Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДС Жауаптар 45бет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
425.98 Кб
Скачать

1. Аймақтар мен қалалардың дамуын мемлекеттік реттеу әдістемесінің ғылыми анықтамасын беріңіз

Аймақтар мен қалалардың дамуын мемлекеттік реттеу - аймақтар дамуын мемлекеттік басқарудың ресурстық «жинағы» көздеген мақсаттарды шешу үшін бөлуге болатын мемлекеттің табиғи, қаржылық, материалдық ресурстарының бөлігін, сондай-ақ мемлекеттік емес ресурстарды (жеке тұлғалардың қаржысы, сыртқы қарыздар және т.б.) құрауы тиіс. Ресурстармен қамтамасыз етудің басқа да бірнеше шарттары бар болғандығына қарамастан аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің маңызды шарты болып табылады.

Басқарудың жүзеге асырушы «жинағың құрылымы жағынан санқырлы және қалыптастырушы «жинақпен» рұқсат етілген, белгілі бір дәрежеде ресурстық «жинақпен» қамтамасыз етілген көптеген нақты әрекеттерді, механизмдерді қамтиды.

Аймақтар дамуын басқарудың бақылаушы «жинағың жүзеге асырылатын шаралардың (мейлі ол ауқымды мақсатты бағдарламасы болсын,трансферт немесе қандай да бір жағдайға байлансты шешім болсын) барысын жан-жақтылығы және үнемі қадағалауды білдіреді. Мұндай қабылданған шешімдерді және олардың орындалуын бақылау аса маңызды болып табылады.

2. Аймақтар мен қалалардың дамуының қазіргі жағдайын саралап көрсетіңіз

Республикамызда соңғы жылдары аймақтық экономикаға, аймақтарды дамытуға, дәлірек айтсақ, республикадағы әрбір аймақтың экономикалық өсуіне, әлеуметтік жағдайына, қаржы жағдайын тұрақтандыруға, халықтың әл-ауқатын көтеруге, отандық және шетелдік инвестицияларды тарту және оны тиімді пайдалануға, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамыту сияқты мәселелерді шешуге айтарлықтай көңіл бөлініп, нақты іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда.

Қалалар дамуының қазіргі жағдайын саралау олардың дамуының экономикалық қауіпсіздігін бағалауды талап етеді. Аймақтар мен қалалардың дамуының қазіргі жағдайы:

Аймақ дамуыньщ әлеуметтік қатерлері:

жан басына шаққандағы табыстың төмен деңгейі және табыстары күнкөріс минимумынан төмен халық үлесінің артуы, Кедейшілік шикізат әлеуеті төмен және жұмыссыздық жоғары (Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл) аймақтар үшін ғана тән болып отырған жоқ. Кедейшіліктің күшейе түсуі мұнай өндеу және металлургия салаларының жоғары және орта өсу қарқындары бар және осындай аймақтардың ауылдық жерлерін де шоғырланғаны байқалып отыр;

халықтың жалақысыньщ төмен деңгейі. Бес облыста - Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Ақмола және Солтүстік Қазақстан - орташа айлық жалақы республикадағы орташа деңгейге жетпейді;

жан басына шаққандағы табыс пен орташа айлық жалақы деңгейі бойынша аймақтардың өте саралануы (резкая дифференциация). Мысалы, Атырау облысындағы жалақының жоғары деңгейі мен Ақмола облысындағы төмен деңгей арасындағы айырмашылық үш еседен артық;

аймақтар ішіндегі айтарлықтай саралану - қала және ауыл тұрғындарының, өңдеуші және металлургия салаларында жұмыс істейтіндер мен қалған халық табыстарының арасындағы;

• барлық аймақтарда әлеуметтік аясы (сфера) салаларының дамуындағы жағымсыз тенденциялардың сақгалуы.