- •1.Термодинамиканың екінші заңы –екінші текті мәңгі двигательдің мүмкін еместігі жайында тұжырымның мәнін түсіндіріңіз
- •2 Радиоактивтілік құбылысын түсіндіріңіз. Ядролық реакциялар түрлерін атап, оларға сипаттама беріңіз.
- •3 Дүниенің кванттық-өрістік көрінісі: негізгі теориялар, материя қасиеті, принциптерді атаңыз. Кванттық механикада микробөлшектің күйі қалай анықталады?
- •1. Фотоэлектрондардың ең үлкен бастапқы жылдамдығы түскен жарықтың тербеліс жиілігімен анықталады, жарықтың интенсивтілігіне тәуелді болмайды.
- •2. Барлық заттар үшін фотоэффектінің қызыл шекарасы болады. Сыртқы фотоэффект байқалатын ең үлкен толқын ұзындығын (ең кіші тербеліс жиілігін) фотоэффектінің қызыл шекарасы деп атайды.
- •3. Катодтан бірлік уақытта ұшып шығатын фотоэлектрондардың саны жарықтың интенсивтілігіне тура пропорционал.
- •5 Жарықтың толқындық қасиеті: интерференция, дифракция, дисперсия, поляризация құбылыстарының анықтамасын беріңіз.
- •4. Əлсіз əсерлесулердіңинтенсивтігі күшті əсерлесулердің интенсивтігінен он реттілікке аз (оның он жəрежесі есе əлсіз). Əлсіз əсерлесудің əсер радиусы күшті əсерлесудің əсер радиусынан көш төмен.
- •7) Де Бройль болжамының мəнін түсіндіріңіз. Микробөлшектердің корпускула- толқындық дуализмінің мəнін сипаттаңыз.
- •8 )Гейзенбергтің анықталмағандық қатынасы жəне себептілік принципіне түсінік беріңіз.
- •9.Симметрия ұғымы.Кеңістік пен уақыттың симметрия қасиеттері.Оның сақталу заңдарының байланысын сипаттаңыз.
- •10.Максвелдің электрмагниттік өріс теориясы:теңдеулер жүйесі,олардың физикалық мағыналары жіне одан шығатын қорытынды.
- •11.Дүниенің электрмагниттік көрінісіне сипаттама беріңіз: оны құрайтын негізгі теориялар, принциптер, кеңістік пен уақыт, қозғалыс концепциялары. Жақыннан əсер ету принципіне түсінік беріңіз.
- •12.Ішкі энергияның анықтамасы жəне оны өзгерту тəсілдерін атаңыз. Термодинамиканың 1 заңы жəне оның физикалық мағынасын беріңіз.
- •15. Галилейдің инерция заңын жəне Ньютон заңдарын тұжырымдаңыз. Масса ұғымына анықтама беріңіз.
- •1. Егер массалары әр түрлі денелерге бірдей күшпен әсер етсе, онда денелер алатын үдеу массаларға кері пропорционал болады:
- •2. Егер бір денеге әр түрлі күшпен әсер етсе, онда дененің үдеуі салынған күштерге тура пропорционал болады:
- •16.Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын жазып,оның мәнін түсіндіріңіз
- •17 Сұрақ Абсолют уақыт пен кеңістік жөнінде Ньютон концепциясын тұжырымдаңыз.
- •18 Сұрақ Дүниенің механикалық көрінісіне сипаттама беріңіз. Осы кезеңдегі жаратылыстанудағы детерменизм дегеніміз не?
- •1. Қатаң детерминизм;
- •1. Жұмсақ немесе бірлескен детерминизм.
- •19 Сұрақ Механикадағы энергияның сақталу заңы және оның симметрия қасиеттерімен байланысын сипаттаңыз
- •20 Сұрақ Физиканың дамуындағы негізгі тарихи кезеңдер және ғылыми-техникалық төңкерістерге түсінік беріңіз
- •21Сұрақ Материя құрылымын сипаттаңыз. Материя және қозғалыстың өзара байланысын сипаттаңыз.
- •22 Сұрақ Жақыннан әсер ету және алыстан әсер ету теорияларын салыстырыңыз.
- •23 Cұрақ Макродүние –микродуние-мегадүниенің өзара байланысын ашып көрсетіңіз және ондағы заңдардың қолдану шектерін атаңыз.
- •26 Дыбыс толқынына анықтама беріп, сипаттамаларын атаңыз. Дыбыс толқынының ортада таралуын қарастырыңыз.
- •30 Магнит өрісі, оны сипаттайтын шамаларды атаңыз. Жердің магнит өрісіне сипаттама беріңіз.
- •31 Зат жəне өріс концепциялары, олардың ерекшеліктері.
- •32 Электрмагниттік толқындарға анықтама беріп, оның қасиеттерін атаңыз. Электрмагниттік толқын шкаласының құрылымын атаңыз.
4. Əлсіз əсерлесулердіңинтенсивтігі күшті əсерлесулердің интенсивтігінен он реттілікке аз (оның он жəрежесі есе əлсіз). Əлсіз əсерлесудің əсер радиусы күшті əсерлесудің əсер радиусынан көш төмен.
7) Де Бройль болжамының мəнін түсіндіріңіз. Микробөлшектердің корпускула- толқындық дуализмінің мəнін сипаттаңыз.
Луи Де Бройль болжамы
Біз кванттық оптика бөлімінде жарықтың әрі толқындық, әрі корпускулалық қасиеттерінің болатындығы туралы айтқан болатынбыз. Егер де жарықтың интерференция, дифракция, дисперсия, поляризация сияқты құбылыстары жарықтың толқындық қасиеттерін сипаттаса, ал фотоэффект, Комптон эффектісі жарықтың корпускулалық немесе кванттық табиғатын сипаттайды. Сонымен қатар, толқындық теорияда айтылғандай жарық тербеліс жиілігі мен толқын ұзындығы арқылы да сипатталып, ал корпускулалық теория бойынша жарық фотонның белгілі бір энергиясы , массасы және импульсі арқылы сипатталады. Олай болса, осы жарықтың екі түрлі табиғатын сипаттайтын шамалардың өзара байланысы болады. Енді осы айтылған пікірді былайша түсіндірейік. Корпускулалық теория бойынша жарық фотонының энергиясы мынаған тең
. (2.1)
Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы бойынша осы энергия фотонның массасымен мынадай байланыс болады
. (2.2)
Осы екі теңдіктен фотонның массасы мен импульстің мына түрде жазуға болады
(2.3)
Атақты француз ғалымы Луи де Бройль (1892 ж. туған) жарықтың әрі толқындық әрі корпускулалық екі жақтылық қасиетін одан ары дамытты. Ол жарықтың осындай екі жақтылықты фотонға емес, электронға да және басқа да материяның ұсақ бөлшектеріне тән қасиет деп жорыды.
Сонымен, Луи де Бройль импульсі кез келген элементар бөлшек қозғалысы кезінде толқындық процеспен байланысты болғандықтан, оның толқын ұзындығы мына өрнек арқылы анықталады деді:
(2.4)мұндағы - бөлшектің импульсі;
- бөлшектің массасы;
- жылдамдығы. әрине, бөлшектің жылдамдығы оның
вакуумдағы жылдамдығынан аз деп есептейміз.
Соңғы 2.4 өрнек де Бройль формуласы деп аталады.
Егер де электрон шапшаң қозғалатын болса, онда де Бройль толқынының ұзындығы кристалдардың атомдық жазықтықтарының ара қашықтығымен шамалас болады. Олай болса, кристалдық тор де Бройль толқындары үшін дифракциялық тор қызметін атқарады. Сөйтіп электрондар шоғы кристалдан өткенде дифракция құбылысы байқалады. Шапшаң электрондардың (энергиясы 50 кэВ) өте жұқа ( 1мкм) металл фольгадан өткен кездегі дифракциясын бірінші рет 1928 ж. Ағылшын физигі Дж.Томсон байқаған болатын. Олай болса, жұқа металл фольгаға электрондардың біртекті параллель шоғы түскенде металдың ұсақ кристалдардың біртекті параллель шоғы түскенде металдың ұсақ кристалликтерінің кейбіреулері Вульф пен Бреггтер шарты орындалатындай болып орналасады. Сөйтіп Вульф және Бреггтер формуласы арқылы табылған толқын ұзындығының де Бройль толқын ұзындығына сәйкес екендігі анықталады.
Кеңес физигі П.С.Тартаковский баяу қозғалатын электрондар шоғының да жұқа слюда пластинадан өткізіп дифракция құбылысын байқады.
Көптеген тәжірибелерден атомдар мен молекулалардың шоқтары кристалдан шағылғанда да дифракция құбылысының байқалатындығын 1930ж. Штерн зерттеді. Қазіргі уақытта протон, нейтрон сияқты бөлшектердің де дифракциясы байқалады. Сөйтіп қазіргі кезде тәжірибе жүзінде тек электронның толқындық табиғаты ғана емес, басқа ұсақ бөлшектердің де толқындық қасиеттерінің бар екендігі толығымен дәлелденеді.Зат бөлшектерінің толқындық қасиеттерін оқып-зерттеудің ғылым мен техникада маңызы зор. Электрондар шоғының дифракциялану құбылысы молекулалар мен кристалдардың ішкі құбылысын зерттеу үшін қолданылады. Заттың құрылысын осылайша зерттеу ғылымының электронография және нейтронография әдістері деп аталады. Сөйтіп электрондық оптика ғылымының жаңа саласы ашылды.
Зат массаға ие, ал өріс салмақсыз. Өрістің таралу жылдамдығы жарықтың жылдамдығына тең – 300000 км/с, ал зат бөлшектерінің қозғалысы жүздеген есе кіші. 19 ғ. зат пен өріс материяның бір-біріне қарама-қарсы екі бөлек түрі деп қарастырылса, өткен ғасырда ашылған физика жаңалықтарының негізінде физикалық әлем біртұтас, зат пен өріс арасында айырмашылық жоқ деп қарастырылды: зат өріс сияқты толқындық қасиетке ие, өріс зат сияқты корпускулалық қасиетке ие. Бұл ерекшелікті корпускулалық- толқындық дуализм деп атайды. «Дуализм» термині латын тілінен алғанда екі деген мағынаны береді, бірмезгілде екі түрлі қасиетке ие болу дегенді білдіреді. Мысал келтірейік: адамның физикалық денесі немесе ағзасы бар, сонымен қатар жаны бар, яғни психикасы, санасы немесе ойлау қабілеті, немесе рухани әлемі бар. Физикалық дене мен ойлау санасы екеуі екі түрлі объектілер, бірақ адам бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Сондықтан, біз оны дененің және сананың дуализмі дейміз. Материя да сол сияқты, корпускулалық және толқындық қасиетке ие. Бірақ макроәлемде толқындық қасиеттер байқала қоймайды, сондықтан оны ескермейді. Ал микроәлемде объектілердің толқындық қасиеті бөлшектердің корпускулалық қасиетімен қатар жүреді. Ньютон жарықты бөлшектер ағыны деп есептеді, Гюйгенс және Юнг оны жарық тасымалдаушы эфир деп қарастырды, ал Фарадей мен Максвелл — электрмагниттік өрістің тербелісі деп қарастырды.
