Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДС Жауаптар 45бет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
425.98 Кб
Скачать

28. Қалалардағы инвестициялық дағдарыс: жағдайларын талдау жолдарын анықтаңыз

Мемлекеттің қоғамдық өндірісінде жинақталатын, адамның ақыл-ойының кешенді жетістігі ретінде ғылымның ролі мен орнын бағалау ұлттық экономиканың ғылыми-техникалық потенциалын талдау арқылы жүзеге асады. Қазіргі таңда ҒТП және инновация экономиканың барлық сферасына әсер етеді, өйткені олар қоғамдық өмірдің және өндірістің барлық сферасын жоғары тиімділікті есептеуіш техника құралдарымен қамтамасыз етеді, халық шаруашылығының барлық саласының кешенді автоматтануына көмектеседі, сапалы жаңа тиімді қасиеттерге ие материалдардың жасалып енгізлуіне септігін тигізеді, сондай-ақ жаңа технологиялардың игерілуіне және қалдықсыз технологиялық процестердің қалыптасуына негіз болатын, азық-түлік және шикізат ресурстарын ұлғайту жолын ашатын биотехнологияның дамуының жеделдеуіне көмектеседі.

Қазақстандық экономиканың дағдарыстық жағдайда нарықтық қатынастар бағытына қарай өтуі ең жаңа ғылыми жетістіктерді қолдану құқығына бәсекелестік күрестітуындатты және өнеркәсіпті қайта құру проблемаларын шешуге ғылымды қатыстыруды талап етті. ҒТП (эволюциялық, революциялық немесе басқа да кез-келген формаларда) өнеркәсіптік өндірісті дамытуда және интенсификациялауда анықтаушы роль атқарады. ҒТП –тің экономикалық тиімділігі өнім көлемінің өсуі, өндірістік шығындардың азаюуы және экономикалық зиянның төмендеуі формасында көрінеді.

Аймақтардың инновациялық әлеуетін талдау үшін Қазақстанда шаруашылық жүргізудің объективті шарттарымен, ресурстың өндірістік әлеуетін, мамандануын және шешілетін мәселелер сипатымен ерекшеленетін аймақтарды 4 топқа бөлуге болады.

1 топ жоғары технологияны талап ететін, өндіріс үшін қолайлы экономикалық шарттары және жоғары ғылыми техникалық әлеуеті бар облыстар. Бұл аймақтар технико-технологиялық өсуіне басты стимул болатын, яғни қоғамдық-экономикалық даму үшін жоғарғы деңгейі бар Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы жатады.

2 топ. Стратегиялық сипаттағы табиғи минералды ресурс қорлары бар және ғылыми-өндірістік әлеуеттің дамуы жоғары облыстар. Бұл аймақтар тобында халық шаруашылығының салалық құрылымы рационалды емес, минералды шикізаттық қазу және өңдеу бойынша салаларда үстем Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Жамбыл облыстары жатады.

3 топ. Еліміздегі сауда әлеуетінде басты орынды алатын индустриалды Солтүстік қазақстан, қостанай, жамбыл, Көкшетау, ОҚ, Талдықорған, Батыс қазақстан, Алматы облыстары.

4 топ. Рационалды емес салалық құрылымды, экономикалық бейімсіз мүмкіншіліктері шектелген экстремалды технико-технологиялық шарттармен сипатталатын облыстар мен дағдарысты аудандары жатады.

29. Қалалардың экономикалық қауіпсіздігін бағалауды сипаттап жазыңыз

Аймақтың мамандану тұрпаты көбінесе экономикалық қауіпсіздік факторларын анықтайды.

Аймақтардың экономикалық қауіпсіздігін бағалау үрдісінде қолданылатын көрсеткіштер мен индикаторлардың жүйесіне қойылатын талаптарды қарастырайық:

Экономикалық көрсеткіштер мен индикаторлар жүйесі бір-бірімен байланысты болуы керек;

  1. Экономикалық көрсеткіштер мен индикаторлар жүйесі экономикалық қауіпсіздіктің негізгі қатерлер тізіміне сай болуы тиіс;

  2. Экономикалық көрсеткіштер мен индикаторлар жүйесі қажетті және жеткілікті болуы тиіс;

  3. Алынған талдау нәтижелері нақтылыққа сай тексеру мүмкіндігіне ие болуы керек;

  4. Олар уақытқа сай болып, әлеуметтік-экономикалық өмірдің белгілі бір кезеңін сипаттауы қажет.

Сандық сипаты бар мұндай көрсеткіштер төнген қауіпті алдын ала көрсетуі тиіс. Мұндай көрсеткіштер жүйесі экономикалық ресурстардың, өндіріс факторларының айналысы жүзеге асырылатын аймақтық жүйенің ұдайы өндіріс сипатын бейнелейді.

Экономикалық қауіпсіздіктің маңызды көрсеткіштерінің бірі аймақта бір жыл ішінде өндірілген өнім, яғни ЖАӨ болып табылады. ЖАӨ - аймақтарда орналасқан салалардың қосымша құндарының сомасы ретінде анықталынады.

ЖАӨ динамикасын анықтайтын экономикалық қауіпсіздіктің факторлы көрсеткіштері еңбек, капитал жэне табиғи ресурстарды қолдану болып табылады. Бұл көрсеткіштердің байланысын келесі функция түрінде көрсетуге болады:

WRP=f(Ka,LbZc)

мұндағы WRP - ЖАӨ;

К - капитал көлемі;

L - еңбек шығыны;

Z - жер мен ресурстарды пайдалану көлемі;

а, Ь, с - әрбір факторға қатысты ЖАӨ-нің икемділігін көрсететін коэффициенттер.