Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СессияПитжауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191.72 Кб
Скачать

70.Эхинококкозың эпидемиологиялық жұғу тізбегі

Жылауық құрт кеселі (эхинококкоз) - адам мен мал ағзаларына құрт ұрықтарының түсуінен пайда болатын дерт. Ол көбінесе аңдар мен ауыл шаруашылығы малдарынан, ит, мысықтардан жұғады. Көзге әрең көрінетін жылауық құртының ұзындығы 2 мм ден 1 см-ге дейін болады. Олар иттің, қасқырдың, түлкінің аш ішегінде өсіп өнеді де, солардың дәреті арқылы суды, шөпті, жерді ластайды және қоршаған ортада ұзақ уақыт өсу қабілетін жоғалтпай сақтайды. Бұл құрттар адам ағзасына аң терілерін пайдаланғанда, ит пен мысықты ұстағанда қолға жабысады да қолды жумай тамақ ішкенде, бұлақтар мен өзен суларын қайнатпай ішкенде адам ағзасына түседі. 

Асқазанға түскен жылауық құрттың ұрығы сыртқы қабығынан айырылып ішек қатпарларына енеді, содан әрі қан тамырларына түсіп бауыр, өкпе, бүйрек, ми және басқа ағзаларға барып ұялайды. Уақыт өткен сайын ұялаған жерінде жылауық құрт өсіп өне бастайды.Олар көп ұялы және бір ұялы болып бөлінеді. Жылауық құрт қалтасы өсіп, сырқаттың белгісі біліне бастайды, құрт өскен жердегі ағзаның қызметі бұзылады. Егер науқас адам уақытында дәрігерге көрініп ауруын анықтап емделмесе, уақытылы ота жасатып тез арада жылауық құрт қалтасын алдырып тастамаса, ол ұлғая келе жарылып, науқастың өміріне қауіп келтіреді.

Ал, енді осы ауруға шалдықпаудың жолдары бар ма? «Сақтансаң сау боларсың»,-дейді халқымыз. 

Тазалық мұқият сақталған жерде аурудың болуы мүмкін емес. Көп жылғы тәжірибелерге қарағанда бұл ауру мал шаруашылығымен айналысатын кісілердің арасында жиі кездеседі. Аталған аурудың нағыз таратушы көзі ит пен мысықтар екенін жоғарыда айтып өттік. Бір ауру итте 200 мыңға жуық жылауық құрттың ұрықтары болады. Ал сырқат ит күніне қоршаған ортаға яғни үйдің айналасына, аулаға, сәкіге мыңдаған жұқпалы жылауық құрт ұрықтарын шашады. Ол ұрықтар шөптер мен су арқылы малға, тамақ пен су арқылы адамға жұғады. Ауру таратушы иттерді бұл аурудан сақтандыру жолдары қиын емес. Ол өлген малдардың етін, үйде сойылған малдардың жылауық құрт ұясы орналасқан ағза мүшелерін, өкпе бауырларын ит, мысықтарға жегізбей терең шұнқырларға көміп немесе өртеп жіберген дұрыс. Асыранды иттерді аулада байлап ұстау, нәжістерін өртеп жіберу, жыл сайын мал дәрігерлеріне тексеріп тұру, дәрі беру арқылы құрттардан тазартып тұру керек. Тазалық-денсаулық кепілі. Сондықтан барлық жерде тазалық сақтайық. 

71.Тениидоздың эпидемиологиялық жұғу тізбегі

Тениоз және цистицеркоз – қоздырғыш ауыз – нәжіс механизмі арқылы берілетін, ішекте шошқа цепенінің (тениоз) ересек гельминті және ол гельминттің личинкалық сатысында (цистицеркоз) паразиттік өмір сүруіне байланысты ішек – қарын жолының диспептикалық бұзылуы және токсикалық – аллергиялық құбылыстармен сипатталатын, цестоздарға жататын антропургиялық биогельминтоздар.

Қоздырғышы[өңдеу]

Қоздырғышы – Taenia solium (шошқа цепені, қарулы) – таспа тәрізді гельминт, 1000 дейін мүшелері (проглоттид) бар, ұзындығы 3-4 метрге дейін жетеді. Диаметрі 0,6-2 мм, басында 4 сорғышы, 22-32 қармағы бар, осы себептен қарулы цепень деп аталады (24-А сурет). Ересек мүшелерінде 30 дан 50 мыңға дейін жұмыртқа болады. Сиыр цепенінен шошқа цепені мүшелер санының (800-1000) аздығымен, олардың мөлшерімен (ұзындығы 12-15 мм, ені – 6-7 мм) және ересек мүшелерінің жатырының бүйір тармақтарының аздығымен (7-12 жұп) ажыратылады. Сонымен қатар, шошқа цепенінің белсенді жылжу қабілеттілігі болмайды. Сиыр және шошқа цепендерінің жұмыртқалары мен онкосфералары морфологиялық құрылыс бойынша бірдей. Шошқа цепенінің личинкалық сатысында адам тіндерінде паразиттік даму 2,5-3 айда толық аяқталып цистицеркоз (қоздырғышы – Cysticercosis cellulosae) ауруын тудырыды.Бұл жағдайда аурулар факультативтік аралық иенің рөлін атқарады. Адам организмінде ересек гельминттердің паразиттік тіршілік ету тениоз ауруына (қоздырғышы Taenia solium) әкеледі, бұндай адам - ақырғы ие. Соныменен аурыдың екі нозологиялық түрінде де (тениоз, цистицеркоз) адам ақырғы ие болады. Цистицерктің шошқа организміндегі тіршілік ұзақтығы 2 жылға децін, адам организмінде – 3-17 жылға дейін созылады, кейін петрификатқа айналады (әктенеді).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]