- •1.«Фуллерен» терминінің қалыптасуын түсіндіріңіз
- •2.Фуллерендердің құрамы мен құрылысы қандай?
- •3. Кнт құрылысы және түрлерін атаңыз.
- •4.Көміртекті нанобөлшектердің негізгі морфологиялық формаларын атаңыз.
- •5. Металдық нанокластерлер дегеніміз не?
- •6. Магиялық сандар ұғымын түсіндіріңіз.
- •7.Кванттық шұңқырлар, сымдар және нүктелер ұғымын түсіндіріңіз.
- •8.Нанобөлшектердің талшық тәрізді формасының морфологиясы.
- •9.Наноқосылыстарды алудың қандай әдістерін білесіздер?
- •10. Нанокристалды ұнтақтарды синтездеу әдісі жөнінде не білесіз?
- •11. Нанотүтікшелерді алудың қандай әдісін білесіз?
- •12. Нанобөлшектерді жалында алу қалай жүзеге асады?
- •13. Нанобөлшектердің жинақталуы туралы не білесің?
- •14. Эндо- және экзофуллерендер дегеніміз не?
- •15. Кнт ашу және кесу үшін қандай химиялық реакциялар қолданылады?
- •17. Кнм беткі қабатындағы карбоксильді және ацилхлоридті функционалды.
- •18. «Көміртекті нанотүтікшелер химиясы» түсінігінің мағынасын түсіндіріңіз топтардың негізгі химиялық реакцияларын жазыңыз.
- •19. Кнм фторлау және фторланған материалдардың қасиеттері туралы айтыңыз.
- •20. Кнм солюбилизациялау әдістерін атаңыз.
- •21.Кнт толтыру үшін қандай әдістер қолданылады?
- •24. Өлшемдік әсерді зерттеу тарихының сатыларын сипаттаңыз
- •25. Наноматериалдардағы өлшемдік әсер ерекшеліктерін атаңыз.
- •26. Кванттық сымдар және нүктелерді сипаттаңыз
- •27.Өлшемдік әсердің нм-дың электрондық құрылымына әсерін түсіндіріңіз
- •28. Наноқұрылымдардағы фазалық ауысулар ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •29. Нм жылулық қасиеттері мен фонондық спектрлерінің ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •31. Кристаллит өлшеміне байланысты нм-дағы жылусыйымдылық өзгерісі қалай өзгереді?
- •32.Кристаллит өлшеміне байланысты нм-дың термиялық ұлғаю және беріктілік ерекшеліктерін айтыңыз
- •34. Нм магниттік қасиеттерін сипаттаңыз.
- •36.Нанотехнологияның наноэлектроникадағы рөлін сипаттаңыз.
- •37. Бионанотехнологияға арналған материалдар жөнінде түсініктеме беріңіз.
- •38.Нанодәрілер мен наномедициина жөнінде не білесіз?
- •39. Нанодисперсті күйдегі заттардың уыттылығы жөнінде түсініктеме беріңіз.
- •40. Көміртекті материалдардың жіктелу диаграммасын сызып түсіндіріңіз.
- •41.Электронды микроскоп әдісінің нанотехнологияда қолданылуын түсіндіріңіз
- •42. Сканирлеуші туннельді микроскопия әдісінің нанотехнологияда қолданылуын түсіндіріңіз?
- •43. Атомдық - күшті микроскопия қалай жүзеге асырылады?
- •44.Атомдық - күштік микроскопия қалай жүзеге асырылады?
- •45. Нанокомпозиттік ұнтақтардың механохимиялық өңдеу тәсілдерін баяндаңыз.
- •46.Электронды-сәулелі литография әдісімен кванттық сымдардың немесе нүктелердің түзілу сатыларын көрсетіңіз.
- •47. Көміртектік наноматериалдар бетінің функционалдануын анықтауда қолданылатын иқ-спектроскопиясы жөнінде не білесіз?
- •48. Раман спектроскопиясы жөнінде не білесіз?
- •49. Аргонның жылулық десорбция қондырғысының сызбанұсқасын сызып, түсіндіріңіз.
- •50.Наноқұрылымды материалдардың меншікті беттік ауданын анықтау әдісін және маңыздылығын түсіндіріңіз.
- •52. Фуллерендер мен нанотүтікшелер алуға арналған доғалы буландыру құрылғысының сызбанұсқасын сызып, түсініктеме беріңіз.
- •54. Сканирлеуші туннельді микроскоптың принципиалды сызбанұсқасын сызыңыз және нанотехнологияда қолданылуын түсіндіріңіз.
- •56. Нанотүтікшелер алудың доғалық буландыру әдісін және техникасын түсіндіріңіз.
- •57. Көміртектердің каталитикалық крекингі үдерісінде көміртекті фазаның түзілуіне түсініктеме беріңіз.
- •58.«Сақиналардан жинақтау» моделіне сәйкес с60 фуллеренінің түзілу сызбанұсқасын сызып, қысқаша түсініктеме беріңіз.
- •60.«Сақиналардан жинақтау» моделіне сәйкес с60 фуллеренінің түзілу сызбанұсқасын сызып, қысқаша түсініктеме беріңіз
26. Кванттық сымдар және нүктелерді сипаттаңыз
Үлгінің өлшемін ірі (макроскопиялық) мәннен, мысалы, метр немесе сантиметрден өте кіші мәнге дейін бірқалыпты кішірейтсе, олардың қасиеттері бастапқыда өзгермейді, 100 нанометрден кіші өлшемдерде қасиеттері қатты өзгеріске ұшырайды. Егер үлгінің өлшемі бір өлшеу бағытында нанометрлі масштабта, ал қалған екі бағытта ірі болса, онда алынған құрылым кванттық шұңқыр деп аталады. Ал екі өлшеу бағыты бойынша нанометрлі үшіншісі ірі болса, мұндай нысанды кванттық сым деп атайды. Өлшемдері үш өлшеу бағыты бойынша нанометрлі диапазонда болатын, өлшемдерді кішірейтудің ең шекті жағдайы кванттық нүктелер деп аталады. Ультракіші масштабта заттың кванттық-механикалық табиғаты өзгеріске ұшырайтындығына байланысты бұл үш типті құрылымдарға «кванттық» теңеуі жалғанады. 1-суретте тікбұрышты геометрия үшін өлшемдердің кішіреюі бейнеленген. 2-суретте дәл осы үдеріс қисық сызықты геометрия үшін көрсетілген.
27.Өлшемдік әсердің нм-дың электрондық құрылымына әсерін түсіндіріңіз
Дисперстік бөлшектердің өлшемдері бойынша жіктелуі. Дисперстік бөлшектердің жіктелуі дисперсті жүйелердің жіктелуіне ұқсас.
Ең кішкентай бөлшектер - нанобөлшектер. Нанобөлшектердің құрамына бірнеше жүз атомдар кіріп, олардың ішкі құрылысы күрделі болып келеді. Нанобөлшектердің ерекшелігі – кішкентай өлшемдірінің салдарынан олардың көлемдік және беттік қасиеттерінің арасында айырмашылық жоқ. Танымал нанобөлшектерге көміртек атомдарынан тұратын тармақталған құрылымдар – фуллерендер жатады. Ультрадисперстік бөлшектердің (нанобөлшектердің) негізгі ерекшелігі – олардың қасиеттерінің бөлшектер өлшемдеріне тәуелділігі, яғни өлшемдік (масштабтық) эффектілер.
Өлшемдері кіші болғандықтан жоғары дисперстік бөлшектер броундық қозғалысқа бейім. Дөрекі дисперстік бөлшектер жылдам шөгіп, не қалқып шығады. Соның нәтижесінде жүйе екі фазаға бөлінеді де, дисперстік жүйе жойылады.
Дисперстік бөлшектердің түріне байланысты жіктелуі. Дисперстік бөлшекте алуан түрлі болады. Дисперстік бөлшектердің және олар түзетін дисперстік жүйелердің қасиеттері бөлшектердің өлшемдерінің: ұзындығы (l), ені (h) және қалыңдығы (d), - арасындағы қатынастарға байланысты. Осы көрсеткіш бойынша бөлшектерді үш топқа бөледі.
Көлемдік (үш өлшемді) бөлшектер: үш өлшемі де бір біріне жақын және дисперстілік (1нм-10мкм) аралығында жатыр.
Беттік (екі өлшемді) бөлшектер: дисперстілік аралығында тек бір өлшем (қалыңдық) жатады, ал қалған екі өлшем (ұзындығы мен ені) едәуір үлкен және макроскопиялық өлшемдерде болуы мүмкін.
Сызықты (бір өлшемді) бөлшектер: өте жіңішке жіптер, талшықтар; дисперстік өлшемдерге көлденең қимасы жатады.
Дисперстік бөлшектердің құрылымы бойынша жіктелуі. Құрылымына қарай дисперстік бөлшектерді фазалық және псевдофазалық деп жіктейді.
Фазалық бөлшектер. Мұндай бөлшектер заттың макроскопиялық фазасының кіші көлемі болып табылады. Олар үш агрегаттық күйде бола алады: қатты бөлшектер күйінде (микрокристалдар), ұсақ сұйық тамшылар не жұқа қабыршықтар, газды көпіршіктер.
Псевдофазалық (коллоидтық) бөлшектер. Дисперстік бөлшектердің үлкен тобының құрылымы күрделі болып келеді және оны еш бір агрегаттық күйге жатқызуға болмайды. Мұндай ерекше құрылымы бар дисперстік бөлшектерді псевдофазалық, не коллоидтық деп атайды.
Псевдофазалық бөлшектердің айқын мысалы ретінде мицеллаларды - бетті-активтік заттардың көптеген молекулаларынан тұратын агрегаттарды алуға болады. Псевдофазалық бөлшектердің басқа маңызды тобы – нанобөлшектердің агрегаттары.
