Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
yassauitanu_Aygerim.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
87.07 Кб
Скачать

9. Ясауи кесенесінің құрылымын түсіндіріңіз

Ерте заманнан қалған көне архитектуралық ескерткіштің бірі - Ахмет Ясауи кесенесі. Ясылық Ахмет қайтыс болғаннан кейін Қарахан дәуірінде оның басына шағын бейіт тұрғызылған болатын (ХІІ ғ.). Алайда, осы ескерткiшке жалғастырып ХІҮ ғасырдың аяқ шені (1396/98) мен ХҮ ғасырдың басында Темірдің бұйрығымен жаңа сәулетті күмбез көтере бастады. Бірақ құрылысшылардың Самарқандтағы Бибі Ханым мешітін (1399-1404) салуға жіберілуіне байланысты кіре берісі мен сыртқы қабырғаларын көк таспен көмкеру жұмысы бітпей қалған. Бұл ескерткішке сәулет өнерінің барлық мүмкіншілігі пайдаланылған. Күмбездің диаметрі 41 кез, айналасы 130 кез мөлшерінде.

Қожа Ахмет кесенесіндей үлкен туынды, Темір мен оның әулетінің билеген елдердің ешбірінде кездескен емес. Осы ескерткіш комплексіне кіретіндер: мешіт, көрхана, үлкен және кіші ақсарай, кітапхана, құдықхана, халимхана (ас үй), қоймалар және орталығы – Қазандық. Қазандық деп аталатын бөлме - ежелгі тайпалар өміріндегі қазанды қасиет тұту дәстүрі бейнелесе, мешіт – ислам идеологиясының негізгі символы, ал үлкен ақсарай мен кіші ақсарай – мемлекеттік мәселелерді шешетін ақсақалдар алқасы мен қазылық, билік айтатын орын, кітапхана исламды уағыздау және діни ағарту ортылығы. Ахмет Ясауидің сүйегі жатқан бөлме көрхана деп аталады, жоғарыда баяндағанымыздай ол Қарахан дәуірінде тұрғызылған, кейін Темір Ахмет Ясауиге рухани байланғандығына байланысты ескі бейітке жалғастырып, үлкен зәулім сағана салдыртты.

Ахмет Ясауи ескерткішінің ені 46,5 метр, ұзындығы 62,5 метр. Осы құрылыстың бір өзіне әр түрлі мақсатта пайдаланылатын 35 бөлме сыйып тұр. Қазандық осы бөлмелердің бәріне өзекті есепті (оның жобасының аумағы 18,2 Х 18,2 м.) төбесі жалаң қабат күмбезбен көмкерілген, күмбездің диаметрі 30 кез. Осы бөлмеге 60 шелек су құятын (2,5 м.) салмағы 2 тонна үлкен қазан орнатылған. Жұма мен дүйсенбі сайын халимханада 2,5 батпан бидай, 2 батпан ет пісірілген. Қазандық бөлмесіндегі бос орын ас, тамақ алыстан келген зиярат етушілерге, сопылар мен мүридтерге, мүсәпірлерге, зікір салатын дәруіштерге үлестіріп берілген. Ал қазан суын зияратқа келгендер торсықтарына кұйып алып кететін болған.

Көрхана табаны төрт бұрышты, қабырғаның ұзындығы 7, 15 метр болып, кесенеге кірген кезде нақ төрге орналасқан. Оның да төбесі күмбезбен көмкерілген. Күмбездің сыртқы қабаты көк таспен қапталған. Көрхананың дәл ортасында Ахмет Ясауидің құлпытасы орнатылған.

Ақсарай (үлкен ақсарай, кіші ақсарай) - өзара жалғасқан екі қабат екі бөлме. Кеңес, билік, төрелік мәжілістерін өткізу үшін қызмет еткен. Түркістан Қазақ хандарының астанасы болған кезде, Ақсарай 200 жылдан астам (ХҮІ-ХҮІІІ ғ.ғ.) хан сарайы қызметін атқарған. Кітапхана дәл Кіші Ақсарай тәрізді екі қабатты, оған кітап қорын сақтайтын қойма да енеді.

10. Қ.А.Ясауи тұлғасы түркі халықтары тұтастығының символы ретінде сипаттаңыз

11. Ясауи іліміндегі кемелдікке жетудің 4 шартын сипаттап көрсетіңіз

12. Ясауидiң ұстаздары және оларға қатысты мәлiметтерді көрсетіңіз

13. «Диуани хикмет» еңбегiнiң мазмұнын сипаттап көрсетіңіз Көпрүлүнің мәлімдеуі бойынша Х-ғасырдағы діни-сопылық шығармаларды “хикмет” деп атағанға ұқсайды. Ал бүгінгі хикметтер Ахмет Ясауидің өлеңдері қамтылған жинақтың аты. Осы есім Ахмет Ясауидің шығармасына ХҮІ ғасырдан бастап Ясауи жолын қуушылары тарапынан қойыла бастаған деген пікір айтқан ғалымдар да бар. өйткені олар сол заманда өмір сүрген Фазлуллаћ бин Рузбиханның Ясауи кесенесінде оқылатын хикметтердің басында «Диуани Хикмет» деген сөзді кездестірмегенін дәлел ретінде келтіреді.

Әйтсе де Ясауи жолындағылар осы шығарманы Құран Кәрімдегі Нахл сүресінің 125 аятындағы Аллаһ Тағаланың: “Адамдарды Раббыңның жолына хикмет (даналық) және көркем үгіт арқылы шақыр”, - деген бұйрығы бойынша, халыққа ислам дінін даналықпен (хикмет) шақыру мақсатында Ясауидің әйгілі шығармасын Диуани Хикмет деп атаған. Өйткені, оның өлеңдерінің әрбір сөзі шеберлікпен жазылған даналық (хикмет) болып табылады.

Диуани Хикмет - түркі тілінде исламға дейінгі түркі жырауларының сөз саптау, өлең пішімдерін қолдана отырып діни-сопылық оймен жазылған алғашқы шығарма, яғни, ислам-түркі әдебиетінің “Құтты біліктен” кейінгі ең ескі шығарма үлгісі.

Диуани Хикметтің ескі тілі қай тіл екенін білу бүгiнгi күнi өзектi мәселеге айналған. Себебi, Қожа Ахметтің ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүргенін ескерсек, қолымыздығы жазба нұсқаларының ең ескісі - ХҮІ-ХҮІІ ғасырларға тән. Ал бұл нұсқалар Ясауи дәруіштері тарапынан түрлі тілдерде көшірілген. Сондықтан қазақ жазбасындағы қазақ тіліне, өзбек жазбасындағы өзбек тіліне және татар жазбаларындағы татар тіліне жақын келеді.

Диуани Хикмет хикметтерден (даналық) құралған жинақ. Бұл жинақтағы хикметтердің барлығын Ахмет Ясауидің өзі жазбағанға ұқсайды. Ал Қожа Ахметтің өзі жазған хикметтердің кейбірі жоғалған және оның орнына Ясауи жолындағы бізге беймәлім дәруіштер тарапынан хикметтер қосылып, толықтырылған тәрiздi. өйткені, кейбір хикметтерде Ахмет Ясауиден бірнеше ғасыр кейін өмір сүрген адамдардың аттары (мәселен Несами) кездесіп отырады және бір нұсқада бар хикметтер келесі бір нұсқада жоқ болып шығады. Сондықтан Диуани Хикметті тек Ахмет Ясауидің ғана шығармасы емес, бүкіл Ясауи жолындағылардың ортақ шығармасы дегеніміз жөн сияқты. Негізінде бұл шығарманы кім жазса да, хикметтердің мағынасы Ахмет Ясауидің пікірлері деуімізге әбден болады.

Диуани Хикметтің жазба, баспа нұсқаларында хикметтердің саны әр түрлі болып кездеседі. Ал Диуани Хикметтің өзіне үңілер болсақ 4400 хикмет орын алған.

Құл Хаже Ахмет ћәр бир сөзүң дердке дәрман,

Талиблерге баян қылсам қалмас арман.

Төрт миң төрт юз хикмет айттым Хақтан ферман.

Ферман болса, та өлгүнче сөзлесем мен (Қазан-1896ж. 209-бет)

Бірақ хикметтегі бұл өлең жолының шындыққа жанасуы өте қиын. өйткені бүгiнгi күнгi Диуани Хикметтердің жазба, баспа нұсқаларының Ахмет Ясауиге қатысты деген жинақтардағы хикметтердің саны 250-ден аспайды.

Диуани Хикмет соңғы екі ғасыр ішінде Қазанда, Ташкентте, Станбулда, Бұхарада және Алматыда араб, латын, орыс әріптерінде бiрнеше мәрте басылды.

Ислам дінінің негіздерін, шариғат үкімдері мен Әћли сүннет (сүнни) сенімін ислам дінін қабылдай бастаған түркілерге үйрету, сопылықтың мәнісін, тариқаттың әдебі мен негіздерін мүридтеріне түсіндіру Ахмет Ясауи хикметінің басты мақсаты болып табылады.

Ф.Көпрүлүнің айтқаныны сияқты хикметтердің мазмұнын діни-сопылық элементтер, ал пішімін ұлттық элементтер құрайды. Бұл шығармада ислам дiнi, түркі сопылығы мен Ясауи тариқатының негіздері, сенімдер мен нанымдар, ахлақ т.б. тақырыптар қамтылған. Сонымен қатар аталмыш шығармада мінәжәт, мадақ өлеңдер, Аллаћқа деген ғашықтық, Аллаћтың бірлігі, оның шексіз қалауы мен құдіреті, Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбарға деген сүйіспеншілік, Хазіреті Пайғамбардың сүннеті, нәпсі тәрбиелеу, зүћд (дүние рахатынан аулақ жүру) пен тақуа (Аллаћтан қорқу), құлшылық, ислам ахлағы, ислам аңыздары, ахирет өмірі, қиямет жағдайы, жәннәт-жәћәннәмды (жұмақ-тозақ) суреттеу, алдамшы өмірден шағымдану, дәруіштердің артықшылықтары, жалған сопылар, мұсылман сопыларының қиссалары, зікір мен қылует сияқты Ясауи тариқатының әдептері мен негіздеріне байланысты тақырыптар қамтылған.

Диуани Хикметте Мұхаммед, Зәкәрия, Исмаиль, Мұса, Әййюб, Жүсіп сияқты пайғамбарлар, Әбу Бәкір, Омар, Осман және Али сияқты сахабалар, Махмұд, Зүннун Мысри, Шибли, Әдхам; Баязит, Мансұр сияқты атақты сопылар, Ләйлә-Мәжнүн, Жүсіп-Злиха сияқты ғашықтар баяндалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]