Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДС Жауаптар 45бет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
425.98 Кб
Скачать

6Аймақтық Серпiндi дамып келе жатқан қоғамды қалыптастыру және бюджеттік салықтық жүйені ретке келтіру жолдарын түсіндіріңіз

Қалалық бюджеттік қатынастар – бұл мемлекеттік билік органдарының мемлекеттік, акционерлік және кәсіпорынмен, сонымен қатар орталықтандырылған ақшалай ресурс қорларын қалыптастыру және пайдалану бойынша халық арасындағы қаржылық қатынастарды сипаттайды.

Қала бюджеті мемлекеттік билік органдарының аймақтық функцияларының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ақшалай қаражаттарды қалыптастыру және шығындау формасы болып табылады. Қаржылық ресурстарды бюджетке шоғырландыру мемлекеттік органдардың қаржылық саясатын табысты жүзеге асыру үшін қажет.

Қаланың бюджеттік жүйе құрамын шоғырландырма бюджеті мен бюджеттік емес қорлардан тұрады.

Қаланың шоғырландырма бюджетіне аймақ бюджеті, аймақтық бағынышты қалалар бюджеті, сонымен қатар шоғырландырма аудандық бюджеттер, олардың әрқайсысы жергілікті билік органдарының аудандық бюджет құрамына кіретін әкімшіліктерді біріктіреді.

7.Басқарудағы жүйелік тәсілдер: Қаланың кешенді дамуын қамтамасыз ету жолдарын қарастырыңыз

Халықаралық теория және стратегиялық жоспарды жасау кезіндегі тәжірибеде бірнеше элементтер қолданылады:

  • аймақтың қазіргі заманғы келбеті – Ағымдағы кезеңдегі аймақ сипаттамасы (модель).Оны орындау үшін жалпы экономикада және жекелеген кластерлер мен салалардағы артықшылықтары және кемшіліктеріне талдау жасалады;

  • өңірдің болашақтағы келбеті – өңірдің болашақтағы сипаты (ұзақ мерзімдегі келешегі) өңірдің дамуының стратегиялық басқаруы нәтижесі ретінде. Әдетте аймақтың 10 жылға жуық болашақтағы көрінісі тұжырымдалады. Бұл көрініс тәртіп бойынша, талассыз бірқатар элементтерді қарастырады – еңбектің жоғары өнімділігіне негізделген биік тіршілік стандарты, жұмыспен қамтылудың артуы, диверсификацияланған күшті экономика, жақсы өмірдің сапасы;

  • өңірдің ішкі ортасы, ең алдымен ресурстық әлеуеті ретінде баса назар аударылады;

  • сыртқы орта, қалаға потенциалды қолайлы немесе қатерлі тенденциялар және дамудың алғы шарттары арқылы сипатталады;

  • стратегия – қаланың ахуалын ұзақмерзімді болашақта тілеген жағдайыңызға жеткізу жөніндегі жүйелі әрекет.

  • стратегия ресурстық әлеуеттердің бар екенін және дамытуды жүзеге асыруда болған алғы шарттарды есепке алады.

Стратегиялық жоспарлау 5 саты бойынша жүзеге асырылады:

1.Стратегиялық талдау;

2. Стратегиялық жоспарды даярлау;

3. Стратегияны жүзеге асыру;

4. Мониторинг және баға;

5. Сыртқы шарттардың есебінен стратегиядағы өзгертулерді түзету.

Стратегияны жүзеге асыру белгілі тәртіптердің ұстанымы бойынша құрылады және стратегиялық міндеттер кезең-кезеңімен шешіледі.

Стратегияның басты механизмі - орта, қысқамерзімді кезеңдердегі (1 жылдан 5 жылға дейін) жұмыс жоспарлары және стратегиямен және жұмыс жоспарымен өзара қиыстырылған аймақтың бюджеті болып табылады.

Стратегияны жүзеге асырудың маңызды құрастырушысы болып:

cтратегиялық жоспардың орындалуын бақылау және мониторингі ( нақты деректермен мақсатты индикаторлармен салыстыру);

жоспарды түзету және жүзеге асыру барысындағы жыл сайынғы бағалау.

Халықаралық тәжірибеде мониторингті жүзеге асыру үшін және стратегиялық құжаттарды бақылау үшін стратегиялық басқарудың әртүрлі құралдары мен әдістері қолданылады. Басқарудың жергілікті органдары жұмыс істеуге қолайлы құралдарды өздері таңдайды. Мысалы, Ұлыбритания, АҚШ сияқты елдерде стратегияның орындалуын бақылау мен мониторингтеу үшін өткен ғасырдың 90-шы жылдарында гарвард профессорлары Р.Каплан мен Д. Нортон жасаған көрсеткіштердің баланстанған жүйесі сияқты құралдарды қолданған. Көрсеткіштердің баланстанған жүйесінің негізгі бағытталуы – Стратегияны формалау.