- •2. Әкімшілік құқықтың түсінігі, пәні, әдістері, қайнар көздері, субъектілеріне талдау жасаңыз. Әкімшілік құқықтық қатынастарға түсінік беріңіз.
- •3. Әкімшілік теріс қылық түсінігін беріңіз. Әкімшілік жауапкершіліктің туындау негіздері және түрлері қандай? Әкімшілік жаза дегеніміз қандай шара және оның түрлері қандай?
- •4. Мемлекеттік билік жүйесі және оның түрлеріне сипаттама беріңіз. Республикамызда билік тармақтары қалай бөлінеді? Биліктің бір тармағы – сот билігіне тоқталыңыз.
- •5. Неке және отбасы құқығының түсінігі, міндеттері, қайнар көздері мен қағидаларын талдаңыз. Қр неке және отбасы кодексіне жалпы сипаттаа беріңіз.
- •6.Неке шарты дегеніміз не? Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары қалай реттеледі?
- •7. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі.Қр-ның неке және отбасы туралы заңына сипаттама беріңіз.
- •8.Алименттік қатынастар негізін ашып көрсетіңіз. Алимент төлеуді қамтамасыз етудің заңдық негіздері қандай ? Алимент өндіріп алу тәртібі қандай?
- •9. Азаматтық құқық негіздеріне жалпы сипаттама беріңіз , түсінігі,пәні, әдістері мен қайнар көздерін ашып талдаңыз Азаматтық құқықтық қатынастардың белгілері қандай?
- •11. Еңбек құқығының түсінігі,пәні,әдістері, қағидалары,қайнар көздері мен жүйесі. Қр еңбек кодексіне сипаттама беріңіз.
- •12.Еңбек шарты түсінігі мен жасалу тәртібін талдап беріңіз. Еңбек шарты түрлері қандай?Еңбек шартының тоқтату және бұзу тәртібі қандай?
- •13.Жұмыс уақыты мен демалыс уақытының түсінігін берііз және заңдық негізін ашып көрсетіңіз.
- •14. Қылмыстың белгілірі мен құрамын ашып талдаңыз. Қылмыстық жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән жайлар?
- •15.Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, құағидалары. Талап арыз ұғымы және мазмұны? Азаматтық істегі тараптар дегеніміз кімдер?
- •16. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың түсінігі,олардың түрлері. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы теориялар?
- •17.Мемлекет ұғымы, мәні,белгілері,нысаны қандай?Мемлекеттің атқаратын қызметтері?Құқықтық мемлекет ұғымы?қр Конститутциясының 1 бабын талқылаңыз. Азаматтық қоғамның сипаттамасы?
- •18.Құқық түсінігі,белгілері. Құқықтың қайнар көздері мен нормаларына талдау. Құқықтың қайнар көзі ретінде нормативтік құқықтық актілерге тоқталу. Негізгі және туынды актілерге жеке түсіндерме.
- •19.Мемлекет нысаны(басқару нысаны,мемлекеттік құрылым,саяси режим). Авторитарлық және тоталитарлық режимге салыстыру.
- •20. Мемлекеттік билік жүйесі, түрлері. Республикамызда билік тармақтары қалай бөлінеді. Сот билигіне тоқталу.
- •21. Құқықтық қатынас дегеніміз не және олардың белгілері. Құқықтық қатынас субъектілері мен объектілері.
- •22. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздерін көрсетіңіз.
- •24. Қр Президентінің құқықтық мәртебесі қандай және оның атқаратын функцияларына тоқталыңыз. Қр Президентінің мерзімі қандай және Президент қанша жыл мерзімге сайланады?
- •25. Қр Парламентінің түсінігін беріңіз.Жоғары Сенат және Мәжіліс депутаттарының атқаратын функцияларына тоқталыңыз.
- •26.Мемлекеттік қызмет ұғымына тоқталыңыз.Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі қалай анықталады?
- •27. Азаматтық алу үшін қандай талаптар қойылады?
- •29. Әкімшілік құқықтың түсінігін беріңіз. Әкімшілік теріс қылық дегеніміз не? Әкімшілік құқықтың кайнар коздері
- •30. Әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi және түрлері.Әкімшілік жаза түсінігі және оның түрі.
- •31. Азаматтық құқық негіздеріне жалпы сипаттама беріңіз , түсінігі,пәні, әдістері мен қайнар көздерін ашып талдаңыз Азаматтық құқықтық қатынастардың белгілері қандай?
- •32.Азаматтық құқықтық қатынастарың түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай?
- •33. Мәмілер ұғымын беріңіз.
- •34.Меншік құқығының мазмұнын ашыңыз. Мұрагерлік құқық түсінігін ашып жазыңыз.
- •35.Мемлекет пайда болуы туралы теориялардың түсінігін беріңіз жəне түрлерін талдау жасаңыз.
- •36. Құқықтың түсінігі мен белгілері қандай? Құқықтың қайнар көздері және құқық нормасы мазмұнын ашып беріңіз.
- •37. Құқықтық тәртіп түсінігі мен құқықбұзушылықтың түсінігі, құрамы, түрлерін ашып беріңіз.
- •38. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздерін көрсетіңіз.
- •39. Құқықтық норма және құқықтың қайнар көзі дегеніміз не? Құқықтың қайнар көзі ретінде – нормативтік құқықтық актілерге тоқталыңыз. Негізгі және туынды актілерге жеке түсіндеріме беріңіз
- •2. Туынды. Оған жатады:
- •40. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері. Алименттік қатынастарға сипаттама.
- •5. Әлеуметтік салық
- •43. Азаматтық іс жүргізу құқығы ұғымын ашып, қайнар көздерін атаңыз. Талап-арыз ұғымы және мазмұнын ашыңыз.
- •9.Дауылбаев с. Қызық көріп а-ны жағадан суға итеріп жіберді.А жүзу білмеген еді.Бұл туралы Дауылбаев білмеді. Және сол себепті суға батып кетті.Дауылбаевтың іс-әрекетінде қылмыс құрамы бар ма?
- •14.Жергілікті әкімшілік аппаратының екі лауазымды тұлғалары басқа үш азаматпен жшс құрды. Мемлекеттік қызметкерлердің әрекеті заңға сай ма?
16. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың түсінігі,олардың түрлері. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы теориялар?
Мемлекеттің пайда болуы жəне оның қалыптасуы ұзақ уақыт бойы жүретін процесс. Ол əр халыкта əрқилы болып өткен. Мемлекеттің пайда болуының тарихи екі түрлі жолын атап ай- туға болады; 1. Мемлекеттің пайда болуының шығыстық жолы (Ежелгі Шығыс, Африка, Америка). Осы жолмен көшпелі мемлекеттер де пайда болған. Өздерінің дамуы барысында мемлекеттің пайда боларында бұл мемлекеттер шығыс жолымен жүріп өтті. Сонда бұл жолдың сипаты мына белгілерден көрінеді: - рулық (алғашқы) қауымға тəн ерекше белгілер (атрибуттар): жерді қауым болып иелену мен оларға ұжымдык меншік ру-тайпа ақсүйектерінің (абыздар, əскери көсемдер жөне с.с.) қолына шоғырланған. Бұл шоғырлану ру-тайпалық құрылыстың (яғни қауымның) ыдырауы барысында да сақталған. Ал енді бұлардағы басқарудың қоғамдық құрылымдары мемлекеттік органдарға айналған, ал ру-тайпа ақсұйектері шенеуліктер аппаратына өзгерген, сонда жер қоғамдық болудан өзгеріп мемлекеттікке көшкен. 2. Мемлекет дамуының батыстық (еуропалык) жолы.
Мемлекет пен құкықтың шығуы туралы түрлі теориялар бар. Осы құбылыстардың пайда болуын олар түрліше түсіндіреді. Марксизм-ленинизм ілімі мемлекет пен құқықтың пайда болуын таптық теория тұрғысынан түсіндіреді. Рулық қауым құлдырап, жеке меншік пайда болып, қоғам екі тапқа – қанаушы жəне қаналушы таптарға бөлінген соң, олардың арасында шешілмейтін қайшылықтар, ымырасыздық орын алады. Сол екі тап нəтижесіз, тоқтаусыз күресте бірін-бірі жойып жібермеуі үшін рулық биліктің орнына жаңа саяси құрылым – мемлекет пайда болады. Мемлекет аталған қайшылықтарды шешу үшін емес, кедей тапты байлардың еркіне көндіріп, оны қанауға, езуге жағдай туғызу үшін құрылған. Сондықтан кандай да мемлекет болсын тек қанауды максат тұтып, бай, яғни үстем таптың игілігін көздеп, соның мүддесін қорғайды. Ф. Энгельс "Отбасы, жеке меншік жəне мемлекеттің пайда болуы" деген ғылыми еңбегінде мемлекет пен құқықты үстем таптың құралы деп таниды. Социалистік мемлекет те таптык мемлекет. Бірақ ол сан жағынан қоғамның басым көпшілігін құрайтын еңбекші таптың мүддесін қорғайды. Теологиялық (діни) теория мемлекет пен құқықтың пайда болуын құдайдың құдіретімен байланыстырады. Əрбір ірі дінде кұдайдың əрекеті деген діни-құқықтық қағидалары бар. Қазіргі заманда да кейбір мемлекеттер осындай қағидааларға негізделіп құрылып, қызмет атқаруда. Бұл қағидаларға сүйене отырып дін теоретиктері мемлекет пен құқык құбылыстарын діни рəсімдерге байланыстыра түсіндіреді. Патриархалдық теория мемлекет пен құқықтың шығуын отбасының дамуымен байланыстырады. Отбасының қожасы ер адам, ол отбасын өз еркімен билейді, отбасы мүшелерінің арасындағы қатынастарды реттейді. Сөйтіп, отбасы мүшелерінің белгілі бір тəртіпке бағынып, қалыптасуының жөн-жобаларын аныктайды. Адамдар осындай қағидаларды басшылыққа алып, мемлекет құруда отбасын басқару үлгілерін қолданған деп түсіндіреді бұл теория. Келісім-шарттық теория мемлекет пен құқықтын шығуын, пайда болуын адамдар арасындағы келісім-шартпен байланыстырады. Құқықтың пайда болуының негізгі теориялары:
1. Теологиялық теория. Бұл теорияны жақтаушылар құқықты құдайдың жаратқаны, құдайдың адамдарға берекелікке, əрі сонымен бірге жер бетінде төртіпті сақтау мақсатындағы берген құрылымы деп түсіндіреді.
2. Құқықтың табиғи жаратылыстық теориясы. Бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауы бойынша мемлекеттің белгілеуі арқылы анықталған құқықтармен қатар адамнын жаратылыстық табиғатынан туындайтын да құқықтардың бар екендігі алға тартылады.
3. Құқықтың тарихи теориясы. Бұл теория құқықты тарихи түрде туындайтын, сөйтіп əрі қарай дамитын кұбылыс деп таниды. Теорияның бір ерекшелігі мұнда құқықтың ұлттық өзгешеліктері болады да, олар мемлекетте құқық дамуы барысында ескеріліп отырады. Бұл теория құқық дамуы барысындағы ұлттық ерекшеліктерді ескеріп отыратынын мойындағанымен заң шығарушылардың рөлін жеткілікті дəрежеде тани қоймайды, яғни мойындамайды.
4. Құқықтың психологиялық теориясы. Бұл теория құқықтың түзілуін (пайда болуын) адамдардың психикасына (жүйке жүйесіне) байланыстыра қарастырады.
