Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекц12.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
220.01 Кб
Скачать

Сурет-1. Отбасы мен мектептің бірлігінің құрылымы

Отбасы мен мектептің бірлігінде оқушының білім сапасын арттырудың мақсаты мен міндеті және ортақ мақсатқа деген көзқарасы, қызығушылығы, белсенділігі анықталды. Оқу жылының басында әр сыныпта ата-ана, ұстаз, оқушымен бірлесе отырып, дөңгелек үстел өткізуге болады.

Дөңгелек үстелдің тақырыбы: Менің арманымдағы сынып.

Мақсаты:

1. Сыныптың іс-әрекетімен ата-аналарды таныстыру.

2. Ата-ана – оқушы – ұстаздың ойларын ортаға салу, бір-біріне деген көзқарасын айқындау.

3. Мектеп пен отбасының қарым-қатынасын жақсарту.

4. Үш тіректің армандаған тілегінен шығатын сыныптың негізін жасау.

Қатынасушылар: сыныптың ата-анасы, пән мұғалімдері, оқушылары, мектептің басшылары.

Барысы:

  1. Сынып жетекшісі тәлім-тәрбие сабағының мақсатын, өту барысымен таныстырады. Ата-ана, пән мұғалімі, оқушыларды бөлек-бөлек отырғызады. Әкімшілік мүшелері пікірлерге қорытынды жасап, сарапшы қызметін атқарады.

  2. Сынып жетекшісі: Кейде қиялымыз шарлап, болашақ өмірімізді армандаймыз. Оқушы – менің білім алатын сыныбым, ата-ана – менің баламның мектебі, пән мұғалімі – менің сабақ беретін сыныбым осындай болса ғой деп қиялдайтын кездеріміз болады. Әр топ осы армандаған сыныбы туралы пікірін ортаға салсын.

Ата-аналарға ойларын жинақтауға 3 минут уақыт беріледі. Өздері армандаған сыныбы туралы алдымен оқушылар пікірін айтады. Содан соң ата-аналарға, ұстаздарға сөз кезегі беріледі. Әкімшілік мүшелері ортақ пікірді шығарып отырады.

  1. Сынып жетекшісі: Осы сыныптың оқушысы қандай болуы керек? (Мұғалім – оқушы – ата-ана).

  2. Сынып жетекшісі: Осы армандаған сыныптың ұстазы қандай болуы керек екенін ойланайық? (Оқушы – ата-ана – мұғалім).

  3. Сынып жетекшісі: Осы сыныптың ата-анасы ше? (Оқушы – мұғалім – ата-ана).

Нәтиже: Сынып жетекшісі сынып өміріндегі іс-әрекетті ұйымдастырғанда көпшіліктің пікірін пайдаланды. Әр топтың армандаған сыныбына деген көзқарасы айқындалды. Армандаған сыныптың, ата-ананың, мұғалімдердің үлгісі қандай болуы керектігі еске алынады. Осыдан ата-ана, сынып жетекшісі, оқушының міндеті айқындалды.

Мұндай жұмыстардың мектептің алдына қойған мақсат, міндетін анықтауда үлкен көмегі болды. Олардың көзқарасы үш түрлі болғанымен, алдарында ортақ мақсат, міндет – бір. Оған бірлесе ұмтылып, кездескен мәселені бірге шешеді. Ортақ нәтижеге қол жеткізудегі ынтымақтастық түсініспестікке жол бермейді. Әр жақ өз міндетін орындап, шамасы келгенше бір-біріне көмектеседі, өзара сыйластықта болады. Мектептің оқушыларының білім деңгейінің, тәлім-тәрбиесінің қалыптасуы – сынып жетекшісі, бала, ата-ана еңбегінің нәтижесі. Бірлікте жұмыс істегенде ғана іс оң нәтижесін береді.

Мектеп – өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын; жас ұрпақты тәрбиелеуде жетекші орын; тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастырушы әрі біріктіруші; балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың, жеке адамның дамуында және қалыптасуында әртүрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктірудің орталығы.

Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары:

  • ата-аналармен жұмыс;

  • ата-аналар комитетімен;

  • сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы;

  • сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары;

  • мектептің отбасымен, еңбек ұжымдарымен, жұртшылықпен бірігіп істейтін тәрбие жұмыстары.

Ата-аналарды мектептегі тәрбиелік жұмысқа қатыстыру құқығын жүзеге асыруда оны қолдау мақсатында ынтымақтастық педагогикасын дамытудың тиімді жүйесі

Педагогтың ата-аналармен жұмысы оларды оқу-тәрбие процесіне белсенді түрде тартпай жүруі мүмкін емес. Олар әртүрлі үйірмелерді, спорттық секцияларды ұйымдастыру және т.б.

Сонымен бірге ата-аналармен бірігіп жүйелі бірді екілі өткізілген сыныптық жұмыстардың тәрбиелік тұрғыда тиімділігі жоғары. Мысалы, бос уақыттарында отбасы мүшелері өздері жасаған сувенирлерін және т.б. заттарын көрсететін «Біздің отбасымыз» деп аталатын кездесу кешін өткізуге болады.

Педагогтардың ата-аналармен жұмыстарының жүйесі оларды мектепке тартуды көздейді. Ата-аналар заңды түрде мектеп ұжымына кірмейді, бірақ олар мектеп жұмыстарының орнымен ұйымдастыруға педагогтармен бірдей атсалысады. Олар мектепке әлеуметтік тапсырыс берушілер, сондықтан олар мектеп өміріне белсене араласуы тиіс. Өздері ассоциация құра отырып олар өзін-өзі басқару органдарын құра алады және мектептің кейбір мәселелерін өз беттерінше шеше алады. Олар мектептік ата-аналар жиналысы, конференциялар, ата-аналар комитеті және оның комиссиясы, секциялар және басқа да жұмысшы органдар болуы мүмкін. Сонымен бірге ата-аналар мектеп кеңесінің толық құқылы мүшесі бола алады. Сынып жетекшісінің барынша белсенді ата-аналардан құрылған топпен жұмыс жүргізу формаларының бірі – сыныптың ата-аналар комитеті. Ата-аналар комитеті мектептің ата-аналар комитетінің ережесі негізінде жұмыс істейді. Ол сынып жетекшісінің жетекшілігімен педагогикалық білім беру, ата-аналармен тығыз байланыс жасау, сынып балаларына тәрбиелік көмек көрсету бойынша біріккен жұмыстар жүргізеді, мектеп пен отбасының ынтымақтастығы негізінде атқарылған жұмыстарды талдап, бағалап және қорытындылайды.

Ата-аналармен ынтымақтастық формалары

Бала тәрбиесінің өзегі оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ – бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана – баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Оған «Балалар құқығы туралы Конвенция», Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасының «Балалардың құқығы туралы заңы», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» сияқты құжаттар дәлел бола алады. Қазақстан Республикасының Конституциясында (27-бап) «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті», – делінген. Бұл жолдар әр баланың білім алуына мемлекеттің басты назар аударатынын және ол отбасының парызы екенін айғақтай түседі. Сондай-ақ, ҚР «Білім туралы» заңның 49-шы бабында ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер «баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру ұйымын таңдауға, ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға, білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға, өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу мәселелері жөнінде психологиялық-педагогикалық консультациялық көмек алуға құқығы бар» және олар «балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, балаларды оқыту мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге, балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге міндетті», – деп жазылып, жас ұрпаққа тәрбие, білім беру процесінде қатысушы субъект ретінде ата-аналарға үлкен жауапкершілік жүктеген.

Қазіргі кездегі жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың көбеюі, жастардың нашақорлығы, адамзаттың басына төніп тұрған әртүрлі дерттің қанат жаюы, бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Баланың негізгі тәрбиешісі – өзінің туып өскен ортасы, ата-анасы. Баланың дұрыс азамат болып өсуі немесе дұрыс емес түсуі көбінесе үлкендерге байланысты. «Баланы-жастан…» деген сөздің мазмұны өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баласының теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Жасөспірімдердің білім алуында, тәрбиесінің дұрыс қалыптасуында мектеп пен отбасының тығыз ынытмақтастық қарым-қатынаста болуы қажетті жағдай болып табылады.        

Ынтымақтастық қазіргі адамзаттық өзара түсінісуінің, ортақ мәселелерді біріккен әрекеттермен шешуге ұмтылуын, бейбітшілікті қамтамасыз етуінің негізгі формасы болып табылады.  Ынтымақтастық педагогикасы – тұлғаның дамуында гуманизм пирнциптері мен шығармашылық тұғырға сүйенген тәрбиелеу мен оқытудың әдістері мен тәсілдерінің өзіндік жүйесін көрсететін XX ғасырдың екінші жартысындағы отандық педагогикадағы бағыт.

Ынтымақтастық педагогикасының анықталған негізгі идеялары:

    • баланы жақын даму аймағында оқыту; 

    • зорлықсыз оқыту; 

    • тірек сызба түрінде орналасқан белгілердің, кілтті сөздердің жиынтығы;

    • озу және күрделі блоктар идеясы;

    • таңдау еркіндігі; 

    • диалогтық, креативті; 

    • мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен қызметі; 

    • бос уақыттағы еріктілік.

Ынтымақтастық қарым-қатынас жүйесі ретінде көп аспектілі, бірақ онда маңызды орынды «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасы алады.

Ынтымақтастық қызметі тәрбиеленуші мен тәрбиешінің тепе-теңдік жағдайында дамиды. Мұнда тәрбиеленуші өзінің оқу қызметінің субъектісі болып табылады. Бұл технология арқылы ынтымақтастық ұжымның әкімшілікпен, мұғалімдермен және тәрбиеленушілер ұжымымен, сондай-ақ қоршаған әлеуметпен, ата-аналармен, отбасымен, қоғамдық ұйымдар арасында туындайды. Ынтымақтастықта оқытудың басты мақсаты – тәрбиеленушілердің ішкі күштері мен қабілеттерін ояту, тұлғаны жан-жақты дамыту мақсатында баланың бар мүмкіндігін пайдалану. Мұндай тұғыр тәрбиеленушіде өзі туралы жағымды түсініктерге, ары қарайғы даму мен өзін-өзі жүзеге асыруға сәйкес келетін жағымды «Мен» тұжырымдамасын қалыптастырады.

Мектеп пен отбасының өзара әрекетінің басты қызметтері:

  • ақпараттық;

  • тәрбиелілік-дамытушылық;

  • қалыптастырушылық;

  • қорғау-сауықтырушылық;

  • бақылаушылық;

  • тұрмыстық.

Аталған өзара әрекеттің міндеттері:

  • ата-аналардың белсенді педагогикалық ұстанымын қалыптастыру;

  • ата-аналарды педагогикалық-психологиялық білім, біліктермен қаруландыру;

  • бала тәрбиесіне ата-аналарды белсенді қалыптастыру.

Мектеп пен отбасының өзара әрекетін ұйымдастыру жолдары:

  • отбасының тәрбиелік мүмкіндігі мен күш қуатын айқындау мақсатында зерттеу;

  • отбасының адамгершілік бағыттылығына қарай оларды топтастыру;

  • олардың бірлескен әрекеттерінің ағымдық және соңғы нәтижелерін талдау.

Яғни, отбасы мен мектептің бірлескен әрекетін тиімді ұйымдастыру педагогикалық зерттеулерден басталады.

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы дегеніміз – бала тәрбиесінде отбасы мен мектептің бірін-бірі толықтыруы, өзара келісе әсер етуі, ықпал жасауы.

Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы жасөспірім тәрбиесінде – ортақ мақсатты бірлесе талдау, өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп, қуанышта ортақтас болу секілді кең ауқымды эмоция түрлерін қамтиды. Жасөспірімдерді тәрбиелеуде ортақ келісімде іс-әрекеттер, өзара түсіністік қалыптасады. Бұл жерде мектеп ұжымының ынтымақтастығы, жасөспірімдердің бірі-бірімен ынтымақтастығы және отбасы мүшелерінің ішкі ынтымақтастығы да аса маңызды факторлар.

Жасөспірімдердің тәрбиесіндегі мектеп пен отбасы ынтымақтастығы дегеніміз – жасөспірімнің тәрбиесін жақсарту мақсатында бағытталған, келісілген, үйлестірілген, әсер ететін шаралардың бір жүйеге бірігуі. Жасөспірімдерді тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығының жоғары өлшемді болуына сынып жетекшісі, педагог-психолог, әлеуметтік-педагогтың орны ерекше.  Сонымен қатар пән мұғалімдері де жасөспірімді тәрбиелеуде өз үлестерін қосып отырады. Олар жасөспірімдердің пәнге деген ынта-ықыласына байланысты жасөспірім бойындағы белгілі бір ерекшеліктері, қызығушылықтары арқылы тәрбиелей алады.

Ата-аналар жиналысы – сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысының негізгі формасы

Жалпы мектептік ата-аналар комитеті – сыныптар бойынша ата-аналар комитеттер – «Әкелер» мектебі, «Аналар» мектебі, «Ата-аналар университеті». (2-сурет)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]