Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
yassauitanu_Aygerim.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
87.07 Кб
Скачать

27. Қожа Ахмет Ясауидің өмір жолын көрсетіңіз

Арыстан баб қайтыс болғаннан кейiн Қожа Ахмет сол заманның ғылым, бiлiм ордасы болған Бұхараға сапар шеккен. Аталмыш қалада ясылық шәкiрт атақты шейх – Қожа Жүсiп Хамаданиге қол бередi (дәрiс алады). Ахмет Ясауидің үлкен ұстазы Жүсіп Хамадани (толық аты: Әбу Яқуб ибн Әййуб ибн Юсуф ибн әл-Хаман ибн Уахра Хамадани әл-Бүзенжири) Хамадан ауданындағы Бүзенжир қалашығында 1049-1050 жылы дүниеге келген. өскеннен кейін ол Бағдат қаласына барып, Шейх Әбу Исқақ Ширазимен кездеседі де, одан шариғат (фықһ) ілімдерін үйренеді. Сосын Бағдат, Исфахан, Самарқанд қалаларындағы ұлы мұхаддистерден (хадисші) хадис ілімін үйренеді. Одан кейін Жүсіп Хамадани сопыларға тән өмірді қалап, әйгілі Шейх Әбу Али Фармедиге қол беріп, одан сопылық ілімді үйренеді де өмірінің қалған бөлігін көңілін тәрбиелеумен өткізеді.

Жүсіп Хамадани жүннен және үнемі жамалған киім киіп, дүние істеріне аса мән бермей, патшалардың, үлкен кісілердің үйлеріне бармайды екен. Жүсіп қолында не бар болса мұқтаждарға таратып беріп, ешкімнен ештеңе алмайды болған. Ол 75 жыл бойдақ жүріп соңында үйленген. Сондай-ақ хамадандық Жүсіп ислам бойынша 700 шығарманы жатқа білген, 213 Шейхпен кеңес құрып, 8000 бұтқа табынушыны ислам дінін қабылдауына себепкер болған адам. Ол христиандар мен отқа табынушылардың (Мәжуси) үйлеріне барып, исламның ұлылығын түсіндіретін болған. Меккеге 37 мәрте қажылықа барған. Жүсіп Хамаданидің өмір сүріп тұрған кезінде Селжұқ империясының сұлтаны Сұлтан Санжар Жүсіп Хамаданиді қатты құрметтеген. Тіпті Хаманидің теккесі қаражаты үшін, 50 000 динар жіберген екен дейді. Қазір Жүсіп Хамадани мен Сұлтан Санжардың қабірі Мерв (Мары) қаласында.

Жүсіп Хамаданидің қартайған шағында оның өзге 3 шәкіртімен бірге Қожа Ахмет халифалық (орынбасар) дәрежеге жоғарылаған. Жүсіп Хамадани қайтыс болғаннан соң, Ахмет оның алғашқы екі халифасы - Қожа Абдуллаһ Берки мен Қожа Хасан Андакидан кейін біраз уақыт Бұхарадағы Хамадани теккесін басқарады. Бірақ біз оның қанша уақыт Хамадани теккесін басқарғанын білмесек те, ясылық ғұлама барлық шәкірттерін 4-ші халифа - Қожа Абдухалық Гыждуаниге тапсырып, өзі Ясыға оралғанын бiлемiз.

Түркi халықтарының ортақ пiрi ясылық Ахмет кiндiк қаны тамған берекелi мекенiне бiлiм сыпырасын (софра) жайған. Оның берекелi софрасында көптеген шәкiрттер ақиқат шуағымен азықтанған, түркi жұртының көңiлдерiне Аллаһ нұрымен иман ұрығын еккен. Халық арасындағы аңыздарға қарағанда ұлы бабамыз 99 000 мүриді* жетілдірген, оның 12 000-ы шейхының жанында дәріс алады екен. Әзіреті Сұлтанның рухани софрасында (дастархан) ақиқат нұрымен сусындаған мүридтері ұстазының нұсқауымен түркі әлемінің түкпір-түкпіріне жөнелтілгені халық арасындағы аңыздарда кереметтей етіп баяндалады.

Халық арасындағы аңыздарға қарағанда Қожа Ахметтiң мәйітін жуған және жаназасын шығарған атақты “Қарабура ата” көрінеді. Кемеңгер бабамыздың мүрдесi осы бiр берекелi қонысқа жерленуiне орай Ясы қаласының одан сайын гүлденуіне жол ашылды, қарт Түркістан түркі дүниесінің астанасы, қасиетті қалаға айналды. Тiптi, Ахмет Ясауидің “Пір Түркістан”, “Әзіреті Түркістан” (түркі елінің пірі, шейхы) деп аталуына байланысты оның мүрдесi жатқан қала “Түркістан” деген атауға ие болды.

Аңызға қарағанда Ахмет Ясауидің Ибраһим атты бір ұлы болған. Бірақ Қожа Ахметтің тірі кезінде-ақ баласы қайтыс болған екен. Ахметтің одан басқа Гауһар Шахназ және Гәуһар Хошназ атты қыздары болған. Бірақ кейбір мәліметтерде Ахметтің бір қызы болған деп көрсетсе, кейбірінде екі қызы болған деп көрсетеді. Яғни, бұл жөнінде ғалымдар арасында түрлi пiкiрлер бар.

28.5. Ясауидің қылуеттік өмірі және оның мәнін көрсетіңіз

29. Диуани хикметтегі Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбар бейнесін суреттеп көрсетіңіз

Кемеңгер бабамыз Ахмет Ясауи толғауында адамзаттың ардақтысы Мұхаммед пайғамбардың өмiрiне бiршама өлең жолдарын арнаған:

Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) адам баласын дүние мен ахиретте бақытқа, бейбітшілікке жеткізетін, қияметке дейін өзгеріссіз жалғасатын ислам дінін қалдырды.

Ислам діні Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбар қайтыс болмай тұрып, бүкіл Араб түбегіне таралды. Араб түбегіндегі барлық халықтар мұсылман болды.

Хазіреті Мұхаммедтің әкелген ислам діні, дүние жүзіне үлкен төңкеріс жасады. Қараңғылық торлаған мына надан дүниеге нұр шашып, ақыл мен парасаттың ұрығын септi. Осы кезеңнен кейін әлем өркениетінде үлкен төңкеріс басталды. Яғни жер бетінде жаңа бір өркениет, жаңа бір дін қалыптасты. Ол – ислам өркениеті, ислам діні болатын.

Хазiретi Мұхаммедтің (ғ.с.) өмірі пәк болатын, таза киініп, таза жүретін. Ол руханиятымен, көркем мінезімен, адамгершілігімен тек өзінің үмметтеріне ғана емес, бүкіл адам баласына үлгі болған. Пайғамбар өз үмметтерінің денесі де, руханияты да таза, пәк болуын қалайтын.

Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) ћижри 9 жылы мұсылмандардың басшысы бола тұра қарапайым өмірді қалады. Сондай-ақ ол бес уақыт парыз намаздардан тыс әр күні сүннет, нәпiл намаздарын оқып, тақуалық жағынан мұсылмандарға үлгі болатын. Пайғамбарымыз кейде түнімен, кейде түннің жартысына дейін уақытын намаз оқумен өткізетін.

Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) Шағбан, Рамазан айларымен қоса Мұхаррам, Шәууәл айларының кейбір күндерін оразамен өткізетін.

Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбар түнімен намаз оқитын. Дүние қызығынан аулақ, әрдайым көңілі пәк жүретін. Ол:“сенің келер, өткен күнәларың кешірілмеді ме?” - дегендерге -“шүкір еткен бір құл болмаймын ба !?” - дейтін. Сондай-ақ ол: “қарыз ақшамнан басқа ¦хұд тауындай алтыным болса, үш түн өткеше ол ақшадан жаныма біреуін де қалдырмайтын едім ”, - дейтін.

Сопылық жол Хазiретi Мұхаммедтің (ғ.с.) ахлағынан, оның іс-әрекеті мен сөздерінен бастау алады. Ахмет Ясауи де Мұхаммед пайғамбардың әрбір сөзін, іс-әрекетін өзіне өнеге қылып, солай өмір сүруге тырысқан. Тіпті Мұхаммед пайғамбардың дүниеден көшкен жасы - 63 жас болғанына байланысты 63 жас - пайғамбар жас, сүннет деп бiлiп, жер астына түскенін баршамыз білеміз. Міне, бұл Ахмет Ясауидің Мұхаммед пайғамбарды сүйіп, өзiне рухани жолбасшы тұтқанын көрсетеді. Бұл – оның Мұхаммед пайғамбарға деген шексіз құрметі мен сүйіспеншілігінен болса керек. Ардақты пайғамбардың көркем мінезі мен парасатты сөздерін Құранмен қатар мүлтіксіз үлгі тұтқан Әзіреті Сұлтан өзінің әйгілі шығармасында ардақты пайғамбардың асыл мiнезi мен көркем ахлағын, жеке кемеңгер тұлғасын дәрiптеді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]