- •1. Аймақтар мен қалалардың дамуын мемлекеттік реттеу әдістемесінің ғылыми анықтамасын беріңіз
- •2. Аймақтар мен қалалардың дамуының қазіргі жағдайын саралап көрсетіңіз
- •Қалалар дамуының қазіргі жағдайын саралау олардың дамуының экономикалық қауіпсіздігін бағалауды талап етеді. Аймақтар мен қалалардың дамуының қазіргі жағдайы:
- •Аймақтық деңгейлердегі басқару органдарының функциялары мен өкілеттіліктері қандай сипаттап жазыңыз
- •Аймақтық және қалалық экономикасының дамуының қатерлері жақтарын көрсетіңіз
- •5.Аймақтық инвестициялық –инновациялық саясаттың негізгі міндеттері мен принциптерін көрсетіңіз
- •6Аймақтық Серпiндi дамып келе жатқан қоғамды қалыптастыру және бюджеттік салықтық жүйені ретке келтіру жолдарын түсіндіріңіз
- •7.Басқарудағы жүйелік тәсілдер: Қаланың кешенді дамуын қамтамасыз ету жолдарын қарастырыңыз
- •8. Басқарудың ұйымдастыру құрылымы мен басқару нормасы: Еркін экономикалық аймақтарды атап мысалмен жазыңыз
- •11. Еэа дамыту жолдары мен мемлекеттік реттеу әдістерін түсіндіріңіз
- •9.Дамыған елдердегі аймақтық және қалалық саясат айырмашылығын көрсетіңіз
- •10.Елдің өндіргіш күштерін орналастырудың бас сызбасын және дамыту жолдарын түсіндіріңіз
- •12.Жергілікті басқару органдарының құрылымы мен жүйесі қандай болуы керек анықтаңыз
- •13.Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың құзыреті мен іс-әрекетін ұйымдастыру тәртібін өз бетіңізше түсіндіріңіз
- •14.Кешендік аймақтық дамудың маңызды қағидасын түсіндіріңіз
- •16. Қазақстандағы қалалық саясатты жүзеге асырудағы басқару ерекшелігін түсідіріңіз
- •17. Қазіргі кезеңдегі қалалық басқару жүйесiн жетiлдiру концепциясы өз бетіңізше түсіндіріңіз
- •18. Қала және Аймақ түсінігі және оның негізгі ұғымдарына анықтама беріңіз
- •19. Қала шаруашылығын басқару ғылымына анықтама беріңіз
- •20. Қала шаруашылығын басқару ғылымының мәні мен қағидаларын сипаттап жазыңыз
- •21. Қала шаруашылығын басқару ғылымының тарихын түсіндіріңіз
- •22. Қала шаруашылығын басқару ғылымының эволюциясын сипаттап жазыңыз
- •23. Қала шаруашылығын орнықты дамытудың стратегиялық мақсаттарын ашыңыз
- •24. Қала шаруашылығындағы еэа объективті қажеттілігі, рөлі және мәнін түсіндіріңіз
- •25. Қала шаруашылығындағы өндіріс секторына мысал келтіріңіз
- •26. Қала шаруашылығының экономикалық дамуын қамтамасыз ету бағыттарын ашыңыз
- •27. Қаладағы қаржылық-бюджеттік қатынастарды жетілдіру жолдарын табыңыз
- •28. Қалалардағы инвестициялық дағдарыс: жағдайларын талдау жолдарын анықтаңыз
- •29. Қалалардың экономикалық қауіпсіздігін бағалауды сипаттап жазыңыз
- •30. Қалалардың инвестициялық климаты және оны жақсарту жолдарын өз бетіңізше түсіндіріңіз
- •31. Қалалық басқарудың тиімділігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атаңыз
- •32. Қалалық бюджеттік жүйені құрау негіздерін атаңыз
- •33. Қалалық бюджеттің мақсаттары мен міндеттерін көрсетіңіз
- •34. Қалалық дамуды индикативтік жоспарлауды сипаттап жазыңыз
- •35. Қалалық дамуды стратегиялық жоспарлауды сипаттап жазыңыз
- •36. Қалалық жоспарлау және дизайн жасауға мысал келтіріңіз
- •37. Қалалық жоспарлау мен дизайның құрылым және көздерін анықтап түсіндіріңіз
- •38. Қалалық жоспарлаудың мәні, түрлері және мақсаттары қандай түсіндіріңіз
- •39. Қалалық инвестициялық-индустриальдық саясатты жүзеге асырудың экономикалық механизмдерін сипаттап жазыңыз
- •40. Қалалық сасатты жүргізу әдістері қандай екенін түсіндіріңіз
- •41. Қалалық саясатты жүзеге асырудағы басқарудың орнын түсіндіріңіз
- •42. Қалалық саясатты жүзеге асырудың шетел тәжірибесіне мысал келтіріңіз
- •43. Қалалық саясатты жүзеге асыру механизмдерін атаңыз
- •44. Қалалық саясаттың мәні мен мазмұнын түсіндіріңіз
- •45. Қалалық экономика пәні мен обьектісін сипаттап жазыңыз
- •46. Қалалық экономикаға сәйкес концепцияның мәні қандай өз бетіңізше түсіндіріңіз
- •47. Қалалық экономиканың зерттеу сатылары қандай сипаттап жазыңыз
- •48. Қалалық экономиканың тәсілдерін атаңыз
- •49. Қаланың еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану жолдарын сипаттап жазыңыз
- •50. Қаланың әлеуметтік шаруашылық дамуын басқарудың конститутциялық негіздерін түсіндіріңіз
- •51. Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына мысал келтіріңіз
- •52. Қоғамның әлеуметтiк дамуы және оның қала тыныс-тiршiлiгiне тартылуын өз бетіңізше түсіндіріңіз
- •53. Қолайлы қоршаған ортаны және орнықты жұмыс iстейтiн инфрақұрылымды ұстауды өз бетіңізше түсіндіріңіз
- •54. Қр бюджеті және жергілікті бюджет құрылымы неден құралатындығын түсіндіріңіз
- •55. Қр еркін экономикалық аймақтарды және оны реттеу тетіктерін атаңыз
- •56. Мемлекеттік аймақтық және қалалық саясат құрамы мен құрылымын көрстеіңіз
- •57. Мемлекеттік аймақтық экономикалық саясатының қалыптасуының қажетті шарттарын атаңыз
- •58. Мемлекеттік басқарудағы жүйелік тәсілдер: аумақтық даму саясаты қандай сипаттап жазыңыз
- •59. Мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының әкімшілік-ұйымдастырушылық қызметтерін түсіндіріңіз
- •60. Мемлекеттің Қалалық саясатының негізгі бағыттарын түсіндіріңіз
14.Кешендік аймақтық дамудың маңызды қағидасын түсіндіріңіз
Жетпісінші жылдардың соңында еуропаның дамыған елдері мен АҚШ-та аймақтарды дамытуда айқын мақсаттарға қол жеткізуде жеке және қоғамдық секторлардың бірігіп күш салуының құралы ретінде стратегиялық жоспарлауға қызығушылығы арта түсті.
Талдаудың өзі көрсеткендей, аймақтық қауымдастықтың стратегиялық жоспарлауға қарай бет бұруы:
экономиканың жаһандануы, салалардың ұтқырлығының жоғарылауы және әлемдік бәсекелестіктің өршуі, жұмыспен қамту және еңбекақы деңгейіне теріс әсерін берді.( Бұл аймақтарда инновациялық саясат пен бәсекелестікті көтерудің қажеттілігін күшейтеді);
басқару механизмдерінің күрделенуі (қарапайым тәжірибеде аймақтық билік өздерінің негізгі саяси сұрақтары жылдық қаражатты қалыптастыруда билік қызметінің маңызды параметрлерін беру екеніне көз жеткізді. Мұндай қадамның кемшіліктері, біріншіден, даму процесінің жылдамдығы мен күрделенуіне байланысты, екіншіден, тапсырмалардың белгіленген бағыттарына күш салуды және көптеген ұйымдардың үйлесімді күшін талап ететін қоғамдық-жеке серіктестіктердің таралуына байланысты айқындалды);
аумақтық классикалық әлеуметтік мәселелерді шешуде алға басуға ұмтылу (жұмыссыздық, кірістер мен әлеуметтік мәртебелерін ажырату, халықтардың қарама-қайшылығы, әлеуметтік қайшылықтар мен қақтығыстар);
құрылымдық дағдарыстардың күшеюі (революциялық құрылымдық қайта өзгеру, «деиндустриалдықң экономикалар, өнеркәсіп салаларында жұмысқа тұрудың төмендеуі. «Ақпараттық қоғамң жаңа тауарлар мен технологияларды ендіруді талап етеді, жаңа дағды мен біліктілікке қажеттілік туындайды, жұмыспен қамту саласында жаңа мүмкіншіліктер мен қиындықтар пайда болады).
15. Қазақстанда қала шаруашылығы практикасы қалай жүргізілуде өз бетіңізше түсіндіріңіз Қазақстанды өнеркəсіптендіру тұсында салынған қалаларға тəн мынандай ерекшеліктерді атап өтуге болады:
қызметінің біртектестігіне байланысты тар ауқымда мамандану (Ащысай, Қарсақпай — рудалық, Белоусовка, Зыряновск — шахтерлік, Алексеевка, Аягөз, Луговой, Моинты — көліктік, Мақат, Қосшағыл — мұнай өндіруші қалалар мен поселкелер болды);
ел аумағында орналасуының жоспарлылығы, пайдалы қазбалар қорына жақын салынуы;
Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Шымкент маңайында агломерациялардың пайда болып, серіктес қалаға айналуы;
тұрғындарының көп ұлттық құрамының болуы.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қалалардың дамуы елдегі əскери жəне экономикалық жағдаймен анықталған. Елімізде, бір жағынан, батыс аймақтардан стратегиялық маңызды кəсіпорындар мен тұрғындарды эвакуациялауға сəйкес ескі қалалар дамыса, екінші жағынан, табиғи байлықтарды əскери экономика қажеттігіне сай шұғыл игеруге байланысты жаңа қалалар қалыптаса бастайды. Өндірістің материалдық базасының күрт көтерілуіне жəне халық санының өсуіне байланы сты бұрынғы ауылселолар қала мəртебесіне ие болды. Олардың қатарынан Талдықорған, Макинск, Теміртау жəне т.б. қалаларды көре аламыз. 1945 жылы Қазақстанда 38 қала жəне 100 қала типтес по селкелер болды.
Соғыстан кейінгі жылдары жаңа қалалық қоныстардың пайда болуы мен дамуына əкімшілік жəне мəдени құрылым, жер қойнауын игеру, ірі өндірістік жəне көліктік құрылыс, тың жəне тыңайған жерлерді игеру тəріздес факторлардың əсер еткені белгілі. Соғыстан кейінгі қалпына келтіру жылдарының міндеті экономикалық жəне демографиялық потенциалдың орнын толтыру бол са, одан кейінгі жылдары қала дамуында сапалы өзгерістер кезеңі орнықты. Солтүстікте тың жəне тыңайған жерлерді игеруге жəне темір рудаларын шығаруға, батыста мұнай жəне химия өндірісінің дамуына, оңтүстік аймақтарда полиметалл рудаларын игеруге, орталықта көмір өндіруге жəне тағы басқаларға байланысты жаңа Рудный, Лисаковск, Шевченко, Жаңа Өзен, Кентау, Қаратау, Жаңатас, Абай, Саран, Шахтинск, Екібастұз, Ермак тəріздес қалалар пайда болды. Ондаған қалалар авто, темір, су көліктері жолдары тоғысқан жерлерде ауылдық мекендер мен теміржол стансалары негізінде пай да болса, кейбіреулері бірінші кірпішінен бастап қаланды. Екіншілерінің қатарына Арқалық, Шев ченко, Степногорск т.б. қалалары жатады. Соғыстан кейінгі жылдары 40 қала пайда болған. Қала тұрғындарының саны 1946 жылдан 1983 жылға дейін 3,9 есе өсіп, республика тұрғындарының 57 пайызын құраған.
Қазіргі кездегі қаланың қоныстандыру жүйесіндегі басымдылығы оның саяси, экономикалық жəне мəдени өмірдің орталығы ретіндегі сапалы мазмұнымен ғана емес, қала тұрғындарының ауыл тұрғындарына қарағанда көптігін көрсететін сандық қатынасынан да көрінеді. Қазақстанда 50 мыңнан 100 мыңға дейінгі халық саны бар 11 қала, 100–500 мың орталығындағы 20 қала жəне халық саны 1миллионнан асқан Алматы қалалары орналасқан. Аудандық жəне облыстық деңгейде маңызы бар ұсақ қалаларды қоспағандағы нұсқа осындай. Жалпы қазақстандықтардың 55 пайызы «қалалықтар» болып табылады, оның ішінде 15 пайызы, немесе 2,4 миллион адам, ұсақ қалаларда жəне жұмысшы поселкелерінде тұрады [7].
Қазіргі ғылымда қалаларды зерттеу тарихигеографиялық, экономикалықгеографиялық, жүйелік талдау жəне өзге де бағыттарда жүзеге асырылуы мүмкін. Тарихигеографиялық тұрғыдан қазақстандық қалаларды қалыптасу жəне даму сипатына байланысты бірнеше топтарға бөліп қарастырған жөн. Бірінші топты табиғи жолмен пайда болып, дамыған қалалар құрайды. Олардың қатарына Тараз, Отырар жатады. Екінші топтағы қалаларды мемлекеттік органдардың шешімі бойынша салынып, дамыған қалалар деп атай аламыз. Бұндай қалалар төңкеріліске дейін Ресей мемлекетінің боданындағы болған Қазақстанда əскери тосқауыл, бекініс ролін атқарған болса (Семей, Өскемен, қазіргі Павлодар мен Петропавл), төңкерілістен кейін Қазақстанның жер байлығын, пайда лы қазбаларын игеру мақсатында партия шешімімен салынды. Үшінші топ əскериөндірістік кешендік қалалардан тұрады. Төртінші топты өндіруші өнеркəсіп орталықтары құрайды. Аталған жіктеуге сүйене отырып, біз қазіргінің қалаларының мəртебесі жəне олардың даму болашағы көбінесе тарихи қалыптасу жəне даму қағидаттарына сай келетіндігіне көз жеткіземіз. Экономика географиялық тұрғыдан қала географиялық еңбек бөлінісінде белгілі бір орынды иемденетін экономикалық орталық болып табылады [8]. Елімізде бұл тұрғыдан қалалар өнеркəсіптік өндіріс шоғырланған орын жəне өзінде өндірілген өнімдердің негізін басқа аудандарға шығаратын транспорт торабы болып бөлінеді. Сонымен қатар қалалар кейде тек қана əкімшілік немесе əскери елді мекен міндетін атқарады; ғылыми, діни, жəне демалыс орталықтары саналады. Өзінің географиялық жағдайына жəне атырабының экономикалық игерілуіне байланысты да қалалар бірнеше топқа бөлінеді: кен орындары жанындағы қалалар (Қарағанды, Рудный, Жетібай), көлік жүйелері (Орал, Семей) мен ауыл шаруашылықты өңірлердің орталықтары (Арқалық). Жүйелік талдау тұрғысынан «город — это не только территория общественного расселения людей, представляющая условия для приложения труда, удовлетворения материальных и духовных потребностей, но и сложный, состоящий из комплекса взаимосвязанных элементов объект управления» [9]. Яғни қала күрделі, дамушы үлкен жүйе ретінде, ұйымдасқан түрде басқару объектісі ретінде көрінеді. Қала оны құраушы базаны, қызмет етуші кешенді, тұрғындарды, табиғи ресурстар мен экологияны біріктіруші тұтас жүйе. Жоғарыда көрсетілген қаланы зерттеудегі негізгі ғылыми əдістер қаланы көп қырлы құбылыс ретінде сипаттайды.
