Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
микро экзамен-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
269.79 Кб
Скачать

37.Ұсыныс икемділігі дегеніміз не? Анықтамасын жазыңыз. 38.Ұсыныс икемділігіне әсер ететін факторларды жазыңыз

Ұсыныстың икемділігі – бұл бағаның 1% -ке өзгеруі ұсыныс көлемінің қанша %-ке өзгеретінін анықтайтын көрсеткіш.

ЕРS = Qх%

Ру%

Мұнда: Ер S - ұсыныстың икемділігі,

Q% - ұсыныстың көлемінің қатысты өзгеруі

Р% - бағаның қатысты өзгеруі.

7.11. график. Икемді ұсыныс.

7.12. график. Икемсіз ұсыныс.

Р

S

Р1

Р2 Q2 Q1 Q

Егер ЕРS >1, ұсыныс икемді

Р

Р1 S

Р2

Q2 Q1 Q

Егер ЕРS <1, ұсыныс икемсіз

График 7.13. Бірлік икемді ұсыныс

Р

S

Р1

Р2

Q2 Q1 Q

Егер ЕРS = 1, ұсыныстың икемділігі бірлік деп аталады.

7.14. г рафик. Абсолюттік икемсіз ұсыныс

7.15. график. Абсолюттік икемді ұсыныс

Р S

Р1

Р2

Q

Р

S

P

Q1 Q2 Q

ЕРS =0, бұл жағдайда бағаның өзгеруі ұсынысқа әсер етпейді.

ЕРS = ∞, баға көлемі өзгергенімен, ұсыныстың көлемі өзгермейді.

10. Бір мемлекеттің кен-мұнай өндірісі шыққан кезде өндіріс мүмкіндіктер қисығы қалай өзгереді? Сызбасын көрсетіңіз.

14. Сұраныс қисығын пайдалана отырып, неге қол жеткізе аламыз? Жазыңыз.

15.Сатып алушының санының азаюы нені білдіреді?

16.Тұтынушылардың тауар немесе қызметтерді сатып алу шешіміне нелер әсер етеді? Жазыңыз.

17.Сұраныстың көбейуін жою үшін не істеу керек? Жазыңыз.

18.Екі өнімнің бір бірінің орнына алмастыруы туралы жазыңыз. Мысал келтіріңіз. 27.Тауардың бағасының артуына не алып келеді? Жазыңыз

32.Қажетті тауарларға деген сұранысты анықтаңыз. 33.Сұраныс икемділігі қандай жағдаларда азаяды? 34.Бір тауарға деген сұраныс икемділігіне әсер етпейтін факторды анықтаңыз.

35.Теріс көлбеу сызықты сұраныс қисығында жалпы табыс қалай максимум болады? 39.Салық түсімдерін арттыру үшін мемлекет қандай тауарларға салық мөлшерін көбейту керек? Жазыңыз.

41.Қажеттілік дегеніміз не? Анықтамасын жазыңыз.

42. Қажеттіліктің түрлеріне анықтама беріңіз.

Экономикалық ғылым ең алдымен экономикалық қажеттіліктер мен оларды қанаттандыру жолдарымен әдістерін зерттейді.

Қажеттілік – бұл адам баласының өмір сүруіне бір нәрсенің жетіспеуін сезінеді. Ол сезім оларды қызметке, күш – жігер жұмсауға, ойлауға итермелейді.

Экономикалық қажеттілік – адамдарды өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында белсенді қызмет етуге мәжбүр ететін қозғаушы күш болып табылады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейіне қарай жаңа қажеттіліктер туады. Оның құрылымы, саны, сапасы, өзгеріп отырады. Қажеттіліктердің үздіксіз өсуі адамдардың экономикалық эволюциясының көптеген деректерімен дәлелденді. Әр бір 10 жыл сайын тұтыну тауарлары мен қызметтердің түрлері екі есеге өсіп отырады. Мұндай экономикалық заңдылық қжеттіліктердің өсу заңы деп аталады.

Қажеттіліктердің түрлері:

  • Алғашқы (төменгі) - қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т.б жатады.

  • Екінші реттік (жоғарғы) қажеттіліктер. Екінші реттік (жоғарғы) қажеттілік – бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасы, интелектуалдық деңгейіне байланысты пайда болатын қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктерді альтернативті (таңдау) қажеттіліктері деп те атайды. Мысалы: кітаптар, сәнді киімдер, қымбат бұйымдар, сондай-ақ білімге мәдениетке қажеттіліктер.

Қанағаттандыру түріне қарай қажеттіліктерді жеке және ұжымдық деп бөлуге болады.

Жеке қажеттіліктер – бұл жеке адамның өзін қанағаттындыра алатын қажеттіліктер. Мысалы: киім, тамақ, мұздатқыш, машина т.б тауарлар сатып алуы.

Ұжымдық қажеттіліктер - өмірде жеке бір адам қанағаттандыруға мүмкін емес,көп шығын қажет ететін қажеттіліктер бар. Оларды көпшілік көмегімен ұжымдық түрде қанағаттандырады. Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру жөнінде шешімдерді басқару органдары қабылдайды.

Дегенмен, кез келген қажеттілікті түрге бөлумен жіктеу шарты: бір адам үшін алғашқы деп табылатын қажеттілік басқа адам үшін сәндік бұйым болуы мүмкін, немесе бұрын сәндік деп табылатын нәрсе, енді алғашқы қажеттілік қатарында болуы мүмкін. Мысалы: жоғарғы қажеттілік деп аталатын кітап.

Экономикалық игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы нәрселер мен заттар. Олардың біреулері шексіз түрде болады. (Мысалы: ауа). Оларды еркін игіліктер деп атайды, басқалары шектелген оларды экономикалық игіліктер деп атайды.

Экономикалық игіліктер заттар (тауарлар) мен қызметтерден тұрады. Қызметтердің заттай тауарлардан айырмашылығы:

1.Олардың өндірісі мен тұтынылуы бір мезгілде болады

2.Оларды мұраға қалдыруға болмайды.

3.Оларды сақтауға немесе жинақтауға болмайды.

Мұндай қажеттіліктер тікелей адамдар арасындағы әрекетке байланысты қанағаттандырады. Пайдалану мақсатына қарай заттай игіліктер мен тауарлар екі түрге бөлінеді.

  • Тұтыну заттары (киім – кешек, тамақ баспана).

  • Өндірістік құрал – жабдықтар немесе инвестициялық (машина, станоктар, зауыт құралдары).

Тауарды тұтынуға ма, әлде өндірісте ме қайсысына жататынын екі жағдайға байланысты анықтауға болады.

  • Тауарды кім сатып алады – жеке адам немесе фирма.

  • Тауар не үшін қажет: тұтыну тауарлары қажеттіліктерді қанағаттандырады, ал өндірістік тауарлар басқа тауарларды өндіру үшін пайдаланылады сондықтан олар қажеттіліктерді аралық түрде қанағаттандырады.

Тауардың екі түрі де ұзақ мерзім және қысқа мерзім аралығында пайдаланады. Кейде көп мерзім қолданылатын игіліктерді ұзақ уақыттық және қысқа уақыттық экономикалық игіліктерге бөлуге болады.

Игіліктерді өзара орын ауыстырушы және өзара толықтырушы тауарлар деп бөлуге болады. Орын ауыстырушы тауарларға тек тұтыну тауарлары мен өндірістік ресурстарды (Мысалы: май мен маргарин балмұздақ пен сусындар, плащ пен пальто) ғана емес сондай ақ жол қызметтің жатқызуға болады және мәдени қызмет саласы т.б жатқызуға болады. Экономикалық игіліктерді қазіргі және болашақтағы деп бөлуге олады.

Басқа ғылымдарға ұқсас экономикалық теория ғылыми танып-білудің әртүрлі әдістерін қолданады. Экономикалық теорияның зерттеу әдістері келесі кестеде көрсетілген.

43. Тауар дегеніміз не? Анықтамасын жазыңыз. Тауар – сатуға немесе айырбасқа түсетін өнім. К.Марстың ойынша, тауардың екі қасиеті бар: 1.адамның сұранысын қанағаттандыру, яғни тұтыну құны; 2.басқа затқа айырбастау мүмкіндігі, яғни айырбас құны (өз құны). Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті. Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі. Тауардың мұндай қасиеттері оны өндіруге жұмсалған еңбектің екі жақты сипатына байланысты.

Тауар — экономикалық қуат пен өндірушілердің дәл индикаторы. Өндірушінің позициясын айқындайтын факторлардың пәрменділігі дамыған нарықтық механизмдер жағдайында тауарлардың бәсекелесуі үдерісінде тексеріледі. Ол белгілі бір тауардын бәсекелес тауар-дан нақты қоғамдьщ тұтынуға сәйкестігі дәрежесі бойынша да, сондай-ақ оны қанағаттандыруға кететін шығыңдар бойынша да айырмашылығын айқындауға мүмкіндік береді. Бұл үшін тауар белгілі бір бәсеке қабілеттілігіне ие болу керек.

Тауар:

1) қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-экономикалық қызметтің кез келген өнімі;

2) қажеттілікті қанағаттандыратын және базарға жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық кдтынастар нысаны. Әрбір тауардың түұынушылық кұны, яғни адамның қандай да болсын кажетін өтеу қасиеті болады. Бірақ ол тауарды жасау-шының қажетін емес, басқа адамдардың қажетін қанағаттандырады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тауардың осы қасиеті айырбас құны деп аталады, ол құнның нысаны, оның айырбас бары-сындағы сыртқы көрінісі бо-лыптабылады. Барлық тауардың құны сапалық жағынан бір-текті және тек сан жағынан, оларды өндіруге жұмсалған қоғамдық еңбек шыгынының көлемі жағынан ғана айырмашылығы бар. Тауарға жұмсалған қоғамдық еңбек оның қүнын құрайды. Тауардың пайдаланылуы қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді болуы мұмкін. Тауар атқарымдық мақсатына, беріктігіне, төзімділігіне, пайдалануға қолайлылығына, сыртқы түрінің тар-тымдылығына, буып-түйілуіне, қызмет көрсетілуіне, кепілдіктеріне, бірге жіберілетін құжаттары мен нұсқаулықтарына, т.б. ерекшеліктеріне қарай ажыратылады.