Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СессияПитжауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191.72 Кб
Скачать

67.Ет арқылы адамға берілетін жұқпалы ауруларды және олардың алдын алу жолдарын сипаттаңыз

Туляремия – тулярин микробтары арқылы пайда болатын табиғи-ошақты зооноздық жіті жұқпалы ауру. Үй жануарларының ішінде ауру кӛздері болуы мүмкін жануарлар: қой-ешкі, ірі қара малдары, шошқа. Ауруды таратушы болып қан соратын жәндіктер: маса, кене, сона, бүрге болуы мүмкін.

Адамдар бұл дертті ауырған кеміргіштерден, шала пісірілген ет тағамдарынан, залалданған суды пайдаланғанда, жәндіктер шаққанда, ауадағы ауру қоздырғыштарымен тыныс алу арқылы жұқтыруы мүмкін. Сонымен қатар, су тышқандарының, ондатра мен қоян секілді аңдардың терісін сойып ӛңдеген кезде туляремияны жұқтырып алуға болады. Адам ағзасына ауру қоздырғыштары тері мен сілекейлі қабыршақ арқылы, тіпті жарақаттанбаған күйінде де ӛтіп кете алады. Қан сорғыш жәндіктер, сона, маса, кене ауырған жануарлардың қанын сорып, сау жануарлар мен адамдарды қайта шаққанда ауру қоздырғыштарын жұқтырады.

Алдын алу шаралары кешенді түрде жүргізіледі. Ең тиімді және басты шара – адамдарды жаппай егу, егпе шаралары жеңіл және еш ауырсынусыз ӛтеді. Егілген кейін 2-3 апта ӛткен соң, адамда туляремия ауруын 5 жыл бойы қабылдамайтын иммунитет пайда болады. Әрбір 5 жыл сайын екпені қайталап отыру керек.

68.Трихинеллездің эпидемиологиялық жұғу тізбегін,клиникалық белгілерін және алдын алу шараларын сипатттаңыз

Трихиннелез дегеніміз - өшпелі ауру, адамның еттерінің ішінде дөңгелекше келген ұсақ құрттардың – трихинеллдардың балапандары /личинкалары/ орналасқанда дамиды.

Ауру шошқаның, доңыздың, аюдың еттерін жегенде жұғады. Адамның еттеріне трихинеллдардың балапандары оралған шиыршық сым /спираль/ сияқты орналасады.

Трихинеллездің адам денсаулығына зор қауіптілігін ескере отырып, егерде қандай да болсын еттен тек, бір ғана трихинелл табылса, ол ет түгелдей бракка шығарылып жойылады да, техникалық пайдалануға да рұқсат етілмейді.

Трихинеллездің қоздырғышы трихинеллалар, ұзындығы 1 – 3 мм, тірідей туатын жұмыр құрттар. Дернәсілдері таяқшаға ұқсас, ұзындығы 0,1 мм-ден 1 мм-ге дейін ұзарады. Ересек трихинеллалар иесінің ішегінде өмір сүреді, ал дернәсілдері көлденең салалы бұлшық еттерге өтіп, дамиды, шиыршықтанып, спираль тәрізді бұратылып жатады.

Тарихы[өңдеу]

Трихинеллездің дернәсілін алғаш рет 1835 жылы өлген адамның бұлшық етінен ағылшын хирургі Дж.Педжет (1814 – 1899) тапқан. Трихинеллез қоздырғышы Қазақстанда алғаш рет 1947 жылы табылды.

Зияндығы[өңдеу]

Ауру жабайы (борсық, қабан, морж, т.б.) және үй жануарларының (әсіресе, шошқаның) шала піскен етін жегенде жұғады. Трихинеллалардың улы заттары (токсиндері) қан құрамын өзгертеді. Трихинеллез кезінде дене қызуы көтеріліп, қас-қабақ, бет ісініп, қанда эозинофил (дәнді лейкоцит) мөлшері көбейеді, басы ауырып, адамда әлсіздік пайда болады. 1 – 3 күннен кейін науқастың бұлшық еттері (аяқтан бастап көзге дейін) ауырып, 2 – 3 аптаға созылады. Қоздырғыштың белсенділігі артып, ауру меңдегенде, науқас адамда жүрек қызметінің жеткіліксіздігі артып, өкпе қабынуы немесе менингоэнцефалитке асқынып, өлімге де әкелуі мүмкін. Трихинеллезден сақтандырусойылған малдың етін ветеринарлық бақылаудан өткізу. Трихинеллезге диагноз қою үшін күдікті адамның эпидемиологиялық анализін өткізіп, бұлшық етінен алынған биопсияны арнайы лабораторияда тексереді. Емі: мебендазол (вермокс), тиабендазол (минтезол), аллергияға қарсы препараттар (кортикостероидтар) қолданылады.[1]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]