Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДС Жауаптар 45бет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
425.98 Кб
Скачать

57. Мемлекеттік аймақтық экономикалық саясатының қалыптасуының қажетті шарттарын атаңыз

Аймақтар дамуын басқару жүйесін келтіру үшін, ең алдымен, республикалық, облыстық және жергілікті деңгейлердегі билік органдарының бірлесіп әрекет ету мәселесін шешу керек. Жүзеге асқан жағдайда орталық аймақтар арасындағы өзара қалыптасқан өзара қарым-қатынастардың тиімділігін айтарлықтай арттыруға ықпалын тигізетін бірқатар шарттар бар.

Бірінші және негізгі шарт – Қазақстан Республикасының аймақтары өздерінің табиғи, экономикалық, ғылыми-техникалық әлеуметтік әлеуеті жағынан әртүрлі болғандықтан, орталық тарапынан аймақтарды басқаруға сараланған көзқарас қажет.

Екінші шарт – қатынасқа түсушілердің субъектілердің арасындағы экономикалық өкілеттіктерді айқын бөлу, бұл, ең алдымен, орталық пен аймақтардың бюджеттік өкілеттіліктер, салықтық міндеттемелер және әлеуметтік мәселелер аясындағы құзыреттерін шектеуге қатысты.

Үшінші шарт - аймақтардың экономикалық еркіндігін кеңейту, бірақ, ол аймақтық саясаттың толықтай ырықтандырылу нысанына енбеу керек.

Бұл қарастырылған шарттардың жүзеге асыру жолымен мүмкін болмақ. Олардың қатарына келесілерді жатқызуға болады:

  1. Бір жағынан, бюджеттік қарым-қатынастарды әрбір аймақ бойынша сараланған салықтың негізгі түрлері бойынша аударымдардың орта мерзімді тұрақты нормативтер қағидасына көшіруге, екінші жағынан, бюджеттік жоспарлаудың мерзімін ұзарта отырып, жетілдіруге бағытталған орталық пен аймақтардың бюджеттік өкілеттіліктерін шектеу саясатын жалғастыру;

  2. Аймақтық жалпыреспубликалық еңбек өндірісіндегі орнын ескеру, орталықтандырылған қаржы-қаражатты жергілікті халықтың жұмысбастылығын және аймақтық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында аймақ шаруашылқтарын қайта құруға бағыттау сияқты негізгі қағидаларға сүйене отырып, аймақтарға экономикалық көмек көрсету;

  3. Әлеуметтік бағдарламалардың белгілі бір бөлігін орталық атқарушы органдардан жергілікті басқару органдарына беруде қаржыландырудың бұрынғы көлемін сақтау;

  4. Алдағы жылдың бюджетін жасақтауға барлық аймақ өкілдерінің міндетті түрде қатысуы.

58. Мемлекеттік басқарудағы жүйелік тәсілдер: аумақтық даму саясаты қандай сипаттап жазыңыз

Халықаралық теория және стратегиялық жоспарды жасау кезіндегі тәжірибеде бірнеше элементтер қолданылады:

  • аймақтың қазіргі заманғы келбеті – Ағымдағы кезеңдегі аймақ сипаттамасы (модель).Оны орындау үшін жалпы экономикада және жекелеген кластерлер мен салалардағы артықшылықтары және кемшіліктеріне талдау жасалады;

  • өңірдің болашақтағы келбеті – өңірдің болашақтағы сипаты (ұзақ мерзімдегі келешегі) өңірдің дамуының стратегиялық басқаруы нәтижесі ретінде. Әдетте аймақтың 10 жылға жуық болашақтағы көрінісі тұжырымдалады. Бұл көрініс тәртіп бойынша, талассыз бірқатар элементтерді қарастырады – еңбектің жоғары өнімділігіне негізделген биік тіршілік стандарты, жұмыспен қамтылудың артуы, диверсификацияланған күшті экономика, жақсы өмірдің сапасы;

  • өңірдің ішкі ортасы, ең алдымен ресурстық әлеуеті ретінде баса назар аударылады;

  • сыртқы орта, қалаға потенциалды қолайлы немесе қатерлі тенденциялар және дамудың алғы шарттары арқылы сипатталады;

  • стратегия – қаланың ахуалын ұзақмерзімді болашақта тілеген жағдайыңызға жеткізу жөніндегі жүйелі әрекет.

  • стратегия ресурстық әлеуеттердің бар екенін және дамытуды жүзеге асыруда болған алғы шарттарды есепке алады.

Стратегиялық жоспарлау 5 саты бойынша жүзеге асырылады:

1.Стратегиялық талдау;

2. Стратегиялық жоспарды даярлау;

3. Стратегияны жүзеге асыру;

4. Мониторинг және баға;

5. Сыртқы шарттардың есебінен стратегиядағы өзгертулерді түзету.

Стратегияны жүзеге асыру белгілі тәртіптердің ұстанымы бойынша құрылады және стратегиялық міндеттер кезең-кезеңімен шешіледі.

Стратегияның басты механизмі - орта, қысқамерзімді кезеңдердегі (1 жылдан 5 жылға дейін) жұмыс жоспарлары және стратегиямен және жұмыс жоспарымен өзара қиыстырылған аймақтың бюджеті болып табылады.

Стратегияны жүзеге асырудың маңызды құрастырушысы болып:

cтратегиялық жоспардың орындалуын бақылау және мониторингі ( нақты деректермен мақсатты индикаторлармен салыстыру);

жоспарды түзету және жүзеге асыру барысындағы жыл сайынғы бағалау.

Халықаралық тәжірибеде мониторингті жүзеге асыру үшін және стратегиялық құжаттарды бақылау үшін стратегиялық басқарудың әртүрлі құралдары мен әдістері қолданылады. Басқарудың жергілікті органдары жұмыс істеуге қолайлы құралдарды өздері таңдайды. Мысалы, Ұлыбритания, АҚШ сияқты елдерде стратегияның орындалуын бақылау мен мониторингтеу үшін өткен ғасырдың 90-шы жылдарында гарвард профессорлары Р.Каплан мен Д. Нортон жасаған көрсеткіштердің баланстанған жүйесі сияқты құралдарды қолданған. Көрсеткіштердің баланстанған жүйесінің негізгі бағытталуы – Стратегияны формалау.