- •3.Ясауи ізбасарлары және түркі аймағына таралуын суреттеңіз
- •4. Ясауи ілімінің мәнін ашыңыз.
- •5. Ясауидің қылуетке түсуінің себебін түсіндіріңіз
- •6. Ясауи дүниетанымының негізін түсіндіріңіз
- •9. Ясауи кесенесінің құрылымын түсіндіріңіз
- •14. Ясауидiң жастық шағын сипаттап көрсетіңіз
- •30 Балл
- •27. Қожа Ахмет Ясауидің өмір жолын көрсетіңіз
- •30. Дін және мәдениет арақатынасын көрсетіңіз
- •50 Балл
- •2.Ислам діні
- •35. Исламның басты қайнарлары хақында айтып беріңіз
- •4. Жанұяға байланысты міндеттер
- •41. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Тайқазанның қойылуын баяндап беріңіз
2.Ислам діні
Ислам араб тiлiнде «бағыну», «мойын ұсыну», «жамандықтардан аулақ болу» т.б. деген мағыналарды береді. Жалпы бұл дiн - Хазiретi Мұхаммедке (ғ.с.) Аллаћ тарапынан уахи арқылы түсірілген соңғы және кемелденген діннің аты. Аталмыш дінді ұстанатын адамды «мұсылман» немесе «мүсілім» деп атайды.
Мұсылмандық негiзi Аллаћтың барлығына, бірлігіне, одан басқа тәңiрдiң жоқтығына, Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) оның құлы, әрі елшісі екендігіне сенуден тұрады.
Мұсылмандық сенім бойынша бүкіл пайғамбарлардың адамзатқа жеткізген діні - ислам діні.
Осы дiннiң қасиеттi кiтабы - Құран Кәрім Аллаћ тарапынан Хазіреті Мұхаммедке (ғ.с.) уахи етілген илаћи кітап және оның ешбір сөзі өзгеріске ұшырамаған, бұл жайында да Аллаћ оны өзі қоритынын ескерткен. Бұл кітап ардақты пайғамбарға 23 жыл бойы уахи етілген, оны пайғамбар сахабаларға жаттатқан, жаздыртқан және өзі тексеріп отырған. Осылай Құранның түпнұсқасы сақталып, күнімізге дейін жеттi.
Ислам - монотеистiк дін. Бұл дінде Құдайды екілеу, үштеу, оған ортақ қосу деген нәрселер - атымен жоқ. ¦лы Аллаћқа берілген сипаттар адамдарға, жануарларға, жанды-жансыз жаратылыстарға берілмейді. Бұл дінде Аллаћтан басқа ешбір табиғатқа, табиғат құбылыстарына, қолдан жасалған мүсіндерге, рухтарға т.б. нәрселерге табынуға тыйым салынған.
35. Исламның басты қайнарлары хақында айтып беріңіз
. Құран - “оқу”, “жатқа оқу” мағынасына келетiн арабша сөз. Мұндағы мағына кітаптан оқу емес, “ауызша жатқа оқу” дегенді білдіреді. Хазiретi Мұхаммедке (ғ.с.) түскен қасиеттi Құран Кәрімнiң басқа да есiмдерi бар. Кейбiр ғұламалар Құран есiмдерiнiң тоқсанға жуығын атаған.
Құран Кәрім ислам дініндегі ең қасиетті кітап және мұсылмандардың бірінші қайнары. Хазiретi Мұхаммедке (ғ.с.) Құран уахи арқылы түсiп бұлтартпас хабарлар арқылы жеткен, оқылуы ғибадат саналған мұғжизалы* сөз. Ол - Аллаћ Тағаланың сөзі, сондықтан оны мойындамау - күпірлік. Құранда барлық ақиқаттар қамтылған, күмәнсіз оған адам сөзі қосылмаған. Құранның мағынасы да, сөзi де Аллаһ Тағалаға тән .
Құран Кәрім - 114 сүреден, 6666 аятдан тұрады. Сүре - сөздiкте жоғары мәртебе, абырой яки қатар деген мағынаға келедi. Терминдiк мағынасы аяттардан тұратын басы мен ақыры бар жеке Құран бөлiмi. Аят - сөздiкте белгi, дәлел, нышан, ғибрат мағыналарына келедi. Ал терминдiк мағынасы сүрелердiң iшiнде басы мен ақыры болған яки бiр немесе бiрнеше сөйлемнен құралған сөздер жиынтығы. 286 аяттан тұратын ең ұзын сүре - Бақара сүресі, ал ең қысқасы - 3 аяттан тұратын Кәусар сүресі. Құранның бірінші бетіне Фатиха сүресі, соңғы бетіне Нас сүресі орналасқан.
Меккелік сүрелер - Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) Мекке қаласында жасаған кезде түскен сүрелер. Меккелік сүрелерде жалпы иман-сенім, жаннат-жаћаннам, әлем мен адамның жаратылуы, өткен пайғамбарлар туралы тақырыптар қамтылған.
Ал Хазiретi Мұхаммедтiң (ғ.с.) Меккеден Мединеге көшуіне байланысты, Медине қаласында түскен сүрелер “мединелік сүрелер” деп аталады. Осы аталған сүрелерде қоғам өмірі мен адамдар арасындағы қарым-қатынастар бойынша әмірлер мен бұйрықтар, тыйымдар т.б. тақырыптар баяндалады.
Осы кітаптың негізі – адам, адамзаттың дүние мен ахиретте бақытты болуын мақсат етеді. Құран жалпы адамдардың Аллаћқа сенімдеріне, оған құлшылық жасауларына, ахлақ негіздеріне, адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынастарына тоқталады, сондай-ақ адамдардың әлеуметтік, мәдени және экономикалық мәселелеріне шешуші ережелер ұсынады, адамзаттың жеке және жалпы өміріне жол көрсетеді. Құранның жол көрсетуші үкімдері, бұйрықтары мен тыйымдары ішінде еш қайшылық жоқ.
Аллаһтың сөзінде ғайып, рух, қиямет күні, ажал, жын, періште, жәннат (жұмақ), жәћәннам (тозақ) сияқты адамның көзіне көрінбейтін нәрселер баяндалады. Сондай-ақ осы кітап өткен қауымдар, мемлекеттер жайлы, оларға жіберілген пайғамбарлардың істеріне қатысты мәліметтер береді.
Құран Кәрім адамның жоғарғы адамгершілік иесі болуына шақырады. Осы кітап дүниеде адамдардың бейбітшілік пен тыныштықта жасауларын және бір-бірімен сүйіспеншілік пен қайырымдылықта өмір сүрулерін қалайды. Осы тұрғыдан Құран Кәрімнің ұлылығы соншалық, бүкіл адамдар барлық ғұмырларын оны зерттеуге берсе де, оны толық түсінуге білімдері жетпейді. ¤йткені ол - шексіз ғылым иесі болған Аллаћтың сөзі.
2. Сүннет. Хазіреті Мұхаммедтiң (ғ.с.) тірі кезіндегі әрбір әрекеті мен оның әрбір сөздері мұсылмандарға үлгі болған. Ардақты пайғамбардың тірі кезіндегі айтқан өсиеттері мен ақыл-кеңестері, оның өмірі мен қызметіндегі әдепті, сыпайы іс-әрекеті мен инабаттылыққа үндейтін сөздерi немесе жаман бір нәрселерге тыйымдары «сүннет» деп аталады.
Сүннет “жол”, “үлгі” дейтін мағыналарға келсе, хадис “хабар”, “әңгіме” деген мағыналарға келедi және осы екi сөз де Хазіреті Мұхаммедтiң (ғ.с.) айтқан сөздеріне, іс-әрекеттеріне, тақрирлері* мен сипаттарына қатысты.
Сопылық дүниетанымның қайнары – Құран мен Сүннет. Сондықтан түркi сопылығының iргесiн қалаған Ахмет Ясауи түркi халықтарына Құран мен Сүннетке негiзделген аса құнды пiкiрлерiн ұсынған.
3. Діни шариғат үкімдерi
Мұсылман хұқықшылары Құран, Сүннетке сүйене отырып, мұсылмандардың күнделікті тұрмыстарына қолданатын діни үкімдер белгілеген.
Ал Құранда, Сүннетте жоқ бір мәселе жайында мұсылман ғалымдары бас қосып шешетін болған. Мұны біз “ижма” деп атаймыз.
Дініміз адамға немесе қоғамға пайдалы нәрселер мен амалдарға рұқсат еткен немесе мұсылмандардың істеуін міндеттеген. Ал керісінше қоғам мен адам баласына зиянды нәрселер мен амалдарға тыйым салған. Мысалыға садақа, зекет қоғамға пайдалы болғандықтан дінімізде оларға рұқсат еткен немесе міндеттеген.
36. Ислам сенім негіздерін түсіндіріңіз
Иман сөздікте «бір нәрсеге сену», «мақұлдау», «қабылдау», «бағыну» деген мағыналарды береді. Ал дініміз бойынша ұлы Аллаћтың дінін, Хазіреті Пайғамбардың баяндағандарын кесінді түрде көңiлмен мақұлдауды және тiлмен айтуды «иман» деп атайды.
Иман «жалпы (ижмали) иман» және «дара (тафсили) иман» болып екі түрге бөлінеді. Дініміздің негізі Аллаћтың барлығы мен бірлігін мойындау болғандықтан, мұсылмандар бір дәстүр ретінде өзінің мұсылман екенін білдіретін жалпы (ижмали) иманды былай айтады:
«Лә илаћә илла-л-лаћ, Мұхаммадун расулу-л-лаћи».
Мағынасы: «Аллаћтан басқа тәңірі жоқ, Мұхаммед оның елшісі».
Міне, жоғарыдағы мүбәрәк сөзді айтқан адам ислам дініне кірген және мұсылмандықтың алғашқы табалдырығын аттаған болып есептелiнедi. Яғни, біздің дініміздің негізі Аллаћты бірлеуден (тәухид) тұратындықтан, Аллаћтың бірлігін білдіретін қасиетті осы сөзді айту «жалпы (ижмали) иманға» жатады.
1. Ұлы Аллаћқа және оның сипаттарына иман
Жоғарыда баяндалғаны сияқты имандағы алты шарттың біріншісі –Аллаћ Тағалаға иман.
Ислам сенімі бойынша Аллаћтың теңі, ұқсасы жоқ. Ол барлық нәрсенің жаратушысы және екі дүниенің иесі. Оның сипаттары мен қажетіне ешнәрсе жете алмайды. ” .
2. Періштелерге иман
Аллаћтың әр түрлі жаратқандары бар. Сол жаратқандарының бірі – періштелер. Періштелер адамның көзіне көрінбейтін жаратылыстар. Олардың жаратылыстары біздің жаратылысымызға сәйкес келмейді және біздің көзімізге көрінбейді. Бiрақ біз оларды көре алмадық деп жоққа шығара алмаймыз. ¤йткені Аллаћ Тағала мен оның пайғамбарлары періштелердің бар екенін бізге білдірген.
3. Кітаптарға иман
¦лы Аллаћ пайғамбарларына біршама кітаптар жіберген және осы кітаптардың шын, ақиқат екенін қабылдау иманның үшінші шарты болып табылады.
Ал үлкен кітаптар төртеу, ұлы Аллаћ.
1. Мұса пайғамбарға “Тәуратті”;
2. Дәуіт пайғамбарға “Забурды”;
3. Иса пайғамбарға “Інжілді”;
4. Мұхаммед пайғамбарға “Құранды” түсірді.
4. Пайғамбарларға иман
Пайғамбарларға иман - ислам дiнiндегi иман негiздерiнiң бiрi. Пайғамбарлар - Аллаћтың құлдары арасынан таңдап, оған елшілік міндетін жүктеген адамдары. Пайғамбарлар адамдарға хақ дінді уағыздауға және оны жалғастыруға мiндеттелген. ¦лы Аллаћ адамдарға қажет кезінде пайғамбарлар жіберген. Жіберген пайғамбарлары адамдарға тура жолды көрсетуге, адамдардың жақсы мен жаманды айыра білуіне және олардың жақсы мінез қалыптастыруына шақырған.
Пайғамбарларға иман ету - олардың әкелген дініне сену деген сөз. "
5. Ахырет күніне иман
Дүние өмірі өліммен аяқталады. Міне, осы өліммен басталатын шексіз өмірді «ахирет» деп атайды. Осындай өмірдің бар екеніне иман ету – ислам сенім негіздерінің бірі
Ахырет күні - нағыз әділеттің жүзеге асатын күні. Әрбір адам сеніміне, ғибадатына, ахлағына қарай жауапқа тартылады. Жақсы адамдардың (мүмін, мұсылман) жұмақта марапатталатыны, жаман адамдардың (кәпір, мұнафық, мүшірік) да тозақта жазаға тартылатыны даусыз. 6. Тағдырға иман
Тағдырға иман - ислам сенім негіздерінің бірі. Яғни барлық нәрсені Аллаћтың қалауы мен жаратуы арқылы жүзеге асатынына сену.
Тағдыр сөзi - бiр нәрсенi белгiлi бiр өлшем, мөлшерге қарай реттеу, белгiлi есеппен жүйелеу деген мағыналарды бiлдiредi. ¦лы Аллаћ барлық нәрсенің жаратылысынан бастап, соңына дейінгі олардың орны мен уақытын, пайда болу түрлерін және жағдайларын, көлемі мен мөлшерін, олар пайда болмай тұрып біледі. Міне осыны “тағдыр” деп атайды.
37. Ислам ғибадат негіздері, түрлері жайлы сипаттаңыз
Ғибадат - құлшылық деген сөз. Терминдiк мағынасы Жаратушы күшке құрмет көрсету, сыйыну және табыну деген мағыналарға сәйкес келедi.
Мұсылмандық ғибадатты былай жiктей аламыз:
1. Денемен жасалған ғибадат (Намаз оқу, ораза тұту, Құран оқу және жақсы iстер т.б.),
2. Дүние-мүлiкпен жасалатын ғибадат (Зекет беру, садақа беру тб.).
3. Дене және дүние-мүлiкпен жасалынатын ғибадат (Қажылық, умра).
Мұсылманға ұлы Жаратушының барлығы мен бірлігін сеніммен немесе жүрекпен илану жеткіліксіз, ұлы Аллаћты амалмен де бірлеу керек, яғни құлшылықты тек Аллаћқа ғана жасап, әрбір мұсылман тек Аллаћқа ғана бас июі тиіс.
Исламның шарттары:
1. Кәлимә-и Шәћәдат
Исламның бірінші шарты куәгерлік ету. Ол:
«Әшћәду әллә иләћә иллә-л-лаћ уә әшћәдү әннә Мұхаммәдән әбдүћү уә расулүћ».
Мағынасы: “Мен Аллаћтан басқа тәңір жоқ екендiгiне және Мұхаммед оның құлы әрі елшісі екендігіне куәлік етемін” – деп, көңiлiмен иланған және оны ашықтан ашық айтқан адам исламның бірінші шартын орындаған болады. Ал кәлимә-и шәћәдатты орындамай, исламның қалған шарттарын орындау мүмкiн емес.
2. Намаз
Намаз оқу мұсылмандарға ћижреттен бір жарым жыл бұрын Меккеде парыз етілген. Хазіреті Пайғамбардың бір хадис шәрифінде: “Намаз - діннің тірегі”- дегеніндей, намаз ислам дінінде маңызды орынды иеленеді.
Намаздың өзіне тән үкімдері бар. Егер де үкімдерінің бірі орындалмаса намаз дұрыс болып есептелiнбейдi. Намаздың парыздары - 12. Олардың 6-уы намаздың сыртында, 6-уы намаздың ішінде.
3. Ораза
Исламның үшінші шарты – ораза. Оразаның мағынасы - бiр нәрседен алыстау деген сөз. Ораза ұстау - белгiлi уақыт iшiнде яғни екiншi шапақтан бастап, күн батқанға дейiнгi уақыт iшiнде еш нәрсе ішіп-жемеу, нәпсi қалауларынан тыйылудан тұратын құлшылық болып табылады
4.Зекет
Зекет мүлікпен жасалынатын ислам негіздеріндегі ғибадаттың бірі болып табылады. Зекет «көбею», «өсу», «берекелі болу» деген мағыналарды береді. Ал дінімізде зекет - ұлы Аллаћтың разылығы үшін, мал-мүліктің белгілі бір мөлшерін исламда белгіленген жерге берілетін мүлікпен жасалынатын құлшылық.
Зекет берушiнiң ақыл-есi дұрыс, балиғат жасына жеткен азат мұсылман болуы керек.
Зекет кедейлерге, қайыршыларға, борыштыларға, жолда қалғандарға, зекет жинаушыларға және мұсылман болуы мүмкін кәпірлерге беріледі.
4. Хаж (қажылық)
Исламның бесінші шарты - қажылық. Хаж араб тiлiнде «құрмет тұтылған қасиеттi жердi зиярат ету» мағынасын бiлдiредi. Терминдiк мағынасы - қажылық айлары деп аталатын арнайы уақытта Мекке қаласындағы Қағбаны тауап ету. Ер жеткен, ақыл-есі дұрыс, денсаулығы мықты, әрі бай мұсылмандарға өмірінде бір рет Меккедегі қасиетті Қағбаға бару - парыз. Қажылық - әрі малмен әрі дүниемен жасалынатын ғибадат.
Ислам шарттарының пайдалары. Намаз - денсаулықтың кепілі. Мүмін намазда Ұлы Жаратушының ақыл, ой, денсаулық және нығмет бергеніне шүкір етіп, намаз арқылы дененің зекетін береді. Намаз мүмін мен Аллаћ арасындағы байланыс болып табылады, яғни мүмін ешкімді араша тұтпай-ақ тек намаз арқылы тікелей Аллаћпен сөйлесе алады, өзiнiң жүрегiнен шыққан қалау тiлектерiн, ешкiмнен қымсынбай, қиналмай айта алады. Өйткенi барлық нәрседен қарағанда адамға ең жақыны – Ұлы Аллаһ. Адам намазға тұрғанда, өзінің әлсіз бейшара екенін сезініп, Аллаћ Тағалаға жалбарынады.
38.37. Исламның бес шартын (парыз) көрсетіңіз, мағынасын түсіндіріңіз
39. Ислам ахлақ (мораль) негіздері туралы түсіндіріңіз
Ахлақ “мінез-құлық”, “адамгершілік” дегенмағыналардыбілдіреді. Мiнез-құлық - адамныңжаратылысынанқалыптасқаннемесетәрбиеарқылықабылдағанқасиеті. Осыбiрқасиеттiңкелетінқайнарыбірі - жаратылыстанкелетінмінез, алекіншісі - дін. Сондықтанадамныңмінезібірдінгенегiзделмесе, оныңбақытқа, руханикемелдіккежетуіқиын. ¤йткені, адамғаәдiлетпенәдiлетсiздiктi, имандылықпеназғындықты, пайдамензияндыажыратыпбілугекөмектесетін - дін. Сондықтандініжоқхалықтардыңболашағыжоқ.
1. Өзімізгебайланыстыміндеттеріміз
Әрбірмұсылманныңөзінебайланыстыбіршамаміндеттеріменжауапкершіліктерібар. Адамөзрухыменденесінеқажеттінәрселерменөздәрежесіндеқамтамасызетуге, ғылым, білімүйренуге, өзін-өзіжетілдіруге, денсаулығынсақтауға, еңбекетіпадалжолменризығынтабуға, жақсыамалдарістеп, жамандықтанаулақболуға, қоғамғапайдалы, адаладамболуғаміндетті, яғниақыл-есітүзу, өзеркіөзіндеболғанадамныңжоғарыдағылардыорындауғажауапты
2. Аллаћқа байланысты міндеттер
Адамның ахлақи жағынан алдымен Аллаћқа байланысты жауапкершілігі орасан зор. Сондықтан адамның Аллаћқа деген біршама міндеттері бар. ¦лы Жаратушымыз адамзатқа сансыз нығметпен (игілік) қоректендіріп, адамды жоқтан бар етіп жаратқан. Ой 3. Пайғамбарға байланысты міндеттер
Ал ардақты Пайғамбарға деген міндеттеріміздің бастысы - оның әкелген дінінің тура екендігіне және оның пайғамбарлығына иман ету. Аллаћ Тағала құлдарына тек өзіне ғана табынуды бұйырумен бірге, пайғамбарына да бағынуды бұйырған. ¤йткені, адамның пайғамбарға сенбей, Аллаћты тануы және оның әмірлері мен тыйымдарын орындауы мүмкін емес. Біз пайғамбарды сүйеміз, оны құрметтейміз. ¤йткені адам баласының ішінде құрметтеуге лайық - тек Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбар лап қарайтын болсақ, бұл дүниеде өмір сүрудің өзі де бір мұғжиза.
