Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СессияПитжауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191.72 Кб
Скачать

9.Майлар олардың жіктелуі майлардың қызметтері тәуліктік мен тағамдық көздерін атаңыз

Майлар, триглицеридтер — органикалық қосылыстар; негізінен глицерин мен бір негізді май қышқылдарының (триглицеридтердің) күрделі эфирлері; глицерин мен жоғарғы карбон қышқылдарының күрделі эфирлері. Липидтерге жатады. Табиғи майлар молекуласындағы қаныққан май қышқылдары стеарин, пальмитин, ал қанықпаған май қышқылдары олеин, линол, линолен қышқылдарынан тұрады. Тірі организмдердің жасушалары мен тіндерінің (ткандерінің) негізгі құрамды бөліктерінің бірі; организмдегі энергия көзі; таза майдың калориялылығы 3770 кДж 100 г. Табиғи Майлар жануар және өсімдік Майлары болып бөлінеді. Триглицеридтер құрамына С8-ден С24-ке дейінгі қалыпты құрылысты, негізінен жұп санды көміртек атомдарының қаныққан және қанықпаған қышқыл қалдықтары кіреді. Барлық Майлардың тығыздығы 1-ден аз. Тек жоғары вакуумда қайнайды. Суда ерімейді. Бензинде, керосин мен бензолда ериді. Алкоголиз, ацидализ реакцияларына түседі. Қышқылдардың қос байланысы бойынша сутекті (гидрогендеу), галогенді, галогенсутекті қышқылдарды, т.б. қосып алады. Аса қызған бумен, минералды қышқылдармен және ферменттермен әрекеттескенде глицерин және май қышқылдарын түзіп гидролизденеді. Ауадағы оттекпен тотыққанда пероксидті қосылыстар, оксиқышқылдар, т.б. түзеді. Құрамында биол. активті заттар (қанықпаған май қышқылдары, фосфатидтер, витаминдер, токоферолдар) болады. Майлар техникалық мақсатта қолданылады.

Липидтердің қызметтері[өңдеу]

Липидтер барлык тірі жасушаларда болады, осыған орай организмде мынадай маңызды қызметтер атқарады: құрылыс, энергия көзі, қоректік зат, қорғаныштық, метаболизмдік және т.б.

  1. Құрылымдық. Нәруызбен бірге жарғақша құрамына кіріп, оның жартылай өткізгіштігін қамтамасыз етеді.

  2. Регуляторлық. Кейбір гормондар липидтік табиғатты болады.

  3. Қорғаныштық. Жылуды сақтайды, ішкі мүшелерді қорғайды, тері астындағы май созылғыштықты қамтамасыз етеді.

  4. Жануарлар организмі үшін су көзі

  5. Энергияны депонирлеу. 1 г май ыдырауының нәтижесінде 39 кДж немесе 9,5 ккал энергия бөлінеді.

Май — су көзі[өңдеу]

1 кг май тотығып ыдырағанда, 1,1 кг су түзіледі. Мұндай суды “метаболит су” деп атайды. Қыста ұзақ ұйқыға кететін, сол сияқты сусыз шөлді жерлерде тіршілік ететін жануарлар (кейбір кемірушілер, бөкендер, түйелер және т.б.) организміндегі тотығып, ыдыраған майдың суын пайдаланады. 

10.Май тәріздес заттектер жіктелуі,түрлері,олардың қызметтері мен тағамдық көздерін атаңыз

Майлар әр түрлі қызметатқарады:

1. Олар энергия көзі болып табылады: 1 грамм май тотыққанда 9 ккал немесе 37,60 кДж энергия түзіледі. 100 грамм май тотыққанда, 107 грамм эндогенді су бөлінеді.

2. Липидтер құрылымдық-пластикалық қызметатқарады, себебі барлық тіндердің торшалық және торша ішілік мембраналардың құрамына кіреді.

3. Майлар А, Д, Е, К витаминдерінің ерітушісі болып табылады, және де олардың сіңуіне жағдай жасайды. Тағамдық майлармен бірге организмге бірқатар биологиялық белсенді заттектер (ББЗ): фосфатидтер, көпқанықпаған май қышқылдары (КҚМҚ), стериндер т.б. түседі.

4. Липидтер нерв торшалары мен өсiндiлерiнiң құрамына кiрiп, нервтiк сигналдарды қамтамасыз етедi.

5. Майдан гормондар (жыныс, бүйрек үстi безiнiң), витамин Д түзiледi.

6. Терi және iшкi ағзалардағы майларқорғаныс қызметiн атқарады.

7. Жылу реттеуге қатысады. Протеинмен қосылысқа түсетін құрылымдық май липопротеиндік кешен түзеді, олар торшалық органелланың түзілуіне қатысады.

Айқын биологиялық әсерді май тәріздес заттектер (фосфолипидтер, холестерин, майда еритін витаминдер т.б.) көрсетеді. Биологиялық белсенділігі ең жоғары заттекке фосфолипидтер: лецитин, кефалин, сфингомиелин жатады. Оларды липотропты факторғажатқызады.

Майдың биологиялық құндылығы алмастырылмайтын, қорытылатын және сіңетін сияқты маңызды көрсеткіштермен сипатталады. Құрамында алмастырылмайтын линол қышқылы және де басқа жоғарғы КҚМҚ бар майлардың биологиялық құндылығы өте жоғары, олар организмде мүлдем түзілмейді. Еру температурасы адам денесінің температурасынан төмен майлардың сіңімділігі 97 - 98%, ал еру температурасы 50 - 60 градус болатын майлардың сіңімділігі 70 - 80% тең.

Майдың энергетикалық құндылығы белок пен көмірсудан екі есе асып түседі, сондықтан липидтерді «энергия концентраттары» деп атайды. Энергетикалық құндылығы бойынша 25 г. май 175 г. етке, 330 г. сүтке, 100 г. нанға, 222 г. картопқа сәйкес келеді.

Майдың қасиетi құрамындағы қаныққан және қанықпаған май қышқылдарының болуына байланысты. Майдың есебiнен тәулiктiк энергия шығынының 30% өтеледi. Тағам рационындағы майдың биологиялық үйлесiмдi мөлшерiн 70% жануар тектi, 30% өсiмдiк тектi майқұрайды. Жасы ұлғайған кiсiлерге өсiмдiк майының көлемiн арттыру қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]