Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор казправо.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
163.91 Кб
Скачать

21. Құқықтық қатынас дегеніміз не және олардың белгілері. Құқықтық қатынас субъектілері мен объектілері.

Құқықтық қарым-қатынас – құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қарым-қатынас. Құқықтық қарым-қатынас заңда көзделген фактілер орын алғанда, яғни шарттар жасасылғанда, әкімшілік актілер қабылданғанда, құқық бұзушылық немесе оқиға болғанда, т.б. жағдайларда туындайды. Құқықтық қатынас — қатысушылардың субъективті құқықтары мен заңды міндеттері болатын, құқық нормалары мен заңда көрсетілген фактілерге сәйкес туындайтын, ерік-ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар.

Құқықтық қатынастардың белгілері:

1. әлеуметтік субъектілер арасындағы екі жақты нақты байланысты көрсететін қоғамдық қатынас;

2. құқық нормасы негізінде пайда болады (құқық нормасының жалпы талаптары нақты субъектіге және оның жағдайына байланысты дербестенеді);

3. адамдар арасындағы субъективті құқықтар мен заңды міндеттер көмегімен жүзеге асырылатын байланыс;

4. ерікті қатынастар болып табылады, себебі оның пайда болуына қатысушылардың ең болмаса біреуінің еркі қажет;

5. қатынас белгілі бір объектінің, құндылықтың төңірегінде жүргізіледі;

6. мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қорғалатын және қамтамасыз етілетін қатынас.

Құқықтық қатынас субъектілері - құқықтарға және айқындалған міндеттерге ие болатын құқықтық қатынасқа қатысушылар. Құқықтық қатынас субъектілері өзінің құқық, әрекет қабілеттілігін пайдаланған құқық субъектісі.

Құқық субъектісі деп заңдық нормалар негізінде жеке құқықтық қатынастарға түсетін, жеке құқықтар мен заңды міндеттерге ие болатын жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды айтамыз. Құқықтық қатынас субъектілері екі топқа жіктеледі: жеке және ұжымдық.

Жеке субъектілерге мыналар жатады: азаматтар; екі азаматтылығы бар адамдар; азаматтығы жоқ адамдар; шет ел азаматтары.

Ұжымдық субъектілерге мыналар жатады: мемлекет; мемлекеттік ұйымдар; мемлекеттік емес ұйымдар.

Құқықтық қатынас субъектілері мәселесін көтергенде құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік туралы ерекше тоқталу қажет. Құқық қабілеттілік – азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті. Құқық қабілеттілік адамға тумысынан беріледі, өлгенде жойылады. Кейбір жағдайда анасының құрсағындағы тіршілік белгісін берген балалардың да құқыққа қабілеттілігі танылады. Әрекет қабілеттілік субъектінің психикалық және жастық қасиеттеріне байланысты. Қазақстан Республикасында толық әрекет қабілеттілік 18 жастан бастап танылады. Әрекет қабілеттіліктің бірнеше түрі кездеседі:

-толық әрекет қабілеттілік (18 жастан басталады);

-жартылай әрекет қабілеттілік (14 пен 18 жас аралығында);

-шектелген әрекет қабілеттілік (ішімдікке, нашақорлыққа салынуына байланысты өзін, отбасын ауыр материалдық жағдайға әкелетін болса, жақын туыстарының өтінішімен,прокурордың талабымен сот арқылы әрекет қабілеттілігі шектеледі);-әрекет қабілеттілігінің болмауы. Жүйке ауруларымен ауруына байланысты кәмелетке толған субъект өз әрекетіне жауап бере алмайтын жағдайда болса, сот органының шешімімен әрекет қабілетсіз деп танылады.

Объектіні түсінудің екі түрлі жағы танылған:

1. құқықтық қатынастың объектісі болып тек адам әрекеті танылады;

2. құқықтық қатынастың объектілері сан қырлы.

Олардың қатарына:

1. материалдық құндылықтар (мүлік, зат, құндылықтар);

2. материалдық емес құндылықтар (адам өмірі, денсаулығы, намысы, ар-ұяты);

3. рухани шығармашылық туындылары (әдебиет, өнер, музыка, ғылым, т.б.);

4. құқықтық қатынасқа қатысушылардың әрекетінің нәтижесі;

5. бағалы қағаздар мен құжаттар жатқызылады.