- •2. Әкімшілік құқықтың түсінігі, пәні, әдістері, қайнар көздері, субъектілеріне талдау жасаңыз. Әкімшілік құқықтық қатынастарға түсінік беріңіз.
- •3. Әкімшілік теріс қылық түсінігін беріңіз. Әкімшілік жауапкершіліктің туындау негіздері және түрлері қандай? Әкімшілік жаза дегеніміз қандай шара және оның түрлері қандай?
- •4. Мемлекеттік билік жүйесі және оның түрлеріне сипаттама беріңіз. Республикамызда билік тармақтары қалай бөлінеді? Биліктің бір тармағы – сот билігіне тоқталыңыз.
- •5. Неке және отбасы құқығының түсінігі, міндеттері, қайнар көздері мен қағидаларын талдаңыз. Қр неке және отбасы кодексіне жалпы сипаттаа беріңіз.
- •6.Неке шарты дегеніміз не? Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары қалай реттеледі?
- •7. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі.Қр-ның неке және отбасы туралы заңына сипаттама беріңіз.
- •8.Алименттік қатынастар негізін ашып көрсетіңіз. Алимент төлеуді қамтамасыз етудің заңдық негіздері қандай ? Алимент өндіріп алу тәртібі қандай?
- •9. Азаматтық құқық негіздеріне жалпы сипаттама беріңіз , түсінігі,пәні, әдістері мен қайнар көздерін ашып талдаңыз Азаматтық құқықтық қатынастардың белгілері қандай?
- •11. Еңбек құқығының түсінігі,пәні,әдістері, қағидалары,қайнар көздері мен жүйесі. Қр еңбек кодексіне сипаттама беріңіз.
- •12.Еңбек шарты түсінігі мен жасалу тәртібін талдап беріңіз. Еңбек шарты түрлері қандай?Еңбек шартының тоқтату және бұзу тәртібі қандай?
- •13.Жұмыс уақыты мен демалыс уақытының түсінігін берііз және заңдық негізін ашып көрсетіңіз.
- •14. Қылмыстың белгілірі мен құрамын ашып талдаңыз. Қылмыстық жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән жайлар?
- •15.Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, құағидалары. Талап арыз ұғымы және мазмұны? Азаматтық істегі тараптар дегеніміз кімдер?
- •16. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың түсінігі,олардың түрлері. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы теориялар?
- •17.Мемлекет ұғымы, мәні,белгілері,нысаны қандай?Мемлекеттің атқаратын қызметтері?Құқықтық мемлекет ұғымы?қр Конститутциясының 1 бабын талқылаңыз. Азаматтық қоғамның сипаттамасы?
- •18.Құқық түсінігі,белгілері. Құқықтың қайнар көздері мен нормаларына талдау. Құқықтың қайнар көзі ретінде нормативтік құқықтық актілерге тоқталу. Негізгі және туынды актілерге жеке түсіндерме.
- •19.Мемлекет нысаны(басқару нысаны,мемлекеттік құрылым,саяси режим). Авторитарлық және тоталитарлық режимге салыстыру.
- •20. Мемлекеттік билік жүйесі, түрлері. Республикамызда билік тармақтары қалай бөлінеді. Сот билигіне тоқталу.
- •21. Құқықтық қатынас дегеніміз не және олардың белгілері. Құқықтық қатынас субъектілері мен объектілері.
- •22. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздерін көрсетіңіз.
- •24. Қр Президентінің құқықтық мәртебесі қандай және оның атқаратын функцияларына тоқталыңыз. Қр Президентінің мерзімі қандай және Президент қанша жыл мерзімге сайланады?
- •25. Қр Парламентінің түсінігін беріңіз.Жоғары Сенат және Мәжіліс депутаттарының атқаратын функцияларына тоқталыңыз.
- •26.Мемлекеттік қызмет ұғымына тоқталыңыз.Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі қалай анықталады?
- •27. Азаматтық алу үшін қандай талаптар қойылады?
- •29. Әкімшілік құқықтың түсінігін беріңіз. Әкімшілік теріс қылық дегеніміз не? Әкімшілік құқықтың кайнар коздері
- •30. Әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi және түрлері.Әкімшілік жаза түсінігі және оның түрі.
- •31. Азаматтық құқық негіздеріне жалпы сипаттама беріңіз , түсінігі,пәні, әдістері мен қайнар көздерін ашып талдаңыз Азаматтық құқықтық қатынастардың белгілері қандай?
- •32.Азаматтық құқықтық қатынастарың түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай?
- •33. Мәмілер ұғымын беріңіз.
- •34.Меншік құқығының мазмұнын ашыңыз. Мұрагерлік құқық түсінігін ашып жазыңыз.
- •35.Мемлекет пайда болуы туралы теориялардың түсінігін беріңіз жəне түрлерін талдау жасаңыз.
- •36. Құқықтың түсінігі мен белгілері қандай? Құқықтың қайнар көздері және құқық нормасы мазмұнын ашып беріңіз.
- •37. Құқықтық тәртіп түсінігі мен құқықбұзушылықтың түсінігі, құрамы, түрлерін ашып беріңіз.
- •38. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздерін көрсетіңіз.
- •39. Құқықтық норма және құқықтың қайнар көзі дегеніміз не? Құқықтың қайнар көзі ретінде – нормативтік құқықтық актілерге тоқталыңыз. Негізгі және туынды актілерге жеке түсіндеріме беріңіз
- •2. Туынды. Оған жатады:
- •40. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері. Алименттік қатынастарға сипаттама.
- •5. Әлеуметтік салық
- •43. Азаматтық іс жүргізу құқығы ұғымын ашып, қайнар көздерін атаңыз. Талап-арыз ұғымы және мазмұнын ашыңыз.
- •9.Дауылбаев с. Қызық көріп а-ны жағадан суға итеріп жіберді.А жүзу білмеген еді.Бұл туралы Дауылбаев білмеді. Және сол себепті суға батып кетті.Дауылбаевтың іс-әрекетінде қылмыс құрамы бар ма?
- •14.Жергілікті әкімшілік аппаратының екі лауазымды тұлғалары басқа үш азаматпен жшс құрды. Мемлекеттік қызметкерлердің әрекеті заңға сай ма?
35.Мемлекет пайда болуы туралы теориялардың түсінігін беріңіз жəне түрлерін талдау жасаңыз.
Мемлекеттің пайда болу туралы теориялары келесідей:Теологиялық теория - мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді. Бұл теория дұрыс — бұрыс деуге болмайды. Мәселені дінмен бірге зерттеу керек. Себебі бұл теория адамдардың сенімі, иманы ретінде қалыптасқан ұғым, көне заманнан дамып, нығайып келеді. Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жак Маритен т.б.Патриархалдық теория — мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы — монарх. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі Аристотель, оны жақтаушылар орта, жаңа ғасырларда болды (Фильмер, Михайловский т.б.).Органикалық теория - бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б.з. I V - III ғ.). Бірақ теория толық түрде XIX ғасырда қалыптасты. Өкілдері: Блюнчли, Г. Спенсер, Вормс, Прейс т.б.XIX ғасырдағы ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, бұл теория — адам қоғамында табиғаттың объективтік даму заңдарына сәйкес эволюциялы жолмен мемлекетті құрады. Мемлекеттің Үкіметі — адамның басымы сияқты қоғамды басқарады. Қанаушы тап қоғамның экономикасын дамытады. Ол қоғамды қорғайды деп түсіндіреді.Табиғи құқықтық теория - XVII — ХVII ғғ. қалыптасқан теория. Өкілдері: Г. Гроцкий, Т. Гоббс, Д. Локк, Ж.Ж Руссо, Б. Спиноза, А.И.Радищев т.б. Теорияның мазмұны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады (бостандық, тендік, еңбек жасау т.б.)- Оны ешкім жоя алмайды, оған зиян келтіре алмайды. Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың ара қатынасында кайшылықтар басталды. Сондықтан қоғамда бостандықты, еділеттілікті, тендікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап мемлекетті құрды. Бұл шарттың мазмұны көп елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.Психологиялық теория — XIX ғ. бұл теорияны уағыздаған: Ч.Тард, Л.И. Петражицкий. Коғам мен мемлекетті бұл теория адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі — бәрі келісіп ұжымдық түрде басқаруы. Коғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму заңдылық процесінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді.
36. Құқықтың түсінігі мен белгілері қандай? Құқықтың қайнар көздері және құқық нормасы мазмұнын ашып беріңіз.
"Құқық" терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. Құқық (объективтік тұрғыдан қарағанда) - адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы. Енді, құқықтың негізгі белгілерін қарастырайық.
Жүйелілігі. Құқық – бірнеше бөліктен тұратын жүйелі құрылыс. Оның бір бөлігі – табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табиғатына байланысты әлеуметтік- құқықтық талаптармен анықталады. Мысалы, адамның өмірі, денсаулығы табиғи құбылыстар. Оларды сақтауға, қорғауға, қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық нормалар табиғи құкыққа жатады. Құқықтық жүйенін екінші бөлігі – мемлекеттегі қолданылатын барлық заңдардың жиынтығы. Құқықтық жүйенің үшінші бөлігі – субъективтік құқықтар. Осы айтылған бөліктер бірімен-бірі табиғи түрде байланысты, бірінсіз басқаларын түсінуге, жүзеге асыруға болмайды.
Нормативтік сипаты – құкықтың негізгі белгілерінің бірі. Құқық қағидалардан, ережелерден, рәсімдерден тұрады. Қағида – тұлғалардың мінез-құлықтары туралы ереже. Былайша айтқанда, қоғамдык катынасқа қатысушылар өз іс-әрекеттерін, мінезін белгілі ережеде көрсетілген қалыпқа бейімдеулері қажет. Сондықтан құқықтың нормалары – тұлғалардың іс-әрекетінің, мінез-құлқының үлгісі.
Формалды анықтылық құқықтың мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді. Құкықты, оны құратын заңдарды, басқа да нормативтік актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет. Мемлекет органдардан тұрады, демек, мемлекет органдары заңдарды жасайды. Заң - ережелер жиынтығы. Олар жай ережелер емес, мемлекет атымен жасалатын болғандықтан ресми сипаты бар ережелер.
Құкықтың енді бір белгісі -мемлекеттің күшіне сүйенуі. Егер мемлекет құқық қағидаларының жүзеге асырылуына, дұрыс қолданылуын қамтамасыз етпесе, олар тек қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Мемлекет, оның органдары тұлғалардың құққықтарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, жағдай жасайды.
Құқықтың тағы бір белгісі – адамдардың еркін білдіруі. Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік биліктін бірден-бір бастауы - халық деп жазылған. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқьшы жүзеге асырады, сондай-ак өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді (3-бап). Сонымен, халык зандарды өзі тікелей қабылдай алады. Мұңдай жағдайда заң тікелей халыктың еркін паш етеді
Құқық – адамзаттың әділдік және азаттық идеяларына негізделіп, көбінесе заңдарда баянды етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі.
Құқықтық норма дегеніміз – мемлекет бекіткен , бәріне бірдей , формаларды айқын және орындалуы , сақталуы қажет болған жағдайда күшпен қамтамасыз етілетін мінез – құлықтың үлгісі. Құқықтық нормалар реттеу пәніне байланысты конституциялық – құқықтық , әкімшілік құқықтық , азаматтық — құқықтық , және т.б. болып жіктеледі. Ал , құқықтық нормалар өздерінің іс жүзіне асырылуына байлансты мынадай түрлерге бөлінеді:1) Міндеттейтін норма – бұл субъектіге белгілі бір мазмұндағы әрекеттерді жасау міндетін жүктейтін норма.2) Тыйым салушы норма – бұл субъектіге белгілі бір әрекеттерді жасаудан бас тартуды міндеттейтін норма.3) Құқық беруші норма – бұл субъектіге белгілі бір әрекеттерді жұзеге асыруға байланысты құқықтарды реттейтін норма.4) Дефинитивті норма – нормада заң ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде бір ұғымның анықтамасының берілуі. Бұл нормада субъектілердің құқықтары мен міндеттері нақтылы дәрежеде не мағынада көрсетілмейді. Бір дефинитивтік нормалар пәнінің негізгі категорияларын анықтайды , үлкен маңыздық рөл атқарады және Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде , құқық салаларында жиі кездеседі.
5) Декларативтік норма – негізігі құқықтық идеялар жариялану мағынасында көрсетіледі. Мысалы , Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізуге кодексінің 8-нормасында қылмыстық процестің барлық міндеттері былай деп жарияланған : « Қылмыстық процестің міндеттері қылмыстарды тез және толық ашу , оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту , әділсот талқылауы және қылмыстық заңды қолдану болып табылады .
