- •2.Микроэкономика дегеніміз не? Анықтамасын жазыңыз.
- •12.Ұсыныс дегеніміз не? Анықтамасын жазыңыз.
- •21.Сұраныс дегеніміз не? Жазыңыз.
- •22.Сұраныс қисығының сызбасын сызыңыз.
- •23.Сұраныс қисығының артуы және азаюын сызбада көрсетіңіз. 26.Сұранысқа әсер ететін факторлар нелер? Жазыңыз.
- •19.Нарық деңгейі дегеніміз не? Жазыңыз.
- •28.Сұраныстың баға икемділігі дегеніміз не? Анықтамасын жазыңыз.
- •29. Сұраныстың баға икемділігін формуламен көрсетіңіз.
- •37.Ұсыныс икемділігі дегеніміз не? Анықтамасын жазыңыз. 38.Ұсыныс икемділігіне әсер ететін факторларды жазыңыз
- •44.Тауардың түрлеріне анықтама беріңіз. Тауар және оның жіктелуі
- •53. Экономиканың өсуі дегеніміз не? Анықтамасын жазыңыз
1.Экономика дегеніміз не? Анықтамасын жазыңыз. Экономика (гр. Οικονομία — үй шаруашылығын жүргізу өнері) — материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар. Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қатынастарды айқындайды, олардың негізі болып табылады.
Тауар өндірушілердің қызметтерін үйлестіру әдістерінің жиынтығы экономикалық жүйені құрайды. Экономикалық жүйе қарастырылып отырған қоғамда қалыптасқан шаруашылық тетіктерін, заңдарды, экономикалық институттарды, меншіктік қатынастарды біріктіреді.
Экономикалық жүйе өзінің басты мақсаты ретінде — қандай тауар өндіріп, қызметтің қай түрін көрсету керектігін; қандай технологияны пайдаланып, қалай өндіруді, кім үшін өндіріп, кімге қызмет көрсету қажет деген мәселелерді шешеді. Бұл мәселелерді шешу әдістеріне байланысты экономикалық жүйелер: дәстүрлі, командалық және нарықтық болып жіктеледі. 1.Дәстүрлі экономикалық жүйеде өндіру, бөлу және тұтыну қалыптасқан дәстүрлер мен ғұрыптарға негізделеді.
2.Әміршіл-әкімшілік экономикалық жүйе бұл мәселелерді директивалық әдістермен, яғни жоғарыдан түсіріліп жататын бұйрықтармен шешеді. 3.Ал нарықтық экономикалық жүйеде шаруашылықтың бағдары тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер арасындағы бәсекеге құрылады.
2.Микроэкономика дегеніміз не? Анықтамасын жазыңыз.
Микроэкономика (грек. mіkro – шағын және оіkonomіke – үй шаруашылығын жүргізу өнері) 1) кәсіпкерлердің, кәсіпорындардың, тұтынушылардың мінез - құлқын бағалау мен зерттеуге негізделетін экономикалық талдау әдісі.Классикалық мектептің экономистері іргелі зерттеулер арқылы экономика ғылымының тармағы ретінде микроэкономикалық талдау жүргізді. Кейін микроэкономикалық талдаумен қатар Микроэкономика саласындағы зерттеулер біртұтас экономика ғылымын құрады;
2) экономика ғылымының шағын ауқымды үдерістеріне, субъектілерге, кәсіпорындарға, фирмаларға, кәсіпкерлерге, олардың шаруашылық қызметтеріне, олардың арасындағы экономикалық қатынастарға қатысты зерттеулермен байланысты бөлімі. Микроэкономикада негізінен тауар өндірушілер мен тұтынушыларға, олардың қажеттілік, баға, шығын, пайда ескерілетін өндіру,сату, сатып алу, тұтыну көлемі жөніндегі шешімдеріне баса назар аударылады. Микроэкономика субъектілердің нарықтық мінез - құлқын, олардың арасындағы қарым-қатынасты,өндірушілер, кәсіпкерлер және мемлекет арасындағы бөлісті, айырбасты, тұтынуды зерделейді. Микроэкономиканың негізгі бөлімдері: тұтынушы теориясы; фирма және нарықтық құрылым теориясы; монополия мен бәсеке мәселелері; мемлекет пен жекеше сектордың өзара іс-қимылы мәселелері;еңбек рыногін талдау, табысты бөлу мәселелері.
Микроэкономика жеке өндірушілердің қызмет-әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптасу заңдылықтарын зерттейді. Мұнда жеке тауарлардың бағасы, жұмсалған ресурстар, шығындар, фирманың қызмет атқару механизімі, бағаның құрылуы, еңбекке ынта және т.б. жағдайлар талданады. Микроэкономика дәрежеде қоғамдық дәрежедегі пропорцияларды анықтайтын бастапқы (алғашқы) пропорциялар қалыптасады.[
3.Макроэкономика дегеніміз не? Анықтамасын жазыңыз. Макроэкономика (грекше μακρός — ұзын, үлкен, οἶκος — үй және Nόμος — заң) 1.экономикалық теорияның экономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі. Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер мен экономикалық өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфляция мәселелерін, жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын зерттейді. Экономистер, әдетте, экономикадағы үдерістердің бәрін — жиынтық өндірісті, бағаның жалпы деңгейін, экономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттерін, сыртқы сауданы, жұмыссыздықты, мемлекеттік сектордың жұмыс істеуін, т.б. зерделеуді “макроэкономикалық теория” деп атайды. 2.жан-жақты көрсеткіштерді бағалауға негізделген экономикалық талдау әдісі. Макроэкономикалық талдау нышандары саяси экономияның классикалық мектебінің өкілдерінде ғана кездесетін. Француз экономисі Ф.Кенэнің (1694 — 1774) экономикалық кестесі алғашқы макроэкономикалық үлгілердің бірі болып табылады.[2]
Макроэкономика өндірушілер мен тұтынушылардың іс-әрекеттерінің мотивациясын зерттейді, сонымен қатар, ол бәсекеліктің әр түрлі болған жағдайындағы солардың (өндірушілер мен тұтынушылардың) тауар нарығындағы жоне өндіріс факторлары нарығындағы өзара әсер ету механизмін зерттейді. Макроэкономика экономиканың тұтас болып қызмет етуін зерттейтін, экономикалық теорияның бөлшегі, тармағы болып табылады.
Макроэкономикалық дәрежеде зерттелетін негізгі мәселелер:
ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;
ұлттық экономика масштабында жұмыспен қамтуды реттейтін факторларды айқындау;
инфляцияның табиғатын талдау;
экономикалық өсудің механизмі мен факторларын зерттеу;
• экономикадағы циклдық ауытқулар мен конъюнктуралық өзгерістердің себептерін зерттеу; • ұлттық экономикалардың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу; • мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мақсаттарын, мазмұны мен формаларын теория жүзінде дәлелдеу.
Экономикалық процестер мен құбылыстарды зерттеудің макроэкономикалық бағыттарының ерекшеліктері болады.
Макроэкономикалық реттеу — экономиканы басқару тәсілі. Макроэкономикалық реттеу жалпы елдің экономикалық жүйесінің жұмыс істеуіне бағытталған. Макроэкономикалық реттеуде нарыққа қатысушылардың іс-қимыл ережелері белгіленіп, қажет болған жағдайда түзетулер енгізіліп отырады. Бұл мағынадағы нарықтық қатынаста макроэкономикалық реттеу мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзін-өзі реттеуі ұштастырылады.
Макроэкономикалық саясат
Макроэкономикалық саясат — экономиканы тиісті деңгейде ұстау, оның тұрақты жұмыс атқаруын қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттің экономиканы реттеуге бағытталған іс-әрекеті.
Макроэкономикалық тәсіл
Макроэкономикалық тәсіл — экономикалық құбылыстарды зерделеу тәсілі. Мұнда объектінің ішкі байланыстары, ішкі құрылымдары ескерілмейді, тек экономикалық жүйенің тұрақты жұмыс істеуінің жалпылама, сыртқы көрсеткіштері ғана зерделенеді. Макроэкономикалық тәсіл экономиканы зерттеуге макроэкономикалық ғылым (жалпы экономиканың тұрақты жұмыс істеуін зерделейтін ғылым) тұрғысынан қарау дегенге саяды. Ол мемлекеттің жалпы елдің экономикасына ықпал ететін саясат ретіндегі макроэкономикалық саясаттың негізгі ұстанымын білдіреді.
4.Экономика білімінің негізгі мақсаты не? Анықтамасын жазыңыз. Негізгі мақсаты:экономиканың негізгі түсініктерін, ұғымдарын жалпы түрде қарастыру арқылы, оның әр түрлі жүйелерде қалай ұйымдастырылатыңдығын, негізгі принциперін жан-жақты қарастыру болып табылады. Осы арқылы эконмиканың ең түпкі мақсаты – адамдардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін, шектеулі ресурстарды тиімді пайдаланудың мүмкіндіктеріне қалай жетуге болатындығын көрсету.
5. Экономикалық жүйелер дегеніміз нелер? Жазыңыз. Экономикалық жүйе – бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесін көрсету. Меншік қатынастарымен ұйымдастырылу түрлеріне сәйкес болатын барлық экономикалық іс-әрекеттердін жиынтығы сол қоғамның экономикалық жүйесін құрайды.
Экономикалық жүйенің элементтеріне меншік негізінде қалыптасқан әлеуметтік – экономикалық қатынастар шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару әдісі. Экономиканы реттеуші механизм және кәсіпорындар мен басқада шаруашылық субъектісі арасындағы нақты экономикалық байланыстар жатады.
Қоғамның саяси жүйесінің негізін экономикалық жүйе құрайды, мысалы: «капитализм»; «социализм» – деген ұғымдар саяси жүйеге жатады. Ал «нарықты экономика», «аралас экономика» деген сөздер экономикалық жүйеге жатады.
Барлық жүйелер қоғамдық өндірістің негізін құрайтын 5 мәселені шешу әдістеріне қарай анықталады.
Не өндіру керек? Қандай қызмет көрсету қажет.
Қанша өндіру керек? Қанша қызмет көрсету керек?
Қалай өндіру керек? (қандай технология керек?)
Кім үшін өндіру керек?
Өзгерген жағдайларға бейімделе ала ма? (яғни кәсіпкерлердің еркіндігі).
Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.
Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.
Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.
6. Капиталисттік жүйеде шешімді кімдер қабылдайды? Жазыңыз. Капитализм– жеке меншік пен нарықтық экономикаға негізделген қоғам тұрпаты. Капитализм бәсеке негізінде экон. мүмкіншіліктерді капитал немесе пайда алу құралы, әдісі түрінде қолданып, іске асыратын қоғамдық-экон. құрылым ретінде қалыптасты. Марксизм теориясы бойынша, Капитализм өндірістің негізгі құрал-жабдығы жалдамалы жұмысшы табын (пролетариатты) қанайтын капиталистер табының (буржуазияның) меншігі болып табылатын, өндірістік игіліктер, негізінен, рынок арқылы бөлінетін қоғами құрылыс. Оның белгілері мен ұстанымдары:
1) негізгі құрал-жабдық жеке меншік түрінде буржуазияның қолында болады;
2) жұмыскерлер құрал-жабдықтан айырылған, олардың тек құқықтық бостандықтары ғана бар, сол себептен олар капитал иелеріне жұмыс күшін сатып, еңбек ақы алады;
3) өндірістің мақсаты – пайда алу, ол өндірістің негізгі қозғаушы күші болып саналады;
4) кәсіпорындар капиталистердің жеке меншігінде болады;
5) кәсіпорынды капиталистің өзі басқарады;
6) өндірушілер бытыраңқы, рыноктың қажеттілігі белгісіз, өндірістің негізгі демеушісі – еркін бәсеке;
7) өндірісті құн заңы реттейді;
8) өндіріс капиталистері – орташа пайдаға ие болады, сауда капиталистері – сауда пайдасын, несие капиталистері – несие пайызын алады. Классикалық капитализм еркін бәсекелі экон. құрылымға жатады. Онда өндіріс пен тұтынудың тепе-теңдігі, бір жағынан, мыңдаған ұсақ және орташа өндірушілер, екінші жағынан, көптеген жеке тұтынушылар арасындағы еркін бәсеке арқылы қалыптасты. Ал мемлекет тек “ойын тәртібін” белгілеп, оны бақылап отырды. Өндіріске қажет қаржы көлемінің ұлғаюы нәтижесінде капиталистік бірлестіктер пайда болды, бәсеке күшейіп, өндіріс пен капитал шоғырланды, қоғамда монополиялық үстемдік орнады.
7. Социалисттік жүйеде шешімді кімдер қабылдайды? Жазыңыз. Социализм (латын. socialis - қоғамдық) - әлеуметтік әділеттілік пен теңдікке негізделген, мақсаттары мен мұраттары социалистік қоғам орнатумен байланысты ілім. а) мемлекеттік меншіктің басымдықта болуы, жеке меншіктің тек халық шаруашылығының жекелеген салаларындағы (ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету аясы) түрі ретінде ғана болуы;
ә) экономиканың нарықтық негіздерін теріске шығару жоне шаруашылықты жоспарлы жүргізу, мемлекеттік реттеу;
б) қоғамдық тұтыну қорлары арқылы медицина қызметін көрсету және білім беру тетігі, тегін білім беру, денсаулық сақтау;
в) қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың негізі ретіндегі ұжымшылдық;
г) бір партиялық құрылыс және мемлекеттік құрылымдардың басты қағидаты болып табылатын тоталитаризм.
Социализмнің бұл үлгісінің ерекшеліктері: Социализм мен ұлттық қайта өрлеу идеяларының дінмен және тиісінше ұлттық дәстүрлермен, әдет-ғұрыптармен ұштасуы жоне олардың Социализмнің осы тұрпатының табиғи негізіне айналуы. Ақыр соңында, Социализм нышандарының ұжымшылдық пен өзін-өзі басқаруға негізделген жекелеген әлеуметтік нысандарда дамып келе жатқанын айтуға болады. Олар: халықтық кәсіпорындар да (АҚШ-та, Еуропада), Израильдағы кибуцтер де, түрлі тұрпаттағы кооперативтер де. Жалпы алғанда әзірге әлеуметтік теңсіздіктер мен әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтар орын алып отырғанда социализм идеялары мен оларды іске асыру әрекеттері дами береді.
8. Өндіріс мүмкіндіктер қисығы дегеніміз не? Жазыңыз. 9.Өндіріс мүмкіндіктер қисығының сызбасын сызыңыз. 11.Өндіріс мүмкіндіктер қисығының нүктелері нені білдіреді? Өндіріс - бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің дамуы ұзақ мерзімді қамтиды жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық жүйелер, өзгерістерге икемді кешендер, есептеу машиналар өндірісіне дайын. Өндіріс процесінде игіліктер мен қызметтер жасау тәсілдері және түрлері өзгеріп қоймайды, осымен бірге адамның өзінің өнегелілігі дамып жетіле түседі.
Қандай жүйеде болмасын өндіріс қоғамының табиғатпен қатынасы, байланысы болып табылады. Осы қатынастар өндірістік ресурстар арқылы білінеді. Экономикалық теорияда «ресурс» деген түсінік өндірістің әр түрлі элементтерінің жиынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани игіліктер мен қызметтер жасауға қолдануы мүмкін. Экономикалық ресурстар: табиғи ресурстар және материалдық ресурстарға бөлінеді. Экономикалық теорияда әрбір шаруашылық субъектісі өз мүддесін көздейді:
тұтынушы - қажеттілігін максималды қанағаттандыруды;
фирмалар - пайданы максималдауды;
мемлекет - халықтың әл-ауқатын максималдауды жақсартуы көздейді.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру экономикалық субъектілердің тиімді іс-әрекетін сипаттайды. Өндіріс қоғамның қажеттілігін толық қанағаттандыру үшін тауарлар мен қызметтерді барынша мол өндіру үшін ұйымдастырылады. Бірақ та ресурстардың шектеулігінен тауар мен қызметтерді таңдау проблемасы туады, яғни қандай тауарларды өндіру керек, қандайдан бас тарту қажет. Таңдау проблемасын графикте өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы арқылы көруге болады.
Нақты өмірде адамдар алтернативті (баламалы) шығындармен кездеседі. Егер ресурстар бір нәрсеге жұмсалуы мүмкін емес. Бұдан қортынды жасасақ ресурстарды пайдалану - бұл кейбір мүмкіндіктердін жоғалту, яғни қорларды бір мақсатта пайдалансақ, оларды басқа мақсатта пайдалану мүмкін емес. Бұл жоғалған мүмкіндіктерді өлшеп бағалануға болады. Баламалы шығындарды өндірістік мүмкіндіктер сызбасы арқылы бейнелеуге болады.
Y
А C D
F E B X
|
Мысалы экономикада екі ғана тауар өндіріледі: Х және У А - барлық ресурстар У- тауарын өндіруге бағытталған В - Х тауарын өндіруге, С және Ғ – ресурстарды тиімді пайдалану Е - ресурстарды толық пайдаланбау Д - осы берілген технологияның даму деңгейінде мүмкіншілігі жоқ өндіріс. |
2 сурет. Өндіріс мүмкіншілігінің қисығы. |
|
Альтернативті шығындар - пайдаланылмаған мүмкіндіктер. Бұдан туындайтын қорытынды экономикада альтернативті (баламалы) шығындары төмен тауар өндіру қажеттігі. Өндірістегі барлық шығындар баламалы шығындар болып табылмайды. Баламалы емес - шығындар бұл өндірушінің бас тарта алмайтын шығыны. Ол шығындарды өндіруші міндетті түрде жұмсайды.
