Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СессияПитжауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191.72 Кб
Скачать

17.Тәуліктік энергия шығынын анықтау әдістерін және оларды жүзеге асыру әдістемесін атаңыз

Тәуліктік энергия шығынының мөлшері бойынша энергия қажеттілігін анықтайды.

Энергия шығынын тікелей калориметрия, жанама калориметрия, алиментарлық калориметрия және әртүрлі жұмыс орындау кезіндегі энергия шығыны мен дене жұмысына активтілік коэффициентінің кестесі бойынша есептеу-хронометраждық әдістермен анықтауға болады.

Тікелей калориметрия әдісі-калориметриялық камерада ағзадағы барлық жылу өнімін есепке алудан тұрады, бірақ камера құрылысының күрделілігі және онда көп тәжірибе жүргізуге мүмкіншілік жоқтығы бұл әдістің қолданылуын шектейді.

Жанама калориметрия әдісінің принципі тамақтық заттарды тотықтыруға кететін оттегінің саны бойынша энергияны анықтаудан тұрады (газ алмасу әдісі).

Тұтынған оттегінің саны, ағзадағы жүріп жатқан тотығу үрдістерінің интенсивтілігі жөнінде ойлауға және белгілі дәлдікте бөлінген жылуды анықтауға, демек, шығын болған энергия санын анықтауға мүмкіндік береді. Ағза тұтынған оттегінің бірдей көлемі әртүрлі жылу мөлшерін бөлуі мүмкін, ол майлар тотыға ма, әлде белоктар немесе көмірсулар тотығады ма соған байланысты. Мұның көрсеткіші тыныс алу коэффициенті, бұл тыныс алудан шыққан көмірқышқыл газының сіңген оттегінің санына (мөлшеріне) қатынасы, бұны оттегінің әрбір литрінің калориялық құнын бағалау үшін есепке алады.

Алиментарлық калориметрия (энергометрия) әдісі 15-16 күн бойына адамның дене массасын өлшеуге және қабылдайтын тағамның энергиялық құндылығын анықтауға негізделген. Егер тағамның энергиялық құндылығы ағзаның энергия шығынына тең болса дене массасы өзгермейді. Егер тағамның энергиялық құндылығы ағзаның энергия шығынына сәйкес келмесе онда дене массасы артады немесе кемиді. Бұл кезде дене массасының қосылуы негізінен май басуымен байланысты. Себебі май тінінің құрамында 25 % су бар. Дені сау үлкен адамның дене массасының 1 кг өсуі 6750 ккал сәйкес келеді.

Демек, нақтылы энергия шығынын дене массасына қосылған энергия құндылығын тағамның энергиялық құндылығынан алып тастау арқылы анықтауға болады. Әдіс қарапайым және оңай орындалады, практикада жеңіл қолдануға болады.

Есептеу хронометраждық әдіс әрбір жұмыс түрлерін орындау кезіндегі, энергия шығыны көрсетілген кестелердің көмегімен, тәуліктік энергия шығынын анықтауға негізделген. Бұл үшін алдымен хронометраж арқылы, адамның тәулік ішінде тағам қабылдауына демалуына, ұйқысына және барлық іс әрекет түрлеріне қанша уақыт жоғалтатынын анықтап, табылған уақыт мөлшерлерін кестеде көрсетілген тиісті жұмыс түрлеріндегі энергия шығынына көбейту керек. Жұмыстың жеке кезеңдері мен тыныштық кезіндегі энергия шығындарын қосып, тәулік ішіндегі жалпы энергия шығынын есептеуге болады.

18.Балалар мен жасөспірімдердің тамақтану ерекшелігін атаңыз

Дұрыс дайындалған тамақтың балалар мен жасөспірімдердін денесі мен ақылының бірқалыпты дамуы үшін мәні зор. Тамақтың жетіспеуі балалардың бойының өсуі мен дамуын кешеуілдетіп, организмнің әр түрлі ауруларға қарсыласуын төмендетеді, ал артық тамақтану  зат алмасу процесін бұзып, астың қорытылуына зиянын тигізеді. Тиімді тамақтану балалар мен жасөспірімдердің жасына қарай организмнің негізгі нәрлі заттарды қажетсінуін және олардың ара қатынасын ескере отырып ұйымдастырылуы қажет. Нәресте кезіндегі сәби балалардың (1 жастан 3 жасқа дейін) тамағында белокқа бай сүт және сүт өнімдері, ет, жұмыртқа болуы тиіс. Ясли жасындағы балалардың күн тәуліктік рационында кем дегенде 600—800 мл сүт, ал мектеп жасындағы балалардың рационында 400—500 мл сүт болуы тиіс. Сәби балалардың майды қажетсінуін өсімдіктерден алынатын (күнбағыс, жүгері майы) маймен қамтамасыз ету керек, өйткені оларды организм жақсы сіңіре алады. Өсімдік майын көкөніс пюресі мен салатқа қосып беру керек. Балалардың тамағына жидек, жемістердегі және олардың өңделген өнімдеріндегі организмге тез сіңетін углеводтардың болуының мәні зор. Сәби балалар мен ересек балалардың тамағындағы белоктар, майлар мен углеводтардың анағұрлым қолайлы ара қатынасы сәбилер үшін 1:1:3, ересектерге 1:1:4 болуы тиіс. Мұндай ара қатынастан едәуір ауытқу тамаққа жетерліктей мөлшерде нәрлі заттар мен витаминдердің енгізілуіне қарамастан денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін. Мысалы, тамақта әсіресе мал майының көп болуы баланың организміндегі зат алмасудың, ас қорытуының бұзылуына әкеп соғып, салмағын ауырлатады. Углеводтардың артық болуы да зат алмасуын бұзып, семіртеді, ал тәттіні мөлшерден артық пайдалану балалар мен жасөспірімдерде диабет ауруының өрістеуіне әкеліп соғады. Балалар мен жасөспірімдердің тамағы әр түрлі болуы тиіс, ал біркелкі тамақ балалардың тәбетін нашарлатады. Майлы етті тек мектеп жасындағы ересек балаларға (14—17 жастағы) беруге рұқсат етіледі. Шала қуырылған немесе ысталған сүр етті бала организмі нашар сіңіреді және оған уланып қалу не ішек құрты жұғуы мүмкін. Сондықтан оларды балаға бермеген дұрыс. Сондай-ақ тұзы көп немесе бұрыш, қыша, сілті көп қосылған ет және балық тағамдары 8—10 жастағы балалардың тамақтану рационынан алынып тасталуы керек. Алкоголь ішімдіктердің барлық түрі (сыра, үй наливкасы, тұнбасы) балалар мен жасөспірімдердің организміне зиянды әсерін тигізеді. Ащы кофе, какао, шай ішсе, сондай-ақ шоколадты көп жесе, әсіресе, 3 жасқа дейінгі балаллардың нервісі қозады. Балалар мен жасөспірімдер төрт мезгіл, оның өзінде төмендегідей мөлшерде тамақтануға тиіс: таңертеңгі ас—30%, түскі тамақ—40—45%, түстік—10%, кешкі тамақ—15—20%. Егер бала яслиге, балалар бақшасына немесе басқадай балалар мекемесіне барып төрт мезгіл тамақ ішетін болса, онда үйде қосымша тамақ берудің қажеті жоқ. Ал бала барып жүретін балалар мекемесі тамақты екі немесе үш рет беретін болса, үйден қосымша тамақтандыру керек. Соңғы тамақ ұйықтардан 1,5-2 сағат бұрын ішілуі тиіс

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]