- •3.Ясауи ізбасарлары және түркі аймағына таралуын суреттеңіз
- •4. Ясауи ілімінің мәнін ашыңыз.
- •5. Ясауидің қылуетке түсуінің себебін түсіндіріңіз
- •6. Ясауи дүниетанымының негізін түсіндіріңіз
- •9. Ясауи кесенесінің құрылымын түсіндіріңіз
- •14. Ясауидiң жастық шағын сипаттап көрсетіңіз
- •30 Балл
- •27. Қожа Ахмет Ясауидің өмір жолын көрсетіңіз
- •30. Дін және мәдениет арақатынасын көрсетіңіз
- •50 Балл
- •2.Ислам діні
- •35. Исламның басты қайнарлары хақында айтып беріңіз
- •4. Жанұяға байланысты міндеттер
- •41. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Тайқазанның қойылуын баяндап беріңіз
20 балл
Ясауитану пәнінің міндеттері мен мақсаты туралы жазыңыз
2.Ясауидің түркі дүниесіне жасаған қызметін анықтаңыз.
А.Тiлге қызметi. Түркi халықтары арасына ислам дiнiнiң таралу барысы бiрнеше ғасырларды қамтыды. Себебi, дiни iлiмнiң өзегi есептi дiни шығармалар ислам орталықтарында араб, парсы тiлдерiнде жарық көрдi. Орта ғасырлық оқымыстылар мен бiлiмдiлер бiлiмдi екендiктерiн көрсету немесе пiкiрiн өзгелерге жария ету мақсатында шығармаларын сол замандағы дiн тiлi, ғылым тiлi яки ортақ түсiнiстiк тiл - араб немесе парсы тiлдерiнде жазды. Сондықтан арабша, парсыша оқу-жазу бiлмейтiн ауыл халқына ақиқат iлiмiн меңгеру қиын екендiгi айтпаса да түсiнiктi. Тiл - адамдардың бiр-бiрiмен қарым-қатынас құралы немесе адамның iшкi ойын, сезiмiн сыртқа шығаруы емес пе?! Сондықтан, әке-шешесiне, құдай қосқан қосағына немесе адал досына айта алмайтын жан сарайындағы кейбiр қалау-тiлектерiн адам ұлы Жаратушысынан осы тiл арқылы жалбарынып сұрай алады. Дегенмен, Құран аяттарынан, Пайғамбардың хадистерiнен немесе ұлы имамдар мен әулиелердiң жалбарынуларынан алынған дұғалар да бар. Алайда, бұлар көбiнше араб немесе парсы тiлiнде оқылады. Әйтсе де шынайы дұға адамның жан сарайынан пәк сезiммен және шын жүрегiнен шыққан сөздер болуы керек сияқты. Ал осы тектес дұғалар ана тiлде жасалынады. Ал өзге тiл арқылы айтылатын дұға – жаттанды дұға. өйткені, дұға, өтініш адамның ең таңдаулы тілектері мен қалауларын қиыла сұрайтын, адамды тәкәппарлығынан түсіретiн тәрбие құралы десек артық етпес. Дұға ұлы Жаратушыға сүйіспеншілікпен бас ию арқылы құлдың рухы мен денесінің Аллаћпен байланысқа түсуі емес пе?! “Ғибадат – дейдi, Хазiретi Мұхаммед, - мүміннің миғражы” – яғни, құлдың Алласымен қауыштыратын тұрағы деп түсіндірген. Сондықтан дұға - бар болуы әуелден соңсызға дейін жалғасатын Аллаћ махаббаты мен адам махаббатының кездесетін нүктесі. Бұл нүктеде адам Аллаћты ойлай отырып, оған жақындайды. Ал осы нүктеге жету үшін адам мағынасын
білетін сөздермен, түсінетін тілмен сөйлеп Хаққа жетуі, Жаратушымен қауышуы керек. Сондықтан Құл Қожа Ахмет араб, парсы тiлдерiн жетiк меңгерген болса да шәкiрттерiне бiлiмдi ана тiлiнде сусындатты. Бiрiншi болып түркi тiлiнде хикметтер жазды. Осылай түркi халықтарының көңiл көзiн ашуға, Алласымен ана тiлiнде қауышуға алғаш себепкер болды.
Мiне, кемеңгер бабамыздың бастауымен түркі тілінде дiни-сопылық шығармалар жарық көре бастады, исламдық-түркiлiк әдебиет дүниеге келдi, тiптi үлкен жетiстiкке жеттi. Ясауиден кейiн дүниеге келген шығармалардың авторлары, исламдық-түркiлiк әдебиеттiң өкiлдерi осы Ясауи бабамыздың iзбасарлары болатын.
Міскін әлсіз Қожа Ахмет, жеті атаңа рахмет,
Парсы тілін білсем де құп көремін түркіні.
Ясылық Ахметтiң алғаш түркi тiлiнде дәрiс беруi, хикметтер жырлауы арабша-парсыша түсiнбейтiн түркi халықтары үшiн заманында туған қажеттiлiк болса керек. Себебi, Орта ғасырлық ғалымдар мен білімділер арабша-парсыша сөйлеген, еңбектерiн арабша-парсыша жазған деп жоғарыда баяндалған болатын. Тiптi Ясауидiң заманында немесе одан сәл-ақ бұрын түркi халықтары құрған Селжұқ империясы өмiр сүрдi. Бiрақ аталмыш мемлекет түркiлердiң құрған мемлекетi бола тұра бұл империяның мемлекеттiк тiлi түркi тiлi емес, парсы тiлi болды. Аталған империяда парсы тiлiнiң ықпалы соншалық сұлтандардың есiмдерi де парсыша болған. Бiр халықты өзге халықтан ерекшелендiретiн бiрiншi кезекте – тiл. Осыған орай, Селжұқ сұлтандары - Алыпарслан мен оның ұлы Мәлікшахтың уәзірі - Низамү-л-Мүлктің ұлты парсы болатын. Ол өз атымен аталатын Низамийе медресесін ашқан. Бұл медресе сол замандағы қазіргі университет тәрiздi білім беретін білім ошағы болған. Ал осы медресе халықтың көзін ашатын оқу-ағарту қызметін парсы тілінде жүргізді.
Низамийе медресесінде жетілген ұлы ғұламалар еңбектерін парсы тілінде жазған, пiкiрлерiн парсы тiлiнде айтқан. Осы империяға қарайтын өлкелердегi мешiт-медреселердiң оқыту тiлi, хан сарайында қолданылатын тiл, ақын-жыраулар мен дәруiштердiң тiлi парсы тiлi болған. Осы себептi заманындағы ғұламалар мен дәруiштердi сынап Ахмет Ясауи хикметтерiнде былай дейдi
Қоштамайды ғалымдар сіздер айтқан түркіні
Білгендерден естісең ашар көңіл мүлкіні.
Аят, Хадис мағынасы түркі болса муафиқ (жақсы)
Мағынасына жеткендер, жерге қоя бөрігін.
ә. Дiнге қызметi. Дін - адам жаратылысында бар бір сенім. Ол психология, социология және экология үшін де аса қажет. Тіпті адамның өзі осы дін арқылы өзінің қайдан келгендігі, қайда баратыны жайлы сұрақтарына жауап таба алады.
Дін – адамның, мәдениеттің бір бөлшегі және маңызды әлеуметтік құрылымы ретінде қоғамның ортақ қазынасы. Діни сенімдер мен қоғамдық құндылықтар бүкіл қоғам үшін біте қайнасқан үйлесімді бөлігі болып табылады.
Діни қағидалар қоғамның басқа құрылымдарымен үйлеседі немесе үйлесуі керек. Егер үйлеспесе, дін ол қоғамда өмір сүре алмайды. Сондықтан дін қоғамдағы белді бір идеология болып, біріктіруші, тәрбиелеуші, қоғамның білімге, сүйіспеншілікке, еркін ойлауға, келешекке деген үмітінің артуына қолайлы жағдай жасайды немесе жасауы тиiс.
Бір ұлттың ұлт болып бірігуі үшін тіл керек және дін де маңызды рөл ойнайды. Егер бір халық бір тілде сөйлей отырып, екі немесе үш дінде болса, ол халықтың келешегінен үміт күту қиын.
Тарихқа үңілер болсақ, түркі тайпалары тәңіршілдік, буддизм, зороастризм, манихеизм және христиан сияқты түрлі дінді тұтынды және аталған діндердің өз рәсімдері мен сенімдері бар болатын. Егер де түркі тайпалары аталған діндерді сол қалпында сақтағанда олардың түбірімен бөлшектенуі мүмкін еді. Бірақ Ахмет Ясауи сияқты ұлы бабаларымыз сол тайпаларды бір тіл, бір дін астына біріктіре алды, мұсылмандықты мейірімділік, кешірімділік, адамгершілік, дiни төзiмдiлiк, бауырмалдық, сүйiспеншiлiк арқылы үйреттi.
Түркі халықтары Ахмет Ясауи сияқты ұлы бабаларымыздың арқасында шынайы мұсылмандыққа қол жеткізді. Аталған халық ислам дінін тек мойындап қана қоймай, оған қызмет етті, ислам өркениетінің дамуына ат салысты.
Түркілер Қарахан, Бұлғар, Селжұқ, Мәмлүк, Моғол (Бабыр әулетi), Ғазналық (Ғазнауи), Осман, Алтын Орда, Темір (Мәуреннаһр) сияқты үлкен мемлекеттер құра білді. Жоғарыдағы мемлекеттердің арқасында ислам діні әлемдік дәрежеге көтерілді, мешіттер салынды, медреселер ашылды, ислам-түркілік пішіміндегі сәулет өнері, хаткерлік дамыды. Сол мемлекеттерде көптеген атақты ғалымдар, оқымыстылар, сопылар жетiлдi. Олардың әдеби, мәдени, дiни, ғылыми, фәлсәфи еңбектері көпшілік қауымға ұсынылды, түркi халықтары әлем өркениетіне өз үлестерін қосты.
б. Мәдениетке қызметi. Мәдениет дегенiмiз - бiр халыққа тән рухани және материалдық құндылықтары. Түркi халықтарының да өзiне тән мәдени ерекшелiктерi мен артықшылықтары баршылық. Ежелгi түркiлердiң мәдениетi көшпелi мәдениетке негiзделген немесе түркiлердiң мәдениетi – дала мәдениетi. Түркi халықтарының исламды қабылдау кезеңiнде көшпелi мәдениет пен исламдық элементтер ұштастырылды және осының негiзiнде түркi-ислам мәдениетi дүниеге келдi, яғни, исламдық және түркiлiк элементтер үйлестiрiлдi (сәулет өнерi, жазу, музыка, киiм үлгiлерi т.б.). Осы мәдениет ағымының қайнар бастауы – ясалық Ахметтiң салған ясауилiк жолы болатын. Мұсылман-түркiлiк мәдениеттiң көш басшысы атанған ясауилiк тариқатынан* түркiлiк мәдениеттi де, мұсылмандық қағидаларды да кездестiре аламыз. Сонымен ұлы бабамыздың тілімізге, дінімізге және мәдениетімізге жасаған қызметі зор.
3.Ясауи ізбасарлары және түркі аймағына таралуын суреттеңіз
Атақты орынбасарлары. Халық арасындағы аңыздарға қарағанда Ахмет Ясауидің дүниенің төрт бұрышынан келген 99 000 шәкірті болған екен. Ұлы бабамыздың рухани софрасынан нәр алған осы iзбасарлары көпшiлiктiң көңiлiне құдайдың нұрын септi, халықтың көңiл сарайын ашты, Хаққа алып баратын тура жолды көрсетiп бердi. Тарихи жазбалар мен халық аузындағы аңыз-әпсаналар бойынша Қожа Ахметтiң атақты орынбасарлары мыналар: Әмір Әли Хәкім, Хасан Бұлғани (Бұлғари), Имам Мерғази (Мәруази), Шейх Осман Мағриби.
Тарихи мәлiметтерге қарағанда Ясауидiң Мирату-л-Құлуб деген шығармасын жинақтаған атақты орынбасары - Сопы Мұхаммед Данышменд Зернуки ұстазынан алған бiлiмiн отырарлықтарға насихаттаған және сол қалада дүниеден өткен.
Халық аузындағы әңгiмелерге және Диуани Хикаметке қарағанда ұлы бабамыздың жоғарыдағы орынбасарларынан өзге Машын баба (Баба Мешін) атты iзбасары болған және ол - хикметтер тәрiздi “Әрбайн”, “Қылует” атты еңбектердiң авторы, тіпті Қожа Ахметпен бірге үш рет қылуетханаға түскен деген мәліметтер де бар.
Әзіреті Сұлтанның жолын басушы атақты iзбасары - әйгілі Арыстанбабтың ұлы Мансұр ата. Халық аңыздарына қарағанда Мансұр ата ұстазынан кейiн Ахметтiң қара шаңырағына иелiк еткен, одан кейін қара шаңырақ Тәж Қожаға өткен (Бұл атақты Зеңгі бабаның әкесі).
Түркі халқына ең танымал Ахмет Ясауидің үшінші ізбасары – Сүлеймен Хәкім ата Бақырғани екенi баршамызға аян. Әз Ахметтің жөн сілтеуімен ол Хорасан өлкесінде софрасын жайған және Хәкiм ата - «Ақырзаман кітабы», «хазіреті Мәриям кітабы» атты шығармалардың авторы.
Аңыздық мәлiметтерге қарағанда Хәкім ата аталмыш өлкеде көптеген дәруiштер жетiлдiрген. Орынбасарлары iшiндегi аты аңызға айналған атақтысы - Зеңгі баба. Зеңгі ата – Атын Орда хандарының мұсылман болуына себепкер болған ұзын Хасан ата, Сейіт ата, Садыр ата және Бәдір атаның ұстазы.
Ахмет Ясауидің қыпшақ өлкесiндегi ізбасарлары.
Қожа Ахмет Ясауидің атақ-даңқы тек Орта Азия өлкесiне ғана емес, қыпшақтар арасына да кеңінен танымал болған. Әзіреті Сұлтанның нұсқауымен тікелей барған шәкірттері де, шәкірттерінің шәкірттері де қыпшақтар арасында Ясауидің ілімін таратқан. Солардың бірі - Бираш сопы. Жоғарыда баяндалғаны сияқты Бираш Ясауидің нұсқауымен аталмыш өлкеге жіберілген. Бираш сопының iзбасары - Ешмехмет те 36 жыл шейх болған және «Шейх Баба» деген атпен қыпшақтар арасында танымал болған. Қыпшақтар арасында Ясауи жолын қуушылардың бiрi - атақты Шейх Хаятуллаћтың шәкiртi Ыдырыс та - Ясауи жолындағы дәруiш. Сондай-ақ Ыдырыс сопының орынбасары деп қазандық Қасым Шейхты айта аламыз. Ақ Еділдің жоғарғы жағында Ясауи шәкірттерінің тағы бірі - Қожа Әмір Келалдың қабірі бар.
Батыс түркi халықтары арасындағы Ясауидiң iзбасарлары. Аңыз бойынша Ахмет Ясауидің рухани әсері Анадолы, Балқан, Әзірбайжан қысқасы бүкіл батыс түркілеріне кеңінен мәлім
болған. ұлы бабамыздың тікелей жөн сілтеуімен, көптеген дәруіштері Рұм өңіріне ағылғанын аңыздардан білеміз.
Әулие Челебидің мәлімдеуі бойынша Аушар Баба, Пір Деде, Ақязылы, Қыдемлі Баба Сұлтан, Гейіклі (Киікті) Баба, Абдал Мұса, Хорос Деде сияқты аталған өлкеде Ясауи дәруіштерінің қабірі көптеп кездеседі.
Сонымен қатар аңыз бойынша Жин Осман, Шейх Нүсрет, Гажгаж (Гыжгыж) Деделер - Ахмет Ясауидің шәкірттері.
Әзiретi Ахмет Ясауидің Анадолыдағы мәшһүр жолын қуушысы – Қажы Бекташ Уәлi. Батыс түркiлерi арасындағы аңыз-әпсаналарға қарағанда Қажы Бекташ Уәлi Ясауи жолын қуушы - Лұқпан Перенден Хорасанда-ақ дәріс алған. Әпсана желiсiне қарағанда оған Анадолыға (Анатолия, Кiшi Азия) бару жүктелген, Қыршећирде (Сулуджа қараћөйүк) ол рухани софрасын жайған және көптеген дәруiштiң көңiл көзi ашылуына себепкер болған. Қажы Бекташ Уәлi – бүгiнгi Бекташилiк тариқатының құрушысы. Аталмыш түркi дәруiшiнiң атақты iзбасарлары - Таптұқ Әмре, Сары Салтұқ, Барақ Баба. Ал бүгiнгi өлеңдерi мен дүниетанымдары көпшiлiк қауымға мәшһүр Жүнiс Әмiре Таптұқ Әмренiң берекелi рухани софрасынан рухани нәрмен сусындаған.
