- •1.Қазақстанда тағамтану саласының даму тарихын атаңыз
- •2.Организмдегі заттек алмасуының анықтамасы,эенргия алмасуын атаңыз
- •3.Энергетикалық баланс оның түрлері
- •4.Тәуліктік энергия шығыны оның жіктелуі түрлері
- •5.Реттелінбейтін энергия шығыны, негізгі зат алмасу және азық түліктің өзіне тән динамикалық әрекеті
- •6.Адам ағзасына микронутриенттер мен микронутриенттердің маңызын және олардың жіктелуі
- •7.Белок,оныңанықтамасы жіктелуі,белоктың қызметтерін,тәуліктік мөлшері мен тағамдық көздерін атаңыз
- •8.Аминқышқылдарының жіктелуі,алмастырылмайтын амин қышқылдарын атаңыз Амин қышқылдарының жіктелуі
- •9.Майлар олардың жіктелуі майлардың қызметтері тәуліктік мен тағамдық көздерін атаңыз
- •Липидтердің қызметтері[өңдеу]
- •10.Май тәріздес заттектер жіктелуі,түрлері,олардың қызметтері мен тағамдық көздерін атаңыз
- •11.Көмірсулар олардың жіктелуі,маңызы,тәуліктік мөлшері мен тағамдық көздерін атаңыз
- •12.Жай көмірсуларды атаңыз,олардың адам ағзасына маңызын және атқаратын қызметтерін атаңыз
- •13.Күрделі көмірсуларды атаңыз,олардың адам ағзасына маңызын және атқаратын қызметтерін атаңыз
- •14.Дәрумендердің жіктелуі,маңызы және олардың қызметтерін атаңыз
- •Дәрумендердің топтары мен түрлері
- •В1 дәруменi
- •15.Минералдық элементтердің жіктелуі,олардың тамақтанудағы маңызы
- •16.Халықтың нақты тамақтануын зерттеу әдістерін және оларды жүзеге асыру әдістемесін атаңыз Тамақтану[өңдеу]
- •17.Тәуліктік энергия шығынын анықтау әдістерін және оларды жүзеге асыру әдістемесін атаңыз
- •18.Балалар мен жасөспірімдердің тамақтану ерекшелігін атаңыз
- •20.Қарттар мен егде жастағы адамдардың тамақтануына қойылатын талаптар
- •50.Азық түліктің санитариялық эпидемиологиялық сараптама актісінің тараулары мен мазмұнын көрсетіңіз
- •52.Азық түліктің органолептикалық қызметтерін анықтау көрсеткіштерін атаңыз және сипаттаңыз
- •53.Жармалардың тағамдық және биологиялық құндылығын көрсетіңіз
- •54.:Жармаларға қойылатын гигиеналық талаптар
- •5. Ұн тарту, жарма және крахмал-сiрне өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
- •6. Ұн тарту, жарма және крахмал-сiрне өнiмдерiн әзiрлеуге қойылатын талаптар
- •55.Ұнның тағамдық және биологиялық құндылығын көрсетіңіз
- •56.Ұнның түрлеріне қойылатын гигеналық талаптарды сипаттаңыз
- •57.Нанның тағамдық және биологиялық құндылығын көрсетіңіз
- •58.Нанның сапасына қойылатын гигиеналық талаптарды сипаттаңыз
- •59.Нанның бүліну белгілерін көрсетіңіз
- •60.Сүттің тағамдық және биологиялық құндылығын
- •61.Сүттің сапасына қойылатын гигиеналық талаптар
- •62.Сүт арқылы адамға берілетін ауруларды және олардың алдын алу жолдарын сипаттаңыз
- •63.Қышқылды сүт өнімдерінің жіктелуін және оларды алу жолдарын сипаттаңыз
- •64.Еттің тағамдық және биологиялық құндылығын сипаттаңыз
- •Ет және ет өнімдерінің базардағы айналым шарттары
- •4. Етті дайындау мен ет өнімдерін өндіру кезіндегі қауіпті факторлар (қатерлер)
- •66.Ет арқылы адамға берілетін гелминтоздарды және олардың алдын алу
- •67.Ет арқылы адамға берілетін жұқпалы ауруларды және олардың алдын алу жолдарын сипаттаңыз
- •68.Трихинеллездің эпидемиологиялық жұғу тізбегін,клиникалық белгілерін және алдын алу шараларын сипатттаңыз
- •Тарихы[өңдеу]
- •Зияндығы[өңдеу]
- •70.Эхинококкозың эпидемиологиялық жұғу тізбегі
- •71.Тениидоздың эпидемиологиялық жұғу тізбегі
- •Қоздырғышы[өңдеу]
- •Эпидемиялық процес[өңдеу]
- •Cellulosis – бен ми, көз жарақаттанса, цистицеркоздың клиникалық көріністері.[өңдеу]
- •Диагноз қою.[өңдеу]
- •Емдеуі[өңдеу]
- •Эпидемиологиялық қадағалау, эндемияға қарсы эәне алдын алу шаралары[өңдеу]
- •72.Шұжық өнімдері
- •74.Балық еті
- •Балық етінің құрамы[өңдеу]
- •Балық түрлері[өңдеу]
1.Қазақстанда тағамтану саласының даму тарихын атаңыз
Тағамтану, нутрициология (көне лат. nutrіtіo – тағам және logos – ілім) – адамдар мен жануарлар тағамын зерттейтін ғылым саласы. Қазақстанда Т-мен Тағамтану академиясы ЖАҚ айналысады.
Қоғамдық тамақтандыру — дайын өнімді дайындап, өткізетін жəне тұтынушыларға қызмет жасайтын халық шаруашылығының саласы. Əдетте, қоғамдық тамақтандыру — халықты кəсіпорындарда, асханаларда, мейрамханаларда, шайханаларда, буфеттерде, сондай-ақ асханадан, үй кухнясынан дайын тамақты үйге босату арқылы тамақтану. Оның кейбіреулері жұмыс немесе оқу орны бойынша тұтынушыларға қызмет көрсетеді.
2.Организмдегі заттек алмасуының анықтамасы,эенргия алмасуын атаңыз
Адам организміндегі энергия алмасуының ерекшеліктері.Зат алмасу процесі дегеніміз белгілі бір тәртіппен кезектесіп келіп отыратын әр түрлі химиялық реакциялардың жиынтығы. Организм мен қоршаған сыртқы орта арасында үздіксіз зат және энергия алмасуы болып тұрады. Сыртқы ортамен зат алмасу организмге оттек, су және қоректік заттардың түсуінен басталады. Сыртқы ортадан заттардың организмге енуінен бастап, ыдырау өнімдерін қайта тысқа шығаруға дейінгі күрделі өзгеру тізбегін зат алмасу деп атайды. Қоректенудің организмдегі алғашқы сатысы асқорыту процесі болып табылады.
Екінші сатысы – сіңіру немесе сорылу, яғни қарапайым заттардың қанға өтіп, организмнің клеткаларына таралуы.
Үшшінші сатысы – аралық алмасу. Ол клеткаларда өтеді.
Төртінші сатысы – сыртқа шығарылуы. Зат алмасуының ақырғы өнімдерінің /СО2, Н20, Н3 және басқа да заттардың/ сыртқа шығарылуы. Зат алмасу процесінің екі қыры бар:
Ассисмиляция – организмге сыртқы ортадан енген басқа зататрдан оның клеткаларында өзіне тән заттардың түзілуі.
Диссимиляция – ассимиляцияға қарама – қарсы процесс. Диссимиляция деп организм клеткаларындағы органикалық қосылыстардың энергияны босатып, шығара отырып ыдырауы мен тотығуын, ал босап шыққан энергияны тіршілік әрекетіне пайдалануын айтады.
Негізгі алмасу дегеніміз барынша тынып күйде тіршілік етуге организмге қажетті энергияның ең аз мөлшері.
Адам организміне қажетті бүкіл энергия азықпен келеді. Энергияның сақталу заңы – абсолютті заң. Адам мен жануар организмдері энергияның сақталу заңына бағынады.
Жылу бөле жүретін реакцияларды экзотермиялық, ал ал ортадан жылу сіңіре жүретін реакцияларды эндотермиялық деп ажыратады.
Қоректік заттардың жылу эффектісін, яғни калориялылығын арнайы құралдар – калориметрлер арқылы өлшейді. Организмде 1грамм май СО2 және Н2 0-ға дейін тотыққанда 9,3 ккал /38,9 кДж/, ал 1 грамм белок және көмірсу –4,1 ккал /17,2 кДж/ энергия бөліп шығарады.
Тотығу реакциялары – экзотермиялық реакциялар. Қоректік заттар биологиялық тотыққан кезде бөлініп шығатын энергияны бос энергия деп атайды.
Бос энергия белгілі – бір жұмыс атқаруға пайдаланылады. Мысалы, 180,16 грамм глюкоза организмде тотыққан кезде 686 ккал/моль 2881 кДж/моль бөлініп шығады.
Синтездік реакциялар жүретін ассимиляция /анаболизм/ процесінің өтуі үшін сырттан келетін энергия қажет. Биологиялық жүйелерде ассимиляция процестері экзотермиялық процестерге ұштасудың арқасында өтеді.
Катаболизм процесі анаболизм процесінің жүруін қамтамасыз етеді. Тірі организмдегі бос энергияны жинауда, сақтау мен тасымалдауға қабілетті көптеген органикалық заттар қалыптасқан. Бұл заттар макроэргиялық заттар деп аталады. Олардың құрамында энергияға бай байланыстар болады, бұл байланыстар толқынды сызықша / / белгісімен таңбаланады.
Аденозинтрифосфор /АТФ/ неғұрлым кең таралған макроэргиялық қосылыс болып табылады. Әр түрлі биологиялық жұмыстарды атқаруға жұмсалатын химиялық энергия АТФ гидролизделгенде босап шығады.
Керісінше, АДФ мен фосфаттан АТФ түзілу кезінде 7,3 ккал мөлшеріндей энергия жұмсалу тиіс. Сонымен, экзотермиялық реакциялар нәтижесінде АТФ молекулалары түзіледі, ал бұлардың гидролиздену энергиясы организмде жүретін эндотермиялық реакциялар үшін жұмсалады. АТФ энергиясы көптеген реакцияларға қатысады /биосинтез, механикалық әрекеттер, қозу, иондар мен молекулалардың клетка мембранасы арқылы тасымалдануы және т.б.
