- •1.Қр Әкімішілік құқық пәнін айтып беріңіз.
- •2.Қр Әкімшілік құқық функцияларын анықтаңыз.
- •3.Қр Әкімшілік құқық жүйесін айтып беріңіз.
- •4.Қр Әкімшілік құқық әдісінің ұғымы мен тұрлерін айтып беріңіз.
- •5.Қр Әкімшілік құқықтың Қазақстан Республикасы құқығы жүйесіндегі орнын анықтаңыз
- •6.Атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесін сипаттаңыз.
- •7.Қр Әкімшілік құқық ғылымы пәнін анықтаңыз.
- •8.Қр Әкімшілік құқықтық нормалардың ұғымы және ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •9.Қр Әкімшілік-құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •10.Атқарушы билік органның ұғымы мен қызметінің қағидаттарын түсіндіріңіз.
- •11.Мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздерін түсіндіріңіз.
- •12.Басқару нысандарының ұғымы және ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •13.Басқару актілерінің ұғымы және заңдық маңызын түсіндіріңіз.
- •14.Қр Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымы және белгілерін түсіндіріңіз.
- •15.Әкімшілік жауаптылықтың ұғымы және негізгі ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •16.Әкімшілік жазалардың ұғымы және мақсаттарын көрсетіңіз
- •17.Қр Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың ұғымы және жүйесін көрсетіңіз.
- •18.Әкімшілік іс жүргізудің ұғымы және тұрлерін көрсетіңіз.
- •19.Әкімшілік рәсімдер іс жүргізудің мәнің көрсетіңіз.
- •20.Қр Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізудің құқықтық негіздерін көрсетіңіз.
1.Қр Әкімішілік құқық пәнін айтып беріңіз.
Әкімшілік құқықтың пәні - әкімшілік құқық нормаларымен реттелетін мемлекеттік басқару сферасындағы қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Әкімшілік (администрация) сөзі латын тілінен аударғанда –«басқару» деген мағына береді, сондықтан бұл саланы көбіне басқару құқығы деп те атайды. Қазіргі әкімшілік құқық - құқық саласы ретінде құқық жүйесіндс жеткілікті деңгейде жеке тұлға құқығын нығайтатын және оны әкімшілік үстемдіктен қорғайтын нормалар пайда болған кезде қалыптасты. Әкімшілік құқық жәй ғана атқарушы биліктің еркін ғана білдіріп қоймай, сонымен қатар үлкен құбылыс болып саналады. Әкімшілік құқық - өте маңызды, әрі күрделі сала, өйткені мемлекеттік әкімшіліктің қоғамдық мәні зор. Басқару қоғамның барлық саласында бар және оның қызмет көлемі үлкен, мазмұны әр қилы.
2.Қр Әкімшілік құқық функцияларын анықтаңыз.
-Реттеушілік -
- Құқық атқарушылық
- Құқық шықару
- Құқық қорғаушы
3.Қр Әкімшілік құқық жүйесін айтып беріңіз.
Әкімшілік құқықтың жүйесі дегеніміз – мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін әкімшілік-құқықтық нормалардың реттелген жиынтығы. Әкімшілік құқық жүйесі жалпы және ерекше бөлімнен тұрады. Жалпы бөлімге мемлекеттік басқару жүйесіне жалпы сипаттама беретін әкімшілік құқықтың негізгі институттарын құрайтын нормалар жатады. Бұлар: мемлекеттік басқарудың негізгі қағидалары, әкімшілік құқық субъектілерінің әкімшілік құқықтық мәртебесі, мемлекеттік басқару нысаны мен әдістері, әкімшілік құқықтық жауаптылық, әкімшілік іс жүргізу тәртібі, мемлекеттік басқарудағы заңдылықты сақтау тәртібі. Ерекше бөлімде әр сала бойынша басқару органдары, олардың нақты атқаратын функциялары туралы айтылады. Бұлар: сыртқы істерді басқару, ішкі істерді басқару, әділетті басқару, қорғанысты басқару, денсаулық сақтауды басқару, білім беруді басқару, көлік және коммуникацияны басқару, т.б
4.Қр Әкімшілік құқық әдісінің ұғымы мен тұрлерін айтып беріңіз.
Әкімшілік құқық реттеушілік функциясын жүзеге асыра отырып, осы мақсат үшін басқарушылық қоғамдық қатынастарға, яғни солардың қатысушыларының мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасаудың құқықтық құралдарының немесе тәсілдерінің белгілі бір жиынтығын пайдаланады. Бұл — қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері
Түрлері
Нұсқама (міндеттеу) — бұл тиісті құқық нормасымен осы нормада қаралған жағдайларда зандық маңызы бар қандай да бір іс-әрекет жасауға тікелей заңдық міндет жүктеу. Демек, норма тиісті жағдайларда өзгеше емес, тап осылай істеу керек деп көрсетеді. Мысалы, орталық және жергілікті атқарушы билік органдарына өздерінің нормативтік — құқықтық актілерін ҚР-ның Әділет министрлігінде және оның жергілікті органдарында тіркеу міндеті жүктелген.
Тыйым — шындығында бұл да нұсқама, бірақ заңдық мазмұны басқа. Оның мағынасы мынада, құқық нормасы өзінің әдіресаттарына (жолданатындарына) осы нормамен қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар белгілі бір іс-әрекеттерді жасаудан бас тартуға тікелей заңдық міндет жүктейді. Әкімшілік тыйымға мысал ретінде ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде қаралған құқық бұзушылықтардың құрамдарын айтуға болады.
Ерік беру — бұл осы нормамен қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар қандай да бір іс-әрекеттерді өзінің қалауы бойынша жасауға немесе оларды жасаудан бас тартуға заңды түрде рұқсат беру.
