Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
yassauitanu_Aygerim.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
87.07 Кб
Скачать

30. Дін және мәдениет арақатынасын көрсетіңіз

Дін және мәдениеттің арақатынасы жөнінде қыруар пікірлер айтылуда. Бүгінгі мәдениеттану, антропология және социология саласының теоретиктері дінді мәдениеттің ең маңызды құрамдас бөлігі деп санайды. Дінсіз қоғам болмайтындықтан, дінсіз мәдениет те болмайды. Дін әлеуметтік құбылыс һәм қоғамды қалыптастыратын ұйытқы ретінде адамзат өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Кейбір идеологиялар мен саяси ағымдар діннің осы рөлін пайдаланғысы келеді. Бүгінгі күні дүниежүзінде орын алып жатқан саяси, әлеуметтік, мәдени һәм экономикалық уақиғалардың негізінде діни факторлардың бар екенін айту жаңсақтық болмас. Әсілі, дін осы салаларға бағыт-бағдар беретін күштің бірі, тіпті ең бастысы. Қоғам құрылымының анатомиясында діннің алатын орны ерекше. Қоғамдарды басқа қоғамдардан ажырататын ең негізгі қасиеттің бірі осы діннің өзі болып табылады.

Заманауи әлеуметтану ғылымдарынан социология, психология, антропология, мәдениеттану, философия, филология, саясаттану, өнертану дінді зерттеумен шұғылданады. Бұлар дінге әлеуметтік феномен, қоғамдық уақиға және қоғамға пішін беретін құдірет ретінде қарайды. Халық арасында кең таралған хұрафи сенімдер мен ырым-секемдердің өзі қаншалықты әсерлі екені баршаға белгілі. Діннің мәдениетті қалыптастырушы басты күш екеніне дау жоқ. Әсіресе, бүгінгі өтпелі кезеңде азаматтардың өзін-өзі танып-білуі, ортақ ұлттық мұраны қалыптастыруы және ХХІ-ғасырдағы халқымыздың өсіп-өркендеуінің басты құралы дініміз.

50 Балл

31. .2 .Ахмет Ясауидің тілге қызметін көрсетіңіз

32. 2.Ахмет Ясауидің дінге, түркі мәдениетіне қызметін сипаттап жазыңыз

33. Исламның пайда болуы туралы мәлімет беріңіз.

34. Исламның Арабстанға және әлемге таралуы туралы суреттеңіз

1Арабстанның дiни және әлеуметтiк жағдайы

Жаңа эраның ҮІ ғасырында әлем өркениеті құлдыраған және құл иеленуші қоғамның гүлденіп тұрған дәуірі болатын. Үстемтап өкілдерінің әлсіздерді қанау, оларды құлдыққа түсіріп, адам хұқығының аяққа тапталу кезеңін бүкіл әлем басынан кешіріп жатқан-ды.

Ал Арабстан түбегіне келсек, саяси, географиялық және сауда-саттық жөнiнен маңызы зор едi. Арабтар шөл далада тайпа-тайпаға бөлінетiн, бір-бірімен дау-жанжалды, қанды соғыстарды басынан кешіріп жатқан болатын. Наным-сенiм мәселесiнде анархия белең алып надан арабтар адамның ақылына сыймайтын небiр сенiмерге нанған.

Халықтың бiр бөлiгi ештеңеге сенбейтiн, тек осы өмiрдiң қызығын тамашалап қалуды көксейтiн. Ал келесi бiр бөлiгi Аллаһқа, бiр жаратушының бар екендiгiне сенетiн, бiрақ адамдар арасынан пайғамбар шығатынына иланбайтын. Пайғамбар тек перiштелерден ғана шығуы мүмкiн, - дескен. Ендi бiреулерi пұттарға табынатын. Халықтың ең көп бөлiгiн құрайтындар да осылар болды.

Арабстанның қараңғылық дәуiрiнде саяси тәртiп, қоғамдық бiрлiк мүлдем жоқ едi. Халықтың басым көпшiлiгi көшпендi тұрмыс кешкен. Ру-руға бөлiнiп, әр ру өзiне тән тәртiбiн, дәстүрiн ұстанған.

Аталмыш қоғамда адамгершiлiк атауы жойылған, нәпсiқұмарлық шегiне жеткен және құмар*, зинақорлық*, маскүнемдiк, зұлымдық өтiрiк-өсек кең етек алған болатын.

Әлi жеткен әлсiзге әлiмжеттiк жасап, ұрып соғатын, ойына келгенiн орындататын. Адамдар мал тәрiздi базарда сатылатын.

Шөл далада мекен еткен арабтардың көбiсi қыз бала дүниеге келсе сұмдық санайтын. Әйелi босанған сәтте нәресте қыз болса, ешкiмге тiс жарып айтпастан, көрсетпестен тiрiдей көмiп тастайтын.

Ислам дiнi таралмастан бұрын Арабстанда шешендiк өнерi шырқау шегiне жеттi. Бұл мәселеде дүниежүзiнде оларға тең келер халық та жоқ-тын. Шайыр, өлең дегенде надан араб iшкен асын жерге қоятын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]