Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shamshatov_Erkeb_1201_lan (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
53.76 Кб
Скачать

Карлаг лагері тарихи зерттеулерде

КІРІСПЕ

Негізгі бөлім

1 Сталиннін азалы тарихының ащы шындығы

1.1 Карлаг лагерінде болған тұтқындар естеліктері

1.2 Карлаг лагерінде болған ғалымдар тағдыры

2 Карлаг лагері жайында ғалымдар еңбектері

2.1 Карлаг жайында зерттеген отандық ғалымдар

2.2 Карлаг жайында зерттеген шетелдік ғалымдар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Тақырыптын өзегтілігі: Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандардың өмірде тартқан тауқыметтеріне көңіл бөлдім. Соларды негізге ала отырып, өткен дәуір рухын жаңғырту арқылы,ғалымдар олардың енбектері жайлы ақпаратты дамыту және жұртшылыққа тарату, өткен тарихтың куәсі – мұражай жәдігерлерін сақтау. Қазақстандағы лагерьлер туралы көптеген қосымша мәліметтерді жинадым.Орталық Қазақстанның мәдениеті 30-шы жылдары Гулагтың филиалдары болған: Қарлаг, Степлаг, Песчанлаг, Алжир т.б. кең көлемді концлагерлер зонасында қалыптасқан. Бұл кезең өлкені жедел индустриаландыру кезеңі болатын. Және мұнда мыңдаған жер аударылғандар мен тұтқындардың, бай, кулактардың еңбектері кеңінен пайдаланылды.Мыңдаған ұлдарымыз бен қыздарымыз қуғын-сүргін топалаңына ұшырап, сталиндік лагерлерде азап шекті. Қуғын-сүргінге ұшыраған талай боздақтарымыздың өздерімен қатар, олардың әйелдері мен балалары да лагерлер мен түрмелерде азапқа түсті. Қазақстандағы Қарағанды облысындағы "КАРЛАГ" лагері тарихы, тарихнамасы, мұрағаттық құжаттар талданылады. Тақырыптың тарихнамасы сексенінші жылдардан бастап қазіргі кезге дейін жарық көрген отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектері арқылы қарастырылады. Деректер ретінде аталған лагердің тарихын сипаттайтын Қарағанды, Ақмола облыстық мұрағаттары мен Астана қалалық мұрағаты қорлары құжаттары алынған.

Жұмыстын мақсаты: Карлаг лагері тарихи зерттеулеріне шолу жасау,ал міндеттеріне келетін болсақ лагерде болған тұтқындар естеліктеріне шолу жасау,Карлаг лагерінде болған ғалымдардын тағдырын айқын көрсету,Карлаг лагері жайында зерттеген отандық ғалымдар еңбектеріне шолу жасау,лагер жайында зерттеген шетелдік ғалымдар еңбектеріне шолу жасау.

1937 жылдың үшінші шілдесінде НКВД-ның Батыс Сібір бойынша басқармасының бастығы Миронов пен Қазақстан Ішкі істер халық комиссары Залин бір мезгілде шұғыл құпия тапсырма алды. Онда күзеті күшейтіліп, қатаң тәртіптегі тікенек сыммен және биік дуалмен қоршалған концентрациялық лагерь ұйымдастыруға пәрмен берілген екен.

1 Сталиннін азалы тарихының ащы шындығы

1.1 Карлаг лагерінде болған тұтқындар естеліктері

Карлаг, яғни, Қарағанды еңбекпен түзеу лагері - ГУЛАГ архипелагы құрамындағы ең ірі азап аралы. Карлаг туралы ақпараттарды белгілі орыс жазушысы А. Солженицыннің еңбегінен алуға болады. «Архипелаг ГУЛАГ» кітабы 1958 жылдан 1967 жылдар аралығында жазылды, ол сталиннен кейінгі кезеңдегі, яғни "жылымық" жылдарының құжаттық әдебиеттік шығармалардың шыңы болып табылады. 1980 жылы Вермонт-Парижде А. Солженыциннің шығармалар жинағы шықты, кейінгі жариялануы да осы мәтін негізінде басылды. Автор кітаптағы тарихты бейнелеу тәсілі мен жанрын «әдеби зерттеу тәжірибесі» деп атады. Жазушы Александр Солженыциннің кеңестік репрессиялар кезіндегі тағдыры Қазақстанмен тікелей байланысты. Ол Жезқазғандағы Далалық ерекше лагердің тұтқыны, Кеңгір көтерілісіне де қатысқан болатын. Лагерь тұтқынының естелік әңгімелері еліміздегі лагерлер жүйесінің тарихы туралы дерек бола алады. Ол өз көргендері арқылы ГУЛАГ жүйесі түрмелері жағдайын ашып көрсетеді. Оның ішінде, әйелдер түрмелеріне де арнайы тоқталып өтеді. Ол еңбегінде әйелдердің лагердегі жан-тебіренісін врач-гинеколог Н.И. Зубовтың сөзін арқылы келтіреді: статистикалық жағынан әйелдерге қамауға алыну ер адамдармен салыстырғанда тез әрі ерекше әсер етеді, себебі ең басты мәселе – отбасын жоғалту болып табылады [1].Елдегі саяси өзгерістерге байланысты 1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында отандық тарихшылар саяси репрессиялар тарихын зерттеуге белсене араласты. Мерзімді басылым беттерінде материалдарды жариялау көбейді. Бұрын белгісіз болып келген құжаттарды ғылыми айналымға енгізу үдерісі басталды. Ол кезінде Қазақстанның орталығында солтүстігі мен оңтүстігіне шейін 300 шақырым, шығысынан батысына шейін 200 шақырым ұлан-ғайыр жерді алып жатқан. Ал сыртқарғы Ақмола және Балқаш бөлімшелерін қосып есептегенде, Карлагтың ауқымы Францияның жер көлемімен теңеcеді. Лагердің мақсаты – социализм құрудың сталиндік бағдарламасын жүзеге асыру үшін тұтқындардың тегін еңбегін жаппай пайдалану еді. Сол 1,5 миллион тұтқынның дені «халық жауы» деген айыппен сотталғандар немесе cолардың отбасы мүшелері ретінде бас бостандығынан айырылғандар. Тұтқындар арасында әлемдік деңгейдегі ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, бұрынғы партия-кеңес қызметкерлері, шала сауаттылар мен әліпті таяқ деп білмейтін сауатсыздар да болыпты.«1937 жылы ноябрь айында Мәскеуден жоспар келеді, Қазақстанға. 5 мың адамды соттау керек, соның екі мыңы жоғары жаза алу керек – атылуы тиіс, ал 2 мыңы ұзақ мерзімге сотталу керек деген нұсқаумен. Содан келедідағы, жаңағы 5 мыңды облыстарға бөледі. Содан кейін Қарағандыдағы белсенділер не істеу керек? Колхозшы ма, малшы ма, сауатты ма, сауатсыз ба - жоспарды орындау керек. Әлгі комитеттің адамдары көп соттаса қызметі өседі, атақ-дәрежесі өседі, жалақысы өседі. Сонда мына 4-бөлімше мен 9-бөлімшенің арасында кәдуілгідей социалистік жарыс болған. Бұл документтерде бар, аспаннан алып отырған жағдай емес» дейді профессор Дүйсетай Шаймұханов.[2] Қарағандыға жақын Ақтас кентінің тұрғыны Тэцуро Ахико Кеңес Одағының әскері Оңтүстік Сахалинді басып алған 1945 жылы қолға түсіпті. Оған дейін Жапонияның Хонго қаласындағы әскери мектептің тыңдаушысы болған 14 жастағы жасөспірім 10 жылға сотталып, Қарлагтың Ақтастағы қонысынан бір-ақ шығады. Тэцуро Ахико кезінде Карлагтың бір қонысы болған Ақтаста содан бері тұрып жатыр. Ол тұтқында өткен жылдарының бір елесін былайша әңгімелейді: «Тұтқындарды мал құрлы көрмейтін. Саптан бір қадам шалыс бассаң табанда атып тастайтын. Мұндай сұмдық күн сайын болып жататын. Тіпті, шылым тартқысы келіп жерден темекінің тұқылын көтермек болған тұтқындарды тарс етікізіп ата салатын». Карлагтың әкімшілік орталығы, Қарағандыдан 35 шақырым жердегі Долинкада 4 жасқа дейінгі балаларға арналған «Мамочкин дом», қазақшалағанда, «Анашымның үй» атты арнаулы мекеме жұмыс істеген. Долинканың бір шеті сол сәбилердің қорымына ұласады. Көп ұзамай жермен-жексен болып тегістеліп кеткен қорымның ауқымын анықтау мүмкін емес. Тұрғындар бертінде салынған шеткі үйлердің зираттардың үстіне тұрғанын айтады. Қорымның екінші жағы өзен суымен шайылып, жарлауыттанған жағаға тіреледі. Өткен ғасырдың 90 жылдарына дейін көктемгі су тоғысы кезінде өзен бетінде қалқыған сүйектер үйреншікті көрініс болыпты.«Мұнда қанша сәбидің қырылғаны туралы нақты дерек жоқ. Бірақ, балалардың баудай түскен кездері аз болмаған. Архивтер әлі толық ашылған жоқ. Ал, қолда бар анықтамалық құжаттарға қарағанда, 1943 жылы ғана 450 бала бір мезгілде өкпе қабынуынан қырылып қалған» дейді Долинка мұражайдың меңгерушісі Марина Ивановна Кушникова. Людмила Константиновна Гирковая бүгінде Долинкада тұрады. Әкесі 1937 жылдары «халық жауы» деген айыппен Латвияда сотталып, атылып кеткен. Анасы «халық жауының» әйелі ретінде алғашқыда абақтыға, кейіннен Карлагқа жөнелтіледі, сәби жасындағы екі ағасы балалар үйілеріне алынады. Өзі абақтыда туған ол жоғарыда аталған «Анашымның үйі» атты сәбилер мекемесінде болғандардың бірі. Кейіннен ата-анасы толық ақталғанЛюдмила Константинова: «3-4 жастағы сәбилердің ойында не қалады дейсіз? Бірақ, бәрібір жадыңа өшпестей болып таңбаланатын айрықша сәттер болады екен. Мысалы, біздерді топтап орманға серуенге шығаратыны есімде. Жерден кесіртке не қоңыз сияқты бір нәрсе көрсек жалма-жан ауызға салып, акулаша жұта салатынбыз. Аштықтан бұралған соң солай еткен шығармыз деп ойлаймын қазір. Бізге су берілмейтін, өйткені, іш ауруы асқынып тұрды. Өзімінің де өлім аузынан қайтқанымды білем. Кейіннен анамнан естігенім, сол кезде сәбилер жүз-жүздеп шетінеп жатыпты. Дұрыс күтім болмаған соң, солай болады да. Көзімді жұмсам да әлгі бір көрініс әлі де көз алдымда тұрады» дейді.[3] Профессор Дүйсетай Шаймұхановтың айтуынша, Карлагтың балалар үйлерінде болғандардың лагерге анасына еріп барғандары да, анасының құрсағында барып, дүние есігін ашқандары да бар. Карлагтың айрықша бөлімшелерінің бірі - Алжир, тарқатып айтқанда, «Отанын сатқандардың әйелдерінің Ақмоладағы лагері» деген ұғымды білдіреді. Карлагтағы ең үлкен балалар үйі де сонда болған. Ал, жалпы КАРЛАГ бойынша некесіз туған балалардың саны 1937-1946 жылдар аралығында 1500-ден асқан екен. Бұл дерек ақын Серік Ақсұңқарұлын да бейжай қалдырмапты: «Репрессия жылдары Алжир-де балалар бақшасы болғаны да анықталып отыр. Шешелері белгілі, әкелері белгісіз тірі жетімдердің басын қосқан осы балалар бақшасының маңдайында «Бақытты балалық шағымыз үшін Сталинге рахмет!» деген қызыл матаға жазылған ұран ілулі тұрған екен. [4] Зерттеушілер Карлагтың әлі де ашылмаған құпиялары жеткілікті екенін айтады. Өйткені, сол құпиялардың толық ашылуын қаламайтындар да баршылық. Осы бір азап лагерінің тарихын алғаш зерттеуші, профессор Дүйсетай Шаймұхановтың өзі жұмыс барысында белгілі бір шектеулерден аса алмағанын айтады: «Архив құжаттарымен емін-еркін жұмыс істей алмай келеміз. Ескі әдетінше, мынау не ақтарып отыр дегендей, қауіпсіздік мекемесінің адамдары жаныңнан кетпейді». Карлагтың архиві кезінде Долинкадағы бас әкімшілік кеңсенің астында болыпты. Дүйсетай Шаймұханов архив құжаттарының бір бөлігі 1961 сол ғимараттың жанында өртелінгенін айтады. Кезінде тұтқындардың күшімен аса берік етіліп салынған аталмыш ғимараттың өзі бұдан екі жыл бұрын бір кәсіпкерге сатылғанымен, әлгі кәсіпкер оны бұзып, құрылысқа пайдаланбақ ниетте болғандықтан кейін ғимарат қайтарылып алынған екен. Алайда, мемлекеттік мүлік жөніндегі облыстық комитет жақында Карлагтың бас ғимаратын екінші рет саудаға шығарған кезде, мәселеге мәдениет қызметкерлері араласып, ғимаратты сақтап қалды. Қазіргі уақытта Карлаг қасіретін жадынан шығармаған жұртшылық өкілдері оны тарихи ескерткіштер тізіміне енгізу бағытында жұмыстар жүргізуде. Айтпақшы, сөз болып отырған ғимарат соғыс жылдарынан кейін тұтқындар арасында «Карлагтың рейхстагы» деген кекесін атқа ие болыпты.Қорытындылай келе «КАРЛАГ» құрбандарының қандай азап шеккендері және қиыншылыққа қалай төзгендері бізді шыдамды, төзімді болуға үйретеді деуге болады.Дуйсетай Шаймұханов осы еңбектерінде Карлагтағы тұтқындардын өмірін және жағдайын айқын көрсетіп кетті. Жоғарыда аталған естеліктер мен мемуарлар үлкен дерек көзі болып табылады.Мемуарлар, естеліктерді жеке адамдар жазады, әдеби-көркем шығарма болғанымен, мәліметтер белгілі бір дәрежеде тарихи оқиғаларды ашып береді. Бұл деректердің ерекшелігі ресми құжаттарда көрсетілмеген фактілер анықталады. Сондықтан да олар көптеген қызықты деректерді алуға көмектеседі. Деректер жазып отырған адамның ойын білдіреді, оның ішінде автордың жеке пікірі, саяси көзқарасы мен дүниетанымының кеңдігі әсер етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]