- •2. Әкімшілік құқықтың түсінігі, пәні, әдістері, қайнар көздері, субъектілеріне талдау жасаңыз. Әкімшілік құқықтық қатынастарға түсінік беріңіз.
- •3. Әкімшілік теріс қылық түсінігін беріңіз. Әкімшілік жауапкершіліктің туындау негіздері және түрлері қандай? Әкімшілік жаза дегеніміз қандай шара және оның түрлері қандай?
- •4. Мемлекеттік билік жүйесі және оның түрлеріне сипаттама беріңіз. Республикамызда билік тармақтары қалай бөлінеді? Биліктің бір тармағы – сот билігіне тоқталыңыз.
- •5. Неке және отбасы құқығының түсінігі, міндеттері, қайнар көздері мен қағидаларын талдаңыз. Қр неке және отбасы кодексіне жалпы сипаттаа беріңіз.
- •6.Неке шарты дегеніміз не? Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары қалай реттеледі?
- •7. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі.Қр-ның неке және отбасы туралы заңына сипаттама беріңіз.
- •8.Алименттік қатынастар негізін ашып көрсетіңіз. Алимент төлеуді қамтамасыз етудің заңдық негіздері қандай ? Алимент өндіріп алу тәртібі қандай?
- •9. Азаматтық құқық негіздеріне жалпы сипаттама беріңіз , түсінігі,пәні, әдістері мен қайнар көздерін ашып талдаңыз Азаматтық құқықтық қатынастардың белгілері қандай?
- •11. Еңбек құқығының түсінігі,пәні,әдістері, қағидалары,қайнар көздері мен жүйесі. Қр еңбек кодексіне сипаттама беріңіз.
- •12.Еңбек шарты түсінігі мен жасалу тәртібін талдап беріңіз. Еңбек шарты түрлері қандай?Еңбек шартының тоқтату және бұзу тәртібі қандай?
- •13.Жұмыс уақыты мен демалыс уақытының түсінігін берііз және заңдық негізін ашып көрсетіңіз.
- •14. Қылмыстың белгілірі мен құрамын ашып талдаңыз. Қылмыстық жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән жайлар?
- •15.Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, құағидалары. Талап арыз ұғымы және мазмұны? Азаматтық істегі тараптар дегеніміз кімдер?
- •16. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың түсінігі,олардың түрлері. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы теориялар?
- •17.Мемлекет ұғымы, мәні,белгілері,нысаны қандай?Мемлекеттің атқаратын қызметтері?Құқықтық мемлекет ұғымы?қр Конститутциясының 1 бабын талқылаңыз. Азаматтық қоғамның сипаттамасы?
- •18.Құқық түсінігі,белгілері. Құқықтың қайнар көздері мен нормаларына талдау. Құқықтың қайнар көзі ретінде нормативтік құқықтық актілерге тоқталу. Негізгі және туынды актілерге жеке түсіндерме.
- •19.Мемлекет нысаны(басқару нысаны,мемлекеттік құрылым,саяси режим). Авторитарлық және тоталитарлық режимге салыстыру.
- •20. Мемлекеттік билік жүйесі, түрлері. Республикамызда билік тармақтары қалай бөлінеді. Сот билигіне тоқталу.
- •21. Құқықтық қатынас дегеніміз не және олардың белгілері. Құқықтық қатынас субъектілері мен объектілері.
- •22. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздерін көрсетіңіз.
- •24. Қр Президентінің құқықтық мәртебесі қандай және оның атқаратын функцияларына тоқталыңыз. Қр Президентінің мерзімі қандай және Президент қанша жыл мерзімге сайланады?
- •25. Қр Парламентінің түсінігін беріңіз.Жоғары Сенат және Мәжіліс депутаттарының атқаратын функцияларына тоқталыңыз.
- •26.Мемлекеттік қызмет ұғымына тоқталыңыз.Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі қалай анықталады?
- •27. Азаматтық алу үшін қандай талаптар қойылады?
- •29. Әкімшілік құқықтың түсінігін беріңіз. Әкімшілік теріс қылық дегеніміз не? Әкімшілік құқықтың кайнар коздері
- •30. Әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi және түрлері.Әкімшілік жаза түсінігі және оның түрі.
- •31. Азаматтық құқық негіздеріне жалпы сипаттама беріңіз , түсінігі,пәні, әдістері мен қайнар көздерін ашып талдаңыз Азаматтық құқықтық қатынастардың белгілері қандай?
- •32.Азаматтық құқықтық қатынастарың түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай?
- •33. Мәмілер ұғымын беріңіз.
- •34.Меншік құқығының мазмұнын ашыңыз. Мұрагерлік құқық түсінігін ашып жазыңыз.
- •35.Мемлекет пайда болуы туралы теориялардың түсінігін беріңіз жəне түрлерін талдау жасаңыз.
- •36. Құқықтың түсінігі мен белгілері қандай? Құқықтың қайнар көздері және құқық нормасы мазмұнын ашып беріңіз.
- •37. Құқықтық тәртіп түсінігі мен құқықбұзушылықтың түсінігі, құрамы, түрлерін ашып беріңіз.
- •38. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздерін көрсетіңіз.
- •39. Құқықтық норма және құқықтың қайнар көзі дегеніміз не? Құқықтың қайнар көзі ретінде – нормативтік құқықтық актілерге тоқталыңыз. Негізгі және туынды актілерге жеке түсіндеріме беріңіз
- •2. Туынды. Оған жатады:
- •40. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері. Алименттік қатынастарға сипаттама.
- •5. Әлеуметтік салық
- •43. Азаматтық іс жүргізу құқығы ұғымын ашып, қайнар көздерін атаңыз. Талап-арыз ұғымы және мазмұнын ашыңыз.
- •9.Дауылбаев с. Қызық көріп а-ны жағадан суға итеріп жіберді.А жүзу білмеген еді.Бұл туралы Дауылбаев білмеді. Және сол себепті суға батып кетті.Дауылбаевтың іс-әрекетінде қылмыс құрамы бар ма?
- •14.Жергілікті әкімшілік аппаратының екі лауазымды тұлғалары басқа үш азаматпен жшс құрды. Мемлекеттік қызметкерлердің әрекеті заңға сай ма?
Сұрақтар
1.Қазақстан Республикасы парламентінің түсінігін ашып беріңіз.
2. Әкімшілік құқық: Әкімшілік құқықтық қатынастарға түсінік беріңіз
3. Әкімшілік теріс қылық түсінігін беріңіз?
4. Әкімшілік құқықбұзушылық
5.Неке және отбасы құқығының түсінігі,міндеттері, қайнар көзі мен
6.Неке шарты дегеніміз не?
7.Некеге тұрудың тәртібі қандай?
8.Алименттік қатынастардың негізін ашып көрсетіңіз.
9. Азаматтық құқықтың түсінігі,пәні және зерттеу әдістері,қайнар көздері
10.ҚР Конституциясына сай жергілікті атқару және өзін-өзі басқару
11. Еңбек құқығының түсінігі,пәні,әдістері,қағидалары,қайнар көздері мен
12.Еңбек шарты түсінігі мен жасалу тәртібін талдап беріңіз. Еңбек шарты
13.Жұмыс уақыты мен демалыс уақытының түсінігін беріңіз және заңдық
14.Қылмыстың белгілері мен құрамын ашып талдаңыз. Қылмыстық жазаны
15. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы,қағидалары. Талап арыз
16.Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың түсінігі, оның түрлері.
17.Мемлекет ұғымы, мәні, белгілері,нысандары қандай? Мемлекеттің
18.Құқық түсінігі, белгілері.Құқықтың қайнар көздері мен құқық
19.Мемлекет нысаны дегеніміз не,оның түрлеріне
20.Мемлекеттік билік жүйесі, түрлері.Республикамызда билік тармақтары
21. Құқықтың қатынастың түсінігі,белгілері,құрамы,субъектілері мен
22. Заңды жауапкершілік түсінігі мен белгілері,заңды жауапкершіліктен
23. Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама.
24.ҚР Президентінің құқықтық мәртебесі қандай? Оның атқаратын
25.ҚР парламентінің түсінігі.Жоғарғы Сенат және Мәжіліс депутаттарының
26.Мемлекеттік қызмет ұғымы.Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық
27.Азаматтық алу үшін қандай талаптар қойылады?азаматтықтан айыру
28. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару органдарының
29. Әкімшілік құқық түсінігі?Әкімшілік теріс қылық? Әкімшілік құқықтың
30.Әкімшілік жауаптылық негізі мен түрлері?Әкімшілік жаза түсінігі,
31. Азаматтық құқықтың түсінігі,пәні және зерттеу әдістері,қайнар көздері.
32. Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі, түрлері.
33. Мәмілелер ұғымы, түрлері?Мәміленің жарамдылығының,
34. Меншік құқығының түсінігі.Мұрагерлік құқық түсінігі мен түрлеріне
35. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың түсінігі, оның түрлері.
36. Құқық түсінігі, белгілері.Құқықтың қайнар көздері мен құқық нормасы?
37.Құқықтық тәртіп түсінігі, құқықбұзушылық түсінігі, құрамы,түрлері?
38. Заңды жауапкершілік түсінігі мен белгілері,заңды жауапкершіліктен босатудың негіздерін көрсетіңіз.
39. Құқықтың қайнар көздері мен құқық нормасына талдау. Құқықтың
40. Ерлі зайыптылардың құқықтары мен міндеттері?Алименттік қатынастарға сипаттама?
41. ҚР-ның жер құқығының түсінігі,жүйесі,қайнар көздері.Жерге меншік құқығының түсінігі мен түрлеріне сипаттама беріңіз.
42. ҚР –дағы салық жүйесі мен салықтың түрлері?
43. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы,қағидалары. Талап арыз ұғымы және мазмұны
Ситуациялық сұрақтар
1.Учаскелік инспектор өз танысымен
2. Азаматша Сүлейменова
3. Институт ректоры азаматтардан лаборант ,
4. Зауыт директоры зауыт аумағын тазалау үшін
5. Бухгалтер Əлімжановаға жұмысқа кешігіп келгені үшін
6. Қазақстан Республикасының институтында оқитын студент Ли Чан өз
7. С. Азаматы өз автокөлігінде бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетті
8.Өз бақшасынан ұрлықтың алдын алу үшін Хамраев
9. Дауылбаев Қызық көріп А-ны жағадан суға итеріп жіберді.
10.Қанатов Сейітовке автокөлікті сатып алуға сенімхат берді
11. Сот шешімімен әрекет қабілетсіз деп 2500000 тг
12.Үшінші сынып оқушысы ата анасыз автобуста жол ақысын төлемей отырды.
13.Азаматша М. 2017 жылдың шілдесінде зейнеткерлікке шықты.
1.ҚР Парламентінің түсінігін ашып беріңіз. Парламенттің жоғары палаталары депутаттарының атқаратын функцияларына тоқталып кетіңіз. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламенті заң шығару бйілігін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады. Қазақстан Республикасы Парламентінің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Конституциямен, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен және басқа да заңнамалық актілермен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңа сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады. Парламенттің өкілеттік мерзімі кезекті сайланымдағы Мәжіліс депуттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, оның он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл.Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланған Төраға басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады.Мәжіліс жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.
Парламент сенаты депутаттарының функциялары: Парламент Сенатының заң шығару қызметі. . Мәселелер Мәжілісте қаралғаннан кейін Парламент Сенаты конституциялық заңдар және заңдар қабылдайды, соның ішінде:
1) республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;2) мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және жояды;3) Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылымы мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;4) Республиканың мемлекеттік наградаларын тағайындайды, құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін айқындайды;5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;6) рақымшылық жасау мәселелерін шешеді;7) Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды;
Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады:1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау;Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді бес жыл мерзімге қызметке сайлау және оны қызметінен босату;2) Республика Президентінің Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру; 3) Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру; 4) алып тасталды 5) Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі функцияларын орындау; 6) Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Мәжілістің ерекше қарауына мыналар жатады: 1) Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау; 2) Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру; 3) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау; 4) Конституциямен Парламент Мәжілісіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2. Әкімшілік құқықтың түсінігі, пәні, әдістері, қайнар көздері, субъектілеріне талдау жасаңыз. Әкімшілік құқықтық қатынастарға түсінік беріңіз.
Әкімшілік құқық-мемлекеттік басқарушы органдардың басқарушы-жарлықшы қызметін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.Әкімшілік құқық құқық салаларының бірі ретінде қоғамдық қатынастарды реттейтін,мемлекетті басқару қызметі үдерісінде пайдаланылатын мемлекеттік аппараттың тәртіптелеген жұмысын қамтамасыз ететін құқық.
Әкімшілік құқықтық норма - заң шығарушы,атқарушы органдар орнататын,рұқсат етілген іс қимылды және атқару билігіндегі,қоғамдық қатынастарды реттейтін ережелер.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне: ҚР –ның Конституциясы және 2001 жылы 30 қаңтарда қабылданған ҚР –ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі жатады.
Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатынастарды жатқызуға болады:
1) Атқарушы билік органдарының ұйымы байланысты;
2) Басқаруда атқарушы билік органдарының әкімшілік – биліктік өкілеттіліктерді жүзеге асыру барысында және азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара әрекеттерінде туындайтын;
3) Әкімшілік құқық бұзушылықтарды істегені үшін туындайтын;
Әкімшілік құқық үшін тән құқықтық реттеу әдістері:
1) Билік әдісі – бағындыру, немесе тура бұйыру әдісі
2) Ұсыну әдісі - басқару субъектісінің ұсыныстары егерде оны басқару екінші қатысушысы қабылдаған жағдайда заңды күшке ие болады;
3) Келісу әдісі - өзара бағыныштылықта болмайтын қатысушылар арасында;
4) Теңдік әдісі - мемлекеттік механизмнің бір деңгейінде тұратын субъектілер әкімшілік келісімшарт түрінде бірлескен әрекеттерді қабылдайды.
Әкімшілік-құқықтық қатынастар құқықтық қатынастардың бір түрі болып табылады. Оларға қандай да болмасын құқықтық қатынастардың барлық негізгі белгілері тән, атап айтқанда, құқықтық норманың біріншілігі, соның арқасында құқықтық қатынас тиісті құқықтық норманың тиісі қоғамдық қатынасқа, оған заңдық нысан беретін, реттеушілік ықпал жасауының нәтижесі; осы қатынас тараптарының іс-қимылдарын (мінез-құлықтарын) құқықтық нормамен реттеу: құқықтық нормамен белгіленетін құқықтық қатынас тараптарының өзара міндеттері мен құқықтарын сәйкестендіру (корреспонденциялау) және с.с.
Сонымен, әкімшілік-құқықтық қатынастар - бұл әкімшілік құқық нормаларымен реттелінген басқарушылық қоғамдық қатынастар, ондағы тараптар әкімшілік-құқықтық нормалармен тағайындалған және кепілденген өзара байланысты міндеттер мен құқықтарды иеленуші болып табылады.
Бұл құқықтық қатынастардың қатысушылары (тараптары) мыналар болуы мүмкін: Қазақстан Республиксының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар;мемлекеттік ұйымдар: атқарушы билік (мемлекеттік басқару) органдары: мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер; мемлекеттік емес ұйымдар; қоғамдық бірлестіктер (партиялар, одақтар т.с.с); еңбек ұжымдары; жергілікті өзін-өзі басқару органдары; коммерциялық құрылымдар; жеке кәсіпорындар мен мекемелер.
Әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптардың қайсысының болса да - басқару органының, азаматтың және сол сияқты басқалардың - ынтасы бойынша пайда болады. Бірақ екінші тараптың келісім немесе тілегі олардың пайда болуына барлық жағдайларда міндетті шарт емес. ол екінші тараптың тілегіне қарамастан немесе оның келісімінсіз де пайда болуы мүмкін. Бұл белгі оларды азаматтық-құқықтық қатынастардан ерекшелейді.
