- •1.Қазақстанда тағамтану саласының даму тарихын атаңыз
- •2.Организмдегі заттек алмасуының анықтамасы,эенргия алмасуын атаңыз
- •3.Энергетикалық баланс оның түрлері
- •4.Тәуліктік энергия шығыны оның жіктелуі түрлері
- •5.Реттелінбейтін энергия шығыны, негізгі зат алмасу және азық түліктің өзіне тән динамикалық әрекеті
- •6.Адам ағзасына микронутриенттер мен микронутриенттердің маңызын және олардың жіктелуі
- •7.Белок,оныңанықтамасы жіктелуі,белоктың қызметтерін,тәуліктік мөлшері мен тағамдық көздерін атаңыз
- •8.Аминқышқылдарының жіктелуі,алмастырылмайтын амин қышқылдарын атаңыз Амин қышқылдарының жіктелуі
- •9.Майлар олардың жіктелуі майлардың қызметтері тәуліктік мен тағамдық көздерін атаңыз
- •Липидтердің қызметтері[өңдеу]
- •10.Май тәріздес заттектер жіктелуі,түрлері,олардың қызметтері мен тағамдық көздерін атаңыз
- •11.Көмірсулар олардың жіктелуі,маңызы,тәуліктік мөлшері мен тағамдық көздерін атаңыз
- •12.Жай көмірсуларды атаңыз,олардың адам ағзасына маңызын және атқаратын қызметтерін атаңыз
- •13.Күрделі көмірсуларды атаңыз,олардың адам ағзасына маңызын және атқаратын қызметтерін атаңыз
- •14.Дәрумендердің жіктелуі,маңызы және олардың қызметтерін атаңыз
- •Дәрумендердің топтары мен түрлері
- •В1 дәруменi
- •15.Минералдық элементтердің жіктелуі,олардың тамақтанудағы маңызы
- •16.Халықтың нақты тамақтануын зерттеу әдістерін және оларды жүзеге асыру әдістемесін атаңыз Тамақтану[өңдеу]
- •17.Тәуліктік энергия шығынын анықтау әдістерін және оларды жүзеге асыру әдістемесін атаңыз
- •18.Балалар мен жасөспірімдердің тамақтану ерекшелігін атаңыз
- •20.Қарттар мен егде жастағы адамдардың тамақтануына қойылатын талаптар
- •50.Азық түліктің санитариялық эпидемиологиялық сараптама актісінің тараулары мен мазмұнын көрсетіңіз
- •52.Азық түліктің органолептикалық қызметтерін анықтау көрсеткіштерін атаңыз және сипаттаңыз
- •53.Жармалардың тағамдық және биологиялық құндылығын көрсетіңіз
- •54.:Жармаларға қойылатын гигиеналық талаптар
- •5. Ұн тарту, жарма және крахмал-сiрне өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
- •6. Ұн тарту, жарма және крахмал-сiрне өнiмдерiн әзiрлеуге қойылатын талаптар
- •55.Ұнның тағамдық және биологиялық құндылығын көрсетіңіз
- •56.Ұнның түрлеріне қойылатын гигеналық талаптарды сипаттаңыз
- •57.Нанның тағамдық және биологиялық құндылығын көрсетіңіз
- •58.Нанның сапасына қойылатын гигиеналық талаптарды сипаттаңыз
- •59.Нанның бүліну белгілерін көрсетіңіз
- •60.Сүттің тағамдық және биологиялық құндылығын
- •61.Сүттің сапасына қойылатын гигиеналық талаптар
- •62.Сүт арқылы адамға берілетін ауруларды және олардың алдын алу жолдарын сипаттаңыз
- •63.Қышқылды сүт өнімдерінің жіктелуін және оларды алу жолдарын сипаттаңыз
- •64.Еттің тағамдық және биологиялық құндылығын сипаттаңыз
- •Ет және ет өнімдерінің базардағы айналым шарттары
- •4. Етті дайындау мен ет өнімдерін өндіру кезіндегі қауіпті факторлар (қатерлер)
- •66.Ет арқылы адамға берілетін гелминтоздарды және олардың алдын алу
- •67.Ет арқылы адамға берілетін жұқпалы ауруларды және олардың алдын алу жолдарын сипаттаңыз
- •68.Трихинеллездің эпидемиологиялық жұғу тізбегін,клиникалық белгілерін және алдын алу шараларын сипатттаңыз
- •Тарихы[өңдеу]
- •Зияндығы[өңдеу]
- •70.Эхинококкозың эпидемиологиялық жұғу тізбегі
- •71.Тениидоздың эпидемиологиялық жұғу тізбегі
- •Қоздырғышы[өңдеу]
- •Эпидемиялық процес[өңдеу]
- •Cellulosis – бен ми, көз жарақаттанса, цистицеркоздың клиникалық көріністері.[өңдеу]
- •Диагноз қою.[өңдеу]
- •Емдеуі[өңдеу]
- •Эпидемиологиялық қадағалау, эндемияға қарсы эәне алдын алу шаралары[өңдеу]
- •72.Шұжық өнімдері
- •74.Балық еті
- •Балық етінің құрамы[өңдеу]
- •Балық түрлері[өңдеу]
6.Адам ағзасына микронутриенттер мен микронутриенттердің маңызын және олардың жіктелуі
Біздің ағзамызға қатысты «маған үнемі бірдеңе жетіспейді» деген сөз әділ айтылған, оған қоса жыл бойы ауытқып отырады. Мысалы, кальций қысқа қарай азайып, ең жоғары мөлшері жаз айларында болады. Бұл жылы уақытта қалқанша бездердің қарқынды жұмыс істеуменен байланысты, калций алмасуды реттейтін D дәруменін игеру жақсы жүреді.
Жаз уақытында темір, марганец, кремний жоғары деңгейде болады. Қыс айларында олардың тапшылығы аллергиялық реакцияның, қан өндірілу жұмысының бұзылуымен байқалады, шаш пен тері көмескіленіп, құрғақтанады.
Ағзадағы мырыш пен мыс мөлшері жыл бойы тұрақты болады, оның сәл төмендеуі көктемде ғана байқалады – иммунитет төмендейді, беттің түсі нашарлайды.
Ал хром мөлшері, керісінше, көктемде көтеріледі. Ол көмірсулар алмасуына қатысатын ферменттер құрамына кіреді.
Селен - «қысқы» микроэлемент. Бұл тамақпен байланысты: жылдың суық мезгілінде дастарқаннан селен тасымалдаушы тағамдар орын алады – олар капуста, жаңғақтар, сарымсақ. Мұндай ас мәзірі шаш пен тырнаққа оң әсер береді. Бірақ селеннің шектен тыс мөлшері қауіпті, әрі асқазан ауруының ғана емес, шаш түсуінің де себебі болуы мүмкін.
Ағзаның химиялық құрамының маусымдық ауытқуын ғалымдар акклиматизациялық тапшылық деп атайды. Теңдестірілген тамақтану және арнайы препараттардың көмегімен ағзаны күнтізбе мен ауа райына қарамастан қажетті элементтермен қамтамасыз ету керек.
Бұны Қазақстан Республикасының Тағам академиясының президенті, профессор Төрегелді Шарман-
ов та ұсынады: «Нутриенттердің тапшылығынан болатын сырқат барлық белгілі аурулардың шамамен 75-80% құрайды, әрі олардан келетін әлеуметтік-экономикалық шығын да аз емес. Қалыпты тіршілік үшін қажетті тіпті аз мөлшердегі микро- және макронутриенттердің үнемі жетіспеушілігі көптеген ауруларды туғызып, ушықтырады».
Сонымен, дәрумендер және биологиялық маңызды элементтер қалыпты тіршілік үшін қажет. Ағзаға олар тамақпен бірге түсуі тиіс, ал олардың мөлшерінің аздығы сондай, оларды микронутриенттер деп атайды.
А дәрумені (ретинол, «сұлулық дәрумені») жасушалардың көбеюін ынталандырады, терінің мүйіздену процесін реттейді. Бұл дәрумен бауырда, етте және балықта бар. Өсімдік өнімдерінде тек А провитамині (каротин) бар, сондықтан оның игерілуі үшін майлар қажет: май, кілегей. Тапшылық белгісі: шынтақ және тізе терілерінің мүйізделуі, тырнақ бетінің кедірленуі, бет терісінің қабыршақтануы, қараңғылықта көру қабілетінің нашарлауы («тауықтың соқырлығы»). А дәруменінің көп мөлшері қауіпті: еріндер жарылып, ісінулер болады, жүйкенің қозғыштығы артады.
С дәрумені (аскорбин қышқылы) еркін радикалдардан қорғайды және ағзаның қорғаныс қызметін арттырады. Ол итмұрын, мүкжидек, бүрген, қарақат жидектерінде, цитрус өсімдіктерінде, болгар бұрышында, әскөк пен ақжелкен шөптерінде көп. Дәруменнің жетіспеушілігі тері пигментациясының бұзылуына, әлсіздікке, ұйқышылдыққа, жұқпалы ауруларды қабылдауды арттыруға алып келеді. Мөлшерден тыс пайдалану қауіпсіз: С дәрумені ағзадан табиғи түрде шығады.
«Қыс уақытында С дәрумені бар тағамдарды көбірек пайдалануға кеңес берер едім. Естеріңізге сала кетейін, бұл дәрумен ағзадан шықпайды, оған тыстан келіп түседі. Егер қалталарыңыз көтерсе, лимон, мандарин, апельсин жеңіздер. Ақша жағы тапшы болса – дәрумендерді дәріханадан сатып алыңыздар», - деп кеңес береді Төрегелді Шарманов.
В2 дәрумені (рибофлавин) зат алмасуды қалыпқа келтіреді, оттегінің «тасылмалдануына» көмектеседі. Дәрумен көздері: ет, балық, ірімшік, жұмыртқа, жаңғақтар, жүгері, түрлі-түсті орамжапырақ, шөптер. В2 дәруменінің тапшылығы мерзімінен бұрын солуға алып келеді: шаш майланады, қайызғақ пайда болады, тіс эмалі қарайып, жарылады, көз және ерін айналасында әжім пайда болады, езу жарылып, қанайды.
