Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДС Жауаптар 45бет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
425.98 Кб
Скачать

9.Дамыған елдердегі аймақтық және қалалық саясат айырмашылығын көрсетіңіз

Италия мен Германия мемлекеттерінің басқару құрылымы «интеграцияланғанң мемлекеттердің басқару құрылымынан түбегейлі түрде ерекшеленеді. Бұл, әрине, аймақтық саясаттың жасақталу, жүзеге асу барысын айқындайды. Мысалы, Германияда аймақтық саясатгы жүргізу жауапкершілігі «Жерлергең жүктелген, ал итальяндық жүйенің көпшілік элементтері орталықтандырылған сипатқа ие. Германияда аймақтық саясат саласындағы федералды үкіметтің негізгі функциясы - ОА (Біріккен оперативті топ) шеңберінде Жерлермен серіктестік қатынастар құру. Жоспарлау жөніндегі Комитет ОА құрамын анықтап, жыл сайынғы бас жоспар жобасын және аймақтық даму басымдықтарын қалыптастырады. Бас жоспар жобасы аймақтарға қажетті көмек көрсету шаралары мен шартгарынан тұрады. Аймақтық саясатты жүзеге асыру екі жақтан (Федералды үкіметпен және Жерлермен) бірдей үлеспен қаржыландыру негізінде жүргізіледі. Жерлер әкімшілігі аймақтық саясаттың іске асуына жауапты болады.

Финляндияда аймақтық саясаттың құрылуына, яғни, аймақтық саясатты үйлестіруге, заңдарды жасақтауға, проблемалы аймақтарды анықтауға т.б. Ішкі істер министрлігі жауап береді. Аймақтық саясатты жүргізу жауапкершілігі әр түрлі орталық министрліктерге жүктелген. Финляндияның аймақтары жекелеген шешімдерді (шағын жобаларды) қабылдайды, ал негізгі шешімдер орталықтан қабылданады.

Ал Швецияда қалыптасқан жүйе бойынша аймақтык әкімшіліктер жалпыұлттық директиваларды іске асырады. Бұл жүйеде Өнеркәсіп және сауда министрлігі басты орынға ие. Министрліктің жанынан артта қалған аудандарға қатысты аймақтық саясатты жасақтау, оны бақылау және Еуропалық комиссиямен байланысты жүзеге асыру істерін атқаратын бөлімдер құрылған. Аймақтарды дамыту стратегиясын жасақтаумен графствалардың әкімшілік кеңесі (САВ) айналысады. Өздерінің саясатын іске асыру үшін олар бюджеттен қаржыландырылады.

10.Елдің өндіргіш күштерін орналастырудың бас сызбасын және дамыту жолдарын түсіндіріңіз

Қаланың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу құралдарының жүйесіне мына төмендегілер кіреді:

  • елдің өндіргіш күштерін орналастыру және дамытудың бас сызбасы

  • аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары

  • аймақты дамытудың стратегиялық жоспары

  • аймақтық экономиканы дамытудың индикативті жоспары

Елдің өндіргіш күштерін орналастыру және дамытудың бас сызбасы стратегиялық сипаттағы болжамдық құжат болып табылады. Оның мазмұнына перспективаға өндіргіш күштерді дамытуды және орналастырудың ғылыми негізі кіреді. Оны аймақтарды кешенді экономикалық және әлеуметтік дамыту, территориялық еңбек бөлінісін жетілдіру негізінде қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында дайындалады.

Бас сызбаның бастапқы негізі жалпы экономиканы дамыту бойынша, оның жеке салаларын, сонымен қатар аймақтарды келешекте дамыту бойынша болжамдар дайындау жатады. Өндіргіш күштерді орналастыру және дамыту бас сызбасы ел экономикасын дамыту әртүрлі аспектілерін және оны территориялар бойынша өндіргіш күштерді орналастыруды сипаттаушы нұсқау.

Бас сызбаны дайындауда жеке салалар мен аймақтарды орналастыру, дамытудың варианттылығы қарастырылады.

Бас сызбаны дайындаудың ең бастапқы міндеттерінің бірі – экономиканың нақты секторының негізгі көрсеткіштері бойынша салалық және территориялық дамудың үйлесімділігін қамтамасыз ету.

Бас сызбамен қатар өндірісті дамытудың салалық сызбасы, сонымен қатар ел аймағындағы өндіргіш күштерді орналастырудың және дамытудың территориялық сызбасы, өндірісті дамытудың салалық сызбасы дайындалады.

Өндірісті дамытудың салалық сызбасының негізгі бөлімдері: базистік мерзімге салалардың дамуын және орналасуын талдау, және келешек мерзімге салаларды дамыту мен орналастыруды негіздеу.

Сала (өндіріс) өніміне деген қажеттілік келешекке ел экономикасын дамыту стратегиясына, бекітілген мақсатты кешенді бағдарламаларға негізделеді. Онда үй шаруашылық, мемлекеттің аралас салалардың қажеттіліктері кіреді. Ел территориясы бойынша салалар өнімдерін бөлістіру абсолюттік және салыстырмалы артықшылық қағидасына сәйкес қабылданады.

Өндірісті дамытудың территориялық сызбасы: келешекке аймақтық өндіргіш күштерді орналастыру мен дамытуды негіздеуден тұрады. Осыған қоса, территориялық өндірістік кешендерін қалыптастыру және дамыту сызбасы аудандық сызбалап және т.б. құжаттар дайындалады.