Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
А дегейі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36.84 Кб
Скачать

16.Әкімшілік жазалардың ұғымы және мақсаттарын көрсетіңіз

1. Әкімшілік жаза дегеніміз - әкімшілік құқұқ бұзушылық жасаған адамға заңмен белгіленген тәртіппен мемлекеттің уәкілетті органы немесе лауазымды тұлға қолданатын мемлекеттік әсер ету шарасы. Әкімшілік жазалар құқық бұзушыға моральдық не материалдың әсер етуді көздейді.

Әкімшілік жазаның мақсаттары -әкімшілік заң нормасымен қарастырылған әрекеттер үшін тиісті жауаптылық шарасын тағайындау. - әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды заңды сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухында қайта тәрбиелеу. -әкімшілік құқұқ бұзушылық жасаудан сақтандыру, алдын алу. Мерзімі бойынша әкімшілік жазалар: бір реттік (разовый), бір мерзімдік (единовременный), созылмалы, негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі және қосымша жазалардың тағайындалу тәртібі Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекстің 46-бабында көрсетілген. Әкімшілік жазалар тағайындау арқылы әкімшілік құқық бұзушылық субъектілерінің белгілі бір құқықтарынан айырады.

17.Қр Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың ұғымы және жүйесін көрсетіңіз.

  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген соттар (судьялар) және органдар (лауазымды адамдар) оларды өздерiне сырттан ықпал етуге болмайтын жағдайларда шешедi. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген соттың (судьяның) және органның (лауазымды адамның) қызметiне қандай да болсын араласуға жол берiлмейдi және ол заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

18.Әкімшілік іс жүргізудің ұғымы және тұрлерін көрсетіңіз.

Әкімшілік іс жүргізу-материалдық әкімшілік құқықтық нормаларды жүзеге асыру мақсатымен құрылған әрекеттер жиынтығы немесе басқаша айтатын болсақ атқарушы билік органдары іс -әрекеттерінің әкімшілік процессуалдық нормалармен реттелуі деп түсіндіруімізге болады. Заңмен алдын-ала қарастырылған жағдайда-ол басқару актілерін қабылдаумен материалдық құқықтық нормаларын қодануы. Кез келген іс-жүргізу сияқты, әкімшілік іс-жүргізу де қандай да бір нәтижелі әкімшілік мақсатқа жетуге бағытталған.

19.Әкімшілік рәсімдер іс жүргізудің мәнің көрсетіңіз.

басқару қызметiн ұйымдастыруды жетiлдiруге, мемлекеттiк органдардың iркiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге, басқарушылық шешiмдердi жедел қабылдауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, мемлекеттік мүдделердi қорғауға, мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдық өкілеттікті қызметтен тыс мақсаттарда пайдалануына жол бермеуге жәрдемдесетiн әкiмшiлiк рәсiмдердi белгiлеуге бағытталған

20.Қр Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізудің құқықтық негіздерін көрсетіңіз.

Әкiмшiлiк айыппұл (бұдан әрi – айыппұл) – осы бөлiмнiң Ерекше бөлiгінiң баптарында көзделген жағдайларда және шекте әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн салынатын, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған кезде қолданыста болған заңға сәйкес белгiленетiн айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр мөлшерiне сәйкес келетiн мөлшерде ақша өндiрiп алу.