Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СессияПитжауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191.72 Кб
Скачать

11.Көмірсулар олардың жіктелуі,маңызы,тәуліктік мөлшері мен тағамдық көздерін атаңыз

Көмірсулар (моносахаридтер – қарапайым қанттар, гидролизденбейді, бұлар глюкоза, фруктоза; дисахаридтер-әр молекуласы 2 моносахаридтерден тұрады: сахароза, лактоза; полисахаридтер - өте күрделі заттар: крахмал, клетчатка) табиғатта өте көп таралған, оның адам өмірінде маңызы өте зор. Мысалы, крахмал адам мен жануарлардың рационындағы негізгі қоректік зат. Организмге қажет қуаттың (энергия) көбі көмірсулар арқылы жүреді. Олар нуклеин қышқылдарының, кейбір белоктардың құрамында кездеседі. Көмірсулардан маталар, қағаз, қопарылғыш заттар алынады да, олардың үлесіне өсімдіктердің 80%, ал жануарлардың 2% құрғақ заттары жатады. Олар қарапайым заттардан күн сәулесінің энергиясын пайдаланып, жасыл пигмент хлорофильдің қатысуымен синтезделеді. Бұл процесті фотосинтез дейді. Жасушаларда олар глюкоза және полимерлер (гликоген жануарлар, крахмал - өсімдік жасушаларында) түрінде болады. Өсімдік жасушаларының қабығы пектиннен, гемицеллюлозадан, целлюлозадан, ал саңырауқұлақтар және буынаяқтылардың сыртқы қаңқасы құрамына кіретін, глюкозаның туындысы - хитиннен тұрады. Көмірсулар – органикалық қосындылар. Олар күрделілік деңгейіне орай, моносахаридтерге (глюкоза, фруктоза), дисахаридтерге (сахароза, мальтоза және басқа), полисахаридтерге (крахмал, гликоген және басқа) жіктеледі. Моносахаридтер – полисахарид, амин және май қышқылдары және басқалардың биологиялық түзілісіне қажет фотосинтездің алғашқы өнімдері. Полисахаридтер ашу немесе тыныс алу процестерінде келешекте ажырап, моносахаридтердің бөлінуіне қажет қуат қоры ретінде жиналады. Су тартқыш (гидрофильді) полисахаридтер жасушалардың су теңгерімін (баланс) сақтайды. Аденозинтрифосфат қышқылы (АТФ) азот негіздерінен - аденин, рибоза көмірсуы және араларында макроэргиялық байланысы бар үш фосфор қышқылы қалдығынан тұрады.

12.Жай көмірсуларды атаңыз,олардың адам ағзасына маңызын және атқаратын қызметтерін атаңыз

Жай көмірсулар - олардың бәрі ағзада жақсы ериді, жақсы сіңеді, ағзада гликогеннің пайда болуында қолданылады.

Моносахаридтердің ішінде ең көп тарағаны – глюкоза.

Г л ю к о з а - жеміс- жидектердің құрамында көп кездеседі және ағзада дисахаридтер мен крахмалдың ыдырауынан пайда болады.

Глюкоза ағзада гликогеннің тез және оңай пайда болуы үшін қолданылады, мидың ұлпаларының қоректенуіне, бұлшық еттердің қоректенуіне, оның ішінде жүрек етінің, қанның құрамында канттың нормада болуына және бауырда гликогеннің қорының жиналуына әсерін тигізеді. Глюкоза мына заттардың құрамында көп кездеседі: жеміс- жидектер, бал.

Ф р у к т о з а – қасиеттері глюкозанікіндей, бірақ фруктоза ішекте жай сіңеді, қанға түскеннен соң, қанның ағымынан тез шығады. Фруктозаның

70-80 % -ы бауырда болады да, қанның құрамында канттың көбеюіне себеп болмайды. Бауырда фруктоза оңай гликогенге айналады. Барлық қанттардың ішіндегі ең тәттісі. Жасы келгендер мен кәрі кісілерге және ой еңбегімен айналысатын кісілерге ұсынылады. Фруктоза май алмасу процесі бұзылған адамдар үшін ең жақсы қант болып табылады, өйткені ағзада оның аз мөлшері ғана майға айналады. Мына тағамдар құрамында көп кездеседі: бал, құрма, жүзім, алма, алмұрт, қарбыз және т.б. азық- түліктерде.

Г а л а к т о з а – бос күйінде тағамдар құрамында кездеспейді. Галактоза негізгі көмірсу лактоза (сүт қанты) ыдырағанда пайда болады. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]