- •2. Әкімшілік құқықтың түсінігі, пәні, әдістері, қайнар көздері, субъектілеріне талдау жасаңыз. Әкімшілік құқықтық қатынастарға түсінік беріңіз.
- •3. Әкімшілік теріс қылық түсінігін беріңіз. Әкімшілік жауапкершіліктің туындау негіздері және түрлері қандай? Әкімшілік жаза дегеніміз қандай шара және оның түрлері қандай?
- •4. Мемлекеттік билік жүйесі және оның түрлеріне сипаттама беріңіз. Республикамызда билік тармақтары қалай бөлінеді? Биліктің бір тармағы – сот билігіне тоқталыңыз.
- •5. Неке және отбасы құқығының түсінігі, міндеттері, қайнар көздері мен қағидаларын талдаңыз. Қр неке және отбасы кодексіне жалпы сипаттаа беріңіз.
- •6.Неке шарты дегеніміз не? Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары қалай реттеледі?
- •7. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі.Қр-ның неке және отбасы туралы заңына сипаттама беріңіз.
- •8.Алименттік қатынастар негізін ашып көрсетіңіз. Алимент төлеуді қамтамасыз етудің заңдық негіздері қандай ? Алимент өндіріп алу тәртібі қандай?
- •9. Азаматтық құқық негіздеріне жалпы сипаттама беріңіз , түсінігі,пәні, әдістері мен қайнар көздерін ашып талдаңыз Азаматтық құқықтық қатынастардың белгілері қандай?
- •11. Еңбек құқығының түсінігі,пәні,әдістері, қағидалары,қайнар көздері мен жүйесі. Қр еңбек кодексіне сипаттама беріңіз.
- •12.Еңбек шарты түсінігі мен жасалу тәртібін талдап беріңіз. Еңбек шарты түрлері қандай?Еңбек шартының тоқтату және бұзу тәртібі қандай?
- •13.Жұмыс уақыты мен демалыс уақытының түсінігін берііз және заңдық негізін ашып көрсетіңіз.
- •14. Қылмыстың белгілірі мен құрамын ашып талдаңыз. Қылмыстық жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән жайлар?
- •15.Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, құағидалары. Талап арыз ұғымы және мазмұны? Азаматтық істегі тараптар дегеніміз кімдер?
- •16. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың түсінігі,олардың түрлері. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы теориялар?
- •17.Мемлекет ұғымы, мәні,белгілері,нысаны қандай?Мемлекеттің атқаратын қызметтері?Құқықтық мемлекет ұғымы?қр Конститутциясының 1 бабын талқылаңыз. Азаматтық қоғамның сипаттамасы?
- •18.Құқық түсінігі,белгілері. Құқықтың қайнар көздері мен нормаларына талдау. Құқықтың қайнар көзі ретінде нормативтік құқықтық актілерге тоқталу. Негізгі және туынды актілерге жеке түсіндерме.
- •19.Мемлекет нысаны(басқару нысаны,мемлекеттік құрылым,саяси режим). Авторитарлық және тоталитарлық режимге салыстыру.
- •20. Мемлекеттік билік жүйесі, түрлері. Республикамызда билік тармақтары қалай бөлінеді. Сот билигіне тоқталу.
- •21. Құқықтық қатынас дегеніміз не және олардың белгілері. Құқықтық қатынас субъектілері мен объектілері.
- •22. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздерін көрсетіңіз.
- •24. Қр Президентінің құқықтық мәртебесі қандай және оның атқаратын функцияларына тоқталыңыз. Қр Президентінің мерзімі қандай және Президент қанша жыл мерзімге сайланады?
- •25. Қр Парламентінің түсінігін беріңіз.Жоғары Сенат және Мәжіліс депутаттарының атқаратын функцияларына тоқталыңыз.
- •26.Мемлекеттік қызмет ұғымына тоқталыңыз.Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі қалай анықталады?
- •27. Азаматтық алу үшін қандай талаптар қойылады?
- •29. Әкімшілік құқықтың түсінігін беріңіз. Әкімшілік теріс қылық дегеніміз не? Әкімшілік құқықтың кайнар коздері
- •30. Әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi және түрлері.Әкімшілік жаза түсінігі және оның түрі.
- •31. Азаматтық құқық негіздеріне жалпы сипаттама беріңіз , түсінігі,пәні, әдістері мен қайнар көздерін ашып талдаңыз Азаматтық құқықтық қатынастардың белгілері қандай?
- •32.Азаматтық құқықтық қатынастарың түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай?
- •33. Мәмілер ұғымын беріңіз.
- •34.Меншік құқығының мазмұнын ашыңыз. Мұрагерлік құқық түсінігін ашып жазыңыз.
- •35.Мемлекет пайда болуы туралы теориялардың түсінігін беріңіз жəне түрлерін талдау жасаңыз.
- •36. Құқықтың түсінігі мен белгілері қандай? Құқықтың қайнар көздері және құқық нормасы мазмұнын ашып беріңіз.
- •37. Құқықтық тәртіп түсінігі мен құқықбұзушылықтың түсінігі, құрамы, түрлерін ашып беріңіз.
- •38. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздерін көрсетіңіз.
- •39. Құқықтық норма және құқықтың қайнар көзі дегеніміз не? Құқықтың қайнар көзі ретінде – нормативтік құқықтық актілерге тоқталыңыз. Негізгі және туынды актілерге жеке түсіндеріме беріңіз
- •2. Туынды. Оған жатады:
- •40. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері. Алименттік қатынастарға сипаттама.
- •5. Әлеуметтік салық
- •43. Азаматтық іс жүргізу құқығы ұғымын ашып, қайнар көздерін атаңыз. Талап-арыз ұғымы және мазмұнын ашыңыз.
- •9.Дауылбаев с. Қызық көріп а-ны жағадан суға итеріп жіберді.А жүзу білмеген еді.Бұл туралы Дауылбаев білмеді. Және сол себепті суға батып кетті.Дауылбаевтың іс-әрекетінде қылмыс құрамы бар ма?
- •14.Жергілікті әкімшілік аппаратының екі лауазымды тұлғалары басқа үш азаматпен жшс құрды. Мемлекеттік қызметкерлердің әрекеті заңға сай ма?
4. Мемлекеттік билік жүйесі және оның түрлеріне сипаттама беріңіз. Республикамызда билік тармақтары қалай бөлінеді? Биліктің бір тармағы – сот билігіне тоқталыңыз.
Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы. Мемлекеттік билік өз қырын өзгелерге тану үшін мәжбүрлеу күштеріне арқа сүйейді. Мәжбүрлеу жоқ жерде Мемлекеттік билік те жоқ, мәжбүрлеу тек тарихи жағдайға және билік болмысына қарай басқа мазмұнда, әр түрлі нысанда көрініс береді. Сондай-ақ, Мемлекеттік билік қатынастары ырық жүргізу сипатында болады және өз құрылысына орай үстемдік пен бағыныштылық әрі жетекшілік пен мойынұсынушылықтан құрылады. Ол қызметіне қарай
1)заң шығарушы;2)атқарушы;3)сот билігіболып бөлінеді. Мемлекеттік биліктің пайда болуы және институализациялану үрдісі мемлекеттің пайда болу және даму үрдісімен қатар жүреді. Себебі, саяси шешімдерді қабылдаудың айрықша құқығы мемлекеттік органдарға тиесілі, сондықтан мемлекеттік заң шығарудың соңғы нүктесі болып табылады.
Мемлекеттік билік органдары – мемлекеттік биліктік өкілеттерге ие және өз құзыреті шегінде мемлекеттің белгілі бір міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыру үшін қажетті материалдық құралдарды иеленетін мемлекеттік қызметкерлерден тұратын мемлекеттік механизмнің ұйымдасқан, рәсімделген шаруашылықты бөлігі органдарының санын негіздейді.
1.Заң шығарушы билік – демократиялық-құқықтық елдерде қалыптасқан мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу принципіне сәйкес мемлекеттегі бірін-бірі теңестіретін үш биліктің бір тармағы; заң шығару өкілеттілігінің жиынтығы, сондай-ақ, осы өкілеттілікті жүзеге асырушы мемлекеттік органдар жүйесі.Қазақстан Республикасында заң шығарушы билікті жүзеге асыратын ең жоғары өкілетті орган – қос палаталы Қазақстан Республикасының Парламенті. Оның заң шығарушы билікгі заң қабылдау жөніндегі өкілдіктері жиынтығын білдіреді. Сондай-ақ, заң шығарушы билікті халық (референдум жолымен), Конституцияда көзделген реттерде республика Президенті де жүзеге асыра алады.
2. Атқарушы билік — “биліктің тармақталуы” заңдарына сәйкес құқық қолданушы билік. Оған парламенттің яғни заң шығарушы биліктің қабылдаған заңдарын атқару міндеті жүктеледі. Атқарушы билік жетекші, бірінші билік ретінде саналатын заң шығарушы билікке тәуелсіз. Атқарушы билік не президентке — мемл. басшысына және үкіметке (президенттік респ-ларда), не мемлекет басшысына (парламенттік елдерде) тиесілі болады. ҚР Конституциясында республикасының Атқарушы билікгін Үкіметтің жүзеге асыратындығы, атқарушы органдар жүйесін басқарып, олардың қызметіне басшылық жасайтындығы көзделген. Үкімет өзінің бүкіл қызметі үшін ел Президентінің алдында жауап береді, сондай-ақ Конституция бабында көзделген реттерде Парламентке есеп береді. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституция заңмен белгіленеді (64-бап). Атқарушы билік заң шығарушы бастаманың қайнар көзі ретінде, әрі парламенттің заң шығарушылық қызметіне нәтижелі әсер ете отырып, заң шығарушы биліктің өз уәкілеттерін ойдағыдай жүзеге асыруына тікелей ықпал етеді.
3. Сот билігі – мемлекеттік билік тармақтарының бірі.
Заң шығарушы және атқарушы биліктен өзгешелігі – жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережесін (сот прецедентінен басқа) шығармайды, атқару-басқару қызметімен айналыспайды. Сот билігі қоғамда туындап отыратын нақты істер мен дауларды шешеді. Ондай істер мен даулар заңда бекітілген ерекше іс жүргізушілік тәртіпте қаралып, шешіледі. Қс жүргізу тәртібі қатаң сақталады, іс жүргізу нысаны бұзылған жағдайда істің мәні бойынша дұрыс шығарылған сот шешімі де бұзылып, іс қайта қарауға жіберіледі. Сот билігі деңгейі қанша биік болса да сот мекемесіне тиесілі емес, іс қарайтын сот алқасына тиесілі. Сондықтан сот туралы сөз болғанда сот алқасы меңзеледі. Алқа әр елде әр түрлі құрамда: кәсіби судьялардан (мысалы, азаматтық іс қаралғанда 3 не 5 судьядан), бір судьядан және бірнеше алқа мүшелерінен немесе бірнеше судьядан және бірнеше алқа мүшелерінен құрылады. Қс қарап, шешім шығарарда сот заң мен құқықтық санаға жүгінеді. Сот қызметі құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған, ол реттеушілік емес, қорғаушылық қызмет атқарады. Сот билігі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, конституциялық құрылысты, саяси және экономикалық жүйені, азаматтардың, мемлекеттің және қоғамдық ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Осы міндеттерге орай сот билігі заң шығарушы және атқару биліктерінде жоқ өкілеттіктермен қамтамасыз етілген. Сот шешім шығара отырып адамды бостандығынан айыра алады, тіпті өмірін қия алады, мүлкін тәркілейді, мемл. органның шығарған шешімін бұзады, ата-аналық құқықтан айыра алады. Сот билігінің қарама-қайшы екі жағы бар, бір жағынан бұл қуатты билік, екінші жағынан салыстырмалы түрде осал билік, өйткені ол заң шығарушы билік сияқты сайлаушылардың қолдауына сүйене алмайды, атқару билігі қолындағыдай қара күш механизмдері жоқ.
