- •2. Әкімшілік құқықтың түсінігі, пәні, әдістері, қайнар көздері, субъектілеріне талдау жасаңыз. Әкімшілік құқықтық қатынастарға түсінік беріңіз.
- •3. Әкімшілік теріс қылық түсінігін беріңіз. Әкімшілік жауапкершіліктің туындау негіздері және түрлері қандай? Әкімшілік жаза дегеніміз қандай шара және оның түрлері қандай?
- •4. Мемлекеттік билік жүйесі және оның түрлеріне сипаттама беріңіз. Республикамызда билік тармақтары қалай бөлінеді? Биліктің бір тармағы – сот билігіне тоқталыңыз.
- •5. Неке және отбасы құқығының түсінігі, міндеттері, қайнар көздері мен қағидаларын талдаңыз. Қр неке және отбасы кодексіне жалпы сипаттаа беріңіз.
- •6.Неке шарты дегеніміз не? Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары қалай реттеледі?
- •7. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі.Қр-ның неке және отбасы туралы заңына сипаттама беріңіз.
- •8.Алименттік қатынастар негізін ашып көрсетіңіз. Алимент төлеуді қамтамасыз етудің заңдық негіздері қандай ? Алимент өндіріп алу тәртібі қандай?
- •9. Азаматтық құқық негіздеріне жалпы сипаттама беріңіз , түсінігі,пәні, әдістері мен қайнар көздерін ашып талдаңыз Азаматтық құқықтық қатынастардың белгілері қандай?
- •11. Еңбек құқығының түсінігі,пәні,әдістері, қағидалары,қайнар көздері мен жүйесі. Қр еңбек кодексіне сипаттама беріңіз.
- •12.Еңбек шарты түсінігі мен жасалу тәртібін талдап беріңіз. Еңбек шарты түрлері қандай?Еңбек шартының тоқтату және бұзу тәртібі қандай?
- •13.Жұмыс уақыты мен демалыс уақытының түсінігін берііз және заңдық негізін ашып көрсетіңіз.
- •14. Қылмыстың белгілірі мен құрамын ашып талдаңыз. Қылмыстық жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән жайлар?
- •15.Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, құағидалары. Талап арыз ұғымы және мазмұны? Азаматтық істегі тараптар дегеніміз кімдер?
- •16. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың түсінігі,олардың түрлері. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы теориялар?
- •17.Мемлекет ұғымы, мәні,белгілері,нысаны қандай?Мемлекеттің атқаратын қызметтері?Құқықтық мемлекет ұғымы?қр Конститутциясының 1 бабын талқылаңыз. Азаматтық қоғамның сипаттамасы?
- •18.Құқық түсінігі,белгілері. Құқықтың қайнар көздері мен нормаларына талдау. Құқықтың қайнар көзі ретінде нормативтік құқықтық актілерге тоқталу. Негізгі және туынды актілерге жеке түсіндерме.
- •19.Мемлекет нысаны(басқару нысаны,мемлекеттік құрылым,саяси режим). Авторитарлық және тоталитарлық режимге салыстыру.
- •20. Мемлекеттік билік жүйесі, түрлері. Республикамызда билік тармақтары қалай бөлінеді. Сот билигіне тоқталу.
- •21. Құқықтық қатынас дегеніміз не және олардың белгілері. Құқықтық қатынас субъектілері мен объектілері.
- •22. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздерін көрсетіңіз.
- •24. Қр Президентінің құқықтық мәртебесі қандай және оның атқаратын функцияларына тоқталыңыз. Қр Президентінің мерзімі қандай және Президент қанша жыл мерзімге сайланады?
- •25. Қр Парламентінің түсінігін беріңіз.Жоғары Сенат және Мәжіліс депутаттарының атқаратын функцияларына тоқталыңыз.
- •26.Мемлекеттік қызмет ұғымына тоқталыңыз.Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі қалай анықталады?
- •27. Азаматтық алу үшін қандай талаптар қойылады?
- •29. Әкімшілік құқықтың түсінігін беріңіз. Әкімшілік теріс қылық дегеніміз не? Әкімшілік құқықтың кайнар коздері
- •30. Әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi және түрлері.Әкімшілік жаза түсінігі және оның түрі.
- •31. Азаматтық құқық негіздеріне жалпы сипаттама беріңіз , түсінігі,пәні, әдістері мен қайнар көздерін ашып талдаңыз Азаматтық құқықтық қатынастардың белгілері қандай?
- •32.Азаматтық құқықтық қатынастарың түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай?
- •33. Мәмілер ұғымын беріңіз.
- •34.Меншік құқығының мазмұнын ашыңыз. Мұрагерлік құқық түсінігін ашып жазыңыз.
- •35.Мемлекет пайда болуы туралы теориялардың түсінігін беріңіз жəне түрлерін талдау жасаңыз.
- •36. Құқықтың түсінігі мен белгілері қандай? Құқықтың қайнар көздері және құқық нормасы мазмұнын ашып беріңіз.
- •37. Құқықтық тәртіп түсінігі мен құқықбұзушылықтың түсінігі, құрамы, түрлерін ашып беріңіз.
- •38. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздерін көрсетіңіз.
- •39. Құқықтық норма және құқықтың қайнар көзі дегеніміз не? Құқықтың қайнар көзі ретінде – нормативтік құқықтық актілерге тоқталыңыз. Негізгі және туынды актілерге жеке түсіндеріме беріңіз
- •2. Туынды. Оған жатады:
- •40. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері. Алименттік қатынастарға сипаттама.
- •5. Әлеуметтік салық
- •43. Азаматтық іс жүргізу құқығы ұғымын ашып, қайнар көздерін атаңыз. Талап-арыз ұғымы және мазмұнын ашыңыз.
- •9.Дауылбаев с. Қызық көріп а-ны жағадан суға итеріп жіберді.А жүзу білмеген еді.Бұл туралы Дауылбаев білмеді. Және сол себепті суға батып кетті.Дауылбаевтың іс-әрекетінде қылмыс құрамы бар ма?
- •14.Жергілікті әкімшілік аппаратының екі лауазымды тұлғалары басқа үш азаматпен жшс құрды. Мемлекеттік қызметкерлердің әрекеті заңға сай ма?
14. Қылмыстың белгілірі мен құрамын ашып талдаңыз. Қылмыстық жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән жайлар?
Қылмыс дегеніміз – қылмыстық заңдармен тиым салынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікті айтамыз.Қылмыстың белгілеріне мыналар жатады:1. Қоғамға қауіптілігі 2. Заңға қайшылығы 3. Айыптылығы 4. Жазаланатындығы.
Қылмыстың санаттары деп оларды нақты белгілері бойынша топқа бөлуді айтамыз. Қылмыстар сипатына, қоғамға қауіптілік дәрежесіне және кінәнің түріне байланысты мынадай санаттарға бөлінеді:- онша ауыр емес;- ауырлығы орташа;- ауыр;- аса ауыр.
ҚҚ кодекс 54-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар
1. Мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар деп танылады:
1) қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуы, қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы;
2) қылмыстық құқық бұзушылық арқылы ауыр зардаптар келтiру;
3) қылмыстық құқық бұзушылықты адамдар тобының, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының жасауы, қылмыстық топ құрамында жасау;
4) қылмыстық құқық бұзушылық жасағанда айрықша белсендi рөл атқару;
5) кінәлі адамға психикасының бұзылуының ауыр түрiнен зардап шегетiнi көрінеу белгiлi адамдарды не қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыстық құқық бұзушылық жасауға тарту;
6) ұлттық, нәсiлдiк және дiни өшпендiлiк немесе араздық уәжі бойынша, басқа адамдардың құқыққа сыйымды әрекеттері үшiн кек алу, сондай-ақ басқа қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыстық құқық бұзушылық жасау;
7) кінәлі адамға жүктiлiк жағдайда екені көрінеу белгiлi әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсiз адамға не кінәлі адамға тәуелдi адамға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасау;
8) адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамға немесе оның жақындарына қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасау;
9) аса қатыгездiкпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбiрленушiнi қинаумен қылмыстық құқық бұзушылық жасау;
10) қару, оқ-дәрiлер, жарылғыш заттар, жарылыс немесе оларды имитациялайтын құрылғылар, арнайы дайындалған техникалық құралдар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар, улы және радиоактивтi заттар, дәрiлiк және өзге де химиялық-фармакологиялық препараттар пайдаланып, сондай-ақ күштеп немесе психикалық мәжбүрлеуді қолданып не жалпы қауiптi тәсілмен қылмыстық құқық бұзушылық жасау;
11) төтенше жағдай, төтенше ахуал кезінде, сондай-ақ жаппай тәртiпсіздіктер барысында қылмыстық құқық бұзушылық жасау;
12) алкогольден, есiрткiден немесе уытқұмарлықтан масаң күйде қылмыстық құқық бұзушылық жасау. Сот қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатына қарай бұл мән-жайды ауырлататын мән-жай деп танымауға құқылы;
13) адамның өзi берген сертін немесе кәсiби антын бұза отырып, қылмыстық құқық бұзушылық жасауы;
14) кінәлі адамға оның қызмет бабына немесе шартқа қарай көрсетiлген сенiмдi пайдаланып қылмыстық құқық бұзушылық жасау;
15) билік өкiлiнiң нысанды киiмiн немесе құжаттарын пайдаланып қылмыстық құқық бұзушылық жасау;
16) құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, судьяның өзінің қызмет бабын пайдаланып қылмыстық құқық бұзушылық жасауы.
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар
1. Мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар деп танылады:1) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет қылмыстық теріс қылық не алғаш рет онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасау;2) кінәлі адамның кәмелетке толмауы3) жүктілік;4) кінәлі адамның жас балаларының болуы;5) медициналық немесе өзге де көмекті көрсету салдарына қарамастан, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн жәбірленушіге тiкелей осындай көмек көрсету;
6) қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан келтiрiлген мүлiктiк залалды ерікті түрде өтеу, қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген моральдық және өзге де зиянның орнын толтыру;7) жеке басындағы, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан не жаны ашығандық уәжімен қылмыстық құқық бұзушылық жасау;8) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтiк немесе өзге де тәуелдiлiгiне қарай қылмыстық құқық бұзушылық жасау;9) қажеттi қорғаныстың, аса қажеттiлiктің, құқық бұзушылық жасаған адамды ұстап алудың, негізді тәуекелдің, бұйрықты немесе өкiмдi орындаудың құқыққа сыйымдылық шарттарын бұзу кезінде, жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын немесе жасырын тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыру кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасау;10) жәбiрленушiнiң қылмыстық құқық бұзушылыққа түрткi болған заңға қайшы немесе бейморальдық мінез-құлқы;
