Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДС Жауаптар 45бет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
426 Кб
Скачать
☆

43. Қалалық саясатты жүзеге асыру механизмдерін атаңыз

Қалалық саясатты нақты қалыптастыру үшін еліміздің кеңістікті айырмашылық себептерін көрсету қажет. Оларға жататындар төмендегілер:

- еліміз аймақтарының табиғи-климаттық жағдайының айырмашылығы;

  • а ймақтың өнімділігін анықтайтын табиғи ресурстарды пайдалану бағыты, саласы және ауқымы. Бұл фактор тек ауыл шаруашылық, сондай-ақ пайдалы қазбаларды игеру ғана емес, өнеркәсіпті орналастыру жағдайына және халықтың өмір сүру жағдайын ұйымдастыруға да әсер етеді;

  • аймақтың орналасуының «күрделің жағдайы, соның әсерінен шығындар артып, бағаның өсуі туындайды. Бұл аймақтың көлік және байланыс қызметтерінің дұрыс дамымауына, оның экономикалық даму деңгейіне ықпал етеді;

  • инновация енгізу жағынан артта қалуы, өндірістің ескі кұрылымы;

  • елдің экономикалық даму тенденциясы;

  • тауар өндірісіне әсер ететін технологиялық даму сатысы;

  • институционалдық фактор: жалпы және аймақтық саясаттың нысандары, саяси жағдайы, аймақтың даму тарихы және т.б.;

  • орналастырудың физикалық факторлары: аэропорт, көлік жүйесі, өндірістік алаңдардың бар болуы немесе жоқ болуы, байланыс жүйелерімен қамтамасыз етілуі, өндірістік инфрақұрылым;

  • әлеуметтік-мәдени факторлар: урбанизация деңгейі, халықтық білім деңгейі, ғылыми орталықтардың бар болуы және т.б;

  • орталықпен жүргізілетін макроэкономикалық саясатта аймақтық ерекшеліктердің есепке алынбауы;

  • орталық пен аймақтар арасындағы өкілеттіліктер мен міндеттерді жіктеу үрдісінің толықтай аяқталмауы.

Сонымен қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік аймақтық саясаты ең алдымен шектен тыс аумақтық теңсіздіктерге жол бермеу және оларды «тегістеуң саясаты болуы тиіс. Бүл жағдайда орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тепе-теңдігі қажет. Осыған орай аймақтық дамудың шешілуін әлеуметтік, экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени, демографиялық және т.б. шаралар жүйесін талап ететін санқырлы проблема ретінде қарастыруға болады.

Нарықтық экономикаға өту барысындағы аймақтық саясат біршама өзгермелі болып келеді. Әрбір аймақтың ерекшеліктеріне қарай, кейбір аймақта мемлекет тарапынан нарықтық экономиканың қалыптасуы үшін жалпы құқықтық режимді колдау жеткілікті болса, басқасында экономикалық белсенділікті ынталандыру қажет, келесі біреуінде, аймақтық экономикаға экономикалық және әкімшілік әсер ету әдістері қажет т.б

44. Қалалық саясаттың мәні мен мазмұнын түсіндіріңіз

Сонымен қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік аймақтық саясаты ең алдымен шектен тыс аумақтық теңсіздіктерге жол бермеу және оларды «тегістеуң саясаты болуы тиіс. Бүл жағдайда орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тепе-теңдігі қажет. Осыған орай аймақтық дамудың шешілуін әлеуметтік, экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени, демографиялық және т.б. шаралар жүйесін талап ететін санқырлы проблема ретінде қарастыруға болады.

Нарықтық экономикаға өту барысындағы аймақтық саясат біршама өзгермелі болып келеді. Әрбір аймақтың ерекшеліктеріне қарай, кейбір аймақта мемлекет тарапынан нарықтық экономиканың қалыптасуы үшін жалпы құқықтық режимді колдау жеткілікті болса, басқасында экономикалық белсенділікті ынталандыру қажет, келесі біреуінде, аймақтық экономикаға экономикалық және әкімшілік әсер ету әдістері қажет т.б. [2]

Экономикалық саясат, еліміздің және оның жекелеген аймақтарының экономикалық жағдайын қамтамасыз етуге және қойылған мақсаттарға жетуді көздейтін мәселелерді шешуге бағытталуы тиіс. Ал, аймақтық саясаттың мәні жалпы ұлттық мақсаттарға жету үшін аймақтық дамуды басқару болып табылады.

Аймақтардағы өнеркәсіп өндірісі құрылымының өндіруші сала жағына қарай өзгеруі, өңдеуші сала үлесінің төмендеуі. Қара және түсті металлургия салалары басымдыққа ие болып келеді.

Бірінші топтағы аймақтар (Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар) үшін тән қатерлер:

Шығыс Қазақстан облысында түсті металл рудалары кен орындарының азаюы.

Қарағанды көмір өнеркәсібінің проблемалары: жер асты көмірін өндірудің жоғары шығындары, өнімге сұраныстың азаюы және т.б, Павлодар көмір өнеркәсібінің проблемалары: қоңыр көмірді (лигнитті) өткізудің түрақты нарықтарының жоқтығы, меншік проблемаларының әлі де шешімін таппауы.

Аймақтағы ірі кәсіпорындардың көпшілігі шетелдік компанияларға басқаруға берілгендіктен, жалдамалы еңбекке қатысты әлеуметтік проблемалардың туындауы.

Аймацтардың (Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Оцтүстік Қазақстан) екіші тобына тән қатерлер:

Оңтүстік Қазақстан облысы энергия тапшы аймақтар қатарына жатқызылады. Бүл облыста энергия ресурстары жеткіліксіз болғандықтан, тасылып әкелінетін көмір мен газға сүйенеді. Қажеттіліктің біршама бөлігі Орта Азия республикаларынан импорттау есебінен қанағаттандырылады. Оңтүстік аймақ облыстары Қырғызстан мен Өзбекстанға шығатын жалпы электр желісіне біріктірілген. Ақтөбе облысы да Ресейден тасымалданатын электр энергиясына тәуелді.

Жамбыл облысында өндірілетін фосфор минерал тыңайтқыштарына сұраныстьщ жоқтығы.

Орташа республикалық деңгейдің 60-80%-ын құрайтын халық табысының төмендігі.

Аймақтардың (Атырау, Маңғыстау) үшінші тобына тән қатерлер:

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында мұнай өндіру өнеркәсібінің басымдығы;

Сыртқы факторларға, мұнайдың әлемдік нарығындағы коньюнктураның өзгеруіне тәуелділік салдарынан аймақтың дамуындағы тұрақтылықтың төмендеуі;

Өңдеуші өнеркәсіп жұмысшыларының экономиканың басқа салаларындағы жұмысшылардың табыстарымен салыстырғанда өте қарама-қарсылығы;

Көлік коммуникацияларының дамымауы, автомобиль және темір жолдардың тығыздығының төмендігі.

Аймақтардың (Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан) төртінші тобына тән қатерлер:

Өнеркәсіптік өндірістің, ең алдымен бұрын аймақтағы дамыған салалардың бірі болған машина жасау саласының құлдырауы;

Машина жасау кәсіпорындарының, әсіресе қорғаныс өнімдері үшін өткізу нарықтарын табу проблемасы;

Қаржы ресурстарының жеткіліксіздігі. Облыстар республикалық бюджеттен жәрдем қаржы (субвенция) алады. Салықтық түсімдер жергілікті бюджеттің табыс бөлігінің 60-80 %-ын қамтамасыз етеді.

Электр энергиясына ішкі сұраныс аймақтың өзіндегі өндіріспен қамтамасыз етілмейді, Ресейден тасымалданатын электр энергиясына деген тәуелділік жоғары.

Жер сапасы мен топырақ құнарлылығының төмендеуі; Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу нарықтарын жоғалту.

Аймақтардың (Ақмола, Алматы, Қызылорда) бесінші тобы үшін тән қатерлер:

Қызылорда облысының өнеркәсіп өндірісінің құрылымында мұнай өндіру өнеркәсібінің басымдығы;

Алматы облысын электрмен, газбен жабдықтаудың тұрақсыздығы;

Алматы облысында туризмнің төмен даму деңгейі.

Аймақтардың (Астана, Алматы) алтыншы тобы үшін тән қатерлер:

Қалалық коммуналдық шаруашылыктың материалдық-техникалық базасының «әлсіздігің;

Алматы қаласы үшін сейсмикалық және сел қаупінің болуы