- •3.Ясауи ізбасарлары және түркі аймағына таралуын суреттеңіз
- •4. Ясауи ілімінің мәнін ашыңыз.
- •5. Ясауидің қылуетке түсуінің себебін түсіндіріңіз
- •6. Ясауи дүниетанымының негізін түсіндіріңіз
- •9. Ясауи кесенесінің құрылымын түсіндіріңіз
- •14. Ясауидiң жастық шағын сипаттап көрсетіңіз
- •30 Балл
- •27. Қожа Ахмет Ясауидің өмір жолын көрсетіңіз
- •30. Дін және мәдениет арақатынасын көрсетіңіз
- •50 Балл
- •2.Ислам діні
- •35. Исламның басты қайнарлары хақында айтып беріңіз
- •4. Жанұяға байланысты міндеттер
- •41. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Тайқазанның қойылуын баяндап беріңіз
4. Жанұяға байланысты міндеттер
Тарих бойында бас қосып отау тігуді адам баласы саналы түрде алдына мақсат қоя отырып, жанұя тәртібімен жүзеге асырған. Бұл адамның басқа жандылардан артықшылығы болып табылады. Құран Кәрім мен пайғамбардың айтқанындай, жанұя құрудың басты мақсаты - сау ұрпақ өсіріп, адамзаттың жалғасуын қамтамасыз ету. Адамдар басқа жандылар сияқты үйленбестен балалы бола берер, бірақ баласын асырап, оған рухани нәр беру, бір ананың қолынан келе бермейдi, келсе де ұзақ уақытты талап етеді және адамның мәдениетті болуы да осы жанұядан бастау алады. ¤йткені дiни сенім, адамдық құндылық, ұлттық салт-дәстүр мен жақсы әдеттер осы жанұяда туындайды.
5.Адамдардың бір-біріне байланысты міндеттері
Адамдар арасындағы қарым-қатынас негізінен құрмет пен сүйіспеншілікке байланысты. Егер де осы екі негіз жақсы сақталса, қоғамда бейбітшілік пен бақыт болмақ, Фарабидің айтқанындай адамдар сүйіспеншілікпен бірге бітісіп, әділетпен бірге өмір сүреді. Бір-бірін сүйетін өлкенің адамдары өз араларында өмір сүріп жатқан адамдардың бақытын да ойлайтыны анық, міне, осының нәтижесінде бірлік те артады. Ал бір-бірін сүймейтін адамдар бір-бірінің қажеті мен бақытын да ойламайды
6. Қоршаған ортаға байланысты міндеттер
Қазіргі кезеңде қоршаған орта проблемасы маңызды орында тұр, бірінші адам болып, бүкіл жанды мақұлықтар табиғат сұлулықтарын жоюмен келеді. Бірақ, қазір жер бетіндегі мемлекеттер кеш те болса, бұл қауіпті аңғарып, олардан құтылу жолдарын қарастыра бастаған. Жер бетіндегі адамдар осы тұрғыдан ортақ түсіністікке келе бастағанына орай ендігі мәселе - бұл саналы түсіністікті одан ары дамыта отырып, кемелденген қалыпқа түсіру және адам мәселесіне керегінше пайдалану. Осы тұрғыдан ислам діні қоғамдық жауапкершіліктік құндылықтарды керегінше белгілеген. Құранда Аллаћтың көкті биік етіп етіп жаратқаны, әлемге белгілі бір жүйе мен тепе-теңдік қойғаны баяндалады және адамдардың осы тепе-теңдік жайында шектен тыс тартысуларын шектейді.
7. Отанға байланысты міндеттер
Әрбір адамның ұлттық отаны, басқан топырағы, кіндік қаны тамған жері бар. Мұны біз “отан” дейміз. Ал біз туып өскен отанымыздың ұл-қыздарымыз. Сондай-ақ біз сол туған отанымызға адал қызмет етпесек, оны қорғамасақ, онда өзіміздің азаматтық борышымызды өтемегеніміз. Егер біз өз туған жерімізді қорғаудан бас тартсақ, бір күн болмаса бір күні өзіміз де келешек ұрпағымыз да жоқ болатыны шүбәсіз.
40. Сопылықтың пайда болуын сипаттаңыз
Енді “тасаууф” немесе “суфизм” сөзінің шығу тегіне келсек, ғалымдар арасында суфизм сөзінің қайдан шыққаны туралы түрлі-түрлі пікірлер бар:
1.Мұхаммед пайғамбардың Мединедегі мешітінің жанында отыратын, жақындары, үй-күйі жоқ қайыршы сахабалар болған екен. Осы сахабаларды “әһли сұффа” немесе “асхабы сұффа” деп атаған. Олар тек қана Аллаһқа құлшылық етумен, Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбарға қызмет жасаумен шұғылданған. Осыған байланысты кейінгі замандарда сол сахабалар (әһли сұффа, асхабы сұффа) сияқты өз нәпсісін тәрбиелеген, Аллаһты әрдайым ойлайтын адамдарды “сұффа” сөзін өзгертіп, “суфи” деп атап кеткен дейді.
2. Тағы бір көзқарас бойынша сопылардың Аллаһ Тағаланың ризашылығына лайық амал істегендеріне байланысты “суфи” деген сөз, ахиретке Аллаһ алдында “алғашқы қатарда болатындар” деген мағынадағы “саф әууәл” сөзінен шыққан.
3. Суфи сөзі “Бәни сұффа” дейтін араб тайпаларындағы бір әулеттің атынан шыққан дегендер бар. Бұл әулет Қағбаның барлық қызметтерін сауап үшiн өз мойындарына алған екен, кейінгі кезеңдерде өзін Аллаһ жолына бір жола берген адамдарды “суфи” деп атап кеткен дейді.
4. Суфи деген сөз “бет бұру” деген мағынаға келетін “сауф” сөзінен шыққан дейтіндер бар. Өйткені сопылар дүние рахатынан Аллаһқа бет бұруына байланысты, “бет бұру” деген мағынаға келетін сауфтан суфи сөзі шыққан.
5. Суфи грек тіліндегі “софос (даналық)” деген сөзден шыққан деген пікірлер бар.
6. Суфизм “жүн” деген мағынаға келетін “суф” сөзінен шыққан дейтіндерге қарағанда, әдетте сопылар жүннен тоқылған шапан киіп, көз тартар әсем киімдерді киюден тартынған және тек денелерін жауып тұратын жүннен тоқылған киімдер киген. Сондықтан оларды суфи немесе тасаууф (жүннен киім кию) деп атап кеткен. Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбар да кейде жүннен киім киген екен. Асхабы сұффалардың да киімдері жүннен болған. Хасан Басри 70 сахаба көргенін, олардың барлығы жүннен киім кигендігін айтады. Сондықтан суфизмді ислам терминологиясында “тасаууф” (жүннен киім кию), ал сопыны “мұтасаууыф” (жүннен киім киюші) деп атайды.
Сопылықтың ішкі мәнін толық түсіну өте қиын, әрi күрделi iзденiстi талап етедi. Өйткені, сопылық адамның ішкі дүниесінде болатын көңіл тәрбиесі. Ал көңілді, адамның ішіндегі жағдайын өзінен басқа ешкім білмейтіні белгілі. Сондықтан сопылардың ішкі жағдайын өзінен басқа ешкім білмейтін болған және олар өзінің жағдайын ешкімге сол қалпында жеткізіп бере алмаған. Себебi, ішіндегі жағдайын сыртқа шығарып, адамдарға сопылықтың не екендігін түсіндіруге олардың тіл байлығы жетпеген. Тек астарлап қана сөйлеген. Сол себепті сопылық жолдағы адамның әрекеті мен сөздері, бұл дүниеге деген көзқарасы қалыпты жағдайдағы адамнан өзгеше болады.
Тасаууф немесе суфизм сөзі ҮІІІ ғасырдан бастап қолданысқа ене бастағанмен, сопылық жол Мұхаммед пайғамбардың заманынан бастау алады. Бірақ Пайғамбардың дәуірінде сопылық жолды “тасаууф” емес, “ихсан” деп атаған екен. Сопылықтың мақсаты - Аллаһтың ризашылығын алу, ол үшін құдайға шексiз ғашық болу, оның көрсеткен жолымен жүру, нәпсіге құл болу емес, керiсiнше оны өзiне құл ету, көңіл, жүрек кірлерiнен арылу және жақсы мінезді болуға тырысу.
