Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Қолданбалы математика және информатика кафедрасы
Курстық жұмыс
Delphi-де Total Commander типті файлдық менеджер программасын құру
Орындаған УИС-111 тобының студенті
Сырым С
Қабылдаған: аға оқытушы Хасенова А.А
Қ
арағанды
2017
Мазмұны
Кіріспе................................................................................................................3
1 Delphi бағдарламасы туралы түсінік...........................................................5
1.1 Бағдарламаның негізгі компоненттері.....................................................5
1.2 Delphi ортасында жоба құру ерекшелігі.................................................7
2. Delphi ортасында файлдық менеджерін құру...........................................10
2.1 Файлдық менеджер. Total commander файлдық аспабы......................10
2.2 Бағдарламаның сипаты..............................................................................11
Қорытынды.......................................................................................................14
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................15
Қосымша...........................................................................................................16
Кіріспе
Бастапқыда компьютер болмаған кезде адамдар барлық есептеу, іс-жұмыстары қолмен істеген. Кейін технологияның қарқынды дамуына байланысты көптеген қажетті ақпарат құралдары пайда бола бастады.Осы пайда болған құралдар ішінде әрине өзімізге аса тиімді ақпарат құралы компьютер де бар.Компьютер арқылы ақпаратты сақтауға, өңдеуге, тасымалдауға және де қабылдауға болады.Оның осы тиімді жақтарын пайдалана отырып, біз өзімізге тиісті жұмыстарымызды атқаруға мүмкіндік береді.Дами келе көптеген программалау тілдері пайда бола бастады..
Әлемдегі миллиондаған программистер Delphi - де жұмыс жасайды және олардың көбісі Delphi - де мәліметтерді өңдеуге және сақтауға арналған программалар құрады. Күнбе-күн коммерциялық және жеке мәліметтерді санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар) визуалды интерфейс көмегімен жұмыс істеу керек болатын көптеген ақпараттар бар: дыбыс файлдары, видео көріністер, WEB парақшалары және т.б. Осындай көп ақпарат арасында өзімізге керекті мәліметтерді алу үшін, оларды өңдейтін программалар қажет.
XXI ғасыр елімізде қоғамдық информатикаландыруды – мемлекеттік саясаттың негізгі элементтреінің біріне айналып отыр. Қоғамды информатикаландыру – деп информатиканы елдің экономикалық нығаюын қамтамасыз ететін, ғылыми –техникалық прогресін жеделдетін қоғамдық байлық ретінде жаппай пайдалану және жылдам әрі нақты ақпараттар беруді айтамыз. Қазіргі таңда пайдалануға арналған арнайы программалар мен программалар жабдықтары көптен саналады. Сондықтан да осы зерттеудің өзектілігі ретінде компьютерлік программалық тілдердің ішінде танымал, әрі жетілген түрі болып саналып жүрген Borland Delphi 6.0 программалық тілінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы: тест программалары, кезөкелген пәнді үйрететін программалар және т.б. программалар атқаруға болатынын көрсетіп, ұсынылып отыр.
Бүгінгі таңда электрондық оқулықтар барлық мектеп пәндері үшін жасалуда және ол мемлекеттік, қорытынды емтихандарға дайындалуға көмектесетін мәліметтер қоры ретінде пайдаланылуда. Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушымен студентті өз мүмкіндігін есепке ала отырып, пән мазмұнын оқып-үйрену барысында өз бетінше жұмыс істеуіне жол ашады. Бұл кезде олардың сабаққа деген кызығушылық пайда болып, белсенділігі арта бастайды. Оқытушы үшін электрондық оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық әдістемелік жүйе және оны әрбір оқытушы өзінің педагогикалық тәжірибесіндегі материалдарымен толықтыра отырып, жетілдіреді. Сонымен бірге, электрондық оқулықты пайдалану оқытушының ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі енбегін жеңілдетеді.
Delphi – де программа құру жақсы жабдықталған компьютерді қажет етеді. DELPHI – бұл Borland International- дың қосымшаларды тез құруға арналған жеткілікті жаңа өнімі. Қосымшалармен мәліметтер қорымен “клиент-сервер“ архитектурасында, Internet, Intranet, сонымен қатар локальді машиналар және “файл-серверлік “ архитектурасында жұмыс істейді.
Жасалынып отырған курстық жұмыс Delphi бағдарламасының көптеген қасиеттерге ие екенін дәлелдеп көрсетеді. Курстық жұмыстың тақырыбына сәйкес бағдарламада Total Commander негізінде жұмыс жасауға арналған жұмыс жасалынады.
Курстық жұмыстың басты мақсаты – Total Commander секілді Dlphi бағдарламасы арқылы файлдық менеджер құру. Осы жұмыс негізіне компьютер жадындағы файлдарды бір ортадан басқару жатады.
Бағдарлама негізінде компьютердегі файлдарды басқарып, оларға әр түрлі амалдар жүргізуге болады.
Осы мақсатпен мен өзімнің жұмысымда Delрhі программалау тілінде құрылған тестік программаны пайдаланып дайындаған “Функционалды анализдеу пәнінен электрондық оқулық құру” электрондық оқулығы қазіргі техниканың даму деңгейін қамтып, жүйеде жұмыс істеудің оқу құралы ретінде ұсынып отырмын.
Осы бағдарламаны пайдалануда ыңғайлылққа жағдай жасау, бір ортадан басқару және олардың келешек жұмысында ЭЕМ – мен жұмыс істеуді күнделікті дағдыға айналдыру үшін де қажет.
Сонымен қатар осындай жұмыстар дербес компьютерде жұмыс жасау кезінде өте ыңғайды деп санаймын, сонымен қатар келешекте де қолданушылар саны арта түседі деген ойдамын.
1 Delphi бағдарламасы туралы түсінік
1.1 Бағдарламаның негізгі компоненттері
Әлемдегі миллиондаған программистер Delphi - де жұмыс жасайды және олардың көбісі Delphi - де мәліметтерді өңдеуге және сақтауға арналған программалар құрады. Күнбе-күн коммерциялық және жеке мәліметтерді санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар) визуалды интерфейс көмегімен жұмыс істеу керек болатын көптеген ақпараттар бар: дыбыс файлдары, видео көріністер, WEB парақшалары және т.б. Осындай көп ақпарат арасында өзімізге керекті мәліметтерді алу үшін, оларды өңдейтін программалар қажет.
Программа құруға ыңғайлы тамаша ортаның бірі – Delphi ортасы таңдап алынды. Оны оқып үйрену, түсіну және логикалыңқ ойлауға өте қарапайым әрі жеңіл. Delphi программалаудың структуралық тәртібін және программалаудың басқа тілдерге қарағанда жалпы жақсы дамыған. Оның қызықты рекурсивті мүмкіндіктері, сонымен қатар қызықты есептер шығару мүмкіндіктері бар.
Delphi типті жүйені тез және визуальды құру ортасы деп атайды. Себебі ол өзіне компилятормен қоса редактор және көптеген дайын программалар жиынтығын қамтиды. Delphi – де шамамен 200- ге жуық дайын компоненттер бар.
Delphi – де программа құру жақсы жабдықталған компьютерді қажет етеді. DELPHI – бұл Borland International- дың қосымшаларды тез құруға арналған жеткілікті жаңа өнімі. Қосымшалармен мәліметтер қорымен “клиент-сервер“ архитектурасында, Internet, Intranet, сонымен қатар локальді машиналар және “файл-серверлік “ архитектурасында жұмыс істейді.
DELPHI тілі объектілі бағытталған Object Pascal тілінің жалғасы. DELPHI - ге InterBase локальді SQL сервері, есеп беру генераторлары, визуальді компоненттің және информациялық жүйені немесе Windows ортасының қарапайым программаларын кәсіби өңдеуде өзіңді сенімді сезіну үшін арналған тағы басқа құрылғылар жатады.
Delphi тіліндегі қолданбалы программалар немесе қосымшалар интеграцияланған IDE (Integrated Development Environment) ортасында жасалады. Ол компьютердің программалаушымен қарым-қатынасын ұйымдастырады және әр түрлі басқару элементтерінен құрылған бірнеше терезелерден тұрады. IDE интеграцияланған ортасының құралдарын қолдана отырып, қосымшаның интерфейстік бөлігін жобалауға, программалық код жазуға және оны басқару элементтерімен байланыстыруға болады. Бұл жағдайда, программа кодын жазу, оны түзету және орындау сияқты барлық әрекеттер IDE ортасында орындалады.
Delphi-дің интеграцияланған ортасы көптерезелі жүйе болып саналады. Ол төмендегі терезелерден тұрады:
- Негізгі терезе (Delphi 7- Project1.dpr)
- Объектілер ағашын шолу терезесi (Object Tree View)
- Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Inspector)
- Форма құрастырушыcының терезесі (Form1. dfm)
- Код редакторының терезесі (Unit1. pas)
- Код сілтеушісінің терезесі (Exploring Unit.pas)
Дельфиде дайындалатын программа жоба деп аталады. Жоба форма терезінде орындалады (қалыпты жағдайдағы аты- Form1).
Жоба құру үшін формаға Компоненттер палитрасынан түрлі компоненттер орналастырылады. Компоненттер палитрасы негізгі терезеде негізгі мәзірдің оң жақ төменгі бөлігінде орналасқан. Компонент- қосымша формасы жасалатын құрастыру блогы болып табылады. Барлық компонент әрбіреуі жеке парақта орналасқан топтарға бөлінген, ал әрбір компонент шартбелгімен берілген.
Компонент палитрасы келесі парақтардан тұрады:
- Standard – стандарт компоненттер
- Additional- қосымша компоненттер
- Win32- Windows-тың 32 разрядты инсерфейсі
- System- жүйелік функцияларды қосу
- Data Access- деректер қоймасындағы ақпаратпен жұмыс
- Data Сontrols- деректерді басқару элементін жасау т.с.с.
Программадан объект қасиеті мен әдістеріне қатынау қалай жүзеге асыратынын қарастырайық. Объект қасиетін көрсету келесі форматта жүзеге асырылады:
<объект атауы>.<қасиет атауы>
Объект атауынан кейін бос орынсыз нүкте белгісі қойылады да, төмен қарай ашылатын тізімнен қажетті қасиет атауы таңдалады.
Мысалы: Label1. Caption:=’Delphi тілі’;
Кейде объект қасиетінің өзі объект болуы мүмкін. Онда бұл қасиетке сілтеу арасына нүкте қойылған объектілер тізбекшесі арқылы көрсетіледі.
Мысалы: Label1.Font.Color:=clRed; Нәтижеде Label1 объектісіндегі жазу түсі қызыл болады.
Қосымша интерфейсін жасау кезінде әрбір компонент үшін екі операция орындалады:
1. Компоненттер палитрасынан компонентті формаға орналастыру.
2. Қойылған компоненттің қасиетін орнату.
Компонент қасиеті экранның сол жақ төменгі бөлігінде орналасқан Объект бақылаушысының терезесі арқылы өзгертіледі. Ол екі астарлы беттен тұрады: Properties (Қасиеттер) және Events (Оқиғалар).
Қасиет (сипаттама, параметр)- объектілердің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайтын атрибуттар.
Әр компоненттің қалыпты жағдайда берілген аты және қасиет мәндері болады. Оны қалауымызша өзгертуге болады.
Мысалы: Формаға Standard парағынан батырма (Button) және жазба (Label) компонентін әкеліп орналастырсақ, олардың аттары және тақырыптары қалыпты жағдайда Form1, Button1, Label1 болады. Компонент тақырыптарын Caption қасиеті арқылы өзгертуге болады.
Компонент қасиеттерінің негізгілерін қарастырайық.
Name қасиеті (Tcomponent Name типті) компонент атын көрсетеді. Әр жаңа типке автоматты түрде оның аты және нөмірі меншіктеледі. Мысалы: Form1, Form2, Button1, Edit2, Label1 т.с.с.
Caption қасиеті (Tcaption типті) компоненттің тақырып жолынан тұрады. Ол символдық (String) типті болады. Мысалы: Button1. Caption:=’Батырманы шерт’; Form1.Caption:=’Калькулятор';
Text қасиеті (Tcaption типті) компонентке байланысты жолдан тұрады. Бұл қасиет мәні компонент мазмұны болып табылады. Мысалы: Edit1.text:=’Студент’; Memo1.Text:='Блокнот';
Enabled қасиеті (Boolean типті) компонент белсенділігін анықтайды. Егер қасиет мәні true (ақиқат) болса, онда компонент белсенді, ал false (жалған ) болса, онда компонент белсенді емес. Мысалы: Edit1.Enabled:=false; Button1.Enabled:=false; болса Edit1- дегі мәтінді өзгерту және Button1 батырмасын шерту мүмкін емес.
Color қасиеті (Tcolor типті) компонент фонының түсін анықтайды.
Оның мәндері: clRed (қызыл), clAqua (ашық- көгілдір), clBlue (көк), clGreen (жасыл), clYellow (сары), clWhite (ашық), clFuchcia (күлгін) т.б.
Мысалы:
Edit1.Color:=clLime;
Edit1.Font.Color:=clMaroon; {компоненттің фон түсі ашық жасыл, қаріп түсі қоңыр (каштан) түспен боялады}
Visible қасиеті (Boolean типті) компоненттің көрінуін басқарады. Егер қасиет мәні true болса, онда компонент экранда көрінеді, керісінше жағдайда көрінбейді.
Мысалы: Edit1.Visible:=false; Button1.Visible:=true;
Font қасиеті (TFont типті) компоненттегі мәтін қарпін анықтайды. TFont класы қаріп параметрін басқаруды жүзеге асыратын келесі қасиеттерден тұрады.
- Name (TFontName типті) – қаріп атын анықтайды. Мысалы: Label1.Font.Name:=’Arial’; Edit1.Font.Name:=’KZ Decor’;
- Size (Integer типті) – қаріп өлшемін пунктпен береді.
- Height (Integer типті) – қаріп өлшемін пикселмен береді. Мысалы: Label1.Font.Size:=18; Color (TСolor типті) – мәтін түсін береді. Мысалы: Label1.Font.Color:=clRed;
- Style (TFontStyle типті) – қаріп стилін орнатады және төмендегі мәндерді қабылдайды.
- fsItalic-көлбеу қаріп (курсив)
- fsBold- жартылай қою қаріп (жирный)
- fsUnderline- асты сызылған (подчеркнутый)
- fsStrikeOut- үсті сызылған (перечеркнутый)
Мысалы: Label1.Font.Style:=[fsBold];
Edit1.Font.Style:=[fsBold, fsItalic];
MainMenu компоненті - бұл компонент формаға негізгі меню құру үшін қолданылады. Басты қасиеті Items арқылы менюге керекті сөздер жазылады. Я болмаса MainMenu компоненттінің үстінен 2 рет шерту арқылы жазуға болады. ShortCut қасиеті клавиатурадан басқаруға мүмкіндік береді.
Panel компоненті - бұл компонент кең ауқымда қолданылады. Бұл компонент бір-бірімен байланысты бірнеше компоненттерді біріктіріп, бір жерде орналастыруға ыңғайлы. Panel компонентіндегі жазуды Caption қасиеті арқылы өзгертуге болады. Bevellnner, BevelOuter, bevelWidth, BorderStyle,BorderWidth қасиеттері арқылы компоненттің жиектерін көркемдеуге болады.
Button компоненті - бұл компонент ең көп қолданылатын компоненттер қатарына жатады. Caption басты қасиеті болып табылады. Басты оқиғасы болып OnClick болып табылады. Осы оқиғаға батырманы басқан кездегі орындалатын операторлар жазылады.
ComboBox компоненті - ListBox және Edit компоненттерінің функциясын біріктіреді. Пайдаланушы текстті енгізуге және тізімнен таңдап алуына болады.
Edit компоненті бір жолды текст енгізу үшін немесе көрсету үшін қолданылады. Тексті енгізіп шығаратын қасиеті Text. BorderStyle қасиеті арқылы компоненттің түрін көркейтуге болады.AutoSelect қасиеті барлық текст автоматты түрде боялатынын анықтайды. SelLength, SelStart және SelText қасиеттері боялған тексттің өзін анықтайды. MaxLength қасиеті енгізілетін тексттің максимальды ұзындығын анықтайды.
Label компоненті формада әртүрлі жазуларды немесе белгілерді көру үшін компоненті қолданылады. Бұл компоненттегі тізімнен пайдаланушы тек бір ғана жолды таңдай алады. Басты қасиеті Items.
ExcelApplication компоненті - бұл компонент Microsoft Excel программасын шақыру үшін қолданылады.
WebBrowser компоненті - бұл компонент htm кеңеймесінде сақталған құжаттарды көрсету үшін арналған.
