- •1.Қазақстан Республикасы Президетінің атқарушы билік аясындағы өкілеттіктерін жазыңыз
- •2.Қазақстан Республикасы Үкіметтің өкілеттіктерін жазыңыз.
- •3.Орталық атқарушы билік органдарын анықтаңыз.
- •4.Жергілікті атқарушы билік органдарын анықтаңыз.
- •5.Әкімшілік құқықтағы заңдылықты анықтаңыз.
- •6.Діни бірлестіктердің әкімшілік-құқықтық мәртебесін сипаттаңыз.
- •7.Қоғамдық бірлестіктердің әкімшілік-құқықтық мәртебесін сипаттаңыз.
- •8.Кәсіпорындар мен мекемелердің әкімшілік-құқықтық мәртебесін түсіндіріңіз.
- •9.Мемлекеттік қызметкерлерді топтастырыңыз.
- •10.Басқарудың құқықтық актілеріне қойылатын талаптар мен қолданылуы тәртіптерін түсіндіріңіз.
- •11. Әкімшілік мәжбүрлеу түрлері мен мақсаттарын анықтаңыз.
- •12.Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері және олардың ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •13.Әкімшілік жазаларды қолдану негіздерін түсіндіріңіз.
- •14.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға жататындығы, лауазымды адамдардың жазалар қолдану жөніндегі құзыретін анықтаңыз.
- •15.Лицензиялау рұқсат беру туралы іс жүргізу тәртіптерін көрсетіңіз.
- •16.Тіркеу туралы іс жүргізу тәртібі
- •17.Әкімшілік-юрисдикциялық іс жүргізу тәртіптерін көрсетіңіз.
- •18.Іс жүргізу сатыларын көрсетіңіз.
- •19.Басқару органдарының жұмысын ұйымдастыру рәсімдері туралы іс жүргізу
- •20. Төтенше жағдайдың құқықтық негiзi
18.Іс жүргізу сатыларын көрсетіңіз.
Әкімшілік іс жүргізу дегеніміз ерекше әкімшілік процессуалдық тәртіпте жүргізілетін, істі заңға сәйкес толық, жан-жақты шешу мақсатындағы әкімшілік-құқық бұзушылық бойынша істерді қарауға уәкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың және де оған қатысушы органдар мен лауазымды тұлғалардың құқықтық қатынас нысанындағы заңға сәйкес қызметі.
2. Әкімшілік іс жүргізу сатылары. Процессуалдық әрекеттер белгілі бір қисынды тәртіппен жүргізіледі. Бұл әрекеттер белгілі бір сатыларға топтастырылады, олар:
1.Басқарушылық істі (сұрақты) қозғау және оны тергеу соған өкілеттенген мемлекеттік орган (лауазымды тұлға) өкілеттеріне жатады.
2.Істі қарауды өкілетті орган (лауазымды тұлға) жүзеге асырады.
3.Іс бойынша шешім қабылдау.
4.Істі шағымдау және наразылық білдіру.
5.Шешімді орындау. Аталған сатылар әкімшілік процестің жалпы процестің жалпы сатылары болып саналады. Ол барлық әкімшілік өндірістің түрлеріне тән.
3. Әкімшілік процессуалдық қызметті екі мағынада сипаттауға болады.
Біріншіден, мемлекеттік басқару қызметінің өзі әкімшілік процестің көрінісі ретінде болады.
Екіншіден, материалдық нормалардың санкцияларын қолдану қызметіне әкеп түйістіреді.
Сонымен, әкімшілік процесс екі түрлі топтағы әкімшлік-процессуалдық (өндірісті) іс жүргізуді қамтиды, яғни атқарушы биліктің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға байланысты өкілеттенген органдар мен лауазымды тұлғалар қызметінің процессуалдық жағын көрсететін – юрисдикциялық және рәсімдік (процессуалдық) болып бөлінеді.
Іс жүргізудің әрқайсысы жеке анықталған әкімшілік немесе заңдылық пен мемлекет тәртіпті қамтамасыз ету мақсатындағы сұрақтарды шешудің заңмен белгіленген тәртібін анықтайды. Бірақ юрисдикциялық және рәсімдік іс жүргізуде пәні мен іс жүргізу бағыттарында айырмашылық бар.
Юрисдикция сөзі (латынның«Iurisdictio») сот, сот ісін жүргізудеген мағынаны білдіреді.
Юрисдикциялық іс құқық қорғаушылық сипатта және атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық дауды қарау мен шешуіне қатысты жүргізіледі және олардың қатысушыларының мінез-құлықтарына құқықтық баға беріп, кінәлілеріне мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданады.
Рәсімдік іс жүргізуде атқарушы органдар өз құзіреті шегіндеәкімшілік даудың болмауына байланысты, кейбір сұрақтарды шешуде арнаулы рәсімдік ережелерді сақтауға міндетті.
Рәсімдік іс жүргізудің нәтижесі – мемлекеттік мәжбүллеу шараларын қолдану емес, атқарушы билік органдарының белгілі бір рұқсаттарды беру, жеке құқықтық актілерді шығаруының көмегімен басқару органдарының бір қалыпты жұмысы қамтамасыз етіледі, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері қамтамасыздандырылады.
19.Басқару органдарының жұмысын ұйымдастыру рәсімдері туралы іс жүргізу
Әкімшілік-құқықтық режим дегеніміз- заңды түрде анықталған әкімшілік құқықтық әдістердің реттелуі қандай да бір ерекше жағдайларға байланысты қатынас субъектілеріне қолданылатын тыйым салу түрлері болып саналады. Құқықтық режимнің мәнін- адамдардың іс-әрекетінің белгілі бір бекітілген құқықтық норманы реттеуі деп түсіндіруімізге болады, арнайы құқықтық реттеу іс-әрекет объектілерінің (наркотикалық режим, автокөлік құралдары, мәдени құндылықтар және т.б.) уақыты мен орнының жүзеге асуын, нағыз іс- әрекеттің спецификасын бәрінен бұрын- бұл факторлардың байланысуын айтамыз. Құқықтық режим түсінігі құқықтық мәртебе түсінігімен байланысты. Кейінгісі субъектінің құқығы мен міндетерін білдіреді, қандай да бір адаммен байланыстырады: ал құқықтық режим іс- әрекетті сипаттайды және онымен қатысушылардың құқығы мен міндеттерін байланыстырады. Құқықтық режим - бұл қоғамдық қатынас іс- әрекетінің белгілі бір түрінің кешені, ол құқықтық нормамен бекітіледі және құқықтық- ұжымдық құралының жиынтығын қамтамасыз етеді.Оның 2 түсінігі бар: 1) қоғам қатынастың арнайы мәнінің ерекшелігі және оның мақсаттары мен мәселелерінің спецификасы; 2) субъектінің құқық жән міндеттер жүйесін айқындайтын іс-әркет нысандары мен әдістерін, ерекше қағидаларын қолдану. Режимнің түсінігі «бұл сөздің мағыналық негізгі түрін айқындайды, яғни құқықтық режим қатан құқықтық режим дәрежесін айқындайды, белгілі шектеулер мен жеңілдіктер, субъектілердің белсенділігінің шамасын, олардың құқықтық тұрақтылығының шегі». Құқықтық режимдерді жалпы, әмбебаб (универсальды)және өңдірістік және т.б. режимдерге бөлуге болады. Құқықтық режим құқық саласында құқықтық құралдар тртібінің мәнің-заңды салалық құрылысын көрсетеді. Ол құқықтық әдіс саласына негізделеді және берілген сала қағидаларының спецификасына базаланады, яғни негізделеді. Әкімшілік – құқықтық режим - бұл әкімшілік құралдарын реттеудегі белгілі бір байланыс, құқықтық ықпалдың орталықтандырылған тәртібімен, императивтік әдіспен негізделеді. Ол құқықтық қатынастың өзінің мәртебесі бойынша заңдылық тең емес позицияны ұстанады. Әкімшілк- құқықтық режимді аумақтық (территориялық) критерияға байланысты бөлуге болады: жалпы мемлекеттік (құпия және т.б.), уақыт әрекетіне байланысты тұрақты және уақытша жағдайлы(ситуационный) (мысалы, төтенше жағдай). Осы қатарда режимдерді объект, іс- әрекет құралдары бойынша бөлуге болады: мысалы, қаржы және т.б. түрлер бойынша. Арнайы әкімшілік -құқықтық режимдерде бір-бірімен тығыз байланысты екі жақты атап өтуге болады: мазмұнды және формальды. Мазмұнды жақ-режимнің себептері мен мақсатының орындалуын, ұжымдық, экономикалық элементтерінің оның әрекетімен байланысты, ал құқықтық жақ - кім, қай уақытқа дейін, қандай территорияда режим орындалады, процедураны оған енгізу , жойылуы, ауыстырылуы, «режимдік» міндеттер мен құқықтар. Барлық арнайы режимдер ережеге сәйкес азаматтың құқығын шектейді. Сондықтан мұндай шектеулер шектен тыс, ал режимдік шектеулер тек қана заңға байланысты орындалуы тиіс
1) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай – адам шығындарына, денсаулыққа зиян келтiруге, елеулi мүліктік шығындарға немесе тұрғындардың тiршілiк әрекетi жағдайының бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн немесе әкеп соққан әлеуметтік қатынастар саласындағы белгілі бір аумақта қайшылықтар мен жанжалдардың туындауымен байланысты төтенше жағдай;
2) жергiлiктi жердiң коменданты – Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын, төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жердегi комендатураның қызметiне басшылық жасайтын және төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ететiн күштер мен құралдарды бiртұтас басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адам
3) жергiлiктi жердiң комендатурасы – төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жерде төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Президентi құратын уақытша арнаулы орган;
4) коменданттық сағат – арнайы берiлген рұқсаттамасыз және жеке басын куәландыратын құжаттарсыз көшелерде және өзге де қоғамдық орындарда не үйлерiнен тыс жерлерде жүруге тыйым салынатын тәулiк мезгiлi;
5) төтенше жағдай – азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қорғау мүдделерiнде ғана қолданылатын және азаматтардың, шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгiлеуге жол беретiн және оларға қосымша мiндеттер жүктейтiн, мемлекеттiк органдар, ұйымдар қызметiнің ерекше құқықтық режимі болып табылатын уақытша шара;
6) төтенше жағдай енгiзiлетiн жергілікті жердiң шекаралары – Қазақстан Республикасының бiр немесе бiрнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң аумағы
7) Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк комиссия – төтенше жағдай енгiзу кезеңiне Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiсiмен құрылатын арнаулы мемлекеттiк басқару органы.
