- •2. Әкімшілік құқықтың түсінігі, пәні, әдістері, қайнар көздері, субъектілеріне талдау жасаңыз. Әкімшілік құқықтық қатынастарға түсінік беріңіз.
- •3. Әкімшілік теріс қылық түсінігін беріңіз. Әкімшілік жауапкершіліктің туындау негіздері және түрлері қандай? Әкімшілік жаза дегеніміз қандай шара және оның түрлері қандай?
- •4. Мемлекеттік билік жүйесі және оның түрлеріне сипаттама беріңіз. Республикамызда билік тармақтары қалай бөлінеді? Биліктің бір тармағы – сот билігіне тоқталыңыз.
- •5. Неке және отбасы құқығының түсінігі, міндеттері, қайнар көздері мен қағидаларын талдаңыз. Қр неке және отбасы кодексіне жалпы сипаттаа беріңіз.
- •6.Неке шарты дегеніміз не? Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары қалай реттеледі?
- •7. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі.Қр-ның неке және отбасы туралы заңына сипаттама беріңіз.
- •8.Алименттік қатынастар негізін ашып көрсетіңіз. Алимент төлеуді қамтамасыз етудің заңдық негіздері қандай ? Алимент өндіріп алу тәртібі қандай?
- •9. Азаматтық құқық негіздеріне жалпы сипаттама беріңіз , түсінігі,пәні, әдістері мен қайнар көздерін ашып талдаңыз Азаматтық құқықтық қатынастардың белгілері қандай?
- •11. Еңбек құқығының түсінігі,пәні,әдістері, қағидалары,қайнар көздері мен жүйесі. Қр еңбек кодексіне сипаттама беріңіз.
- •12.Еңбек шарты түсінігі мен жасалу тәртібін талдап беріңіз. Еңбек шарты түрлері қандай?Еңбек шартының тоқтату және бұзу тәртібі қандай?
- •13.Жұмыс уақыты мен демалыс уақытының түсінігін берііз және заңдық негізін ашып көрсетіңіз.
- •14. Қылмыстың белгілірі мен құрамын ашып талдаңыз. Қылмыстық жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән жайлар?
- •15.Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, құағидалары. Талап арыз ұғымы және мазмұны? Азаматтық істегі тараптар дегеніміз кімдер?
- •16. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың түсінігі,олардың түрлері. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы теориялар?
- •17.Мемлекет ұғымы, мәні,белгілері,нысаны қандай?Мемлекеттің атқаратын қызметтері?Құқықтық мемлекет ұғымы?қр Конститутциясының 1 бабын талқылаңыз. Азаматтық қоғамның сипаттамасы?
- •18.Құқық түсінігі,белгілері. Құқықтың қайнар көздері мен нормаларына талдау. Құқықтың қайнар көзі ретінде нормативтік құқықтық актілерге тоқталу. Негізгі және туынды актілерге жеке түсіндерме.
- •19.Мемлекет нысаны(басқару нысаны,мемлекеттік құрылым,саяси режим). Авторитарлық және тоталитарлық режимге салыстыру.
- •20. Мемлекеттік билік жүйесі, түрлері. Республикамызда билік тармақтары қалай бөлінеді. Сот билигіне тоқталу.
- •21. Құқықтық қатынас дегеніміз не және олардың белгілері. Құқықтық қатынас субъектілері мен объектілері.
- •22. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздерін көрсетіңіз.
- •24. Қр Президентінің құқықтық мәртебесі қандай және оның атқаратын функцияларына тоқталыңыз. Қр Президентінің мерзімі қандай және Президент қанша жыл мерзімге сайланады?
- •25. Қр Парламентінің түсінігін беріңіз.Жоғары Сенат және Мәжіліс депутаттарының атқаратын функцияларына тоқталыңыз.
- •26.Мемлекеттік қызмет ұғымына тоқталыңыз.Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі қалай анықталады?
- •27. Азаматтық алу үшін қандай талаптар қойылады?
- •29. Әкімшілік құқықтың түсінігін беріңіз. Әкімшілік теріс қылық дегеніміз не? Әкімшілік құқықтың кайнар коздері
- •30. Әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi және түрлері.Әкімшілік жаза түсінігі және оның түрі.
- •31. Азаматтық құқық негіздеріне жалпы сипаттама беріңіз , түсінігі,пәні, әдістері мен қайнар көздерін ашып талдаңыз Азаматтық құқықтық қатынастардың белгілері қандай?
- •32.Азаматтық құқықтық қатынастарың түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай?
- •33. Мәмілер ұғымын беріңіз.
- •34.Меншік құқығының мазмұнын ашыңыз. Мұрагерлік құқық түсінігін ашып жазыңыз.
- •35.Мемлекет пайда болуы туралы теориялардың түсінігін беріңіз жəне түрлерін талдау жасаңыз.
- •36. Құқықтың түсінігі мен белгілері қандай? Құқықтың қайнар көздері және құқық нормасы мазмұнын ашып беріңіз.
- •37. Құқықтық тәртіп түсінігі мен құқықбұзушылықтың түсінігі, құрамы, түрлерін ашып беріңіз.
- •38. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздерін көрсетіңіз.
- •39. Құқықтық норма және құқықтың қайнар көзі дегеніміз не? Құқықтың қайнар көзі ретінде – нормативтік құқықтық актілерге тоқталыңыз. Негізгі және туынды актілерге жеке түсіндеріме беріңіз
- •2. Туынды. Оған жатады:
- •40. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері. Алименттік қатынастарға сипаттама.
- •5. Әлеуметтік салық
- •43. Азаматтық іс жүргізу құқығы ұғымын ашып, қайнар көздерін атаңыз. Талап-арыз ұғымы және мазмұнын ашыңыз.
- •9.Дауылбаев с. Қызық көріп а-ны жағадан суға итеріп жіберді.А жүзу білмеген еді.Бұл туралы Дауылбаев білмеді. Және сол себепті суға батып кетті.Дауылбаевтың іс-әрекетінде қылмыс құрамы бар ма?
- •14.Жергілікті әкімшілік аппаратының екі лауазымды тұлғалары басқа үш азаматпен жшс құрды. Мемлекеттік қызметкерлердің әрекеті заңға сай ма?
22. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздерін көрсетіңіз.
Заңды жауапкершілік – бұл құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға заңнамамен көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілі бір іс жүргізушілік тәртіпте қолдану.Шаралар мынадай сипатта болуы мүмкін: а) жеке сипаттағы шаралар (бас бостандығынан айыру); ә) мүліктік сипаттағы шаралар (айыппұл); б) ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар (жұмыстан босату).
Заңды жауапкершіліктің белгілері:
- оны мемлекет құқықтық нормаларда орнықтырады;
- мемлекеттік мәжбүрлеуге негізделеді;
- арнайы өкілетті мемлекеттік органдар қолданады;
- жаңа қосымша міндетті жүктеумен байланысты;
- жеке, мүліктік және ұйымдастырушылық сипаттағы белгілі бір теріс салдардан көрініс табады;
- іс жүргізушілік нысанда жүктеледі;
- тек жасалған құқықбұзушылық үшін ғана туындайды.
Заңды жауапкершіліктің қағидалары:
1) заңдылық–жауапкершіліктің тек құқықбұзушылық үшін ғана қолданылатынын білдіреді;
2) әділеттілік–жазаның кінәға сәйкестігін, теріс қылықтар үшін қылмыстық санкцияларды белгілеуге жол берілмейтіндігін, кінәліге бір құқықбұзушылық үшін тек бір ғана жазаны тағайындауды білдіреді;
3) негізділік–істің жағдайларын объективтік түрде зерттеуді және нақты жазалау шарасын заңға сәйкес анықтауды білдіреді;
4) ізгілік –адамның қадір-қасиетін қорлайтын жазалау шараларын белгілеуге және қолдануға тыйым салуды білдіреді;
5) жауапкершіліктің міндетті түрде болатындығы–жасалған қылмыс үшін заңды жауапкершіліктің міндетті түрде туындайтынын білдіреді;
6) мақсаттылық–құқықбұзушыға қатысты таңдалған жазаның заңды жауапкершіліктің мақсаттарына сәйкестігін білдіреді.
Заңды жауапкершіліктің төмендегідей түрлері болады:
1. Қылмыстық–тек қылмыстар үшін қолданылады; ешкім де сот шешімінсіз қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылмауы және қылмыстық жауаптылыққа тартылмауы тиіс.
2. Әкімшілік–әкімшілік теріс қылықтарды жасағаны үшін туындайды және айыппұл, арнайы құқығынан айыру және т.б. сияқты шаралардан көрініс табады.
3. Азаматтық–мүліктік сипаттағы шарттық міндеттемелерді бұзу және шарттан тыс мүліктік зиян келтіру үшін туындайды. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізгі қағидасы–зиянды толығымен өтеу.
4. Тәртіптік–еңбек, оқу, қызметтік, әскери тәртіпті бұзу үшін қолданылады; тәртіптік жауапкершілік шаралары–сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыстан шығару және т.б.
5.Материалдық–қызметкерлер мен жұмысшылардың өз қызметтік міндеттерін орындауы барысында кәсіпорынға, мекемеге, ұйымға келтірген зияны үшін туындайды.
Заңды жауапкершіліктен босату негіздемесі және оны жоятын жайлар
Әр түрлі салалық жауапкершілік институты мынадай заңды жауапкершілікті жоққа шығаратын мән-жайларды бекітеді: орындауының эксцесі, басқа қылмысқа қатысушылар жауапкершілікке жатпайды, казус; құқықбұзуды жасаған кездегі ауырып жүргендік жағдайы; қажетті қорғаныс; қажетті қорғаныс үшінші жаққа зиян келтіру ретінде, қоғамдық жағымды мақсатқа жету арқасында; қылмыс жасаған адамды ұстаған кездегі зиян келтіру; жеңуге болмайтын күш (жер сілкіну, су тасқын) және басқадай төтенше жағдайлар; жеңуге негізделген риск, қоғамдық-тиімді мақсатқа жетумен байланысты; заңсыз бұйрық пен жарлықты орындамау, т.б.Заңды жауапкершіліктен босату негіздемесіне жата-тындар: заңды жауапкершілікке тартатын уақыттың өтіп кетуі; жәбірленушімен татуласу; адам не оның жасаған әрекеттерінің қоғамдық қауіпсіздігінің жоғалуы; қылмыс жасаудан өз еркімен бас тартушы, т.б.
Заңды жауапкершіліктен босатудың негіздемесіне жалпы пікірлер бойынша амнистия немесе кешірім жатады. Оның маңызы сонда, белгілі категориядағы адамдар мен нақтылы адам жөнінде қылмыстық-құқықтық статус өзгереді және мемлекеттік тәжірибеде қылмыс жасайтындарға адамгершілік көрсету болып табылады. Амнистия мен кешірім берудің негізінде құқықбұзғандарды кешіру идеясы жатыр.
23. ҚР-ң Ата заңы- Конст-ға жалпы сипаттама бер.1993ж. ж/е 1995ж. қабылданған Конст-ң айырмашылықтары мен ерекшеліктерне салыстырмалы талдау жасаңыз.ҚР Конст-на қанша рет толық-р мен өзгер-р енгізілді осының салдарын түсіндір.
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата заңы. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемл. билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi.Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады.
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады.Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды:
халықтық егемендік
мемлекет тәуелсіздігі
билікті бөлісу принципі
қазақ тілін мемлекеттік деп тану
Президентті мемлекет басшысы деп тану
сот органдарын — Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды.
1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды. Бірақ, 1993 жылғы Конституция ескі әкімшілік, әміршілдік қоғам ережелеріне, көбінесе кеңестік демо¬кратиялық принциптеріне негіз-делгендіктен, жаңа қоғам өмірінің талабына сәйкес келмеді. Бұл Консти-туциямызды адам құқықтары мен бос¬тандықтары, оларды жүзеге асыру принциптері, мемлекеттік өкімет билі¬гін жүзеге асыру нысандары, бас¬қару саласындағы демократиялық институттардың қызметі 1990 жылы 25 қазанда қабылданған ҚР егемендігі туралы декларацияда айтылған биліктің үш саласы – басқару, сот билігі, заң шығару биліктерінің әрқайсысының атқаратын рөлі көрсетілмей қалды. Осылайша 1993 жылғы Конституция өмір талабына сай келмегендіктен, Қазақстан Республикасының Прези¬денті Нұрсұлтан Назарбаев қайтадан жаңа Конституция қабылдау керектігі туралы ұсыныс жасады. 1995 жылы көктемде жаңа конституцияны дайындау жұмыстары басталды1995 жылы өткізілген дауыс беру нәтижесі бойынша, қатысушылардың 89 пайызы жаң Конституция үшін дауыс берді. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. 1995 жылғы Конституцияның Қазақстан аумағында қолданылған 1924, 1936, 1978, 1993 жылдардағы Конституциялардан қандай артықшылықтары мен ерекшеліктері бар еді деген мәселеге келсек, біріншіден, заң шығарушы, атқарушы, сот билігін белгілеп, олардың құзыретін, жұмыс атқару тетігін өзара іс-қимыл бірлігін заң тұрғысынан айқындап берді; екіншіден, өкімет билігінің аталған тармақтарға бөлінуі мемлекеттік лауазымды адамдар тарапынан азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермейді; үшін¬шіден, бұл Конституцияда құқық пен жауапкершілік ұғымдары пара-пар көрсетілген. Бұрынғы Конституцияларда шешімін таппаған мем¬лекеттіліктің мәні, жер, тіл, азаматтық, Парламенттің қос палаталы жүйесі, Президенттің құзыры, сот төрелігінің қызметі сияқты күрделі мәселелер заңдылық тұрғысынан өз шешімін тапқан.
Конституция құрылымы
I бөлім. Жалпы ережелер
II бөлім. Адам және азамат
III бөлім. Президент
IV бөлім. Парламент
V бөлім. Үкімет
VI бөлім. Конституциялық кеңес
VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер.
Республикалық референдумда қабылданған 1995 жылғы Конституцияның ережелері мен нормаларын, сондай-ақ 1998 жылғы 7 қазандағы, 2007 жылғы 21 мамырдағы және 2011 жылғы 2 ақпандағы заңдармен енгізілген конституциялық новеллаларды іске асыру қоғам мен мемлекеттің келбетін айтарлықтай өзгертті. .«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1998 жылғы 7 қазандағы № 284-I Қазақстан Республикасының Заңымен Конституцияның 19 бабына түзетулер енгізілген болатын.
2017 жылғы 10 наурыздағы Заңмен Конституцияның 25 бабына түзетулер енгізілді.
