Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОНЦЕПЦИЯ ФИЗИКА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
188.75 Кб
Скачать

17 Сұрақ Абсолют уақыт пен кеңістік жөнінде Ньютон концепциясын тұжырымдаңыз.

Абсолюттік кеңістік - тәуелсіз денелердің орналасуына арналған үш өлшемділік бұрышты координаталық осьтер жүйесіндегі евклидтік кеңістік.Уақыт ұғымы адамның оқиғалардың ауысуын сезінуінің нәтижесінде, заттардың жағдайының біртіндеп өзгеруі арқылы жүзеге асырылады. Күнделікті адам санасында кеңістік пен уақыт үғымы қалыпты тұрмыстық жағдай ретінде есептелінеді, материя уақыт пен кеңістіктің аумағында қарастырылып, материя жоғалған күйде де, олар сақталып қала береді деп есептеледі. Мұндай көзқарас кеңістік пен уақытқа абсолютті мән береді, және бұл жайлы И.Ньютонның «Табиғат философиясының математикалық бастамалары» атты еңбегінде нақты анықтама берілді. Бұл жерде абсолютті кеңістік пен уақыт жаратылыстың материалдық процестерден тәуелсіз өзін-өзі басқаратын элементтері ретінде қарастырылады. Бұл концепция «қара жәшік концепциясы» деп аталады. Бірақ оларда субстанцияның ең маңызды қасиеті- әр түрлі денелерді тудыру қабілеті жоқ. Сонымен қатар басқа концепциялар да бар (Беркли, Мах, Авенариус тағы басқа) олар кеңістік пен уақытты адам санасына тәуелді етіп көрсетеді. Кеңістік пен уақыт мәселелері жақыннан әсер ету және алыстан әсер ету концепцияларымен тығыз байланысты. Алыстан әсер ету гравитациялық және электр күштерінің бір сәтте абсолюттік кеңістік арқылы таралуы, ең соңында өзінің көздеген мақсатына құдайдың буйрығымен жетеді. Ал жақыннан әсер ?кеңістікті зат пен эфирдің жалғасы ретінде қарастырады. Өзара әрекеттесу мен кеңістікті түсіну классикалық физиканың шеңберінде дами отырып, XX ғасырда одан әрі дамыды. Кеңістік пен уақыт қайтадан материя атрибуты ретінде оны анықтайтын байланыстары және өзара байланыстары арқылы түсіндірледі. Уақыт пен кеңістіктің қазіргі кездегі түсінігі А.Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы арқылы түсіндіріледі.

18 Сұрақ Дүниенің механикалық көрінісіне сипаттама беріңіз. Осы кезеңдегі жаратылыстанудағы детерменизм дегеніміз не?

Қазіргі заманы ғылым философиясының кейбір бастама идеяларын антик заманыфилософиясынан кездестіруге болады. Оған ертедегі Грецияның диалектикалық ойлау әдісін, математикалык, білімдерді құрудың аксиомалық әдісін және Аристотельдің формальдық логикасын жатқызуға болады. Ертедегі тәжірибелік білімдерінің дамыған жүйесі болмағандықтан, XVII ғ. Жаңа заман ғылымына тәжірибелік зерттеудің жаңа әдіс-тәсілдерін жасаудан бастауға тура келді. Осы мақсатта ағылшынның XVII ғ. философы Ф.Бэкон зерттеудің индукциялық әдісін жасады. Сонымен қатар италиян ғалымы Г.Галилей бақылау мен математикалық есептеу әдісін біріктіретін әлдеқайда күрделі де нәзік зерттеу әдістерін жасады. Олардың ішіндегі ең бір маңыздысы — эксперименттік әдісті Галилей механикалық қозғалыстың қарапайым формаларын зерттеу үшін қолданды. Бұл әдістің ерекшелігі сол, ол табиғат құбылыстарын натурфилософтар сияқты белгісіз бір күштердің және натурфилософиялық принциптердің көмегімен түсіндіруден бас тартты. Мұның орнына ол арнайы экспериментгер жасап, солардың көмегімен белгілі бір гипотезалар құру арқылы табиғатқа "сұрақтар қоя" бастады. Ол гипотеза-сұрақтарды тексеру үшін эксперименттердің нәтижесін математикалық тұрғыдан өндеу тәсілін қолданды. И.Кеплер планеталар қозғалысының заңдарын ашты және ақыр соңында И.Ньютон жасаған классикалық механика мен гравитация теориясы дүниенің механикалық көрінісін (бейнесін) жасауды аяқтады.

Дүниенің бұл ғылыми бейнесінің негізін құрған шындық дүниені ең жалпы детерминистік зандар басқарады деген түсінік болды, яғни дүниенің механистік көрінісінің мәні механикалық детерминизм принципінде деген ұғым берік орнады. Осы тұрғыдан қарағанда, шындық дүниеде барлық заттар мен құбылыстар механикалық себептер мен салдарлардың үздіксіз байланысынан тұрады, сондықтан олардың бәрі алдын-ала белгіленген деген түсінік үстем болды.Астрономияда, физика мен химияда үстем идеяға айналған құбылыстардың өзара заңды байланысы туралы түсінік социология ғылымының бастамашысы болған және классикалық позитивизмнің негізін салған Огюст Контқа қатты әсер еткені сонша, ол механистік принципті қоғам өміріне қолдануға кірісті. Ол қоғамдық ғылымдардағы түрліше қияли-утопиялық жобалардан бас тартып, әлеуметтік өмірдің нақты фактілерін зерттеуге кірісу қажет, оларды мұқият талдау, жүйеге келтіру және жалпылау арқылы социологияны әлеуметтік физикаға айналдыруға болады деп есептеді. Ал ғылым философиясына келсек, ол ғылым ешқандай философияны қажет етпейді, нақты ғылымдардың үстінен қарайтын, сөйтіп оларға өз принциптерін жүктейтін метафизикадан ешқандай пайда жоқ деп санады. Сондықтан позитивтік (оң) философияның міндеті ғылыми танымның нақты нәтижелері мен қорытындыларын жай талдау, классификациялап, жүйеге келтіру ғана деп тұжырымдады О.Конт. Оның пікірінше, ғылым қайсы бір құбылыстар не себепті пайда болды деп сұрақ қоймастан, қалай пайда болғанын жай баяндап беруге міндетті. Осылайша құбылыстардың түпкі себебі мен мәнін зерттеуден бас тарту кейіннен позитивизмнің басты бір ережесіне айналды.Белгілі ағылшын философы, экономисті Джон Стюарт Милль "Логика системасы" деген кітабында ғылымды индукциялық логиканың көмегімен тәжірибелік түрғыдан негіздеу дәстүрін жалғастыра отырып, өзінен бұрьш Ф.Бэкон тұжырымдаған индукцияның ережелерін жүйеге келтіріп, әрі қарай жетілдірді. Тәжірибеге жүгіну индукцияны негіздеу үшін жеткіліксіз екенін түсіне отырып, Милль табиғаттың біркелкі екендігі туралы априорлық принципті енгізді, сөйтіп эмпиризмнен алшақ кетті.XIXғ. аяғы мен XX ғ. басына қарай ғалымдардың назары жаратылыстануда революция тудырған физика мен химияда болған ұлы жаңалықтарға ауды. Табиғи радиоактивтіктің ашылуы, энергияның сәулеленуі мен жұтылушының дискреттік сипаты, бұған дейін материяның әрі қарай бөлінбейтін ең кіші бөлшегі деп есептеліп келген атом құрылысының күрделі екендігінің ашылуы — мұның бәрі классикалық физика жасаған дүниенің ғылыми көрінісі жайлы ғалымдардың түсінігін түбірінен өзгертті. Оның орнына кванттық механика мен салыстырмалылық теорияға сүйенген дүниенің жаңа ғылыми көрінісі келді. Бірақ материя, энергия, кеңістік пен уақыт туралы бұрынғы түсініктердің түбірлі өзгерісі ғалымдардың кейбір тобының арасында ғылым зандары мен ұғымдарының объективтік мазмұнына күмәнданушылық тудырды. Мұндай релятивизмді жақтаушылар, егер ұғымдарымыз бен принциптеріміз өзгереді екен, онда олардың мазмұнында анық ақиқат ештеңе болмағаны деп пайымдады. Мұндай жағдайда ғылыми білімдердің салыстырмалылық мәселесі, салыстырмалы және абсолюттік ақиқаттардың арақатынас проблемасы бірінші қатарға шығатыны табиғи нәрсе.

Механицизм – шындықтың барлық процестерін классикалық механиканың заңдары негізінде түсіндіретін дүниеге көзқарас. Механицизм механицистік дүниетанымға негізделеді: дүниенің сапалық көптүрлілігі жоққа шығарылып, күрделі қарапайымға, тұтас бөліктердің жай ғана қосындысына саяды, механиканың ұғымдары мен принциптері абсолюттендіріліп, философиялық категориялар (мысалы, өзара байланыс, себептілік, заңдылық, т.б.) механикалық тұрғыдан түсіндіріледі. Механицизмнің пайда болуы мен кеңінен таралуы 17 – 18 ғасырлардағы классикалық механиканың жетістіктерімен байланысты болды. Сол кездегі көптеген ғалымдар (Галилей, Ньютон, Лаплас, т.б.), оның ішінде философтар (Гоббс, Ламетри, Гольбах, т.б.) механицистік көзқарасты ұстанған. Классикалық механика материя, қозғалыс, кеңістік пен уақыт, себептілік жөніндегі түсініктерді тұжырымдап, ғылым мен философияның дамуында айтарлықтай рөл атқарды. Механиканың заңдарын абсолюттендіру дүниенің механикалық бейнесін жасауға әкелді. Ол бүкіл әлем (атомдардан планеталарға дейін) қозғалысы классик. механиканың заңдарына бағынатын, өзгермейтін элементтерден тұратын жүйе деп есептелген ойлаудың метафизикалық тәсілінің пайда болуына алып келді. Кейіннен Механицизм деп қозғалыстың барлық формаларын механикалық қозғалысқа ғана емес, жалпы күрделіні қарапайымға, жоғарыны төменгіге (мысалы, биологиялық қозғалысты физикалық немесе химиялық қозғалысқа, т.с.с.) теңестіруді айтатын болған. Диалектикалық ойлау әдісіне көшу нәтижесінде Механицизм ғылыми танымнан ығыстырылып шығарылды. Механицизмнің кейбір көріністері 20 ғ. ғылымында кванттық механиканы, кибернетиканы, т.б. түсіндіру кезінде орын алды.

Детерминизм ( лат.determinare – анықтаймын) тұрмыс құбылыстарының жалпыға ортақ себепті-салдарлы анықтылығы жәніндегі ілім. Детерминизм идеясы ежелгі дүниеде пайда болып, одан бергі барлық жаратылыстанулық-ғылыми және философиялық оймен бірге келеді. Демокрит барлық нәрсе қажеттіліктен туындайды, осыны себептілік деп есептеді. Аристотель себептіліктің тәрт түрін анықтады:

Ресми материалды қозғалысты мақсатты

Еуропалық жаратылыстанулық-ғылыми және философиялық ой (Ф. Бэкон, Г. Галилей, Р. Декарт, И. Ньютон, Б. Спиноза және т.б.) детерминизм тұжырымын одан әрі дамытуға септігін тигізді. Осы кезде классикалық механика жетістіктерінің ықпалымен механикалық детерминизм тұжырымы қалыптасты, оның мәнін Лаплас былай түсіндірді: егер дәл қазір табиғат тылсым күшінің қолданылар нүктелері жайлы бәрін білетін ақыл болса, онда ол әлемнің әткені мен болашағы туралы да білер еді.

Детерминизмнің екі негізгі түрі бар: