Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор казправо.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
163.91 Кб
Скачать

39. Құқықтық норма және құқықтың қайнар көзі дегеніміз не? Құқықтың қайнар көзі ретінде – нормативтік құқықтық актілерге тоқталыңыз. Негізгі және туынды актілерге жеке түсіндеріме беріңіз

Құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже-қағида.

Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.

Диспозиция – қатынас мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі.

Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек. Гипотезаның жалпылама күрделі , альтернативтік түрлері бар.

Санкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті анық, баламалы, салытырмалы.

Құқықтың қайнар көздері – бұл мемлекеттен туындайтын немесе құқық нормаларын көрсететін жəне бекітетін, оларға заңды жəне жалпыға міндетті күш беретін мемлекет қабылдаған ресми құжаттық нысандар.Нормативтік-құқықтық актілер — құқықтың ең басты қайнар көзі негізі ретінде танылады. Нормативтік-құқықтық акті (НКД) — мемлекеттік органдар ресми түрде қабылдаған, жалпы ережелерден тұратын, коғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей міндетті құжат, яғни акті.Тәуелсіз Қазақстан Республикасында ұлттық құқық тек қана нормативтік актілер арқылы қалыптасуда. Құқықтың нәр алатын бастауы — Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Одан тө-мен — конституциялық заңдар. Ондай заңдар ерекше қатынастарды реттейді. Одан кейінгі — жай заңдар.

Нормативтік құқықтық актілер екі түрге бөлінеді:

1. Туынды. Оған жатады•Конституция, конст-лық заңдар, кодекстер

•ҚР Президентінің Жарлықтары •КҚ Парлмаенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары, т.б.

2. Туынды. Оған жатады:

• Регламент • Қағида • Ереже • Нұсқаулық

40. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері. Алименттік қатынастарға сипаттама.

Сонымен, тіркелген неке ерлі-зайыптылардың арасындағы жеке және мүліктік құқықтар мен міндеттерді тудырады.Неке және отбасы туралы Заңның 29 бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады, тегін таңдау құқығы, қызмет түрін, мамандықты,тұрғылықты жерді таңдау құқықтары, отбасы өмірінің мәселелерін бірлесіп шешу құқығыЗаңға сәйкес ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттерді атқарады. Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарының теңдігі отбасы өмірінің барлық жалпы мәселелерін (ана, әке болу,балаларға тәрбие мен білім беру мәселелері және отбасы өмірінің басқа да мәселелері) олардың бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылықты пайдалануға тиіс емес. Ерлі-зайыптылар арасындағы құқық екі топқа: жеке құқыққа және мүліктік құқыққа бөлінеді. Жеке құқық адамның өзімен байланысты, оны одан бөліп тартып алуға болмайды. Оған тегін, мамандығын, жеке қалауы бойынша қызмет таңдау құқығы жатады. Заң бойынша әйел қыз кезіндегі тегін сақтауға немесе ерінің тегін алуға құқылы. Отбасылық өмірдегі мәселелерді шешкен кезде ерлі-зайыптылардың бірінің өз пікірін екіншісіне тануға құқығы жоқ, әйтпесе ол жеке бостандықты шектейді. Ерлі-зайыптылардың бірінің екіншісінің мамандық, қызмет орнын таңдауын шектеуіне құқығы жоқ. Бұл мәселелер мәжбүрлеусіз, бірі-бірінің бостандығы мен қадір-қасиетін құрметтей отырып шешілуі тиіс. Конституция бойынша еңбек етуге, мамандық таңдауға, қызмет түрлерін алуға ері мен әйелі тең құқылы.Ерлі-зайыптылар сондай-ақ бірінің алдында бірі жауапты. Ол ізгілікті Адами жауапкершілік қана емес, сонымен бірге заң алдындағы да жауаптылық. Заңды жауаптылық ерлі-зайыптылардың бірі көмекке (сырқаттануына, еңбек қабілетінен айырылуына байланысты, материалдық кемтарлық жағдайында және т.б.) мұқтаж болған, ал екіншісі көмек көрсетуден саналы түрде бас тартқан кезде туады. Мұндай жағдай заң көмекке мұқтаж жағының екіншісінен алимент өндіріп алу туралы сотқа жүгіну құқын береді.

Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары.Заңда ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлiктерiнiң жалпы тiзiмi берiлген. Бұған ерлi-зайыптылардың табыстары (жалақысы, зейнет ақысы, материалдық көмек, кәсiпкерлiк қызметтен тапқан табыстары, т.б.), осы табыстардың негiзiнде жиналған мүлiктер (ортақ мүлiк, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкi) және т.б. жатады.Жалпы тәртiп бойынша ерлi-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуы олардың қайсысы қандай затты иемденуiне, ол заттың қандай мақсатқа арналғанына және кiмнiң атына жазылғанына байланысты емес. Ерлi-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуына олардың отбасы табысының жалпы сомасына қаншалықты үлес қосқаны да әсер ете алмайды. Заң (32-бап, 3-тармақ) ерлi-зайыптылардың ортақ мүлiкке құқығы некеде тұрған кезенде үй шаруашылығын жүргiзудi, балаларды бағып-күтудi жүзеге асырған, немесе басқа да тиесiлi дәлелдi себептермен жеке кiрсi болмаған жұбайға да тиесiлi екендiгiн арнайы ескертедi.Бiрге тұрған кезде жинаған ортақ мүлiктен басқа, ерлi-зайыптылардың әрқайсысына тиесiлi жеке мүлкi болады және оған өздерi дара билiк етедi. Мұндай жеке дара мүлiктерге ерi мен әйелiнiң некеге тұрғанға дейiнгi немесе ерлi-зайыптылардың некеге отырғаннан соңғы жеке мiндеттемелерi бойынша алған заттары, ерi мен әйелiнiң сый ретiнде алған, немесе мұрагерлiк жолымен иемденген заттары, жеке пайдаланатын заттары (сырт киiм, аяқ киiм, т.б.) ерлi-зайыптылардың некеге тұру кезiнде ортақ қаржысына сатып алынған болса да қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, басқасының бәрi жатады.

Ерлi-зайыптылардың алименттiк қатынастары.

Халықтың көпшiлiгiнiң түсiнiгiнде «алимент» ұғымы тек ата-аналарының балаларын асырап-бағу үшiн беретiн қаражаты ретiнде қалыптасқандығы белгiлi. Алайда алименттiк қатынастар жоғарыда көрсетiлген жағдайда ғана емес, «Неке және отбасы туралы» заңда көрсетiлгендей, отбасының басқа да мүшелерiнiң арасында да туындауы мүмкiн қатынас болып табылады. Алименттiк мiндеттемелер әдеттегi тәртiп бойынша екiден көп емес субъектiлердiң болуымен сипатталады, нақтырақ айтсақ, бұл қатынастардың субъектiлерiнiң саны заңмен қатаң айқындалған. Ол бiржақты болып табылады, өйткенi құқылы тұлға тек субъективтi құқықтарға ие болса, мiндеттi тұлға тек субъективтi мiндеттемелерге ие болады. Алименттiк мiндеттемеде бiр мезгiлде құқықтар мен мiндеттерге ие болатын субъектiлер жоқ, алайда мiндеттi тұлға бұрын құқылы болғанмен, болашақта құқықтарға ие болатын тұлға мiндеттiге айналуы мүмкiн.

41.Қазақстан Республиканың жер құқығының түсінігі, жүйесі, қайнар көзі.Жерге меншік құқығының түсінігі мен түрлерін жазыңыз.Құқық саласы ретінде жер құқығы дегеніміз – жерді пайдалану мен қорғаумен, жерді жеке меншікке және жер пайдалану құқығына берумен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құқық нормаларының жиынтығы. Ғылым саласы ретінде жер құқығы дегеніміз – көптеген ғылыми теориялардың, тұжырымдардың, ой-пікірлерінің және әртүрлі ғылыми көзқарастардың жиынтығы болып табылады. Оқу пәні ретінде жер құқығы - дәрістік және тәжірибелік сабақтардың жиынтығы, яғни, жер құқығы ғылымының негізгі ережелерінің белгіленген жүйе бойынша мазмұндалуы болып табылады. Жер құқығының қайнар көздері дегенміз – жер құқығы қатынастарын реттеуге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық келісім шарттардың жиынтығы болып табылады. Жер құқығының жүйесі дегеніміз - өзара тығыз байланысты жер құқық институттарының жиынтығы. Өзге құқық салалары сияқты жер құқығының жүйесі келесі бөлімдерден тұрады: жалпы бөлім, ерекше бөлім және арнайы бөлім. Жалпы бөлімде жалпы ережелер, яғни жер құқығының түсінігі, пәні, әдістері, қағидалары, қайнар көздері қарастырылған. Сонымен бірге, жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы, жер қатынастарын мемлекеттік реттеу және жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері көрініс тапқан. Жер құқығының ерекше бөлімінде жер қорының жекелеген санаттарының құқықтық режимі мен оларды қорғау жағдайлары қарастырылған. Атап айтсақ, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық режимі, елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жерінің құқықтық режимі, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауылшаруашылығы мақсатына арналмаған жерлердің құқықтық режимі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлердің құқықтық режимі, орман қорының жері, су қорының жері, босалқы жерлердің құқықтық режимі. Арнайы бөлім шетелдердің жер заңдарын зерттейді. Шетел мемлекеттерінің, Қазақстан жерін пайдалану мәселелерін, халықаралық шарттармен реттелетін жерді жалдау қатынастарын және жерді халықаралық қорғау және жер қатынастары саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелерін зерттейді. Жерге меншік құқығының түсінігі және түрлері, жерге меншік құқығы кез-келген өзге мүлікке меншік құқығы сияқты шексіз емес. Жерге меншік құқығы деген ұғымды екі түрлі, объективтік және субъективтік мағынада қарастыруға болады. Объективтік мағынада: Бұл ұғым жерге меншік құқығын жүзеге асырумен туындайтын қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Бұл нормалар Қазақстан Республикасының көптеген заңнамаларында орын тапқан.

42.ҚР- дағы салық жүйесі мен салықтардың түрлері.

«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.

Қазақстанның салық жүйесі — Қазақстан Республикасында қалыптасқан салық жүйесі, сонымен қатар салық caнау рәсімдерін реттейтін заңнамалық актілер мен заңнан туындайтын нормативтік актілердің жиынтығы және елдегі салықтар мен алымдарды есептеу мен төлеудің институттық инфрақұрылым.1991жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 14-інде Қазақстан Республикасы Презмдентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сында №440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды

Салықты алатын және оған иелік ететін органдардың ерекшелігіне қарай салықтар 2 бөлінеді:

1) Жалпы мемлекеттік 2) Жергілікті.

Жалпы мемлекеттік салықтарға мыналар жатады:

1. Корпоративтік табыс салығы;2.жеке табыс салығы

3.Қосылған құн салығы;4.Акциздер;

5.экспортқа рента салығы 6. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемі;

7.әлеуметтік салық;8. Көлік құралдарына салынатын салық;

9. Жер салығы;10.мүлік салығы;

11.құмар ойын бизнес салығы;12.тіркелген салық;13.бірыңғай жер салығы

1. Корпативтік табыс салығы. Бұл салықтың төлеушілері Қазақстан Респуликасының резидентзаңды тұлғалары сондай-ақ елімізде қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар болып табылады.Объектілері салық салынатын, төлем көзінен салық салынатын табыс пен резидент емес заңды тұлғаның таза табысы. Жылдық жиынтық табыс пен шегеріс жасау арасындағы айырма ретінде есептелген табыс осы салықтың салық салынатын табысы болып табылады.

2. Жеке табыс салығы. Салық Кодексінің сәйкес жеке тұлғалар жеке табыс салығының субъектілері болып табылады, ал объектілеріне төлем көзінен салық салынатын және төлем көзінен салық салынбайтын табыстар жатады.-

3. Қосылған құн салығы. Қосылған құн салығы - тауар өндіру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету мен олардың айналым процесінде қосылған құн өсімінің бір бөлігін бюджетке аударымы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағына тауар импорттау кезінде жасалатын аударым.

4. Акциздер. Акциздер дүние жүзіне кеңінен тараған салықтардың бір түрі болып табылады. Акциздер көбінесе, халық тұтынатын бірінші кезектегі тауарлардың бағасына немесе көрсетілетін қызметтердің тарифіне енгізіледі.Акциздер - тауар бағасына, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін тарифіне енгізілетін, нақты ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеп бекітетін, міндетті төлемдер.