Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОНЦЕПЦИЯ ФИЗИКА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
188.75 Кб
Скачать

26 Дыбыс толқынына анықтама беріп, сипаттамаларын атаңыз. Дыбыс толқынының ортада таралуын қарастырыңыз.

Ультрадыбыстар және оның практикада қолданылуы. Домбыраның ішегін тартып тұрып жіберіп қалыңыз. Ол дыбыс шығарады. Сонымен бірге ішектің тербеліп тұрғанын байқаймыз. Олай болса, дыбыс шығарып тұрған денені тербеліп тұрған дене деп қарастыруға болады. Яғни, механикалық тербеліс кезінде дене қоршаған ортаны (газ, сұйық және қатты дене) сығады және сиретеді. Жан-жаққа бірдей таралатын осы сығу және сиреу процесінің алмасып отыруын дыбыс толқыны дейді. Көршілес екі сиреудің арақашықтығын толқын ұзындыгы деп атайды. Әрбір дыбысқа тән қасиет: оның бір секунд ішінде қоршаған ортаны қанша рет сығатынында және сирететінінде. Сығудан және сиреуден тұратын әрбір циклді толық бір период деп атайды. Бір секунд ішіндегі период саны (v) дыбыс жиілігі делінеді. Жиіліктің бірлігі Гц екені белгілі. Егер дене бір секундта мың тербеліс жасаса, онда оның жиілігі 1000 Гц немесе 1 кГц болады. Дыбыстар естілетін және естілмейтін болып жіктеледі. Егер дыбыстың жиілігі 20 Гц-тен 20000 Гц-ке дейінгі аралықта болса, олар естілетін дыбыстар. Кейбір дене секундына 20-дан кем тербеліс жасап, дыбыс шығарады. Бұндай дыбыстар құлаққа естілмейді, олар инфрадыбыстар деп аталады. Жиілігі 20000 Гц-тен артық дыбыстарды да адам құлағы естімейді, олар ультрадыбыстар. Олардың жоғарғы шегі 109 Гц-ке дейін жетеді. Ал жиілігі 109Гц-тен жоғары дыбыстарды гипердыбыстар деп атайды. Естілетін дыбыстарды музыкалық дыбыстар және шу деп бөлуге болады. (Музыкалық дабыстарды кейде тон деп те атайды.) Тон дыбыс биіктігімен, дыбыс қаттылығымен, дыбыс күшімен ажыратылады. Тонның (дыбыстың) биіктігі тербеліс жиілігіне байланысты. Дыбыстың қаттылығы оның күшіне бай-ланысты. Дыбыс күші — 1 м2 ауданға келетін Вт-пен өлшенетін интенсивтік. Адам кұлағы еститін дыбыстың ең төменгі күші / = 10~12 Вт/м2, ал жоғарғы күші /0 = 10 Вт/м2 болады (дыбыс жиілігі екеуінде де 1 кГц). Біріншісі, нүктені естудің төменгі табалдырыгы, екіншісі, ауырсынуды сезіну немесе естудің жоғарғы табалдырығы деп аталады. Акустикада түйсік (сезу) пен түршігудің арасындағы байланыс Вебер-Фехнер заңымен анықталады. Бұл заң бойынша қаттылық (қаттылық физиология тұрғысынан алып қарағанда есту түйсігінің деңгейін білдіреді) түршігу күшінің салыстырмалы логарифміне тура пропорционал:

26 Жаратылыстану негізгі мақсаты мен міндеті. Əлемнің гелиоцентрлік жүйесінің негізгі идеяларын кім жəне қандай еңбектерінде тұжырымдады? Жаратылыстану ғылымының озық әдістері гуманитарлық аймаққа кеңінен еніп, қоғам санасын қалыптастыруда философия, психология, әлеуметтану мен мәдениетте универсал тіл қолданылған кезеңде пәннен қажеттілігі өмір талабынан туындап отыр. Әлемнің біртұтастығын түсіну үшін бұрыннан қарсы тұрып келген дәстүрлі екі мәдениеттің гармониялық синтезделу тенденциясы пайда болған уақытта «Қәзіргі жаратылыстану концепциясының» актуалдылығы айқындала түседі. Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құрал бұрыннан белгілі физиканың, химияның, биологияның және экологияеың арасындағы қарым-қатынасты жай түсініп қана қоймай, жарпатылыстануға қатысты тарихи философиялық, эволюциялық –синэнергиялық және мәдениеттану сияқты пәндердің пәнаралық байланыстарынан туындайтын және осы байланыстарды негіздейтін пән болып отыр. Сондықтан, бұл пәнді оқытудың құндылығы, жаратылыстану және гумантарлық компоненттерді (құрылымды) байланыстыру, жаратылыстанудың, философияның және синергетикалық фундаментальды заңдылықтарын талдау үшін жаңа парадигма негізінде жасалған. Ұлы поляк ғалымы Николай Коперник өмір сүріп, еңбек еткен кезеңде, яғни XVI ғасырда, Птолемейдің өздеріңе мәлім геоцентрлік жүйесінің ақиқаттығына күмәнді ойлар жаппай туындай бастады.

Планеталардың Күнді айнала қозғалатыны жөніндегі идея біздің өркениеттің әр түрлі кезеңдерінде пайда болғанымен, ол жиырма ғасырдай уақыт бойы мүлгуде болды. Өйткені, Птолемейдің геоцентрлік жүйесі Әлем құрылысы жөніндегі мүлдем қате түсініктерге негізделгеніне қарамастан, ортағасырлық адамдардың қарапайым тіршілікке қажетті талаптарын қанағаттандырып отырды. Ол тұтылуларды, планеталардың көкжиектен көрінуін және аспан әлеміндегі көрінерлік өзгерістерді алдын ала дәл болжауға мүмкіндік берді. Себебі бұл жүйе де ұзақ жылдар бойы мұқият орындалған тәжірибелерге негізделген болатын.

Алайда, Күн жүйесі құрылысының жобасын алғаш рет дұрыс түсінген Н. Коперник болды. Ол ғасырлар бойы адамдардың санасына ұялап қалған «Жер қозғалмайды» деген жобаны теріске шығарды. Жерді өзге планеталардың қатарына косып, Жер Күннен үшінші орында болады деді. Сонымен бірге Коперник Жер өз осін айнала отырып, барлық планеталармен бірге кеңістікте Күнді айнала қозғалады деп көрсетті. Ал Ай Күнді емес,

Жерді айнала қозғалады деді.

Коперник осы идеяны айтқан кезде сол кезеңнің ғалымдары онымен бірден келісе алмады. Тіпті Коперниктің өзі де бұл тұжырымдар төңірегінде кырық жыл бойы ойланумен болды. Коперник Полыпа мен Италия университеттерінде оқып, үздік әрі жан- жақты (математика, астрономия, құкық,тіл, медицина бойынша) білім алған. Ол планеталар мен Күнді бақылау барысында алынған мәліметтерге сүйеніп, планеталардың Күнге қатысты қозғалысын анықтауды мақсат еткен еді. Теңдесі жоқ, ғаламат есептеу жұмыс тары жиырма жылға жуық уақыт бойы тікелей жүргізілген бақылаулармен ұштастырылды. Ғалым ерен математик ретінде ғылымға көп жаңалық енгізді. Ол аспан денелерінің қозғалыс кестесін жасады, ол үшін оған 324 мың шаманы есептеп шығару кажет болды.

Осындай ғылыми деректермен негізделген зерттеу жұмыс тарының нәтижесінде Коперник планеталар қозғалысының жаңа жүйесін жасады. Оның «Аспан сфераларының айналуы туралы» деп аталатын еңбегі 1543 жылы жарық көрді. Н. Коперник планеталар жүйесінің центріне Күнді орналастырғандықтан, бұл жүйе гелио-центрлік жүйе (гр. гелиос- Күн) деп аталды.

27 Физика ғылымының негізгі міндеті жəне ондағы концептуальды жүйелерді атаңыз.Жалпы мағынасы бойынша физика — табиғаттың негізгі (іргелі) қарым-қатынастарын, заңдылықтарын зерттейді. Физика ғылымы ең жалпы және негізгі болатын, затты әлемнің күйін, өзгеруін және құрылымын анықтайтын жаратылыстану бөлімі болып келеді. -ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуде физиканың атқаратын маңызы және оның даму болашағын ғалымдардың физика мен техниканы дамытуда қосқан үлесін ашып көрсету негізінде оқушыларға идеялық, патриоттық тәрбие беру; -ғылыми білімдерді, эксперименттік фактілерді, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, физика ғылымының өзіндік әдіс-тәсілдерін, дүниенің қазіргі заманғы ғылыми бейнесін қалыптастыру; -материаның құрылымдық сарқылмасиығы мен біртұтастығын, физикадағы аса маңызды сақталу заңынының жан-жақтылығын, физикалық құбылыстардың диалектикалық сипатын, физикалық теориялардың сабақтастығы, физиканы дамытудағы теория мен тәжірибе арақатынасының міндетін, танымдағы іс-тәжірибенің ақарар маңызын ашу;-ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарымен, атап айтқанда, кешенді автоматтандырумен, электрониканың және микропроцессорлық техниканың, роботты техниканың, аомдық энергетиканың дамуымен, жаңа материалдарды жасау және өңдеу технологиясымен, физика заңдарының техника және өндіріс технологиясында қолданылуымен таныстыру; -қайсыбір эксперименттік икемділікті қалыптастыру, құралдар мен аспаптарды пайдалана білу; өлшеу нәтижелерін шығара білу, және тәжірибе мәліметтері негізінде қорытынды жасай білу, қауіпсіздік техникасы ережесін сақтай білу; -оқу материалын саралау принципін жүзеге асыру – негізгі фактілер, ұғымдар, заңдар, теорияларды және физика ғылымының әдістерін оқып үйренуге, теория негізінде физикалық құбылыстарды кең ауқымды қорытындылауға үйрету ; -физикалық құбылыстарды, тәжірибе нәтижелерін аспап пен қондырғылардың жұмыс тәртібін өз бетінше түсіндіріп беруге, ғылымның негізгі бастапқы қағидаларын қолдана білуге үйрету; -оқушылардың жалпы ғылыми ойлауын дамыту – физикалық құбылыстардың, заңдар мен заңдылықтардың, қағидалардың мәнін олардың болу себептерін түсіндіру, құбылыстардың қалай болатынын алдын-ала болжау;-оқушыладың алған теориялық білімдерін, табиғатта, техникада, өмірде, жұмыста кездесетін физикалық құбылыстарды түсіндіруге қолдана білуге үйрету;

28 МКТ-ның негізгі қағидаларын түсіндіріңіз жəне оның эксперименттік дəлелдерін атаңыз. Заттың агрегаттық күйлері жəне фазалық ауысулардың анықтамасын беріңіз. Б Барлық денелер атомдар мен молекулалардан тұрады. Заттың атомдары мен молекулалары бейберекет қозғалыс жасайды. Молекулалардың осындай қозғалысын жылулық қозғалыс деп атаймыз. Молекула - кинетикалық теорияның (МКТ) негізгі мақсаты – макраскопиялық денелердің қасиеттерін, оларда болып жататын жылулық процестерді түсіндіреді. МКТ - нің негізгі қағидалары: 1. Барлық денелер микробөлшектерден тұрады. 2. Денедегі микробөлшектер үздіксіз және хаосты қозғалыста болады. 3. Денедегі микробөлшектер өзара әрекеттеседі. Диффузия – бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулааралық кеңістігіне еніп кетуі. Броундық қозғалыс дегеніміз – сұйықта немесе газда қалқып жүрген қандай да бір қатты заттың өте ұсақ бөлшектерінің сұйық немесе газ молекулаларының соққыларының әрекетінен бейберекет қозғалуы. Атом және молекулалардың өлшемі мен массасы өте аз. Заттың салыстырмалы молекулалық массасы Бізді түрлі денелер қоршап тұр. Денелер әртүрлі заттардан тұрады. Заттардың ең ұсақ бөлшегі молекула болып табылады және заттың химиялық қасиеттері қандай болса, молекуланың қасиеттері де сондай болады. Кез келген нақты зат тек сол заттың ғана молекулаларынан тұрады: су — су молекулаларынан, оттек — оттек молекулаларынан құралған және т.с.с. Заттар кәдімгі жағдайда әртүрлі күйде болады: су — сұйық, оттек — газ, ас тұзы — қатты зат. Заттардың қатты, сұйық және газ тәрізді күйлері агрегаттық күй деп аталады.

Қатты, сұйық және газ күйіндегі заттардың құрылысы қандай болуы мүмкін? Құрылысының ерекшелігіне байланысты заттардың қасиеттері қандай болады? Тоңазытқыштан алдын ала дайындалған мұз кесегін алып, оны мөлдір, температураға төзімді ыдысқа салып қыздыруды бастаймыз. Қыздырғанда мұз біртіндеп еріп суға айналады. Бұл кезде зат қатты күйден сұйық күйге ауысады. Бұл процесс балқу деп аталады. Егер сұйықтықты бірнеше минут қайнатсақ, оның көлемі азаяды. Бұл процесс қайнау деп аталады. Су қайда кетті? Ол буға айналады — бу көзге көрінбейді. Егер ыдысқа су құйып қалдырсақ, ол да қайнамай-ақ буға айналады. Бұл процесс булану деп аталады және ұзаққа созылады. Су буы — судың үш күйінің бірі. Су кәдімгі жағдайда бір мезгілде қатты, сұйық және газ күйінде бола алады. Кез келген зат іс жүзінде әртүрлі агрегаттық күйде кездеседі, тек оларды бақылау өте қиын. Атомдардан немесе молекулалардан тұратын кез келген зат ортаның жағдайына қарамастан, белгілі бір агрегаттық күйде болуы мүмкін: қатты, сұйық немесе газ тәрізді. Заттардың бір күйден екінші күйге ауысуы практикада кең қолданылады. Бір агрегаттық күйден басқа күйге ауысқанда заттардың молекулалары өзгеріске ұшырамайды. Кез келген агрегаттық күйге ауысқанда су молекуласы мөлшері жағынан да, құрамы жағынан да өзгермейді, оттек молекуласы да сол сияқты өзгеріске ұшырамайды. Заттың құрылысы тек қана атомдардың молекулаларда орналасуына ғана тәуелді емес, бұл бөлшектердің кеңістікте орналасуына да байланысты.

29 Электр зарядының анықтамасын беріп, оның қасиеттерін атаңыз. Электр заряды – бөлшектер мен денелердің сыртқы электромагниттік өріспен өзара әсерін, сондай-ақ олардың электрмагниттік өрістерінің өзара байланысын анықтайтын негізгі сипаттамалардың бірі.

Электр заряды 2 түрге ажыратылады және ол шартты түрде оң заряд және теріс заряд деп аталады. Аттас зарядтар бірін-бірі тебеді, ал әр аттас зарядтар бірін-бірі тартады. Дененің электр заряды оның құрамына енетін барлық бөлшектің Электр зарядының алгебр. қосындысына тең. Электр заряды дискретті, яғни барлық бөлшектер мен денелердің электр заряды еселі болып келетін ең кіші элементар электр заряды болады. Оқшауланған электр жүйесінде зарядтың сақталу заңы орындалады. Қозғалмайтын электр зарядының арасындағы өзара әсер Кулон заңымен, ал электр заряды және оның эл.-магн. өрісінің арасындағы байланыс Максвелл теңдеуімен сипатталады. Заттағы өрісті қарастырған кезде электр заряды еркін заряд және байланысқан заряд болып ажыратылады. Электр зарядының бірліктердің халықаралық жүйесіндегі (СИ) өлшеу бірлігі – кулон (к).

Электр зарядтарының қасиеттері:

- электр зарядтары оң және теріс болады, аттас зарядтар бір-бірінен тебіледі, ал әр аттас зарядтар бір-біріне тартылады;

- электр заряды релятивтік - инвариантты: ол қозғалыс кезінде мәнін

өзгертпейді, яғни оның шамасы санақ жүйесіне тәуелсіз;

- электр заряды аддитивті, яғни кез-келген жүйенің заряды жүйені

құрайтын бөлшектердің зарядтарының алгебралық қосындысына тең;