- •1.Қр Әкімішілік құқық пәнін айтып беріңіз.
- •2.Қр Әкімшілік құқық функцияларын анықтаңыз.
- •3.Қр Әкімшілік құқық жүйесін айтып беріңіз.
- •4.Қр Әкімшілік құқық әдісінің ұғымы мен тұрлерін айтып беріңіз.
- •5.Қр Әкімшілік құқықтың Қазақстан Республикасы құқығы жүйесіндегі орнын анықтаңыз
- •6.Атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесін сипаттаңыз.
- •7.Қр Әкімшілік құқық ғылымы пәнін анықтаңыз.
- •8.Қр Әкімшілік құқықтық нормалардың ұғымы және ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •9.Қр Әкімшілік-құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •10.Атқарушы билік органның ұғымы мен қызметінің қағидаттарын түсіндіріңіз.
- •11.Мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздерін түсіндіріңіз.
- •12.Басқару нысандарының ұғымы және ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •13.Басқару актілерінің ұғымы және заңдық маңызын түсіндіріңіз.
- •14.Қр Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымы және белгілерін түсіндіріңіз.
- •15.Әкімшілік жауаптылықтың ұғымы және негізгі ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •16.Әкімшілік жазалардың ұғымы және мақсаттарын көрсетіңіз
- •17.Қр Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың ұғымы және жүйесін көрсетіңіз.
- •18.Әкімшілік іс жүргізудің ұғымы және тұрлерін көрсетіңіз.
- •19.Әкімшілік рәсімдер іс жүргізудің мәнің көрсетіңіз.
- •20.Қр Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізудің құқықтық негіздерін көрсетіңіз.
9.Қр Әкімшілік-құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Әкімшілік- құқықтық қатынас әкімшілік-құқықтық нормамен реттелінген басқарушылық қоғамдық қатынас болып табылады, онда тараптар әкімшілік құқықтық нормамен белгіленген кепілденген өзара байланысты құқықтар мен міндеттер иеленушілер реттінде болады
Ерекшеліктері
Өзге құқықтық қатынастармен салыстырғанда биліктік қатынастар, яғни «Билік – бағыну » бастамасына құрылған
Мемлекеттік барқарушылық қызметтің процессінде атқарушы билік жүзеге асырылады, ол үшін және оны іс жүзінде пайдалануға мүмкіндіктер беруге қабілетті болатын ерекше субьектінің болуын талап еттеді
ӘҚҚ Мемлекеттің еркімен мүдесі, жариялы құқықтық, яғни мемлекеттік, мүдде тура және тікелей көрініс табады.
ӘҚҚ-дың барлық өзге құқықтық қатынастар сияқты өзінің обьектісі болады
ӘҚҚ-тың обьестісі атқарушы биліктің жүзеге асыру аясындағы басқарлатындардың еркі, сана- сезімі, және солар арқылы болатын мінес құлқы болып табылады
ӘҚҚ өзінің мәні бойынша басқарушылық бола отырып, оның пайда болуы өзгертілу немесе тоқтатылуы үшін кең аясы бар Бұл мемлекеттік басқару аясы, оның ұғымы жегі қазіргі кезеңдегі жағдайда да атқарушы билікті іске асыру жөніндегі проктикалық қызметтің көлемімен бағытылығымен анықталады
Тараптардың атқарушы билік органдарының дала отырып, олар екінші тараптың келісімі қағида бойынша, міндетті болып табылатын шарттық сипатты бар азаматтық- құқықтық қатынастармен салыстырғанда бұл сияқты міндетті шартсыз-ақ пайда болуы мүмкін,азаматтыңда ынтасы бойынша пайда болуы мүмкін
ӘҚҚ тараптарының арасында әр түрлі даулар болуы мүмкін ӘҚҚ тараптарының арасындағы Әкімшілік-құқықтық даулар көбнесе атқарушы биліктің өкілетті субьектілер өздеріне тиісті заңдық биліктің өкілеттерін жүзеге асыру жолмен шешіледі
ӘҚҚ тарапының жауапкершілігі мемлекет алдында тиісті органдар арқылы пайда болады
10.Атқарушы билік органның ұғымы мен қызметінің қағидаттарын түсіндіріңіз.
Атқарушы билік органы –мемлекеттік биліктің атқарушы билік тармағын жүзеге асыратын негізгі субьект.Онсыз мемлекеттік –басқарушылық қызметті жүзеге асыру, әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес.Бұл сияқты құқықтық-қатынастардың өзге қатысушыларының әкімшілік-құқықтық мәртебесі көбнесе атқарушы билік органдарының қызметінің аясында шындыққа айналады. Сондықтан олардың әкімшілік құқықтық мәртебесін жан-жақты қарауды қажет етеді.
Атқарушы билік органдарының ұғымы белгілі бір шамада «ұйым» деген ұғымнан туындайды,ол тар мағынада қандай да бір бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін құрылатын және осы мақсат үшін аз дәрежеде болса да ресімделген адамдар ұжымының жекелеген бөлігін білдіреді
Қағидаттары
1.Конституцияның (3-б-тың) 1,2 тарм-да бекітілген халық билігі қағидаты мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық болып табылады, дегеннен көрініс табады, ол өз билігін тікелей,сондай-ақ мемлекеттік билік органдары,оның ішінде атқарушы билік органдары арқылы жүзеге асырады
2. Конституцияның 3-б 4-т бекітілген біртұтас билікті бөлу және өзара тежемелік әрі тепе-теңдік қағидат мемлекеттік биліктің үш тармағы- заң шығарушы атқарушы және сот билігі болатындығын және олардың дербестіктерін білдіреді
3. Атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінде алқалық және жеке –дара басшылықты дұрыс үйлестіру қағидаты мемлекеттік басқару қызметтінің негізгі мәселелерін шешкен кезде ұжымдық пікірді ескеруді қамтамасыз етеді
4.Әрбір лауазымды адам мен мемлекеттік қызметшінің өзіне тапсырылған жұмыстың бөлігі үшін жеке(дербес) жауапкершілігі қағидатын сақтаудың маңыздылығы арта түсуде.Бұл қағидат атқарушы билік органдары туралы ережелерде, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда, тәртіп туралы жарғылар мен лауазымдық нұсқауларда бекітіледі.
5.Атқарушы билік органдары жұмысының жариялылық қағидаты өздерінің жұмысының,оның ішінде нормативтік құқықтық актілердің неғұрлым маңызды нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен жариялап отыруды,жұртшылықтың назарына жеткізіп отыруды болжайды. Конституцияның 4-б-ның 4-т барлық заңдар жарияланады деп бекіткен
Атқарушы билік органдардарының жүйесіне орталықтандыру қағидаты,яғни төменгі тұрған органдардың жоғары тұрған органдарға бағыныштылығы тән . Ол атқарушы биліктің әрбір органының өкілеттіліктерінің көлемін заңнамаларымен айқындап белгілеген кезде осы жүйенің тұтастығынан туындайды.Орталықтандырудың үлкен жасампаздық маңызы бар, өйткені Конституциямен, заңдармен және Президенттің жарлықтарымен бекітілген атқарушы билік органдарының бірыңғай жүйесі орталық және жергілікті органдарының үйлесімді және тиімді қызмет атқаруларының аса маңызды кепілі болып табылады
