- •3.Ясауи ізбасарлары және түркі аймағына таралуын суреттеңіз
- •4. Ясауи ілімінің мәнін ашыңыз.
- •5. Ясауидің қылуетке түсуінің себебін түсіндіріңіз
- •6. Ясауи дүниетанымының негізін түсіндіріңіз
- •9. Ясауи кесенесінің құрылымын түсіндіріңіз
- •14. Ясауидiң жастық шағын сипаттап көрсетіңіз
- •30 Балл
- •27. Қожа Ахмет Ясауидің өмір жолын көрсетіңіз
- •30. Дін және мәдениет арақатынасын көрсетіңіз
- •50 Балл
- •2.Ислам діні
- •35. Исламның басты қайнарлары хақында айтып беріңіз
- •4. Жанұяға байланысты міндеттер
- •41. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Тайқазанның қойылуын баяндап беріңіз
5. Ясауидің қылуетке түсуінің себебін түсіндіріңіз
Ахмет Ясауидің 63 жасынан кейін жер астынан өзіне орын қаздырып, соған түскені белгілі. Осы түскен жерін біз “қылуетхана” дейміз.
Қылует - адамның бір шетте ешкіммен сөйлеспестен тек зікір, дұғамен айналысатын орын дегенді білдіреді. Кашшани қылуетті “тірі жанға көрінбейтін жерде сырдың (көңілдің) Аллаћпен тілдесуі, оған жалбарынуы” деп суреттеген.
Қылует - тек Ахмет Ясауидің шығарған қағидасы емес. Осылай өмір сүру Хазіреті Мұхаммед пайғамбардан, тіпті одан бұрынғы пайғамбарлардан қалған жол.
Мұхаммед пайғамбар өзінің пайғамбарлығынан бұрын, яғни пайғамбарлық келетін жылы адамдардан бөлек, Рамазан айында Хира үңгірінде іштей құлшылық қылатын. Тіпті, пайғамбарлық кезеңінің өзінде Рамазан айының соңғы он күнін итикафпен өткізетін. Міне, бұлар қылуетке жатады.
Мұхаммед пайғамбардың жолы бойынша Ахмет Ясауи де қылуетті қалыптастырған. Өзі де жас кезінен Мұхаммед пайғамбардың сүннетін қатты ұстағанына байланысты пайғамбар жасы болған 63 жасқа келер-келмес “пайғамбар жасынан аспаймын” деген оймен өзінің мектебiнiң маңайынан жер астынан орын қазып, баспалдақпен түсетіндей етіп жасатады және Мұхаммед пайғамбардың “өлместен бұрын өліңдер” хадисіне сай, қабірді, өлімді елестететін, күн көзі түспейтін қараңғы бұл жайда ол Аллаћқа зікір айтумен, оған құлшылық жасаумен, Диуани Хикмет жазумен, нәпсі тәрбиелеумен шұғылданған. Кейбір аңыздарға қарағанда Ахмет Ясауи қылуетте 63 жасынан бастап, 120, 125 немесе 133 жасына дейін өмір сүрген.
6. Ясауи дүниетанымының негізін түсіндіріңіз
Аллаһқа ғашық болу. Ясауидiң сопылық дүниетанымында Аллаћқа бағынуға, оны тануға көп мән берiлген. Себебi, Аллаћты тану – көңiл көзiн ашудың негiзгi кiлтi. Әлемдегі барлық жаратылыстарды Аллаћ ғашықтығының әсері ретінде қарау және сүю негiзгi мәселе ретiнде қарастырылады. Құран Кәрімде: “Шын сенгендерге жер жүзінде көптеген ишараттар (белгілер) бар.” - дейді.
Ахмет Ясауи - осы ақиқатты түсінген ұлы ойшыл. Жаратылысқа өмір берген де, бейне берген де тек ол ғана. Жаратылыстың жаралуына “ғашықтық” себеп болған.
Аллаћқа ғашық болу – нәпсілік қалауларды тәрбиелейдi және көңiл кiрлерiнен арылтады. Махаббат адамның менмендігін, ішіндегі қатiгездігін, кек пен жек көрудің күлiн көкке ұшырады.
Ықылас. Құран Кәрімде баяндалған: “мен жындар мен адамдарды тек маған құлшылық қылсын деп жараттым” аятына сәйкес, Аллаћ Тағала адам баласын өзіне құлшылық жасау үшін жаратқан..
Иманды адам дүниеге қатыгездікпен емес, сүйіспеншілікпен және мейрімділікпен қарайды. Демек пенденің адамдарға қарасу, оларға көмектесу арқылы Алланы табары хақ.
Дiни төзiмдiлiк.Ахмет Ясауи де исламдағы дiни төзiмдiлiктi жақсы ұққан сопы. Оның пікірі бойынша жақсы мұсылман адам, бүкіл адам баласының кез келген қырынан ең кемелi болуы тиiс. Қандай нәсілде, қандай дінде, қандай ұлтта болса да барлығына Жаратушының пендесi ретінде қараған, тiптi дiни төзiмдiлiктi Мұхаммед пайғамбардың сүннетi деп бiлген.
Ер мен әйел теңдiгi. Аллаћ алдында ер мен әйел тең хұқылы, екеуіне де ақыл, көңіл, жүрек беріп, бірдей дәрежеде жаратқан. Бірақ, ислам діні әйелдің өз жаратылысына, нәзіктігіне, ердің өз жаратылысына, оның табиғатындағы қуаттылығы мен төзiмдiлiгiне байланысты өздеріне лайықты біршама міндеттерді белгілеген.
Адал еңбек ету. Әрбір мұсылман ешкімге жүк болмай, Құран Кәрімдегі «дүниедегі несібеңді де ұмытпа» - аятына сай табан ақы маңдай терiмен еңбек етуге мiндеттi.
Ғылым және бiлiм. Хазiретi Мұхаммед пайғамбарға алғаш құдайдан келген бұйрық «оқы» екендiгi баршамызға аян. Құраннан да, «бесіктен қабірге дейін білім ізде» - деген.
7. Ясауидің хәл ілімі ар түзейтін ілім ретінде баға беріңіз
8. Ясауидің түркі дүниесіндегі орнын түсіндіріңіз
Орта Азиядағы түркі тайпалары арасында Х ғасырдың ІI ші жартысынан бастап ислам діні кеңінен тарала бастады. Ал ХІІ ғасырда Ахмет Ясауидің жол көрсету ислам дінінің таралуы жергілікті халықтың мәдениетін қамти жаңа арнаға түсті.
Түркі сопылығы тарихында суфизмнің негізін салушы Ахмет Ясауи исламнан бұрынғы буддизм, тәңiршiлдiк пен бақсылық, манихеизм мәдениетін білетін түркі тайпаларына ислам дінін сопылық жол арқылы қабылдауға болатынын көрсетті, сол арқылы түркі тайпалары арасына мұсылман-түркі мәдениетінің негізін қалады. Ол түркі халқына туралық пен әділетке барудың жолын көрсетті. Ахмет Ясауи түркі халқының көңіліне сопылық жол арқылы құдай махаббатына алып баратын жолды ашып берді, адамдарды бір-бірімен көңіл, бірлік, достық тілімен таныстырды. Адамдарға адамды отан үшін емес, отанды адам үшін сүюді үйретті. Әзіреті Сұлтан қоғамдағы бірлік пен достықтың негізін қалап, көпшіліктің көңілін таба білді, жартыны емес, бүтінді сүйді, бөлінуді емес, бірігуді үйретті. Ол тек қаладағы тұрғындарға ғана емес, ауыл мен қырлардағы жұртқа түсінікті тілмен сөйлеп, өзіне жақын ұстауға тырысты. Түркілердің бір пікірде болуын қалап, ол түркілер арасына байланыс көпірін салды. Түркі халқының көңіліне махаббат пен сүйіспеншілік ұрығын септі.
Әлі исламды қабылдай қоймаған түркі халқына ислам дінін қабылдауды оңайлату үшін, Ахмет Ясауи дiни төзiмдiлiк есігін ашты, мұсылмандық шарттарды, иман негіздерін ежелгі түркі халқының жора-қағидалары және ұлттық мінезімен байланыстырды.
Оның құрған Ясауилік жолы бүкіл түркі ұлтына өнеге болды. Ясауидің құрған түркі сопылық жолы алдымен Сырдария (Сейхун) жағалуы мен Түркістанға таралды.
Сырдария (Сейхун) жағалауы мен Хорезм өңіріндегі көшпелілерге және Бұлғар өңіріне таралған Ясауилік жолы монғол шапқыншылығынан кейін, Хорасан, Әзірбайжан өлкесіне тарала отырып, ХІІ ғасырда Анадолыға жетті. Ясауи шейхтары мен дәруіштері шағын топтарға бөлініп, олардың Анадолы мен Балқанға көшуі ХІҮ ғасырда да жалғаса берді. Сары Салтұқ сияқты Ясауидің ізбасарлары Тракия және Балкан аймақтарына Ясауидің философиясы мен дүниетанымын таратты.
Ясауи тариқаты мен мәдениеті арада қаншама ғасырлар өткеніне қарамастан, заман өткен сайын дами түсті. Тіпті ол Үндістан мен Анадолы сопылығының дамуына да ықпал жасады.
Ахмет Ясауи 70 жылдық кеңестік дәуір жүйесінің езгісіне қарамастан, түркі халқының есінен шықпады, керісінше қуаттана түсті. Әсіресе соңғы он жылдықтағы Кеңес үкіметінің ыдырап, атеистік тәрбиенің жойылуына байланысты, Ахмет Ясауидің есімі, дүниетанымы көпшілік қауымға кеңінен танытыла бастады.
