикасының еңбек кодексі” болып табылады.

Енді еңбек кодексіндегі еңбек тәртібі туралы төмендегідей мәліметтер бар.Еңбек қызметінің барысына еңбек қатынастарының екі тарапы қатысатыны белгілі, сондықтан да, еңбек кызметіндегі жүріс-тұрыс ережелерін екі жақта орындауы тиіс.Сол себепті де, қызметкердің негізгі міндеттерінің бірі болып еңбек тәртібінің талаптарын, яғни, еңбек қызметі барысындағы өзі үшін міндетті жүріс-тұрыс ережелерін орындау табылады. Егер нақты атайтын болсақ, қызметкердің міндеттеріне мыналар жатады:

- еңбек функцияларын (яғни, нақты бір мамандық, біліктілік, лауазым бойынша жұмысын) мұқият орындау;

- ішкі еңбек тәртібіне бағыну;

- жұмыс берушінің бұйрықтарын (өзі үшін міндетті) орындау;

Алайда, жүмысшылардың еңбек тәртібін орындауының маңызды

алғышарты болып еңбек үрдісін ұтымды ұйымдастыру, яғни жұмыс беруші қызметкерлердің еңбегін ұтымды және дұрыс ұйымдастыру қажет. Ол үшін жұмыс беруші:

- қызметкерге еңбек ақысын төлеу қажет;

- еңбек туралы заңдарда, ұжымдық шартта және тараптардың келісімінде көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз ету қажет.

Сондықтан да, еңбек тәртібі дегеніміз - ол екі жақты процесс және оның жүзеге асырылуы екі тарапында жүріс-тұрысына тікелей тәуелді. Яғни, еңбек тәртібі жұмыс берушінің белгілі бір жүріс-тұрыс ережелерін бекіту құқығын ғана емес, сонымен қатар, қызметкерге қалыпты еңбек жағдайын қамтамасыз ету міндетін де қамтиды. Осындай жағдайда ғана қызметкерден жақсы нәтиже күтуге болады.

Сонымен, еңбек тәртібі - бұл жұмыс берушінің қызметкерлерге,өз еңбек функцияларын мейлінше тиімді орындауы үшін жағдай жасау міндеті, әрі қызметкердің мемлекет актілерінде және солардың негізінде жұмыс беруші қабылдаған актілерде белгіленген еңбек үрдісі барысындағы жүріс-тұрыс ережелерін міндетті тәртіпте орындау міндеті.

Басқаша айтқанда, еңбек тәртібі - бұл жеке еңбек шартының тараптарының, яғни, қызметкер мен жұмыс берушінің өзара міндеттері және осы міндеттерді бұлжытпай орындау.

Еңбек тәртібі мәселесі ғылымның әр түрлі саласының (мысалы, психология, социология, еңбек экономикасы және т.б.) өкілдерінің де зерттеу пәні ретінде орын алған.Әлімжанова осы алты ай мерзім ішінде тағы кешікті.Яғни жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы еңбек тәртібін бұзды.Сол себепті,әкімшілік Әлімжановаға сөгіс шығарғаннан кейін оның алдында,оны жұмыстан шығаруға құқылы. Талапты қанағаттандырады.

Еңбек кодексі ережелеріне сәйкес тәртіптік жауапкершіліктер келесідей кезектілікте болады:

  1. ескерту; 2) сөгіс; 3) қатаң сөгіс; 4) қызметтен босату.

Бұл ситуацияда сот, әкімшіліктің жасаған әс-әректеттін дұрыс деп шешім қабылдайды. Жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек қатынастарына құқықтық сипат беретін нормативті құжаттардың бірі еңбек шарты болып табылады. Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім.

6. Қазақстан Республикасының институтында оқитын студент Ли Чан өз курстасы Томақбаеваға өзімен некеге тұруға жəне Қытай азаматтығын алуға ұсыныс жасады.Томақбаева өз келісімін беріп, алдымен Қазақстан азаматтығынан шығу керектігін айтты. Қазақстан Республикасының азаматтығы қандай жағдайда тоқтатылуы мүмкін.

Бұл жерде басқа мемлекеттің азаматтығын алса онда ҚР азаматтығы тоқтатылады. Себебі, ҚР-ның азаматтық туралы заңына және конституцияға сәйкес екі азаматтылыққа жол берілмейді.1991ж. 20 желтоқсанындағы қабылданған ҚР-ң азаматтығы туралы заңның 19-бабына сәйкес азаматтықты тоқтату негіздері белгіленген.

ҚР-ң азаматтығы:

1)ҚР-ң азаматтығынан шығу; 2)ҚР-ң азаматтығынан айырылу салдарынан тоқтатылады.

ҚР азаматтығы мынадай жағдайда тоқтатылуы мүмкін:

1) ҚР азаматтығынан шығу; ҚР азаматтығынан шығуға адамның осы Заңда белгіленген тәртіппен жасаған өтініші негізінде рұқсат етіледі. Егер шығу туралы өтініш жасаушы адамның ҚР алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары болып, олармен азаматтардың немесе ҚР территориясында орналасқан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделері байланысты болса, ҚР азаматтығынан шығарудан бас тартылуы мүмкін. 2) ҚР азаматтығынан айырылу салдарынан тоқтатылады.

ҚР азаматтығынан: 1)ҚР мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан; 2) егер ҚР азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса; 3) ҚР мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша; 4) егер ҚР тыс жерлерде тұрақты тұратын адам дәлелсiз себептермен үш жыл бойы консулдық есепке тiркелмесе; 5) егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса, айырылады.

7. С. Азаматы өз автокөлігінде бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетті жəне сол үшін жол полиция қызметкерімен тоқтатылды. С. құқықтың қай саласының нормаларын бұзды: азаматтық құқық, еңбек құқығы,əкімшілік құқығы, транспорт заңдарын.

С азаматының жасаған құқықбұзушылығы әкімшілік құқықтың нормаларын бұзғанға жатады. Себебі, С азаматы әкімшілік құқық нормаларының тәртіптерін орындамай отыр.

Әкімшілік құқық бұзушылық — мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың жеке меншігіне, құқылары мен бостандықтарына, белгіленген басқару тәртібіне нұқсан келтіретін кінәлі (қасақана немесе абайсыз істелген) әрекет немесе әрекетсіздік. Бұл үшін арнаулы заңдарда әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген. Әкімшілік құқық бұзушылықты кейде “әкімшілік теріс қылық” деп те атайды. Жеке адамның әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып танылады. Әкімшілік құқықбұзушылықтың белгілерінің бірі қоғамға қауіптілігі болғандықтан, бұл тұста С азаматының жасаған құқықбұзушылығы мемлекеттік және қоғамдық тәртіпке нұсан келтіретін кінәлі (қасақана немесе абайсыз істелген) әрекет болып танылып отыр. Яғни, С азаматының өз көлігінде бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетуі қоғамға өз зиянын тигізуі мүмікін еді. Мәселен, ол жағдайда белгілі бір деңгейдегі жол апатыны ұшырау қаупі бар. Ал ол өз кезегінде қоғамға зиянды іс-әрекет болып табылады.

Енді, аталып отырған әкімшілік құқық бұзушлықты құрамына қарай талдап өтсек:

1. Әкімшілік құқықтың объектісі – әкімшілік заңдармен қорғалатын, белгілі бір іс-қимыл қауіп төндіретін қоғамық қатынастар жатады. Бұл жағдайда әкімшілік құқықтың объектісіне С азаматының өз көлігінде бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеуін жатқызамыз.

2. Объективті жағы әкімшілік құқық бұзушылықтың сыртқы көрінісін, іс-қимлдың (әрекет немесе әрекетсіздіктің) өзін көрсетеді. Қарастырылып отырған ситуацияда құқық бұзуышылықтың орны – қоғамдық орын, құқық бұзушылыөтың зиянының салдары - жол апатының мүмкңн болуы, қолданылған құрал түрлеріне – С азаматының көлік құралын жатқызамыз. Сонымен қатар, объективті жағына құқықбұзуышлықтың бірнеше рет жасалуын да жатқызамыз. Бірақ, біздің жағдайда құқық бұзушылық әрекеті бір рет қана жасалып отыр.

3. Әкімшілік құқық субъектісіне әкімшілік құқықбұзушылық жасаған жеке және заңды тұлға жатады. Біздің қарастырып отырған жағдайымызда әкімшілік құқық субъектісі – С Азаматы болып табылады.

4. Әкімшілік құқықтың субъективті жағы дегеніміз өзі жасаған іс-әрекетке деген тұлғаның психикалық көзқарасы. Оның белгілеріне кінә, себеп, мақсат жатады. Алайда, біздің жағдайда С азаматының өзі жасап отырған әкімшілік құқықбұзушылыққа деген көзқарасы айтылмаған.

С азаматына әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін ҚР әкімшілік құқық кодекстіне сәйкес белгілі бір жаза қарастырылуы мүмкін. (Егер, әрине, С азаматы 16 жасқа толған азамат болса.) Мәселен, Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылатын жазалар төмендегідей:

ескерту жасау;

әкімшілік айыппұл салу;

әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты, өтемін төлеп алу;

әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей жасау объектісі болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу;

жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;

әкімшілік қамауға алу болса, онда С азаматына мүмкін жағдайда тағылатын жазалар төмендегілер болмақ: ескерту жасау, әкімшілік айыппұл салу немесе арнайы құқықтан айыру (жүргізушілік құқығынан).

8.Өз бақшасынан ұрлықтың алдын алу үшін Хамраев электр тогы өткізілген сыммен бақшаны қорғады. Өмірге қауіпті Электр тогы деген хабарламаларды іліп қойды. Жасөспірім В. Және О. Түнде бақшаға түсті және нәтижесінде В. Электр тогының әсерінен қайтыс болып кетті.Бұл жағдайда қажеттілік қорғану орын ала ма?

Жауабы:

Қажеттi қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтiру, яғни қорғанушының немесе өзге бiр адамның жеке басын, тұрғын үйiн, меншiгiн, жер учаскесiн және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн қоғамдық қауiптi қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтiру жолымен қорғау кезiнде, егер бұл орайда қажеттi қорғану шегiнен асып кетушiлiкке жол берiлмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды. Барлық адамдардың кәсiби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажеттi қорғануға құқығы бар. Бұл құқық адамға қоғамға қауiптi қол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттiк органдардың көмегiне жүгiну мүмкiндiгiне қарамастан тиесiлi болып табылады. Нәтижесiнде қол сұғушыға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтiн зиян келтiрiлетiн, қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгi дәрежесiне қорғанудың көрiнеу сай келмеуi қажеттi қорғаныс шегiнен шығу деп танылады. Бұлайша шектен шығу тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады. Адам өмiрiне қол сұғушыға не қаруды қолданумен немесе қолдануға әрекет етумен ұштасқан өзге де қол сұғушылыққа тойтарыс беру кезiнде адамға зиян келтiру қажеттi қорғаныс шегiнен шығу болып табылмайды.