Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДС Жауаптар 45бет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
425.98 Кб
Скачать

40. Қалалық сасатты жүргізу әдістері қандай екенін түсіндіріңіз

41. Қалалық саясатты жүзеге асырудағы басқарудың орнын түсіндіріңіз

Бүл екі мақсат қарама-қайшы да бірыңғай да болуы мүмкін. Мысалы, экономикалық өсу кезеңінде бірінші мақсат басымдыққа ие болса, дағдарыс кезеңінде екінші мақсат алдыңғы орынға шығады.

Қазіргі кезеңде әлеуметтік-экономикалық жүйенің күрделенуіне орай басқарудың көп деңгейлі жүйесі кеңінен таралып отыр. Соған сәйкес қалыптасқан теориялық негіздерге жүгінейік. Жоғары деңгейдегі басқару құрылымы өзінен кейінгі басқару қүрылымдарына үш негізгі тәсілмен ықпалын тигізеді:

  • мақсаттар қою арқылы;

  • белгілі бір күтілетін нәтижені жүктеу арқылы;

  • ресурстарға шектеу қою арқылы.

Басқарудың әр түрлі деңгейлерінің арасында өкілеттіліктер, жауапкершіліктер және функциялар болып бөлінеді. Бекітілген өкілеттілік аясында әрбір басқару құрылымы өз бетінше басқару шешімдерін қабылдауға құқықтары бар. Басқарудың жоғары деңгейі ағымдағы қызметке, соңғысы өзінің функцияларын орындай алмаған жағдайда ғана араласа алады. Бір деңгейдегі басқару қүрылымдары тікелей бір-бірімен өзара әрекеттесе отырып, басқарудың жоғары деңгейлерінің көмегінсіз өздерінің мәселелерін шеше алады. Басқару деңгейлері арасындағы өзара әрекеттесу бөлінген өкілеттіліктер мен функциялар шегінен шьіғып кететін болса, келісімшарт түрінде жүзеге асырылады. Өкілеттіліктерді бөлгенде функциялардың қайсысын ерекше орындау қағидасымен, ал, қайсысы үшін басқарудың әр түрлі деңгейлеріне ортақ жауапкершілік бекіту керектігін ескеріп, соған сәйкес оңтайлы шешімдер табу маңызды. Аймақтық басқарудың кез келген деңгейі басқарушылық қызметтің нақты түрлерін орындаумен сипатталады, яғни, құрылымның әрбір деңгейіне қатысты нақты функциялардың болуы. Аймақтық басқарудың нақты функцияларының жиынтығы басқару деңгейінің негізгі сипаттамасы болып табылады. Оларды бөлудегі бастапқы негіз - аймақтық басқарудың нақты әр деңгейінің мақсаттары мен міндеттері. Әр деңгей жоғары деңгеймен келісе отырып, өзінің мақсаттарын қалыптастырады.

42. Қалалық саясатты жүзеге асырудың шетел тәжірибесіне мысал келтіріңіз

Бельгия, Ұлыбритания сияқты мемлекеттердің аймақтық саясаты ынталандыру саясаты болып табылады. Қолайлы бизнес-ортаны құруга бағытталған шараларды аймақтық саясаттың емес, жалпыұлттық саясаттың бір бөлігі ретінде қарастырған жөн. Ұлыбританиядағы аймақтарды дамыту шараларын екі түрге бөлуге болады:

- ынталандыру саясаты деп атауға болатын аймақтық индустриялық саясат;

- ауылдық және қалалық аудандарын дамытуға арналған бағдарламалардың тұтас жүйесін құрайтын «қайта өрлеуң саясаты.

Бүл екі бағыт бұрын бір-бірінен бөлек орындалатын, қазіргі уақытта бірге орындалуда. «Қайта өрлеуң саясатының ерекше белгісі жекелеген аймақтарды дамыту және олардың бәсекелестігін арттыру болып табылады. Соңғы кездері «қайта өрлеуң саясатын жүргізудің тиімділігі артып келеді. Қазір аумақтық индустриялық саясаттың бюджеті «қайта өрлеуң саясатының бюджетіне қарағанда он есе аз, бұрын бұл бағыттарға бөлінетін қаржы көлемі бірдей болатын.

Еуроодаққа мүше мемлекеттердің аймақтарды дамытуға қатысты саясатын талдай отырып, олардағы (Данияны қоспағанда) аймақтық саясаттың өзегі аймақтық дамуды ынталандыру екендігіне көз жеткіздік. Енді аймақтық саясатты жүзеге асырудың бірқатар механизмдеріне тоқталып өтейік.

Батыс Еуропадағы бағдарламалық әдіс және жоспарлау мехаиизмдері. Берілген әдіс механизмдерін үш тұрғыда қарастырған жөн:

  1. ЕО ішінде экономикалық және әлеуметтік интеграцияның дамуына ықпалын тигізетін Құрылымдық қордың бағдарламалық әдісі;

  2. Аймақтық экономикалық құрылымдарды жетілдіру үшін кұрылған ОА (Gemeіnschaftsaufgabe) міндеттерді бірлесіп шешудің германиялық жүйесі. Бүл жүйе федералды үкімет пен Жерлердің келісу нәтижесі болып табылады.

  3. Мемлекет пен аймақтар арасындағы француздық жоспарлық келісімдер (СРЕRs) .

Жоғарыда көрсетілген барлық ұйымдардың түрлі мақсаттары мен механизмдері бар, олардың жалпы негізгі ерекшелігі: аймақтарды дамытуға басқарудың әр түрлі элементтерін қатыстыру ұйымдастыра отырып, олардың күштерін біріктіреді.

Бүгінгі күні Еуропаның дамығын елдері мен АҚШ-та аймақтық саясаттың негізгі тенденциясы болып табылатындар:

  1. билік пен экономиканы орталықсыздандыру, аймақтарға өзіндік дербестік беру;

  2. елдің және аймақтың экономикалық даму стратегиясын өзінің жеке табиғи ресурстық әлеуетін пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, бірігіп әзірлеу;

  3. аймақтардың экономикалық даму деңгейлерін теңестіру.

Сондай-ақ әлемдік тәжірибеде аумақтарды дамытудың үш мүмкін нұсқасы белгілі, олардың мәні:

  • алдыңғы қатарлы, бай аудандарды дамыту және қолдау) керек, ал қалғандары бай аудандар есебінен дамиды (АҚШ тәжірибесі);

  • салық салу, жұмыспен қамту, өмір сүру деңгейін реттей отырып, барлық аудандарда өмір сүрудің шамамен тең жағдайларын қамтамасыз ету (Германия тәжірибесі);

  • кедей аудандарды ғана қолдау қажет, ал бай аудандар өздігінен дами алады (Скандинавия елдерінің тәжірибесі).