- •1.Жаратылыстану түсінігі мен мақсаттарын қалай түсінесіз? Концепция деген не? Жаратылыстанудың түрлері.
- •2.Физиканың негізгі міндеттері мен мақсаттарын сипаттаңыз. Физика қандай салаларға бөлінеді? Физика сөзін қалай түсінесіз және физика қандай табиғат құбылыстарында кездеседі? Мысал келтіріңіз.
- •3.Физиканың қандай салалары және физиканың қандай құбылыстары біздің эрамызға дейін белгілі болды? Mысал келтіріңіз.
- •6. Қазақстанда жаратылыстану қалай өркендеді? Ежелгі Қазақстандағы қалалар және олардың архитектурасы туралы нені айтуға болады?
- •Табиғаттағы күштердің түрлері
- •Бүкіл әлемдік тартылыс тұрақтысы
- •Негізгі түсініктер
- •13.Динамиканың негізгі үш заңын сипаттап бере аласыз ба? Инерция өмірде кездесе ма?
- •14.«Энергия» – осы сөздің мағынасын қалай түсінуге болады? Табиғатта энергияның қандай түрлері кездеседі? Энергияның сақталу заңы туралы не айтасыз?
- •15.Молекулалық физика нені зерттейді? Молекулалық физиканың қандай салаларын білесіз? Идеал газ бен реал газды салыстырыңыз.
- •16. Молекула – кинетикалық теорияның негізгі үш қағидасы қандай? «Броундық қозғалысты» қалай түсінесіз? Мысал келтіріңіз.
- •17. Газдардың молекула – кинетикалық теориясы туралы не айта аласыз? Қандай макроскопиялық шамаларды білесіз? Изопроцестер деген не?
- •18. «Температура» деген ұғымды қалай түсінесіз және қандай температуралық белгілеулер сізге аян? Жылулық құбылыстары, тасымалдың түрлері туралы не айтуға болады?
- •22. Найзағай түрлері және қорғану. Электр тогымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін қалай сақтауға болады? Электр тогын үнемдеу туралы не айтар едіңіз?
1.Жаратылыстану түсінігі мен мақсаттарын қалай түсінесіз? Концепция деген не? Жаратылыстанудың түрлері.
Жаратылыстану ғылымдары - табиғатты зерттеумен айналысатын ғылымдардың жиынтық атауы; табиғат құбылыстары мен олардың дамуының жалпы заңдарын танумен шұғылданатын ғылымдар жүйесі. Еуропада қайта өрлеу кезеңінде (15 ғ-дың 2-жартысы) табиғатты жете зерттеуге байланысты қалыптасты. Кейін, 18 ғ-да Жаратылыстану ғылымдары бірыңғай жүйеге келтірілді.Жаратылыстану ауқымы түрлі табиғат нысандарын (ғарыштық жүйеден бастап микродүниеге дейін), дүниенің жалпы қасиеті мен құрылымын, тірі табиғатты, біздің планетамыздан тыс жатқан нысандарды, сондай-ақ, Жерді қамтиды. Жаратылыстану ғылымдары біріншіден, ғылыми дәлдігімен және жүйелілігімен, екіншіден, табиғат қорларын пайдалану құралы ретіндегі өзінің практикалық мәнімен ерекшеленеді.
Жаратылыстануға енетін ғылымдар былайша топтастырылады: 1) физика, химия; 2) биология, ботаника, зоология; 3) анатомия, физиология, генетика; 4) геология, минералогия, палеонтология, метеорология, география (физикалық); 5) астрономия (астрофизика және астрохимия). Кейбір табиғат зерттеуші ғалымдар математиканы Жаратылыстану ғылымдарына жатқызбайды, бірақ, осы ғылымдардың таным құралы ретінде қарастырады. Жаратылыстану ғылымдарын зерттелу әдісіне қарай нағыз деректер мен байланыстарды зерттей отырып, ережелер мен заңдарды қорытып шығаратын сипаттаушы және дерекпен байланысты математикалық формалармен толықтырып отыратын дәл ғылымдар деп ажыратады. Табиғат туралы нақты ғылым зерттеулермен шектелсе, қолданбалы ғылым (медицина, ауыл шарушылығы, орман шаруашылығы және техника ғылымдарын жалпы алғанда) ғылыми зерттеулерді және табиғатты өзгертуге пайдаланылады.
Концепция.
* Белгілі бір құбылыстарға бір-бірінен шығып отыратын өзара байланысты көзқарастар жүйесі немесе бір нәрсеге деген негізгі жалпы ой.
Ожиков бойынша «Концепция - белгілі бір затқа деген негізгі ой, көзқарастар жүйесі».
Энциклопедиялық сөздікте концепция ( латынның «conceptio» - түсіну, жүйе дегенді білдіреді) іс-әрекеттің түрлі бағыттарын, белгілі бір құбылыстарды түсіну тәсілі. Концепциялық көзқарас түрлі құбылыстарға, ал педагогикада педагогиканың негізгі категорияларын түсіндіруде қолданылуы мүмкін және бір құбылысқа немесе затқа бірнеше бағыттағы концепциялар қалыптасуы мүмкін.
Концепция дегеніміз не? Ғылыми зерттеулердің нәтижесі болып теориялар, заңдар, модельдер, гипотезалар, эмпирикалық тұжырымдар болатындығы белгілі. Әрқайсысының өз мәні, мағынасы бар, бірақ бұл түсініктерді бір ғана “концепция” сөзімен ақ біріктіруге болады. Яғни “концепция” термині белгілі бір көзқарастардың жүйесі, белгілі бір құбылыстардың, процестердің түсінігі, белгілі бір туындының басты ойы ретінде түсінілуі .
Ғылыми методологиялық көзқарастардың ішіндегі ең жақсы тұжырымдалып, фундаменталды түрде зерттелгені – эволюция концепциясы болып табылады. Эволюциялық концепция қазіргі заманғы әлемдегі бүкіл ғылымның негізін құрайды десек те қателеспейміз. Біз осы концепцияға сүйене отырып, қоғам мен табиғат арасындағы процестердің байланыстары мен арақатынастарын айқындайтын жаратылыстанудың басқа барлық концепцияларын дұрыс түсініп және түсіндіріп бере аламыз.
