Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СессияПитжауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191.72 Кб
Скачать

15.Минералдық элементтердің жіктелуі,олардың тамақтанудағы маңызы

Минералдық заттар - басқаша күлді элементтер деп аталады, себебі өнімді жандырған соң күл түрінде қалады. Күлді элементтер адам организмі үшін маңызды орын алады: ұлпа құрамына кіреді, зат алмасуға, ферменттерді, гормондарды, ас қорыту сөлін түзуге қатысады. Организмде белгілі бір элементтің жетіспеуі немесе болмауы ауруға әкеліп соғады. Адам организміне тәулігіне 20—30 г күлді элемент қажет. Өнімдерде құрамына байланысты тазалық дәрежесін сипаттайды.[

Бұрын өсімдікке жеке элементтердің қажеттілігін олардың өсімдік құрамында кездесу мөлшеріне қарай бағалайтын. Бірақ мұндай көзқарастың дұрыс емес екендігі, әсіресе, өсімдікте микро, ультрамикроэлементтерді анықтағаннан кейін толық дәлелденді. Бұл элементтердің қажеттілігі олардың органикалық қосындылардың құрамына енуіне байланысты. Органикалық заттардың құрамына енген минералды элементтер олардың химиялық активтігін ұлғайтып, оларға жаңа қасиет береді. Мысалы, кейбір металдардың белокпен қосындылары — ферменттер биологиялық активтігі өте жоғары болады. Анион күйінде қабылданатын элементтердің ішіндегі өсімдікке аса қажеттісі — фосфор мен күкірт. Өсімдік фосфорды ортофосфор қышқылының асқын оксиді /Р043+/ ионы түрінде қабылдайды. Топырақ құрамында фосфор кездесетін органикалық және минералдық заттар болады, олар өсімдіктердің фосформен қоректенуінің көзі бола алады. Фосфордың органикалық қосылыстары қара топырақта көп, сұр топырақта аз болады. Фосфордың минералдық қосылыстары қиын еритін фосфаттар түрінде болады, олар бактериялардың жәрдемімен өсімдіктер сіңіре алатын күйге көшеді. Фосфор қышқылының аниондары өсімдік клеткасында өзінің тотығу дәрежесін өзгертпестен, осы түрінде органикалық қосылыстардың құрамына кіреді.

Фосфор ортофосфор қышқылының ионы ретінде қабылданылады — Р04. Өсімдік фосфордың тек анорга-никалық қана емес, органикалық қосылыстарын да қабылдай алатындығы қазір толық дәлелденді /мысалы, түрлі қант-тардың фосфорлы эфирі және олардың ыдырау өнімдері/. Изотопты фосформен /Р32/ жүргізген тэжірибелер нәтижесінде сояның тамырында фосфатпен қоректенгенде алғашқы өнім ретінде фруктозаның 1,6-дифосфаты пайда болатындығы анықталды. Өсімдіктің құрамындағы барлық фосфорлы органикалық заттарда фосфор тек тотыққан күйінде ғана кездеседі. Өсімдік мүшелерінде фосфор біркелкі кездеспейді. Оған эсіресе репродуктивтік мүшелер өте бай келеді. Вегетативтік мүшелерде фосфордың мөлшері 5-10 есе көп. Фосфор нуклеопротеийтердің /клетка ядросында, ұрықта, меристема ұлпаларында көп кездеседі/ қүрамына енеді.

16.Халықтың нақты тамақтануын зерттеу әдістерін және оларды жүзеге асыру әдістемесін атаңыз Тамақтану[өңдеу]

Тамақтану – ағзаның өмірлік қажеттілігі болып саналады. Ол адамды сумен, энергия мен қамтамасыз етеді. Клеткаларды құру үшін , сол себепті әр түрлі жағдайда емдем-терапиасы қолданылады. Су адамның бір тәуіліктегі тиімді тамақтану рационы(1280-3000ккал) бұл өмір сүру деңгейіне байланысты. Азықпен адам жалпы тіршілікке қажетті белок, май, көмірсутегі, минералды тұз, су, витаминдер мен тыеандарды қалпына келтіруге, энергия шығынын және ағзаның қажеттерін толтыруға арналған басқа да заттар алады. Осы заттардың барлығы күрделі алмасу үрдісіне қатысады.

Халықтың денсаулығы және өмір сүру сапасы көрсеткіштеріне ең маңызды ықпал жасайтын  факторлар арасында төтенше маңызды рольді халықтың тамақтану құрылымы алады. Тамақтық заттар метаболизм барысында біздің организміміздің торларына құрылысты элементтер ретінде  қайта құрылады, физикалық және зерделі жұмысқа қабілеттілікті бүтіндей қамсыздандырады, адамның денсаулығымен өмір ұзақтығын белгілейді, балалардың нормалы өсуін және дамуын анықтайды және қоршаған ортаға олардың барабар бейімделуге арналған жағдайды қамсыздандырады.

Қазіргі заманғы шарттарда тамақтану туралы ғылым – нутрициология - адам организімінің өзгерілетін қажеттіліктеріне тамақтану рационынын сәйкестігін мүмкіндігінше қамсыздандыру, сонымен қатар тамақтануды рационализациялау шаралардың жоспарлауына арналған негізді салу, халықтың ауру-сырқаулығының және өлім-жітімінің төмендеуіне, әлеуметтік - гигиеналық мониторингі жүйесінде өндірісте және тамақ өнімдерінің тарату бағыттарын таңдау, халықтың дұрыс тамақтану туралы сұрақтарына жалпы стратегия өңдіру сияқты кепілдемелердің кешені негізгі міндеттері болып табылады |1|.

Тамақтану жағдайын бағалау, дені сау және еңбекке жарамды ұрпақ құруға бағытталған, кейбір микронутриенттердің тапшылығын немесе артықшылығын анықтау, көп мақсатты бағыттылығы бар және тамақтану облысында мемлекеттің саясатының маңызды мақсаттарының бірі. Нақты тамақтану туралы комплексті зерттеулерді өткізуі қажеттілігі осы арадан көрінеді және тұрғындардың әр түрлі топтарының тамақтық статусының негізгі тамақтық заттарда және энергияда қажетті мөлшерлерінің анықтауына, сонымен қатар денсаулық көрсеткіштерін зерттеуге (биохимиялық көрсеткіштер, ауру-сырқаулық) арналған.

Сонымен қатар, халық денсаулығының пайдасына тамақтануды рационализациялау шараларын негіздеуге тұрғындардың тамақтануын зерттеуге арналған ең әсерлі болып табылады. Нақты  тамақтануды зерттеу негізінде ең нақты және нәтижелі баланс жасалған принциптерді тұрғындардың әр түрлі топтарының тамақтануын ұйымдастырғанда қолдануға мүмкіндік береді.

Тұрғындардың тамақтануын бағалау үшін арналған зерттеулердің бірыңғайлы әдістерін қолдануымен тиісті өткізілуі, нақты тамақтануды зерттеуге мүмкіншілік береді, сонымен қатар тұтынылатын тамақ өнімдердің мөлшерімен сапасын, тамақтану тәртібін, тамақтанудағы ұлттық дәстүрлер және т.б., ал олардың  негізінде тамақтанудың толық құндылығы және  маусымдық, экономикалық және т.б. факторлардың әсері туралы айтуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]