- •3.Ясауи ізбасарлары және түркі аймағына таралуын суреттеңіз
- •4. Ясауи ілімінің мәнін ашыңыз.
- •5. Ясауидің қылуетке түсуінің себебін түсіндіріңіз
- •6. Ясауи дүниетанымының негізін түсіндіріңіз
- •9. Ясауи кесенесінің құрылымын түсіндіріңіз
- •14. Ясауидiң жастық шағын сипаттап көрсетіңіз
- •30 Балл
- •27. Қожа Ахмет Ясауидің өмір жолын көрсетіңіз
- •30. Дін және мәдениет арақатынасын көрсетіңіз
- •50 Балл
- •2.Ислам діні
- •35. Исламның басты қайнарлары хақында айтып беріңіз
- •4. Жанұяға байланысты міндеттер
- •41. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Тайқазанның қойылуын баяндап беріңіз
30 Балл
16. Ясауи шығармаларының зерттелу барысын түсіндіріңіз
17. Ясауидің рухани-адамгершілік ілімінің айырмашылығын түсіндіріңіз
18. Ясауи ілімі және бүгінгі мұсылмандық болмысымыздың өзара байланысын анықтаңыз
19. Ясауи ілімінде ислам және дәстүр сабақтастығын негіздеңіз
2
0.5
21.4. Ясауи ілімінің негізгі ұстанымдарын түсіндіріңіз
22.3. Ясауи орынбасарлары мен ізбасарлары жайлы айтып беріңіз
2
3.3
24. Ұлттық мәдениет жүйесіндегі Қ.А.Ясауи мұрасының маңызын ашыңыз
Ұлт тарихы ажырамас екі негізден құралады. Бірі – егемендік жолындағы ерлік күрестерден құралған азаматтық тарих, ал екіншісі – ұлттың идеологиялық бағдарын орнықтыру жолында жасалған рухани тарих. Біздің азаматтық тарихымыз көптеген іргелі зерттеулерге арқау болды. Жеткілікті түрде назар аударылмай келе жатқан үлкен бір бағыт – біздің рухани тарихымыз дер едік.Қазақ халқының тарихында ұлттық-мемлекеттік идеология дәрежесіне көтерілген біртұтас ілімдерді жасаған даңқты тұлғалар болды. Ұлтымыздың болмысын қалыптастырған, құндылықтық бағдарын белгілеген осындай ілімдердің бірегейі – Қожа Ахмет Яссауи ілімі.Яссауи ілімін бірыңғай діни-мистикалық ілім ретінде бағалау орынды емес. Яссауи ілімі – ең алдымен рухани-моральдық ілім. Түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл Яссауи жасаған ілім өз бастауын түркі халықтарының ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарынан алады. Қожа Ахмет Яссауи осы рухани құндылықтарды жинақтап, қорытып, оны ислам дінінің қағидаларымен үйлестіріп, біртұтас ілімге айналдырды. Яссауи өз ілімінің барлық қағидаларын ханафи мазхабы ұстанымдарының аясында дамытты. Яссауи ілімі барша түркі халықтарының, соның ішінде ол дүниеге келген өлкенің иесі – қазақ халқының да ислами дүниетанымына негіз болып қаланды.Қазақ халқының діни-ислами түсініктері Яссауи ілімінің аясында қалыптасты. Ұлттың ар-ождан кодексі ролін атқарған Яссауи ілімінің негізгі ұстанымдары қазақ халқының рухани-моральдық қағидаларында көрініс тапты. Мұның нақты мысалын біз халқымыздың ізгілікке, имандылыққа негізделген әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінен, жыр-аңыздары мен мақал-мәтелдерінен, кешегі жыраулар поэзиясы мен би-шешендердің нақыл сөздерінен, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп секілді көрнекті тұлғаларымыздың туындыларынан айқын аңғарамыз.Сондықтан халқымыздың ұлт болып қалыптасуы мен дамуына, ұлттық ерекшеліктерінің берік сақталуына Яссауи ілімі тікелей әсер етті деп біз сеніммен айта аламыз. Соңғы кездері айтылып жүрген: «Қытай халқы үшін Конфуций ілімінің мәні қандай болса, Қазақстан қоғамы үшін Яссауи ілімінің маңызы да сондай ерекше» деген пікір осындай келелі ойлардан түйінделген тұжырым.Яссауи ілімі тек тарихи роль атқарып қана қойған жоқ. Бұл ілімде қазіргі қоғамға қажетті иделогиялық ұстанымдардың барлығының негізі қаланған. Қазіргі зайырлы, өркениетті Қазақстан қоғамына зәру парасатты идеология мен қастерлі қағидалар Яссауи ілімінде көрініс тапқан. Рухани тәжірибесі аса бай қазақ халқы өзінің ұлттық бастауларындағы осындай табиғи, тұнық ілімдерді жаңғырту арқылы жаһандану жағдайында да өзінің бірегей болмысын сақтап қала алады. Тарихтың тар жол, тайғақ кешуінде ұлтты ұйыстыра білген Яссауи ілімі қазіргі қазақ қоғамына да рухани бағдар болмақ. Тамырын туған топырағымыздан алатын, ұлттық болмысымыз бен ділімізге етене жақын Яссауи ілімін бүгінгі Қазақстан мемлекетінің идеологиялық тұғырнамасы ретінде орнықтыруға барлық негіздер бар.
25. 6.Ясауидің дүниетанымдық ұстанымдарын талдаңыз, мысал келтіріңіз
26. Ясауи ілімінің қазақ мәдениетіндегі орны мен маңызын түсіндіріңіз
Қожа Ахмет Ясауи (1093– 1166 ж.) қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты Қарашаш. Қ.А. Ясауидің қазақ даласына исламды сопылық ілім арқылы насихаттаушы, тек қазақ мәдениетінде емес бүкіл түркі әлемінде алар орны және қосқан үлесі зор. Оның еңбектері түркі тілдеріне аударылып жазылған.
Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Йассауи «әзіреті сұлтан» аталып, басына 14 ғ. аяғында атақты Ақсақ Темір күмбезді сағана орнаттырады.Жалпы дәстүрлі түркілік сопылық рух пен Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы “Диуани Хикмет”, “Мират-ул Қулуб”, “Пақырнама” сияқты мұраларынан көрінеді. Сондай-ақ 1992 жылдан бастап, түркі дүниесінің атақты ғалымдары Ахмет Ясауи жайлы зерттеулер жүргізіп, мақалалар, кітаптар жазып, симпозиумдер өткізіп келеді. Ясылық Ахметтің отаны, әрі сүйегі жатқан ұлы Түркістан қаласында 1991 жылы 6 мамырда алғашқы президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы мемлекеттік университет ашылды. Келесі жылы Қазақстан мен Түркия республикаларының келісімімен, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті болып қайта ашылды. Міне бұл университеттің ашылуы бабамыздың түркі дүниесіндегі қаншалықты орны бар екендігін көрсетеді
