- •3.Ясауи ізбасарлары және түркі аймағына таралуын суреттеңіз
- •4. Ясауи ілімінің мәнін ашыңыз.
- •5. Ясауидің қылуетке түсуінің себебін түсіндіріңіз
- •6. Ясауи дүниетанымының негізін түсіндіріңіз
- •9. Ясауи кесенесінің құрылымын түсіндіріңіз
- •14. Ясауидiң жастық шағын сипаттап көрсетіңіз
- •30 Балл
- •27. Қожа Ахмет Ясауидің өмір жолын көрсетіңіз
- •30. Дін және мәдениет арақатынасын көрсетіңіз
- •50 Балл
- •2.Ислам діні
- •35. Исламның басты қайнарлары хақында айтып беріңіз
- •4. Жанұяға байланысты міндеттер
- •41. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Тайқазанның қойылуын баяндап беріңіз
41. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Тайқазанның қойылуын баяндап беріңіз
Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің есігінен аттаған адамның көзіне алғаш түсетін зат – қазандық бөлмесінің қақ ортасынан орын тапқан қасиетті Тайқазан.Бойына талай сыр бүккен бұл қазанды бабалардың көзі деп, қолымен ұстап көруге әркім-ақ құмар. Кесенені салдырған Көреген Әмір Темір тапсырысымен бұл қазан 1399 жылы 25-маусымда, ( хижр. 801 жыл, 20-шәуәл) Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде, сирек кездесетін асыл металдардың қоспасынан құйылған. Салмағы екі тонна, сыйымдылығы үш мың литр. Қазан сыртындағы араптың гүлденген сульс және куфи қолтаңбаларымен жазылған үш қатар жазудың біріншісінде оны шайхылардың сұлтаны Ахмет Ясауи кесенесіне арналып жасалғаны туралы айтылады.
Қазан сыртындағы жазулардың екінші қатарындағы он сегіз рет қайталанып жазылған «Мубарак бад» деген сөз де құтты болсын, берекелі болсын, береке дарыған орын деген мағынаны береді. Бір шаңырақтың қазаны күнде кешке қайнап жатса, бұл сол елде соғыстың жоқтығы, тыныштықтың белгісі саналса, онда буы бұрқырап жілік-жілік еттің пісіп жатқаны сол елдегі тоқшылықтың, молшылықтың белгісі саналған. Халық арасында бұл түсінік әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ.
Қазан сыртындағы жазулардың бірінші қатарында жазылған Құранның “Тәубе” сүресінің он тоғызыншы аятынан және Пайғамбар (с.ғ.с) хадисінен оның суға арналғандығын аңғаруға болады. Аят: «Сендер, зияратшылардың шөлін қандырғанды, мешіттерді жөндеуді; Аллаға, ахирет күніне сеніп, және Алла жолында соғысқан кісі сияқты көресіңдер ме?» десе, хадисте «Айтты Пайғамбар (оған Алланың нұры жаусын): Алла жолында құдық қаздырып, мешіт салғандарға ол дүниеде Алла үлкен хауз орнатады» делінген. Адамның қол астындағы иелік етіп жүрген мүлкінің бәрі бір Құдайдікі екендігіне дәлел оның құр алақан келіп, құр алақан кетуі болса керек
1935 жылы тайқазанды Санкт-Петербургтегі атақты музей Эрмитажға, Иран шеберлерінің III халқаралық конференциясына алып кетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы, қыркүйектің 18-де ғана тарихи отанына қайтарылады. Бұл істе, мемлекет және қоғам қайраткері, халқымыздың біртуар перзенті, ғалым этнограф Өзбекәлі Жәнібековтың сіңірген еңбегін айрықша атап өткен жөн. Асқақ мәдениетіміздің заттай айғағы болған.
Бұл күнде Тайқазан ғасырлар бойы мемлекетіміздің жүрегі саналып келген, рухани астанамыз – киелі Түркістан қаласындағы әулиелердің сұлтаны Құл Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде, Қазақстан атты үлкен шаңырақтың берекесінің, тыныштығы мен бірлігінің нышаны қызметін атқарып тұр.
42. Ахмет Ясауиге аманат тапсырған Арыстанбаб туралы ашып көрсетіңіз
Халық арасындағы аңыздарға қарағанда Ахмет Ясауиге дейін Хазіреті Пайғамбар сахабаларының бірі болған Арыстан баб ислам дінін насихаттау мақсатында түркі елiне келген.Жас Ахмет Ясы қаласында осы Арыстанбабқа қол беріп, оның заћири (сыртқы), батыни (ішкі) ілімдерін үйренеді. Мұны халық арасындағы аңыздар да қуаттайды және Диуани Хикметте:
Жеті жаста Арыстанбабқа қылдым сәлем,
Хақ Мұстафа аманатын қылғын әнам.
Ясауидің басына кесене орнатпақ болған Әмір Темірге "өуелі Ясауидің ұстазы болған Арыстанбабқа кесене тұрғызуың керек" деген аян берілген дейді. Екінші бір аңыз былай өрбиді: "Мұхаммед 63 жасында дүниеден өтіпті. Дүние саларында халықты жинап, "кім менің аманатымды алып, ісімді әрі жалғар екен" деген өтінішіне 300 жастағы Арыстанбаб (Салман Фарс) үн қатады. Ол сол кезге дейін 30 түрлі дінді білген, бірақ тек исламға мойынсұнған адам екен. Арыстанбабтың келісімін алған Мұхаммед Алланың қалауымен аманатын Арыстанбабқа береді. Содан 500 жыл өткен соң далада келе жатқан Арыстанбабқа 11 жасар бала: "Ата, аманатымды беріңіз" дейді. Сол бала Қожа Ахмет екен". Бұл аңызды Бақырғани былай жырлаған: "Субхан ием өсірді, Мұстафа (пайғамбарым) бұйырды, Арыстанбабам жеткізді, Шайхым Ахмет Ясауи". Жоғарыда келтірілген діни аңыздың негізгі ойы — Қожа Ахмет Мұхаммедтің ісін жалғастырушы болса, Арыстанбаб — оларды байланыстырушы дегенге саяды. Осы арада тағы бір атап өтетін нәрсе — Арыстанбабты аңыздың кейбір үлгілерінде Салман Фарс деп түсіндіру. "Хикметтер" мен Бақырғанидің еңбегінде құрманы әкелуші ретінде Салман Фарстың есімі мүлде аталмайды. Ал тарихта шындығында Салман Фарс есімді тұлға болған. Ол һижра жыл санауы бойынша 35/36 жыл шамасы. (казіргі жыл санау бойынша 655/657 жыл шамасы.) дүние салған, қабірі Ирактағы Мадаина қаласында. Оның кесенесі де мұсылман сунниттердің зиярат ететін орны болып саналады. Әмір Темірдің "Аманат" деген тарихи шығармасында да Салман Фарстың кесенесі туралы айтылып, оны өз дәрежесінде ұстау үшін Маданын (Мадаина) қазынасынан қаражат (уакыф) бөлінгені жөнінде дерек кездеседі. Бұдан байқайтынымыз — Салман Фарс мұсылман әлемінде өз орны бар тарихи тұлға. Бірақ оның тегі — иран болған. Ал Арыстанбабтың тегі — араб ("Арабтардың ұлығы кіршіксіз таза затыңыз", 90-хикмет). Яғни Арыстанбаб пен Салман Фарс екі заманада өмір сүрген екі белек тарихи тұлға.
43. Ахмет Ясауи кесенесінің сәулеттік құрылымындағы түркі-исламдық дүниетанымның бейнелерін суреттеп көрсетіңіз
44. Әлемдік діндерге сипаттама беріп, талдау жасаңыз
Әлемдік діндерді буддизм, христиан және ислам деп бөледі.
Ислам( араб.:إسلام( — әлемдік монотеисттік- ибраһимдік дін. Христиандықтан кейін дүниедегі ең көп таралған дін болып табылады. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», ( Аллаһтың заңдарына) [1] «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Аллаһтың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Мұсылмандардың негізгі діни кітабы Құран Кәрім ( араб.:القرآن الكريم( — классикалық әдеби араб тілінде ( араб.:الفصحى( Аллаһ тарапынан түсірілген.
Исламдық көзқарас бойынша, жаратушы Аллаһ әрдайым адамзат баласын тура жолға салып тұру үшін әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим (Авраам), Мұса (Моисей), Иса (Иисус)т.б. бар. [2]. Мұсылмандардың сенімі бойынша ең соңғы пайғамбар — Аллаһтың елшісі Мұхаммед.
Христиан діні (грек тілінен аударғанда Christos – «мәсіхтелген», «мәсіх») Палестина жерінде екі мың жыл бұрын пайда болған монотеистік дін.Ислам және буддизммен қатар христиан діні де үш әлемдік діндердің қатарына кіреді. Көне Өсиет және Жаңа Өсиет Қасиетті Жазбалар болып табылады. Христиан дінінің негізгі қағидалары сенімнің тарихи үш нышандарында қысқаша түрде берілген: Апостолдық, Никейлік (немесе Никей-Константинопольдық) және Афанасийлік.Православие бағытында Апостолдық нышан Никей-Константинопольмен шеттетілген. Бұл Бүкіл әлемдік соборларда Бірінші Никейлік (325 ж.) және Бірініші Константинопольдікпен (381 ж.) қабылданды.Христиан сенімінің негізгі бөлігі құдайдың бейнелеуне, яғни адам келбетіне айналыуна, Иса Мәсіхтің адамзат үшін крестегі құрбандылығына, қайта тірілуі мен көкке ұшыуына, Мәсіхтің сөзсіз болашақта екінші мәрте қайтып келіуіне, өлгендердің болашақта қайта тірілуіне және тірілген соң мәңгілік өмір жалғасына сенеді.Көптеген христиандықтар құпияларды – Құдайдың рақымы туралы сенушілердің хабарлауға қасиетті іс-шараларды орындау қажеттілігін мойындайды.Православтықтар мен католиктер жеті құпияны мойындайды: шоқындыру, мира майын жағу (католиктерде – конфирмация), шырша майымен тазару, неке, жалбарыну, тәубеге келу, қасиеттілік.Протестанттықтардың көпшілігі тек шоқындыру мен тәубеге келуді мойындайды (алайда мұны қарапайым ғұрып ретінде қарастырады).Христиандық конфессияда көптеген бағыттар, ағымдар, деноминациялар бар. Негізгі бағыттары православие, католицизм және протестанттық.
Будда (санскрит) — будда дінінің негізін қалаған әулиенің лақап аты. Шын есімі – Гаутама Сиддһартһа. Солтүстік Үндістанда (бүгінгі Непал жерінде), шак (сақ) халқы патшасының отбасында дүниеге келген. Будда (біздің заманымыздан бұрынғы 623 – 544 жылдары; санскритше Буддһа көкірегі ояу, көзі ашық деген ұғымды білдіреді) сол кездері Үндістанда үстемдік құрған Веда ілімін мойындамай, аһимсаны (тіршілік иелеріне жамандық жасамауды) уағыздаған. Будда (санскрит тілінен аударғанда"оянған", "көзі ашық" деген мағынаны білдіреді) буддизм іліміндегі - айқындыққа (бодхиге) жеткенді айтады. Сиддхартха Гаутама (айқындыққа жеткен кезден Будда Шакьямуни есім алған), біздің заманымыздан бұрын шамамен 623-543 жылдары өмір сүрген, және бодхиге 588 ж. жеткен болатын, ең алғашқы да, ең соңғы будда да болып саналмайды. Буддизм ілімінің көзқарасы бойынша, будда деп кез келгеннің карманың жақсы, яғни оң санын айтарлықтай мол жинаған және ақиқатқа (дхармаға) көз жеткен тірі жанды айтады. Ғалам тарихында осындай тәріздес көптеген тірі жәндіктер жандар болатын. Осылайша, Гаутама Будда өтіп кеткен уақыт кезеңде де, әлі болашақта талай көптеген буддалар қатарының бір үзбесі болып табылады. Оның алдында Дипанкара будда болған еді, ал одан кейін келетін будданың есімі - Майтрейя.
45. Ясауи ілімінің қыпшақ, батыс түркілерге тарауын сипаттап көрсетіңіз
46. Ахмет Ясауи және шәкірті Баба Мәшін арасындағы ілім сайысын суреттеп көрсетіңіз
Халық аузындағы әңгiмелерге және Диуани Хикаметке қарағанда ұлы бабамыздың жоғарыдағы орынбасарларынан өзге Машын баба (Баба Мешін) атты iзбасары болған және ол - хикметтер тәрiздi “Әрбайн”, “Қылует” атты еңбектердiң авторы, тіпті Қожа Ахметпен бірге үш рет қылуетханаға түскен деген мәліметтер де бар.
Исламға дейінгі түркі халықтарында да әйел қоғамда маңызды рөлдерді ойнаған. Тіпті, әйелдер қоғамдағы саяси мәселелерге араласып, елін қорғау үшін қолына найза алып, ерлермен бірге соғыстарға да қатысқан. Оның үстіне көшпелілер арасында әйел мен ерді бөлек ұстау мүмкін емес. Ахмет Ясауи түркілердің осы әдетін жалғастыра отырып, өзінің зікірлері мен сұхбаттарына әйел мен ерді бірге қатыстырған. Әрі бұл әдіс сопылық жол бойынша таптырмайтын нәпсі тәрбиелеу әдiсi болып табылады.
Ахмет Ясауидің бұл әрекетіне заманындағы ғалымдар қарсы шыққан екен. Диуани Хикметте сол ғалымдардың бірі Баба Машын жайлы былай делiнген:
Есітті Баба Машын сол заманда,
Ахмет атты бір шейх шыққан екен Түркістанда.
Сұхбат құран қыз-келіншекпен онда,
Тыйым салғалы Түркістанға келді достар.
Халық арасындағы аңыздарға қарағанда Ахмет Ясауидің софрасында ерлермен қатар әйел де бірге отырып сұхбаттасады деген қауесетті естіген Хорасан мен Мәуреннәћрдің ғалымдары Ясауидің бұл қылығын дұрыс деп таппай, Ясы қаласына сапарға шыққан екен. Қожа Ахмет те өзінің жоғарғы рухани қабiлетiмен олардың келе жатқанын сезіп, бір мүридіне аузы жабылған бір сиясауытты беріп ғұламалардың алдынан шығарады. Ахмет Ясауиді сынамаққа келе жатқан ғалымдар алдынан шыққан адамнан сиясауытты алып, аузын ашып қараса, сиясауыттың ішінде шоқ және шоқтың үстінде бір мақта тұр екен. Бірақ не шоқ сөнбеген, не мақта жанбаған екен. Ғұламалар Қожа Ахметтің «егер әйел мен ер Хақ жолында бір жерге топтасса, Аллаћ олардың көңілдеріндегі жаман сезімдерді жояды» – деген ғибретін түсініп, Ахмет Ясауиден кешірім сұраған екен, тiптi көпшiлiгi оған шәкірт болыпты.
*
